7
Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық (пәндік) білім аспектілері
(ТПМБА) білім алушының АКТ қолдана отырып тиімді оқытуы үшін қажетті
білімді айқындайтын негіз болып табылады. ТПМБА Шульманның Білімнің
педагогикалық аспектісіне берген түсінігін кеңейтеді. ТПМБА негізі ретінде үш
негізгі танымдық нысанның күрделі өзара әрекеттестігі алынған: Пәндік білім
(ПБ), Педагогикалық білім (ПБ) және Технологиялық білім (ТБ).
ТПМБА тәсілі
бұл үш білім негізін оқшаулап қарастыру шеңберінен ауқымдырақ болып
табылады. Сонымен қатар, ТПМБ технологияны оқытуда қолданылатын
мұғалімдердің төрт түрлі білім негіздерінің өзара қиылысынан туындайтын жаңа
білім түрлерін айқындайды: білімнің педагогикалық аспектісі (БПА),
білімнің
технологиялық аспектісі (БТА), технологиялық-педагогикалық білімдер (ТПБ)
және технологиялық, педагогикалық және пәндік (мазмұндық) білім
аспектілеріне сәйкес барлық үш шеңбердің қиылысуы (ТПМБА).
Достарыңызбен бөлісу: