Бақылау сұрақтары:
Карта бетінің рамкасы не үшін жасалынады?
Географиялық координаттар дегеніміз не және оны қалай
анықтайды? Жер шары бетіндегі нүктенің орналасу қалпы қандай
шамалармен бағаланады?
Жер бетінде пландық тіректік пункттер желісін құрудың
әдістерін сипаттап беріңіз.
33
8. Жазық тік бұрышты координаталар жүйесі
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі – жазықтықта
нүктенің орнын аныктайтын координаттар осіне катысты сызыктык
шама. Топографияда жазық тікбұрышты координаттар жүйесі мына
ретпен салынады:
Жер шарының беті алты градустық аймақтар бойынша
жазықтыққа жазылады.
Олардың есебі Гринвич меридианынан шығысқа қарай бірден
алпысқа дейін жүргізіледі.
Абсцисс осі X (тік осі) – әрбір аймақта остік меридианның
бейнесі, ал ордината осі У (көлденең осі) – экватор бейнесі ретінде
кабылданады.
Олардың қиылысу координатының басы О.
1,2-сурет. Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі
34
1942 жылғы координаттар жүйесі бойынша солтүстік жарты
шарда барлық X абсцисстері оң шама, ал У ординатасы – оң және
теріс шама, орбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен
500 км/км тең деп кабылданды. Әрбір аймақта вертикаль және
горизонталь сызықтарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың
алғашқысы X осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбұрышты
координаттық тор деп аталады. Картада ол шаршылар жүйесін
көрсетеді. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар
километрдің тұтастай саны арқылы жүргізіледі. Километрлік тор
салынған алты градустық аймақ бөлімдерге бөлінеді. Олар картаның
жеке парақтарын көрсетеді. Картаның әрбір парағы барлық, аймақ
үшін бірдей, координаттық торлар бөлімдерімен жабылған. Жақтау
сыртындағы шетке километрлік тор сызықтарында абсцисс және
ордината шамалары жазылады. Жақтау бұрыштарына таяу координат
сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (сонғы екі саны)
жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердін координатын
анықтауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді
салуға, дирекциялық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ объектілерді
көрсету немесе табу үшін колданылады. Сонымен бірге, тор көз
мөлшерімен кашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.
Жазық тікбұрышты координаталар жазықтықтағы координаталар
осіне қатысты нүктенің орнын анықтайтын сызықтық шаманы
білдіреді.
Топографияда жазық тікбұрышты координаталар жүйесі
төмендегідей түрде салынады. Жер шарының беті алты градустық
аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады. Олардың есебі Гринвич
меридианынан шығысқа қарай бірден алпысқа дейін жүргізіледі.
3-сурет. Координаталық аймақтар мен олардың нөмірленуінің
сызбасы:
а-Жер пішіні бойынша; ә-координаталық осьтердегі жазылған
түрінде.
35
Абцисса осі х (тік ось) ретінде әрбір аймақта осьтік меридианның
бейнесі, ал ордината осьі у (горизонтальді ось) – ретінде экватор
бейнесі қабылданады. Олардың қиылысуы – 0, координата басы деп
аталады.
ТМД елдері үшін х абциссалары оң шамада, ал у ординатасы – оң
да, теріс те шамада болады. Ординатаның теріс шамасын жою үшін
әрбір аймақтың меридиандағы осьтік у ордината шамасын 500км-ге
тең деп қабылданған яғни х осі батысқы 500км-ге ауысады.
Сондықтан да у координатасы осьтік меридианнан шығысқа қарай, ал
шамасы 500 км-ден кішісі батысқа қарай орналасқан.
Әрбір аймақта тік және көлденең сызықтарға өзара перпендикуляр
тор салынады, олардың алғашқысы х осіне, екіншісі у осіне параллель.
Бұл тор тік бұрышты координаталық тор деп аталады, картада ол
квадраттар жүйесімен көрсетіледі. Оны сондай-ақ километрлік деп те
атайды, өйткені сызықтар тұтастай километр саны арқылы жүргізіледі.
Километрлік тор салынған алты градустық аймақ картаның жеке
парақтары түріндегі бөлімдерге бөлінеді. Картаның әрбір парағы барлық
аймақ үшін бірдей координаталық торлар бөлімдерімен жабылған.
Жақтау сыртына шыға берісте шақырымды тор сызықтарында
абцисса және ордтнаталарының шамасы жазылады. Жақтау бұрыштарына
таяу координата сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып
(соңғы екі саны) жазылады.
Километрлік тор карта бойынша нүктелердің координатасын
анықтауға және белгілі координаталар бойынша картаға обьектілерді
салуға, дирекциондық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ обьектілерді
көрсету немесе табу үшін қолданылады. Сонымен бірге, тор «көз
мөлшерімен» қашықтықты және ауданды бағалауға көмектеседі.
4-сурет. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету.
36
Километрлік тордың мәнін жазу үлгісі. Картаға тікбұрышты
координаталардың толық және қысқартылған нүктелерін түсірудің
мысалы.
Квадраттың оңтүстік-батыс (сол жақ төменгі) бұрышының пункт
орналасқан қысқартылған координаталарын атау керек, алдымен
х координатасы, ал сонан соң у координатасы аталады. Мысалы,
А белгісінің орналасу орнын көрсету керек болса, «Квадрат жетпіс
төрт он бес, нысана» деп айтылуы тиіс.
Карта бойынша координата нүктесін анықтау. Масштаб
көмегімен берілген нүктеде ол орналасқан квадраттың көлденең
жағының сол жақтағы (батыстағы) тік және төменгі (оңтүстіктегі )
нүктесіне дейінгі қашықтық метрмен (перпендикуляр бойынша)
өлшенеді. х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына дейінгі тұтас
километрлік мән мен сол жақтан нүктеге дейінгі өлшенген
қашықтықтың қосындысынан тұрады, ал у мәні тік сызықтың сандық
мәні мен сол сызықтың нүктеге дейінгі метр санынан тұрады.
Мысалы, А нысанасының координаталар нүктесі х=74 560; у=15 410.
5-сурет. Карта бойынша координата нүктесін анықтау
Картаға нүктені түсіру. Нүкте орналасуы тиіс координаталар
бойынша квадрат анықталады. Табылған квадраттың оңтүстік сызығының
бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол
квадраттың төменгі жағы мен х нүктесінің айырымына сәйкес келу
керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы
сызыққы квадраттың батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол
квадраттың сол жағы мен у нүктесінің айырымы сәйкес келуі тиіс. Бұл
ізделіп отырған нүкте болып табылады.
37
8.1 Гаусс - Крюгер проекциясы
1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға
арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер
проекциясы қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:500000 - нан ірі
масштабты топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж.
бастап Гаусс-Крюгер проекциясы 1:500000 масштабты картасында
қолданылды. 1825 ж. К. Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің
үстіне шексіз кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың
жалпы шешімін тапты. 1912 ж. А. Крюгер жазықтықта қолданылған
формулаларды есептеп, баспадан шығарды. Осыдан кейін бұл проекция
Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-геодезиялық жұмыстарда
кең қолданыла бастады. Гаусс – Крюгердің тең бұрышты көлденең-
цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сондықтан
жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға
бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері
батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич
меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір
зонаның ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады.
Меридиандар мен параллельдер қисықтармен бейнеленеді, меридиан
зонасы мен экваторға салыстырмалы түрде симметриялы, бірақ
олардың қисықтығы шамалы болғандықтан, картаның батыс пен
шығысындағы шегі түзу сызықтармен бейнеленеді. Карталардың
солтүстік және оңтүстік шегімен сәйкес келетін параллельдер ірі
масштабты карталарда түзумен бейнеленеді (1:2000-1:50000), ұсақ
масштабты карталарда қисықпен бейнеленеді. Әрбір зонадағы
тікбұрышты координаталарының басы осьтік меридиан зонасының
экватормен қиылысу нүктесінде орналасады.
Гаусс - Крюгер проекциясы - геодезиялық проекция, жердің беті
шартты түрде меридиандармен 60 зонаға бөлінеді.
Гаусс - Крюгер проекциясындағы аймақтарды санау гринвич
меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп
аталады. Шығыс жарты шарының кез келген аймағындағы L
0
осьтік
меридиан ұзақтығы мына формуламен есептеледі:
L
0
=6°* n -3°
Ал батыстағыда - мына формула:
L
0
=360°-(6°* n-3°),
n - аймақ нөмірі.
Бақылау сұрақтары:
Топографияда жазық тікбұрышты координаттар жүйесі қалай
салынады?
Не себепті Гаусс-Крюгер проекциясын геодезия және топография
жұмыстарында қолдану тиімді?
38
9. Бағдарлау бағыттары мен бағдарлаушы бұрыштар
Жер шары бетіндегі нүктеден (айталық, тұрақ немесе нысана
нүктесінен) бағдарлау бағыттары: шынайы (географиялық), магниттік
және біліктік меридиандары өтеді. Бұлар солтүстік құбылаға (стран
света) қарай бағытталған болып келеді. Оларға қатысты берілген
бағыттан, яғни 1 және 2 нүктелерін туралаушы сызықтың қалпы шынайы
азимут және дирекциондық бұрыш деп аталатын бағдарлаушы
бұрыштар арқылы анықталады. Сонымен берілген бағытты бағдарлау
дегеніміз – оның қалпын солтүстік құбылаға (относительно северного
конца стран света) қатысты айқындау.
Шынайы азимут А, магниттік азимут Аm, дирекциондық
бұрыш α-бұл тиісінше шынайы, магниттік және біліктік меридианның
солтүстік құбыла ұшынан берілген бағытқа дейін сағат тілі жүрісімен
есептеліп шығатын бұрыш. Олардың мәні 0
0
тан 360
0
-қа дейін өзгереді
де, тура және кері болып келеді (бұлардың бір-бірінен айырмасы
180
0-
ты құрайды).
Азимут (арабша ас-сумут – жол, бағыт) – бақылау нүктесінен
өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың
вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның
солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0
о
-тан 360
о
-қа дейін
өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз
(шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді.
Нағыз (шын) азимут – аспан шырағының бағыты мен жердегі
объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол
буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут – магниттік
меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген
сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз
(шын) азимуты мен магниттік азимутының шамалары бірдей
болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тілі
ауытқып отырады.
бағыт
азимут градуспен
солтүстік
0° или 360°
солтүстік-шығыс
45°
шығыс
90°
оңтүстік-шығыс
135°
оңтүстік
180°
оңтүстік-батыс
225°
батыс
270°
солтүстік-батыс
315°
39
Азимуттық анықтау (арабша - жол, бағыт) – нүкте
меридианының солтүстік жағынан шығысқа қарай (0°-тан 360°-қа
дейін) сағат тілінің бағытымен анықталады. Жергілікті жерде азимут
бұрыш өлшегіш аспаптар (теодолит, буссоль және тағы да басқалары)
арқылы өлшенеді.
1-сурет. Бағыт бұрыштары 2-сурет. Азимутты анықтау
Азимутындағы қалыпты қима қисығының радиусы – әдетте
Ял арқылы белгіленеді және эллипсоид бетінің берілген нүктесінің
геодезиялық В ендігі мен осы нүктедегі қалыпты қиманың
А азимутының мынадай функциясы болып табылады: меридиан
қисықтығының және В ендігі бойымен бірінші вертикальдың
радиустары; – меридиандық эллипстің екінші эксцентриситетінің
квадраты.
Магнитті азимут (Магнитный азимут) – берілген нүктенің
меридиан жазықтығы бағытының және сағат тілімен 0-ден
360 градусқа дейінгі магнитті меридианның солтүстік бағытынан
есептелген мәліметтері бойынша құралатын бұрыш.
3- сурет. Магнитті азимут
40
Дирекциялық бұрыш (Т) – координаттар торының вертикальді
сызығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге шейін сағат тілі
бойымен өлшенген бағыт бұрышы.
Румб(Я) – ең жақын меридиан бағытынан берілген нүктеге шейін
алынған бағыт бұрышы. Бағыттардың орналасуына қарай оған
ширегіне сайкес атау беріледі. СШ, ОШ, ОБ, СБ.
4-сурет. Дирекциялық бұрыш 5- сурет. Румб
Бағдарлаушы бұрыштардың өзара байланыстылығы магниттік
есептеу δ және меридиандардың жақындасуы бұрыштары арқылы
айқындалады Қосымшада келтірілген магниттік септеу δ мен
меридиандардың жақындасуы ν бұрыштарының әсерін геометриялық
талдау бағдарлаушы бұрыштардың А, Аm және α арасында мынадай
өзара тәуелділіктерді туғызады:
А=A m + (δ), (1)
және
А= α + (γ). (2)
Бұлардан
А m +(δ) = α + (γ)
онда
α= А m + [(δ) - (γ)] (3)
Жер телімін бағдарлау – бұл бақылаушы өзінің тұрған орнынан
(Тұрақ нүктесінен) көкжиек тұстарына қатысты бағыттарды танып
білу. Бұндай бағдарлау, компас немесе карта болмаған жағдайда
Темірғазық жұлдызы, күн шуағы, жергілікті заттың нышаны және
көлеңке төбесінің ауысуы бойынша бағдарлау тәсілдерімен орындалады.
41
1-тәсіл. Шынайы меридиан бағытын темірқазық жұлдызы
бойынша анықтау.
Темірқазық жұлдызы тәулік ішінде шынайы үйек төңірегінде
шыр айналып, шынайы меридианды екі рет қиып өтеді екен. Осы
құбылысты бақылауда Темірқазық жұлдызының Үлкен жеті
қарақшының сол жақтағы ζ (дзэта) жұлдызымен зілмауырлық түзу
бойында тұтасуын күту қажет. Осылайша табылған зілмауырлық түзу
қалпының жер телімінде сырықтаумен белгіленуі шынайы меридианның
бағыты болмақ. Дәлдігі – бірнеше минут.
2-тәсіл. Күн шуағы бойынша бағдарлау. Солтүстік жарты шарда
Күн сайын 15
0
-қа «жылжып», декреттік уақыт бойынша сағат 7-де
шығыста, сағат 13-те – оңтүстікте, сағат 19 да – батыста болады. Күн
және сағат циферблаты көмегімен бағдарлау былайша атқарылады:
– сағатты горизонталь қалпына келтіріп, сағаттық циферблатты
(айтарлық, сағат 4 делік) Күнге қарай бағыттайды;
– сағаттық циферблат «4» (үзік сызық) пен сағат «1» (сағат тілі
сызығы) арасындағы орталық бұрыш айқындалады;
– орталық бұрыш биссектриса бағытымен қақ бөлінсе, онда осы
бағыттың оңтүстік үйекті, ал бұған қарама-қарсы бағыт-солтүстік
үйекті көрсетуі болады.
3-тәсіл. Жергілікті зат нышандарының жиынтығы Күн шуағына
қатысты көкжиек тұстарын жуық шамамен көрсетіп тұрады екен.
Мысалы, құмырсқа илеуінің жатық және тіке беткейінің ағаш немесе
бұта діңінің оң немесе сол жағынан орналасуы беткейдің тиісінше
оңтүстікке немесе солтүстікке қарай бағытталғанын көрсетеді.
4-тәсіл. Көлеңке төбесінің ауысуы бойынша бағдарлау. Күн шуақта
жазық жер бетінде бекітілген жергілікті заттың (бағана, сырғауыл)
биіктігінен пайда болатын көлеңкенің төбелерін бақылау арқылы
былайша орындалады:
– дәл осы мезеттегі, сосын 20 минут өткеннен кейінгі пайда
болған көлеңкелердің төбелерін жер бетінде нүктелейді;
– төбелік нүктелердің аралығы қақ бөліп перпендикуляр
тұрғызылса, онда оның жергілікті затқа қарай бағыты солтүстік үйек
тұсын, ал бұған қарама-қарсы бағыт оңтүстік үйек тұсын көрсететін
болады.
Көкжиек тұстарын адамның қатысуымен құрылған обьектілер
бойынша болжауға болады: мысалы, орман жолының солтүстіктен
оңтүстікке және батыстан шығысқа, сондай-ақ шіркеу алтарының
шығысқа қарай бағытталып саналады.
Жер телімінің ойлы-қырлы, орман-тоғайлы болып келуі, көз көрерлік
нышандардың болмауы (әсіресе түн ішінде) сияқты жағдайларда
42
бағдарлау іс-әрекеті азимут бойынша жол жүру арқылы былайша
орындалады:
– карта немесе карта-схема бетінде маршрут желісін алдын-ала
зерделеп белгілейді де, бұрылу нүктелеріндегі нысаналарды таңдап,
түзу сызықты кесінділердің ұзындықтарын және бұрылу бұрыштарын
өлшейді; бұрылулар жолдар қиылысы, байланыс және электр желілері,
өзен жағалаулары мен суқоймалары маңындағы құрылыстар және
басқадай ғимарататтарда жақын орналасқан болу керек; өлшенген
қашықтықтар карта және адымдар масштабында берілуі керек яғни
метр және адымдар саны есебімен;
– маршрут кескінділерінің 1-2, 2-3, 3-4, 4-1 дирекциондық
бұрыштары α магниттік азимутқа келтіріледі А m = α - [(δ) - (γ)] ,
мұнда δ және γ магниттік септеу және меридиандардың жақындасу
бұрыштары. Егер [(δ) - (γ)] < 1
0
болса, оны ескермеуге болады;
қашықтықтар мен магниттік азимуттардың мәндері карта-схемада
маршрут кескінділеріне маңайлас жазылып тұруы керек;
– компасты маршруттың бастапқы нүктесінде (нүкте 1) жұмыстық
қалпына келтіріп, магнит тілінің көрсеткіші (А m = 100
0
) бағыты
бойынша 480 пар адым жасап, маршруттың екінші нүктесіне тап
болады. Осы тәріздес іс-әрекеттер арқылы маршруттың 3-ші және 4-
ші нүктелері табылады.
Жол – жөнекей маршрут бойында оң және сол жақтан орналасқан
жер әлпеті (заттар мен тұлғалар) түсірімделіп отырады.
Картаны бағдарлау дегеніміз – оның жазықтық қалпын сақтай
отыра, карта бетіндегі қайсыбір бағыттаушы сызықты жер теліміндегі
осындай сызықтың бойымен паралель қылу немесе беттестіру. Оның
үш тәсілі бар: жер теліміндегі заттар бойынша, шынайы (географиялық)
меридиан және біліктік меридиан (Х білігі) бағыттары бойынша.
Кейінгі екі тәсіл компас немесе буссоль аспаптарының көмегімен іске
асады.
1. Жер теліміндегі заттар, мысалы, жолдың бағыты бойынша
бағдарлау. Бұл үшін:
– тысқа шығып, жол үстінде карта – планшетті жазықтық
қалпына келтіріп, оның бетіндегі жолдың бағыттаушы сызығымен
нысаналық сызғышты (визирная линейка) жанастырады;
– карта-планшетті осы қалпында нысаналық сызғыштың бойымен
қоса көздеп жолдың бағытымен беттескенше ақырын айналдырсақ –
бұл бағдарлану әрекетінің аяқталғаны болады.
2. Шынайы меридиан бағыты бойынша бағдарлау үшін:
43
– компастың 0-180
0
диаметрін, яғни «оңтүстіктен солтүстікке
қарай» бағытты шынайы меридианның (шығыстағы немесе батыстағы)
бойымен беттестіреді;
– картаның жазықтық қалпын сақтай отыра, арретир (бекітуші
бұранда) босатылған соң картаны компас тілінің солтүстік ұшы
магниттік септеу δ бұрышымен дәлме-дәл келгенше ақырын айналдырсақ
– бұл сәт бағдарлану әрекетінің аяқталғаны болады.
– Сонымен, бұл тәсілде бұрыннан белгілі А=А m + (δ)
кейіптемесінің қолданылғанына куә болып отырмыз.
3. Біліктік меридиан (Х білігі) бағыты бойынша бағдарлауда
алдыңғы тәсілдегідей әрекеттер орындалады, бірақ мұнда компастың
0-180
0
диаметрі қайсыбір Х білігімен беттескен соң картаны компас
тілінің солтүстік ұшы
П = [(δ) - (γ)] (магниттік азимутқа енгізілетін түзету) бұрышымен
дәлме-дәл келгенше айналдырады. Онда бұл сәт бағдарлау іс-әрекетінің
орындалғаны болады. Мұнда бұрыннан белгілі α = А m + [(δ) - (γ)]
кейіптемесінің қолданғандығына көз жеткізіп отырмыз.
Бақылау сұрақтары:
Жер шары бетіндегі нүктеден бағдарлау бағыттары қандай
меридиандарадн өтеді?
Азимут дегеніміз не? Оны қалай анықтайды?
Жер телімін бағдарлау не үшін қажет?
10. Топографиялық түсірілім
Топографиялық түсірілім - жер беті бөлікшесінің жергілікті
заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген
масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және
камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді
проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады.
Мемлекеттік геодезиялық пландық және биіктік тораптар пункттері
Топографиялық түсірістің пландық және биіктік негізі болады.
Топографиялық түсірілімге қамтылатын шаралар:
– түсіру торабын құру;
– геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен
жергілікті жердегі заттардың орындарын анықтау және оларды
шартты белгілермен планшетке түсіру масштабына сәйкес
дәлдікпен және толықтығымен салу;
– жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу;
– картада көрсетілетін жергілікті жердегі кейбір нысандардың
сипаттамаларын: құдықтар, ағаштар белгілеу
44
Топографиялық түсіріс аэрофототопографиялық, мензулалық
және фототеодолиттік түрлерге бөлінеді. Аэрофототопографиялық
түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық
аспаптарда камералық жағдайда орындалады. Топографиялық түсіріс
нәтижелерінің планшеттері түсіріс масштабында шығарылатын
топографиялық карталарды жасаудың түпнұсқасы немесе ұсақ
масштабтағы картаны жасау үшін негізгі материал болады.
Инженерлік құрылыстар үшін орындалатын тахеометриялық және
теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.
Топографиялық түсіру (Топографическая съемка) – жергілікті
жердің жоспары мен топографиялық картасын жасау кезіндегі
орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің
жоспарлы және биіктік қалпын анықтау); егжей-тегжейлі түсіру
(жергілікті жердің элементтері мен объектілерінің жоспарлы қалпы
мен биіктігін анықтау, жергілікті жер объектілерінің өз атауларын,
олардың сандық және сапалық. сипаттарын белгілеу, топографиялық
шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.
Достарыңызбен бөлісу: |