Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі оңТҮстік қазақстан облысының білім басқармасы


Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау



бет28/31
Дата06.01.2022
өлшемі413 Kb.
#15920
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МОМ бағдарлама бастауыш

4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Пән бойынша бақылау аралық аттестация: бақылау жұмыс, тестілеу, емтихан өткізуді қарастырады.

Пән бойынша бақылау жұмыстарының түрін және өткізу уақытын білім ұйымдары анықтайды.


  • Бақылау;

  • Сынақ;

  • Емтихан.


Ф-ПК-03/ 2.5



4. Оқу - әдістемелік жабдықтау
4.1 Рефераттар, баяндамалар
1. Жиын элементі. Бос жиын. Шекті және шексіз жиындарға мысалдар.

2. Универсал жиын. Эйлер дөңгелектері.

3. Жиындардың берілу тәсілдері. Тең жиындар. Ішкі жиын.

4. Жиындардың қиылысуының, бірігуінің, айырмасының анықтамалары, белгіленулері және сан сәулесінде кескінделуі.

5. Сандардың екі жиының декарттық көбейтіндісін координаталық жазықтықта кескіндеу.

6. Жиындардың декарттық көбейтіндісінің анықтамасы, мысалдары, графиктері.

7.Жиындарға қолданылатын амалдардың классификациясы және заңдары. Жиынды қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлу. Бір, екі, үш қасиеттер бойынша жиындарды кластарға бөлу.

8. Математикалық ұғым туралы түсінік. Анықталатын, анықталмайтын ұғымдар. Ұғымның мазмұны мен көлемі.

9. Ұғымның анықтамасы.

10. Ұғымды анықтаудың тәсілдері мен жолдары. Анықтама беру ережелері.

11. Пікір анықтамасы. Жай және құрама пікір. Құрама пікірлердің логикалық құрылысын анықтау. Ақиқат кестесі.

12. Пікірлік форма (предикат). Кванторлар. Кванторы бар пікірді теріске шығару. Пікірлер логикасының заңдары.

13. Сөйлемдер арасындағы «келіп шығу» және «мәндес болу» қатынастарының белгіленуі мен оқылуы.

14. Теореманы дәлелдеу тәсілдері, құрылымы мен түрлері. Мәндес болу. Қажетті және жеткілікті шарт ұғымы.

15. Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің негізгі қасиеттері. Алгоритмнің берілу тәсілдері.

16. Қатынас ұғымы, белгіленуі, түрлері, анықтамасы, графы. Қатынастың берілу тәсілдері, қасиеттері.

17. Реттік, эквиваленттік қатынас ұғымы, анықтамасы, берілу тәсілдері, қасиеттері, графы және ішкі жиындарға бөлу.

18. Сәйкестік және оның түрлері, анықтамасы, графигі. Кері сәйкестік. Тең қуатты жиындар. Өзара бір мәнді сәйкестік.

19. Граф ұғымы, түрлері және қасиеттері.

20. Санды және әріпті өрнектің анықтамасы, жазылуы мен мәндері. Санды теңдіктер мен теңсіздіктер, олардың анықтамасы, қасиеттері.

21. Айнымалысы бар өрнектің жазылуы, оның анықталу облысы, бір, екі, үш, айнымылысы бар өрнектер. Теңбе-тең өрнектер, тепе-теңдік. Теңбе-тең түрлендірулер

22. Бір айнымалысы бар теңдеу және теңсіздік ұғымы. Оларды шешу жолдары, анықталу облысы.

23. Теңдеудің түбірі. Мәндес теңдеулер ұғымы. Теңсіздіктердің мәндестігі.

24. Теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі ұғымы, анықтамасы, қасиеттері. Теңсіздіктер жиынтығы.

25. Натурал сан мен нөл ұғымы, шығу тарихы. Сандық жиын. Сан ұғымының кеңеюі, оған қойылатын талаптар.

26. Қосынды және айырманың анықтамасы, қасиеттері, заңдары.

27. Көбейтінді мен бөліндінің анықтамаларының теориялық-жиынтық мағынасы, қасиеттері, заңдары. Қалдықпен бөлу анықтамасы.

28. Санау жүйелерінің жазылуы мен атаулары. Позициялық және позициялық емес санау жүйесі.

29. Ондық санау жүйесінен басқа жүйеде сандардың жазылуы, оларға арифметикалық амалдар қолдану.

30. Сандардың бөлінгіштігінің анықтамасы, санның бөлгіші мен еселік ұғымдары. Бөлінгіштік қатынас қасиеттері.


31. Ондық санау жүйесіндегі сандардың бөлінгіштік белгілері. Құрама сандарға бөлінгіштік белгілері.

32. Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік ұғымы, анықтамасы, қасиеттері. Канондық жіктелуі.

33. Жай және құрама сан ұғымы. Эратосфен елегін құру жолы. Евклид алгоритмі. Жай сандардың қасиеттері.

34. Бөлшектердің шығу тарихы. Тең бөлшектер. Бөлшекті қысқарту.

35. Қысқартылмайтын бөлшек. Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру.

36. Оң рационал сан ұғымы, анықтамасы, қасиеттері. Рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар.

37. Ондық бөлшек ұғымы, анықтамасы, қасиеттері.

38. Шектеусіз пероидты ондық бөлшектер. Таза және аралас периодты ондық бөлшектер.

39. Шама ұғымы. Векторлық және скаляр шамалар.

40. Скаляр шамалардың қасиеттері. Шамаларды өлшеудің халықаралық бірліктер жүйесі.

41. Кесіндінің ұзындығы және оны өлшеу. Заттың массасы және оны өлшеу. Уақыт аралығы және оны өлшеу.

42. Фигураның ауданы және оны өлшеу. Палеткамен өлшеу.

43. Дененің көлемі. Аудан, көлем өлшем бірліктері. Шамалар арасындағы тәуелділік.

44. Есеп ұғымының мән – мағынасы, рөлі, орны, қызметі, құрылымдық элементтері. Есепті шешу процесінің міндетті кезеңдері.

45. Есепті шешудің әдістері, арифметикалық және алгебралық , графиктік тәсілдері.

46. Комбинаторлық есептер. Қосынды мен көбейтінді ережелері. Орналастырулар, алмастырулар, терулердің анықтамалары мен белгіленулері.

47. Кездейсоқ шама ұғымы, ықтимал оқиғалар ережелері, белгіленулері.

48. Математика пәні, құзыреттілікке жеткізетін мақсат – міндеттері, оқыту әдістері мен тәсілдері, қолданылатын технологиялар.

49. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі курсының логикалық құрылысы. 1-4 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік топтама.

50. «Он көлеміндегі сандар» тақырыбының мақсат – міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер. Сан, цифр ұғымы. Сандарды жазу, оқу, салыстыру.

Санның жазылу үлгісі, оқылуы.

51. Жүз, мың көлеміндегі сандар тақырыбының мақсат-міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер.

52. Көп таңбалы сандар тақырыбының мақсат – міндеттері, қолданылатын көрнекіліктер. Разряд, класс ұғымы. Сандарды жазу, оқу, салыстыру.

53. Сабақ жоспарының құрылымы. Жалпы сабақтың түрлері. Сабақ жоспарының жазылу түрлері.

54. Бір таңбалы сандарға 2,3,4 сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары. Бір таңбалы сандарға 5,6,7,8,9 сандарын қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары. 20-ның көлеміндегі қосу кестесі мен азайтудың сәйкес жағдайлары.

55. Арифметикалық амалдарды орындаудың ерекше және дербес жағдайлары.

56. Ауызша есептеу тәсілдері. Ондықтан аттамай және ондықтан аттап қосу мен азайтудың ауызша жағдайлары.

57. 100 (1000) көлеміндегі сандарды жазбаша қосу мен азайтудың алгоритмі. Жазылуы мен оқылуы.

58. Көбейту және бөлу ұғымы, компоненттері. Өзара байланысы, қасиеттері. Көбейту және бөлудің ерекше және дербес жағдайлары. Қосындыны санға көбейту.

59. 100 көлеміндегі көбейту кестесі мен бөлудің сәйкес жағдайлары мен кезеңдері.

60. Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі. Толымды көбейтінділер мен толымсыз бөлінгіш ұғымдары, жазылу реті, оқылуы. Қалдықпен бөлу.

61. Есептер шығаруда оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері. Есеп термині мен оның элементтері. Есептерді оқытудың мақсаты. Есеппен жұмыстың кезеңдері.

62. Жай есептерді шығаруға үйрету. Жай есептерді топтастыру. Жай есептердің түрлері.

63. Кері есептер құрастыру және оны шығару. Өзара кері есептерді айқындай білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет