2.8 тақырып Қатынас және сәйкестік. Реттік қатынас. Эквиваленттік қатынас
Қатынас ұғымы, белгіленуі, түрлері, анықтамасы, графы. Қатынастың берілу тәсілдері, қасиеттері. Реттік, эквиваленттік қатынас ұғымы, анықтамасы, берілу тәсілдері, қасиеттері, графы және ішкі жиындарға бөлу.
2.9 тақырып Сәйкестік ұғымы. Графтар теориясының элементтері.
Сәйкестік және оның түрлері, анықтамасы, графигі. Кері сәйкестік. Тең қуатты жиындар. Өзара бір мәнді сәйкестік Граф ұғымы, түрлері және қасиеттері.
Практикалық жұмыс:
1) Қатынас ұғымы және оның берілу тәсілдері.
2) Қатынастың кескінін граф арқылы анықтау.
3)Қатынастың қасиеттері. Реттік қатынас.
4) Эквиваленттік қатынас. Берілген жиынды қиылыспайтын ішкі жиындарға бөлу.
5)Сәйкестік және оның түрлері.
6)Өзара бір мәнді сәйкестік.
2.10 тақырып Натурал сан мен нөл ұғымдарының шығуы. Қосындының, айырманың анықтамасы мен заңдары
Натурал сан мен нөл ұғымы, шығу тарихы. Сандық жиын. Сан ұғымының кеңеюі, оған қойылатын талаптар. Қосынды және айырманың анықтамасы, қасиеттері, заңдары.
2.11 тақырып Көбейтіндінің анықтамасы, заңдары. Теріс емес бүтін санның натурал санға бөліндісінің анықтамасы. Қалдықпен бөлу
Көбейтінді мен бөліндінің анықтамаларының теориялық-жиынтық мағынасы, қасиеттері, заңдары. Қалдықпен бөлу анықтамасы, мысалы.
2.12 тақырып Санау жүйелері. Ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу
Санау жүйелерінің жазылуы мен атаулары. Позициялық және позициялық емес санау жүйесі..
Ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлудің теориялық-жиынтық мағынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |