ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ –
САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Саркулова Айгуль Жаксылыковна,
Длимова Алмаш Жолдыгалиевна,
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №3 ОМ,
қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің мұғалімдері
Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп,
кәсіби шеберлікті ұштап отыру - ұстаздың басты парызы. Елбасының
«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет
болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»,-деген еді.
Демек,ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасында білім беру саласына «заманауи технологияларын
енгізу үшін оқу орындарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру және
қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады» деп атап көрсетілген.
Сондықтан бүгінгі таңда педагогтардың алдында білім беруде түйінді
құзыреттілікті меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, еліміздің
халықаралық экономикалық қауымдастыққа енуі білім беру саласындағы
өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті педагог
қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
«Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер
үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек,
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі технологияны тиімді
пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндетінің бірі болып
отыр.
Қай ұстаз болсын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс-
тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада
қолдана білуге, таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық.
Бүгінгі таңда В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың
технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда педагогика ғылымының
докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі, филология
ғылымының докторы Ә. Жүнісбектің, педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Т. Жұмажанованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары
белсенді түрде қолданылуда. Бұл оқыту технологиясының бір ерекшелігі –
оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық
процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.),
ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық
жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі
өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және
шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын
322
(ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы. Оқушылардың оқу
материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және
білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында
жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау
бойынша) «өсу» бағытымен – қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік
тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік
қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр тілді
үйренушіге оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын,
ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу
арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылардың
танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген
оқу материалын түсіну, талдау және бағалау мүмкіндігі болатындай етіп
құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді
формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, пікірталастар) қолдану
оқытудың міндетті шарты болып табылады.
Бұл технологияның негізгі шарты – оқушылардың кез келген ғылыми
көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ
ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала
алатындығы. Сөйлесу бөлімі сабақтарының ережелері, құрылысы және жүру
барысы алдын-ала таныстырылады. Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу
модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда
қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны оқушы
сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған соң оқушыға
өзін-өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзіне, не
болмаса осы топ оқушыларының біреуіне тексеруге болады. Тек сонан кейін
ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары берілуге тиіс, ал ол
тапсырмалардың орындалуын мұғалім өз бақылауына алуы қажет.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау, оқушылардың сөйлесу
бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік,
дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған бөлім. Егер сөйлесу
бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі
оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді
қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен
дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Білімді бақылау формалары
ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе
диктант оқытылатын пәннің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы
қорытынды бөлімінде беріледі.
Сыни ойлау қабілеті дамыған, ұғынғанын тәжірибемен ұштастыра білетін
белсенді тұлға қалыптастыру оқыту үрдісінде жүргізілетін барлық жұмыстың
негізі болып табылады. Оқу үрдісі барысында көзделетін басты мақсаттардың
бірі – сыни тұрғыда ойлай білуге үйрету, нәтижелі білімге қол жеткізу.
Оқушылардың сыни ойлау мүмкіндігінің жетілуімен бірге оқыту ісінде де
323
өзгерістер жүреді. Сыни ойлауды дамытуға негізделген әдістер оқушының өз
ойын жеткізуге мүмкіндік жасайтындай дәрежеде болуы керек.
Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда сабақ үрдісін үш кезеңнен құруға
болады:
1) ізденіс;
2) жаңа білімді игеру;
3) тәжірибелік дағды қалыптастыру.
Бірінші кезеңде - белсенді оқу әрекеттеріне деген оқушылардың ынта-
ықыласын туғызу, қызығушылығын ояту, өткен материалды қайталау; жаңа
тақырып төңірегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтап, өзара ұштастыру;
белсенді ойлау әрекетін ұйымдастырып, жаңа білім жөнінде болжау жасау;
екінші кезеңде – тілдік тақырыптың өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін
талдау арқылы көп деңгейлі ойлауға қол жеткізу; салыстыру, зерттеу, бақылау
арқылы гипотезаны дәлелдеу; ой түйін жасап, белгісіз сұрақтарға жауап табу,
анықтаманы айқындау;
үшінші кезеңде жаңа білімді қолдану, өнімді ойлау әрекеттеріне, нәтижеге
қол жеткізу; тілдік тапсырмалар, жаттығулар, өзіндік жұмыстар орындау
арқылы ой алмасу, ой түйістіру; танылған жаңа түсінік, ой-толғауларының
нәтижесін байқау мақсаттары белгіленеді.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын
молайтуға,
белсенділіктерін
арттыруға,
шығармашылық
қабілеттерін
жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен
қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.
Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп
білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану
керек», - дегені әр мұғалімнің жадында болуға тиіс.
Әдебиеттер:
1.
Беспалько В.П. Слагаемое педагогической технологии. - М.:
«Педагогика», 1989.
2.
Выготский Л. Образование. – Москва, 2000.
3.
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту
құралы ретінде.- Алматы, 2002.
4.
Мирсеитова С.С. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. – Алматы:
ИздатМаркет, 2004.
5.
Мирсеитова С.С., Бахишева С. Идеи Дьюи и наша практика. – Алматы:
Верена, 2005.
6.
Мирсеитова С.С. Сыртқы әлем: күнделіктіні академиялықта қолдану. –
Алматы: Верена, 2007.
7.
Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка. – Москва: Педагогика-пресс, 1994.
324
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Сейделханов Б. В.,
№127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебі,
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылы округі,
bauyrjan_1978@mail.ru
Білімнің негізі орта білім жүйесінде, жалпы білім беретін мектептерде
қаланатыны баршаға белгілі. Мемлекетімізді дамыған елдермен теңестіретін,
бәсекеге қабілетті болар білімді ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі фактор –
мұғалімнің біліктілігі мен білімі. Өзі тәжірибемнен айтар болсам, ІІІ-деңгей
оқу барысында бағдарламаның жеті модулімен таныс болып тиімділігін
білдім. Солардың бірі АКТ-ны пайдалану,оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес оқыту.
Сындарлы оқыту оқушылардың күнделікті қарым-қатынасын, ол қарым-
қатынасты оқушы өзіне қалай елестететінін және оларды қалай өзгертуге
болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту бұл қазіргі
жастардың біліміне дұрыс бағыт беретін және де қызығушылықтарын оятып,
өз бетінше білім алып талпынуға, жаңа иновацияларға қол жеткізуге жол
аштыны анық. Мұнда әр оқушыны жеке зерттеп, оның ойлау деңгейін
анықтап, сын тұрғысынан ойлантып өз білімі қай дәрежеде екенін түсіндіріп
ұғындыруы тиіс. Егерде әр оқушы өзін-өзі бағалап үйренсе, ол біздің
жетістігіміз. Өз білімдерін қалай және не себепті жетілдіру керектігін ұғынса,
оқушының өз бетінше білім алуға деген қызығушылығы арта түседі.
Келешегі зор Қазақ елінің жастары білімді де, тәрбиелі болуы сөзсіз. Осы
білімді беретін мұғалімдер әр қашанда білімге бай тәжірибесі мол, мейірімді,
ізденуші болуы керек. Жұмыстың нәтижелі болуы үшін ең бірінші өзімнің
өзгергенім маңызды екен. Әр адамның бойында адамгершілік қасиеттердің
болуы керек екендігін ұғындым.
Сабақ оқушылардың бір-біріне деген сенімімен басталса, ол сабақ сәтті
өтетініне көзім жетті. Әрбір мұғалім өз сабақтарын қызықты, тартымды, есте
қалатындай болғанын қалайды. Сындарлы оқытудың тиімді әдісі топтық
жұмыс. Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болуы үшін белгіленген тапсырмалар
мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс. Оларды
топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып, жоғары деңгейдегі оқытуды
қамтамасыз етеді. Біз дайын білімді емес оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру мақсатында әртүрлі әдістер арқылы меңгерту дұрыс екен. Мысылы;
«Балық қаңқасы», «Шеңбер», «Суреттер сөйлейді», «Миға шабуыл» т.б. Осы
кезде А, В, С деңгейлі оқушылардың бойынан ерекше өзгерістер
қызығушылық, ұйымшылдық, ауызбіршілікті байқадым. Осы кездерде
оқушылардың мінез құлықтарында үлкен өзгерістер жүрді.
Ұяң оқушының бойынан талпыныс байқалды. Сабаққа қызығушылық
танытпайтын оқушыларым әр сабақ сайын топпен жұмыс жасайықшы деп
ойын еркін айтты. Олар бір-біріне ойларын қысылмай айтады және тыңдай
325
білді. Сабақ барысында оқушылар Мерсердің үш түрлі әңгімесі қалыптасты:
Әңгіме- дебат, комулятивті әңгіме, зерттушілік әңгіме. Топтық жұмыста
өзгелерді оқыту арқылы, талқылау жұмыстары жүргізілді. Топтық жұмыс
арқылы сабақ өткен тиімді екенін білдім. Әр сабақ соңында оқушылардан кері
байланыс алып отырдым. Біз алдынғы сабақтарымызда кері байланыс
жүргізбейтінбіз. Осы кері байланыс арқылы оқушылардың өз ойын, білімін
байқап отырудың ең тиімді жолы екеніне көзім жетті.
Оқушыларрдың бойындағы өзгерістер: оқушылар топпен жұмыс істеді,
бір-бірін тыңдай білді, диалогтік қарым – қатынасқа түсті. Сабаққа толығымен
қатыса білді. Өз ойын, пікірін дәлелді түрде жеткізе білді. Көшбасшылыққа
деген қызығушылығы арта түсті. Оқушылар берілген уақыт ішінде бір-бірімен
жұптасып әңгіме өрбіту арқылы өздерінің маған беймәлім қырларын ашып
таныстырып өтті. Мұғалім ретінде мен олардың пәнді оқу үдерісіндегі
қажеттіліктерінен басқа, өзгеде қызығушылықтарын қаншалықты жақсы біле
бермейтініне көзім жетті. Мен енді сабақ барысында танымдық қабілетті
дамытатын тапсырмалар құрастыруды қолға аламын. Себебі кейін оқушылар
сыныптағы өзге қатарласынан тапсырманы тез орындап болады. Сондай
жағдайда уақытты бос жібермес үшін ондай балаларға жеке тапсырмалар
дайындап әкеліп отырдым. Тіпті кей кездері мұндай оқушылар өздері
ынталанып үлгерімі төмен сыныптастарына көмектесісте жатты. Өзара
әрекеттесу кезінде оқушылар бір-бірін оқытуға, тыңдауға үйренді.
Сұрақ қоюдың сынақтан өткізу, түрткі сұрақтар сияқты түрлерін
оқушылар өздері бір-біріне немесе топ мүшелері қарсы топқа сұрақтар
қойғанда белсенді қолданып отырды. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып,
оған жауап беруі өздеріне де ұнайтындықтарын аңғардым. Бұл маған сабақ
барысында тақырыпты талдап ашуға, оқушылар өздерін еркін сезініп ойларын
білдіруіне көмектесті. Сондай – ақ сабақ барысында сұрақ қоюмен жауап беру
әдістерін меңгерту кезінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын
арттыру үшін қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Олар бастапқыда өз ойын
айтып жауап беруге қиналды.
Сондықтан жұмыс барысында мұндай оқушыларды зерттеуіме тура келді.
Ондай оқушыларға жауапкершілік жүктеп көрмек болдым.
Осы кезде сыныптастарынан көмек сұрап жан – жақты ізденетінін
байқадым. Көп жағдайда оқушылардың сабаққа ынтасыз белсенділігі төмен
болатын себебі өзіне деген сенімінің аздығынан болатынын түсіндім.
Бағалау кезеңінде бұрынғы сабақтарымды мұғалім ретінде оқушы білімін
өзім бағалаған болсам, бұл жолғы сабақтарымда оқушылардың өздері бір-бірін
немесе өзін-өзі бағалауына мүмкіндік берді. Сол себепті критерийлер арқылы,
бағдаршам әдісі арқылы бағалауды қолдандым.
Топ басшысы алдын ала берілген бағалау парақшасына балдық жүйемен
топ мүшелерінің жинаған ұпайына сәйкес бағалап шықты. Критерийлер
арқылы бағалау әділ болғандықтан оқушылар бағалауға риза болып жақсы
баға алу үшін белсенділік таныту керектігін ұғынды.
326
Меніңше бұдан оқушылардың білім алуға деген құлшынысы артып,
қажеттілік деңгейі де өседі. Балдық жүйе әділ бағалауға, таза еңбегіне,
қабілетіне қарай жинаған еңбегін бағалауға, өзін-өзі реттеуге мүмкіндіктер
ашып береді.
Менің мұғалімдік тәжірибемде әлі көп нәрсені үйреніп, ізденіс жасап
талпынуым керек. Сындарлы оқыту теориясы бойынша өтілген сабақтар
оқушыға тек білім негізін беріп қана қоймай, сонымен қатар заман талабына
сай қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға көмектеседі.
Әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2.
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі. № 5-6
3.
Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмалардан.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН
ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ
ІШКІ УӘЖІ
-
КӘСІБИ ДАМУ НЕГІЗІ
Сейлханова Г. С., Нурмагамбетова Р. Г.,
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №3 ОМ,
тарих және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдері
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік
мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп
көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді...” –
деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші. Өсіп келе жатқан ұрпақ –
адамзаттың болашағы, жалғасы.
Мұғалімнің өмірлік дағдысында ішкі уәждің әсерін анықтау және оны
дамыту, ішкі уәжін дамыта отырып белсенділігін ояту. Мұғалімдердің бейнесін
жоғары дәрежеде ұстау, оларды жоғары деңгейге жетелеу үшін өзін-өзі дамыту
жұмыстарын жүргізу. Өзіне деген сенімділікті дамыта отырып, ішкі және
сыртқы уәжді тыңдай білуге және оны дұрыс қабылдап, өзін реттеп дамытуға
итермелеу.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге
атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ
тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда
өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы,
жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,
мұғалімнің де рөлі зор. Мұғалім қашан да оқушы үшін, оның шынайы өмірге
бейімделуі үшін, шәкіртінің бойына бар жақсы қасиеттерді сіңдіру үшін еңбек
етіп келеді. Дегенмен де, оның да өмірінде эмоционалдық, шығармашылық,
физиологиялық тоқырауы болады. Бұл мәселеге мұнша көп көңіл бөліне
бермейді. Себебі, мұғалімнің өзі де жанкештілікпен жұмысын жалғастыра
береді. Бірақ бұл мәселелерге көңіл бөлмеу ұстаздардың жұмыс белсенділігінің
327
төмендеуіне, өз ісіне атүсті қарауға, жұмыс өнімінің шалалығана әкеп соғады.
Бір сөзбен айтар болсақ, мұғалімнің ішкі уәжінің төмендеуіне әкеп соғады.
Мұғалімдердің ішкі уәжін дамыту арқылы белсенділігін дамыту тарапына
бағытталып қаралмауында. «Ішкі уәж - белгілі бір жұмысты соған
қазыққандықтан, оның субьектілік құндылықтарын сезгендіктен жасау. Адам
өзінің ішкі уәжінің үнімен жасаған әрекетінен тыныштық, қанағат және жан
рақатын табады, уақыт қалай өткені байқалмайды, артық нәрсе жоғалып, тек
жұмыс қалады – ағынмен жүзгендей сезім пайда болады».(Михай
Чиксенмихай) Э.Эриксон өз көзқарасы бойынша адамның өміріне сегіз психо-
әлеуметтік стадияны енгізді. Олар: сенім – сенімсіздік; автономды күдіктену
және ұялу; еңбекқорлық – жеткіліксіздік; өнімділік инерттілік. Ал осыларды
дамыту үшін ең бірінші –уәждің дамуы.
Уәж бұл - тұғаның бағытын айқындайтын, белсенділікті тудыратын
түрткілер. Адамның әрекеті әрқашанда уәжге негізделген. І
шкі уәж сыртқы
талап пен қолдаусыз-ақ әрекетке еркін қатынас. Уәж еліктеуге негізделмейді,
оның қуаты ағзамыздың табиғатынан шығады деп болжанады. «Ішкі уәж
белсенді, зерттеушілік, ізденіс үстіндегі міндеттерге негізделеді, олар өз
кезегінде жүйелі құрылымның дамуында шешуші ролге ие».
Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның
көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл
адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау.
Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі
параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және
ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік,
мотив, дағды, бағыттылық);
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар
(басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және
т.с.с);
3. Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси,
Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен
түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын
да екі типі бар:
Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-
құлық. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
Бихевиористік теорияларда мінез-құлық детерминациясындағы негізгі акцент
белгілі-бір мінез-құлықтың орындаудан кейінгі пайда болатын жағымды немесе
жағымсыз жағдайларға негізделеді. Ішкі уәж бен сыртқы уәждегі
айырмашылық жасалған әрекет үшін алынған сыйлығында. Сыртқы уәжде сый
да сыртқы болады, ал ішкі уәжде ол өзіндік белсенділіктің артуы ретінде орын
алады. Кез-келген адам ішкі уәжін дамыта отырып, өзіндік «мен», «менің
қолымнан келеді», «мен осылай істегенім дұрыс па?» деген сұрақтарды
назарына алады.
328
Зерттеуші В. И. Чирков (1996) өзінің көптеген зерттеулерін негізге ала
отырып, ішкі және сыртқы уәждің ерекшеліктерін салыстырған. Нәтижесінде,
ішкі уәжде сыртқы уәжге қарағанда, жұмысты орындауға деген мүдде тұрақты
және ұзағырақ болады екен, адамдар өздеріне қиын мақсаттар таңдайды,
дәстүрлі емес тәсілдерді қажет ететін шығармашылық жұмыстарды жақсы
орындайды. Ішкі уәжі жоғары адамдардың әрекеттері жоғары кретивтілікпен
сипатталып, қанағат және қуаныш сезімдерімен сүйемелденеді.
«Ішкі уәж - белгілі бір жұмысты соған қазыққандықтан, оның субьектілік
құндылықтарын сезгендіктен жасау. Адам өзінің ішкі уәжінің үнімен жасаған
әрекетінен тыныштық, қанағат және жан рақатын табады, уақыт қалай өткені
байқалмайды, артық нәрсе жоғалып, тек жұмыс қалады – ағынмен жүзгендей
сезім пайда болады».(Михай Чиксенмихай)
М.Чиксенмихай ең көп тараған «ағысты сезінулерді» ерекшелеп атап
көрсеткен:
Іс- әрекетке толық қосылу (сана және физикалық тұрғыда);
Зейіннің, ойдың, сезімнің іс – әрекетке бағытталып, санадан бөтен
ойлардың ығысуы;
Белгілі бір уақытта не істеу керектігін анық түсіну, іс – әрекеттің
мақсатын білуі, әрекетке жетелейтін талаптарға мойынсыну;
Жұмыстың қаншалықты сәтті орындалып жатқанын толық түсіну, анық
және нақты кері байланыс;
Мүмкін болған сәтсіздіктер және кемшіліктер жайлы уайымның
болмауы;
Уақыттың субьектілік тұрғыда тоқтап қалуы;
Іске толықтай «сіңіп» кету.
Ішкі уәж қалай пайда болады? Ішкі уәж туралы ойларды дамыта отырып,
Э.Дици алғашында Р.Уайт пен Р.де Чармсон көрсеткен сезімнің екі түрін
пайдаланған – өз – өзіне деген сенімділік және өзін – өзі тану. Сенімділік сезімі
– өз мүмкіндіктеріне деген сенімділік, «мен білемін, мен істей аламын» деген
сезім. Өзін өз кәсібінің маманы ретінде сезіну. Өзін – өзі тану сезімі – өзін
барлық іс – әрекеттердің себепшісі ретінде сезіну. Р.де Чармсонның ойынша
барлық сыртқы талаптар адамның осы сезімін әлсіретеді, ал адам осы
талаптарға қарсы тұруға тырысады. Егер ол адамның қолынан келсе, оның
бойында қанағат, дербестік және өз – өзін әрекеттің себепшісі ретінде сезіну
сезімдері пайда болады. Ал егер адам бұл талаптарды жеңіп шыға алмаса,
оларға мойынсұнса, өз өмірін бақылаудан жіберіп алады, келешегіне сескеніп
қарап, өз – өзіне деген сенімділік жойылады және өмірін өз бетінше құрудан
қорқыныш сезімдері пайда болады.
Э. Дици келесі болжамды алып, кейін соны дәлелдеп шықты. Адамның
негізгі қажеттіліктері – өз –өзіне деген сенімділік және өзін – өзі тану. Негізгі
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ішкі уәжі пайда болады. Көп ұзамай
зерттеушілер оған тағы бір маңызды қажеттілікті қосу керек деп тапқан ол
қарым – қатынасқа деген қажеттілік.
329
Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін
нарық жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, өзінің басым
тұстарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық
педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып,
шығармашылықпен қолдана білу керек. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз
елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар
болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады. Сол бәсекелестікке қол
жеткізу үшін, мұғалім өзін өзі таныту үшін ішкі уәжін дамытады.
Мұғалім деңгейінің көтерілуін қандай уәждік механизмнің көмегімен
жүзеге асыруға болады? Ішкі уәж теориясы персоналды басқарудың шебер
құралы болып табылады. Ішкі уәжді дамытудың 2 бағыты бар:
1) білім алушылардың ішкі уәжін дамыту;
2) мұғалімдердің ішкі уәжін арттыру дағдыларын қалыптастыру.
Мұғалімдердің ішкі уәжін дамытуға арналған келесі жаттығуларды орындатуға
болады: әңгіме; талқылау; сенім атмосферасын қалыптастыру; проблемалық
тапсырмаларды шешу;
рольдік ойындар;
Білім алушылардың ішкі уәжін арттыру дағдыларын қалыптастыру
арналған нұсқаулар: сәтті тәжірибе жинауды қамтамасыз ету. Жетістік
сенімділік сезімін оятады, бұл ішкі уәжге қатысты маңызды қажеттілік болып
табылады;
жұмыстың
қиындығына
сай
бағалау.
Жұмысты
қалай
орындағандықтарына сай көтермелеп, мадақтау. Барлығын тең дәрежеде
бағалау, істеген жұмыс көлеміне сай әділ бағалау; психологтармен тығыз қарым
– қатынаста болып, олардан кеңес сұрау.
Б. Ю. Сербинскийдің пікірінше: «Мотивация - адамдарды әрекет етуге
ынталандыру». Дегенмен, уәждің барлық анықтамалары қалай болғанда да, бір
жерінде ұқсас: Уәж деп тірі жандардың тәлімін анықтайтын белсенді
қозғалтқыш күштер саналады. Бір жағынан –сырттан күштелген ынталандыру,
басқа
жағынан
-
өзін-өзі
ынталандыру.
Адам
тәлімі
әркезде
мотивацияланатындығын айтып кету қажет. Мұғалімдердің ішкі уәжін
қалыптастыру олардың маңызды мүдделерін, бір нәрсеге деген қажеттіліктерін
қозғайды.
«Өзіңе сен» кредосын пайдалана отырып, оларға «менің қолымнан келеді,
мен білемін, менің білуге мүмкіншілігім бар, мен барлығына дайынмын» деген
сенімділік сөздерін айтқызып, білім алушылардың ішкі даусын дамыту, яғни
ішкі уәжі арқылы өзінің қандай екенін, неден қиналатын екенін және өзіне-өзін
сендіру жұмыстары жүргізіледі.
«Мінсіздіктің қасиеттерін сұрыптау» тапсырмасында да әр топ
ұйымшылдықпен қасиеттер тізбесін орналастырып, талдау жасайды.
