Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»


Тақырыбы: Пікірге қатысты аргумент



бет13/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
?ÀÇÀ?ÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ Á²Ë²Ì Æ?ÍÅ ?ÛËÛÌ ÌÈÍÈÑÒÐ˲ò

Тақырыбы: Пікірге қатысты аргумент

Мақсаты

Оқушыларға пікірге қатысты аргумент алудың тиісті жолдарын ұғындыру

Жалпы мақсат

Шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру



Күтілетін нәтиже

Пікірге қатысты аргумент алудың тиісті жолдарын меңгереді

7 модульдің қолданылуы

“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Егер сіз автор болсаңыз...», мәтінмен жұмыс, «Т» кестесі



Қолданылатын ресурстар

Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурс-тар

Сабақтың басталуы



«Егер сіз автор болсаңыз...»

  • Пікір деген не?

  • Жазу барысында пікіріңізді қалай білдіресіз?

  • Пікірге қатысты аргументті қайдан аласыз?

Дәлелді пікірлер

Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс. 1-тапсырма: эссені оқып шығыңдар.
М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі мен
С. Сейфуллиннің «Сағындым» өлеңін салыстыра талдаңыз
«Сағындым» деп қойылған атаудан адам бойындағы көптен көрмегендік, аңсау, іздеу, көрісу, құшақтасу, иіскеу секілді сезімдерді түсінуге болады. Бірақ, өкінішке орай, сол сағыныш сезімінің тууына мәжбүрлейтін түрлі жағдайлар болады. Оған тарихымызбен тығыз байланыстағы әдебиетіміз куә.
Сондай куәгер шығармалардың бірі ретінде күні бүгінге дейін өз кезеңінің ұлы ақындары болған Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллиннің«Сағындым» өлеңдерін алсам қателеспеспін.Тақырыбына қарап ақындардың көптен бері халықтан, отбасынан, анадан алыс жүруі шығар деп түйіп, шексіз сағыныштарын түсінерсің. Дегенмен өлеңмен танысқаннан кейін ойың біршама өзгереді. «Сағындым» сөзі жай жүріп сағыну емес, еріксіз тұтқында отырған кездегі жанның ащы тұңғиығынан атқылап шыққан, зорлық пен қорлықтың уымен толған жүрек сағынышы екендігін түсіну қиын емес. Cебебі ортақ кейіпкер – тұтқын. Тар қапаста отырып, кең сары даласын, туған елін, еркелеген анасын аңсайды, дос-жаранды, таныс дауысты іздейді. Жырлай отырып, оқырман көңіліне де сағыныш, қадір қасиет сезімін байқатпай ұялатып кетеді екен. Оған дәлел – Мағжанның:
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым, - деген сөзі болса, Сәкеннің:
Жылқы, қой, сиыр, түйелі
Сағындым Арқа – жерімді, - деген сөздерінен қара бастарының ғана қамын күйттегендік емес, анасы, достары, сүйіктілерінен де маңызды екеуіне де ортақ қазақ даласы – Арқа мен еркіндіктері екенін байқайсың. Қара көлеңкелі, сасық,күн сәулесі түспейтін, темір терезесі бар, қара тас үңгірден босай алмаған жан толғаныстары ақындардың сағын сындырады. Асқан шеберлікпен өздері отырған жерді суреттейді. Сөздерінен тар қапасты көңіл көзімен көріп, иісін де сезгендей әсер қалдырады екен. Бірі өлеңнің мына тармағында жаны қиналғаннан ешкімнен көмек сұрай алмай, тәңірге
Тәңір ие, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма? – деп зарланса, екіншісі:
Талпынып құлаш сермеген,
Айтайын ішкі сырымды:», - деп қарманғандай ма, қалай? Бұл тармақтарда ақындардың мұң-зардан гөрі көңіл толғанысы басымырақ. Сондықтан өлеңдердің адамға берер әсері ерекше деп топшылаймын. Бұл шығармадағы үндесетін тұстары болса, ерекшелігі де жоқ емес. Мағжанның ұлт десе жанын шүберекке түйгені, еліне деген шексіз махаббаттың арқасында, арман- үмітінің арқасында тірі екендігін астарлап айтуы, тағдырдың тәлкегіне көнгенмен қоса, халқының бейбітшілігіне де, тәуелсіздігіне де үміт көздерімен қарағаны
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім
Мен өлсем де, алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін! – деген шумақтан аңғарылады. Оқыған кезде Мағжанмен тағдыры ұқсас желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деген сөзі еріксіз есіме келді.Бұл нағыз отаншылдық, жанын халқы үшін аямау, ащы әділетсіздікке де, зорлыққа да елі үшін көну деген сезімді жүрегіңнің түбіне дейін терең бойлататын, өміршең сөздер.
Өмір –толқын өзгерді, жаңарды, ескіні ұмыттырды… әйтеуір адамзат керуені өмір көшіне ілесіп, тоқтаусыз ағып, жылдарды жұта берді «Сағындым» тақырыбы – олардың шығармашылығының бір бөлшегі ғана. Сермесең семсерің, қорғансаң қалқаның болам деп халқы үшін отқа түсіп, оққа ұшқан ақындар аттары айдай әлемге танылып, төрткүл дүниені шарлап кетсе де, олардың ұлылығын ұғына қалдық, таныдық, білдік дей алмаймыз. Өйткені ол ақындар - біртұтас әлем.
(438 сөз)
2-тапсырма.
1-топ: - Пікірге қатысты ойларың қандай?
2-топ: - Аргумент пікірге сай алынған ба?

Үлестір-ме парақшалар

Сабақтың аяқталуы



Қорытынды. «Т» кестесі арқылы бүгінгі тақырып туралы ойларыңды қорытындылаңдар


ПікірАргумент



Постер, маркер-лер



Рефлексия







Сабаққа қатысты пікірлерін білдіреді

Үйге тапсырма: «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбына пікір және сол пікірге қатысты аргумент дайындау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет