Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата03.03.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Картаның  қасиеттері  Жалпы  алғанда  карта  –  бұл  Жер  әлемі 
бетінің  жазықтықтағы  бейнесі.  Бұндай  қысқа  да  нұсқа  тұжырымға 
қоса,  жоғарыда  географиялық  карта  атауына  берілген  толық 
анықтамадан картаға тән мынадай қасиеттер туындайды: 
-
 
масштабтылық. 
Картографиялық 
бейнелеулер 
нақты 
өлшемдерімен  салыстыруда  белгілі  бір  пропорцияда  кішірейтіліп 
кескінделеді; 
-
 
картографиялық  бейнелеудің  іріктелуі.  Карта  бетінде  ең 
басты, кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі; 
-
 
картографиялық  бейнелеудің  өзгелілігі  (символичность). 
Сызбалық  кейіптеу  шартты  картографиялық  белгілеулер  мен 
құбылыстар картографиялық бейнелеудің тәсілдері мен келбетуеледі; 
- математикалық  айқындылығы.  Картаны  жасау  картографиялық 
салынды деп аталатын кескіндеудің математикалық тәсілімен жүзеге 
асады.  Мұнда  бейнелеуге  қойылатын  шарттар:  үздіксіздік  пен  бір 
мағыналылық  сақталып  қалады,  яғни  жер  әлемі  бетіндегі  әрбір 
нүктеге (объектіге) сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді; 
-
 
картографиялық  бейнелеулердің  әр  алуандылығы.  Кеңістікті 
таралған  қай  құбылыс  немесе  объект  болмасын  оны  карта  бетінде 

 
11 
келбеттеуге  болады.  Тіпті  картаның  көмегімен  өткен  уақытқа  көз 
жіберуге болады. Мысалға, тарихи карталарды еске түсіріңіз.  
Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында 
пайдаланылады.  Ол  –  жол  көрсеткіш,  өнеркәсіп,  энергетика,  транспорт 
құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты 
іске  асырудың  негізі.  Ауыл  шаруашылығын  жерге  орналастыру, 
мелиорация  және  барлық  жер  қорын  есепке  алып,  оны  тиімді 
пайдалану  ісіне  керек.  Халыққа  білім  беруде,  дүние  туралы  білімді 
таратуда,  жалпы  мәдениетті  көрсетуде  өте  маңызды  көрнекі  құралы. 
Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де 
маңызды. Социолониялық құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын 
көптеген  міндеттерін  –  географиялық  жағдайларды  дұрыс  бағалау, 
табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  қалпына  келтіру  және 
табиғатты  өзгертудің  жоспарларын  жасау,  өндіргіш  күштерді  дұрыс 
орналастыру,  экономикалық  аудандарды  комплексті  дамыту  т.б.  – 
географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық 
карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық 
карта  белгілі  бір  жердің  геология  құрылысын  көрсетумен  қатар, 
қазбалардың  таралу  заңдылығын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Ол  – 
құбылыстардың  кеңістегі  өзара  байланысы  мен  дамуын  зерттеуде 
және болжауда да аса қажетті құрал.  
Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде 
және  жасауда  орын  бастаушы  ретінде  түсіндіріліп  келеді. 
Картографияда  «модель»  деген  термин  қолданады  және  өзінің 
ерекшеліктері  бар.  Модель  жер  бедерін,  географиялық  қабықты,  жер 
қыртысын  және  атмосферада  тіршілік  ететін  тірі  организмдермен 
әлеуметтік 
құбылыстармен 
адамның 
іс-әрекетінен 
болатын 
құбылыстарды  көрсетеді.  Осы  «Картографиялық  модельдендіру» 
ұғымын  орыс  ғалымы  географ,  картограф  К.А. Салищев  қолданды. 
Ғалым  К.А. Салищев  карталардың  ең  негізгі  4  функциясын  атап 
көрсетті. 

 
Коммуникативті  –  картаны  қолдану  кезінде  ең  негізгі 
хабарлар беру; 

 
Оперативті – карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау; 

 
Танымдық  –  әртүрлі  саладағы  мамандар  мен  оқушылар 
өздерінің білімін дамыту үшін  қолданады. 

 
Болжамдық  –  картографиялық  моделдеу  кезінде  бір 
құбылысты бағыт бере отырып дамыту. 
Географиялық  картаның  жиегі  мен  бос  жерінде  қосымша 
графиктер  мен  жазулар:  картада  қолданылған  картографиялық 
белгілер  және  олардың  түсіндірмелері;  карта  бойынша  қашықтықты, 

 
12 
бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, 
еңістікті  т.б.  өлшеуге  қажет  графиктер;  картаның  жасалған  кезін, 
пайдаланған  материалдарын  т.б.  көрсететін  деректер;  кейде  көрсетілген 
объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен 
мәліметтер де болады. 
Бақылау сұрақтары: 
Географиялық  карта  дегеніміз  не?  Олардың  басты  түрлерін 
атаңыз. 
Картаның құндылықтарына не жатады? 
Географиялық  картаға  тән  қасиеттерді  айтып  беріңіз.  Оның 
оқытудағы маңызын сипаттаңыз. 
 