«Мен кіммін?» флеш тренингі арқылы өздерін тани түсуге уақыт беріліп, өзін
өзі бағалауы жоғарылай түсті.
«Оқыту және уәж» таныстырылымы білім алушының сыртқы және ішкі
уәжін анықтап, оған әсер ету жолын көрсету, адамның қажеттіліктерін ескеру
бағытында ұтымды болды.
330
Бейнероликтер білім алушылардың қызығушылығын арттырып, қызу
пікірлесуге, өзара талқылауға ықпал етті. Осы көріністер ішкі, сыртқы уәж, оны
дамыту, шетелдік көзқарасты анықтап, бүгінгі негізгі ойдың түйінін келтіруге
таптырмас
құрал
болды.
Бейнекөрсетілімдер
білім
алушылардың
қызығушылығын арттыруға және талдау жасауға көп көмегін тигізеді. Топта
ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқан.
«Өз жартыңды тап» тренингі өзіне жақын тартатын адамын таңдап, неге
сол кісіні таңдағаны туралы, бір-бірі туралы ойларын айтты. Осы жұмыс
арқылы өзгелердің сыртқы ойды қалай қабылдай алатындығын, өзгенің ойын
яғни сыртқы уәжді қалай қабылдай алатындығын байқадым. «Мен кіммін?» топ
мүшелері барлық ұжымның алдында өз топтарының мүшелерін кезектесе
отырып (аты-жөні, жұмыс орны, жетістігі, ерекше қасиеттері т.б.) таныстырды.
Тыңдаушылар таныстыруды кез-келген формада келтірді.
«Мекенім» тренингі Шарты: тыңдаушылар өз аттарын келген ауданы,
мектебіне қатысты белгі арқылы картаға жапсырып, себебін таныстырды. Ол
үшін дайындалуға 3 минут уақыт берілді. Дайындалып болған соң әрқайсысы
өзін таныстырды да, ойынды жалғастыруға кезекті топ мүшелеріне берді. Бұл
жерде ескеретін жайт: басқаларының есінде қалатындай етіп таныстыру
көзделді.
«Шеңберге орналастыр» тренингі үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
пішінде қиылған түрлі-түсті қағаздар мен дөңгелектің ширек бөлігі таратылып
беріледі. Әрбір қатысушы әртүрлі пішіндегі түрлі қағаздың бірін таңдап, оған
бір сөйлеммен өзінің сабаққа қандай мақсатпен келгендігін және сабақ
барысында не білгісі келетіндігін жазады. Топ мүшелері толық орындағаннан
кейін дөңгелектің бөлігіне өз қалаулары бойынша жапсырады. Фигуралардағы
сөйлемдерді оқып шығып, ортақ мақсат шығарылады.
Білім алушылардың ішкі уәжінің белсенділігіне зерттеу нәтижесінде келесі
қорытынды жасадық. Білім алушылардың ішкі уәжін дамытуға болатындығы
анықталған. Ішкі уәждің адамға әсерлері (психосоматикалық себептер, терең
эмоциялар, депревивті жағдайларда); өзін-өзі реттеуі- еркін сөйлеуге;
- өзін-өзі бағалауға;
- өз ісіне жауап бере алатындығына;
- ойын ашық жеткізуге.
3. оқыту барысында үнемі ішкі уәжді дамытуға арналған жаттығулар мен
тренингтер, анкеталар мен ойын әдістерін қолдануға болатындығы анықталды.
4. ішкі уәж бен белсенділіктің арасындағы байланыс анықталды.
Білім алушылардың ішкі уәжі арқылы белсенділікті арттыруға
болатындығын және сонымен қоса ішкі уәжбен белсенділігі дамыған білім
алушылардың ары қарай шығармашылыққа, жаңашылдыққа дамытуға
болатындығын байқадым.
Шығармашыл мұғалім – мәдениет адамы. Ол белгілі әлеуметтік мәдени
ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін тұрмыс салтын,
мәдениетін бойына сіңірумен қатар оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің
жалпы мәдениетін көтеру оның айнымас өмірлік қағидаларының бірі.
331
Достарыңызбен бөлісу: |