Эссе жазудың талаптары мен құрылымы кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша жазылым дағдыларына сүйене отырып, эссе жазу қалыптастырылады.
Жазылым - тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Оқушы өз мүмкіндігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысу, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе - бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану. Эссе - бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны дұрыс.
Курс барысында оқушылар: эссеннің түрлерімен, құрлымымен және қойылатын талаптармен танысады, басқа жазба жұмыстарының арасындағы айырмашылықтарды біледі. Мәселені қамтитын және оқырманның ойлануына ықпал ететін тақырыпты таңдауды, мәселеге толық талданым жасауды, сыни тұрғыдан қарап, субьективті көзқарасын нақты, дәлелді түрде жеткізуді үйренеді. Жазылым барысында қысқа, қарапайым және түсінікті сөйлемдерді, сөздердің байланысу тәсілдерін орынды пайлану мен қөркемдегіш құралдарды қолдануды, аргументтер келтіруді, ойын тұжырымды жеткізуді, анализ жасау бойынша дағдыларын дамытады.
Курстың мақсаты:
Оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту. Олардың қабілет, дарынына, эссе жазу дағдыларының қалыптасуына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |