Лекция: Эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен айқын ажырата алу – аса маңызды қажеттілік. Екеуі де әдебиет пәні бойынша берілетін жазба жұмысы болғандықтан, оларды жазуға негіз болатын авторлар мен шығармалар да ортақ. Көркем әдебиеттің мақсаты – қоғам мен адам, халық пен жеке адам арасындағы әлеуметтік, психологиялық жанды байланыстарды табиғи суреттеу. Шығарма да, эссе де әдеби жанр, олардың қайнар көздері ортақ, тақырыптары ұқсас болғанмен, мақсаттары, құрылысы, бағыты, тілдік қолданысы, стилі әр түрлі.
Эссе – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.
Шығармада жоспарды жазу міндетті.
Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.
Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылык, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу.
Анық-тамалар, қосымша ақпараттар
Шығармашылық тапсырма: 1-топ. «Тіл – татулық тірегі» тақырыбына шығарма жоспарын құрыңдар.
2-топ. Эссе жазу үшін 2 аргумент келтіріңдер.
Эссе мен шығарманың айырмашылықтарын салыстырыңдар
1-топ. Эссе мен шығарманың өзіндік ерекшеліктері, құрылымы;
2-топ. Эссе мен шығарманың мақсаттары.
Постер, маркерлер
Үйге тапсырма:
Эссе мен шығарма жұмыстарын тауып оқып, талдау жасау
Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Жауаптарыңның себебін түсіндіріп жазыңдар.
Бүгін мен ......................................... білдім.
............................................ қызықты болды.
.............................................. қиын болды.
............... тапсырманы орындадым.
........................... екенін түсіндім.
Мен енді ............................... білемін.
Мен .............................. сезіндім.
Мен .................................... білім алдым.
Мен .................................... үйрендім.
................................... менің қолымнан келді.
Мен ................................ жасай алдым.
Мен .................................. жасап көруге талпынамын.
............................... мені таңғалдырды.
Сабақ менің өміріме .................. берді.
Менің ......................... жасағым келді.