Оқушыларға аргумент пен дәлел, олардың ерекшелігі туралы түсінік беру.
Жалпы мақсат
Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын артыру
Күтілетін нәтиже
Эссе эазу барысыныда аргументтер мен дәлеледерді орынды, ұтымды қолданады
7 модульдің қолданылуы
“Оқытудағы басқару және көшбасшылық”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Ой қозғау, «Кіл жүйрікте кім жүйрік?», «Венн диаграммасы».
Қолданылатын ресурстар
Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар
Сабақ
кезеңдері
Тапсырмалар
Ресурс-тар
Сабақтың басталуы
Ой қозғау:Венн диаграммасы арқылы салыстырып көріңдер.
Аргумент деген не?
Дәлел деген не?
Дәлелді пікірлер
Сабақтың ортасы
Лекция. I. Аргумент(лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) –
1) философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Оған қойылатын жалпы талаптар: ақ II.
Дәлелдеу - белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім - наныммен байланысты, бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық - тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім - жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.
Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай.
Аргументтер - тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория.
Қорытынды - фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым - біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.