ЖИГСО 1-топ: Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі.
Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.
Тезис (түйін) Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
2-топ: Негізгі тезистер- дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.
Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.
Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.
Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.
Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.
Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.
Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Тезистердің өзінде негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.
Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.