2. Географиялық карта мазмұнының элементтері 
Карталардың мазмұнын 4 негізгі элемент (тұрық) құрады:  

 
математикалық негіз 

 
картографиялық бейнелеу 

 
көмекші бейімдеулер  

 
толықтырма деректер.  
Математикалық  негізге  геодезиялық  негіз,  масштаб  және 
картографиялық  бейнелеуді  математикалық  айқындықпен  кейіптеуге 
мүмкіндік беретін салынды енгізілген. 
Геодезиялық  негізі  Жер  бетіндегі  мекен-жайы  жазықтықтағы  Х, 
Y координаталары және тіке бағытта абсолюттік биіктіктер жүйесінде 
айқындалған  геодезиялық  пункттердің  шоғыры.  Бұл  пункттердің 
қажеттілігі  –  топографиялық  беттен  жер  эллипсоидінің  теориялық 
бетіне ауысуда математикалық «өткел» болу. 
Масштаб.  Оның  атқаратын  басты  міндеті  –  Жер  эллипсоидін 
қолдануға қолайлы көз жетерлік мөлшерде кішірейту.  
Салынды.  Жер  шарын  (глобусты)  жазықтық  қалпына  келтіруге 
және  сызбалық  бейнелеуді  жасауға  яғни  карталанатын  құбылыстардың 
кейіпті кескінделуіне, мүмкіндік туғызады.  
Картографиялық  бейнелеу.  Бұл  бейнелеу  тәсілдерінде 
пайдаланылатын белгілеулермен діттелген (бедерленген, өрнектелген) 
жер  келбеттері.  Бұлардың  құрамы  алуан  түрлі  ландшафтар, 
құбылыстар мен процестер (тәсірлер), обьектілер. 
Ландшафт  (нем.  Lапd  –  ел  +  sсһаft  –  өзара  байланыстылық) – 
бұл  дербес  ерекшеліктермен  сипатталған  жер  бедерінің,  жер 
келбетінің,  ауа  райының,  жер  қыртысының,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
дүниесінің, өзен-су айдындарының табиғи байланыстылығы. 
Гидрографиялық  объектілер,  яғни  құрлықтағы  өзен-сулар, 
мұхиттар мен теңіздер, көлдер. Олардың жағалаулық сызықтары. Бұл 

 
13 
объектілер  карта  бетінде  көгілдір  түспен  реңделіп  нақтылы 
тұлғаларымен  шектеледі.  200  метрлік  изобат  (тереқцік)  құрлықтық 
қайранның шекарасы болып есептеледі. Өзендер шартты белгілермен 
бейнеленеді,  олардың  салалық  тармақгануы  айқын  да  анық  болу 
керек. Есте болар жай: Қара теңіздің ең үлкен тереңдігі 2210 м, Балтық 
теңізіндегі  «Ботанический»  шығанағының  тереңдігі  124  м,  Тынық 
мұхиттағы  «Курило-Камчатский»  науасының  (желоб)  ең  үлкен 
тереңдігі 9717 м. екен. 
Карта мазмұны элементтерінің бейнелеуде ең күрделісі – ол жер 
бедері.  Әсіресе  оның  көлемді  елестетілуі  мен  өлшемді  болуы,  яғни 
беткей  еңістігін,  нүктелердің  бір-бірінен  көрінулігін,  өзара  биіктікті 
жэне  басым  қыраттылыкгы  анықгаудың,  қүрылымдық  профиль  (тіке 
тілік)  салудың  мүмкіндіктерінің  болуы.  Жер  бедерінің  деңгейлік 
беттен орналасу биіктігі 200 м дейін болса ойпат, 1000 м дейін жетсе, 
таулы үстірт (плоскогорье), қырат немесе тау деп атайды. 
Топырақтар  мен  өсімдіктер  жамылғысы  жалпыгеографиялық 
картада жинақы, ал тақырыптық картада бөлектеніп кескінделеді. 
Елді  мекендер  жинақталу  мен  сұрыптаудан  өткен  соң,  пунсон 
дөңгелектерімен көрсетіледі (фр. роіпсоп немесе лат. рипсtio – шаншу, 
түйреу – металл бетінде таңба басу үшін құрал ретінде пайда болған). 
Жол  қатынастары:  олар  құрлықтағы  жолдар  (далалық,  орман-
тоғайлық, сүрлеу) сондай-ақ теңіздік, өзендік, ауалық және құбырлық 
қатынас  жолдары  болып  келеді.  Жалпыгеографиялық  шолулық 
карталарда  ең  маңызды  деген  темір  жолдар  мен  автотрассалар 
бейнеленеді.  Сирек  қоныстанған  аудандарда  бұрынғы  керуен 
жолдарымен қоса соқпақтар да көрсетіледі. 
Теңіз бетіндегі жол қатынастары порттармен байланыстырылып, 
кеменің жүзу сызықтарының бойында «км»-лер саны жазылады. 
Көмекші бейімдеулер арқылы легенда – аңыз (шартты белгілер) 
зерделеуде  пайдаланылған  материалдар,  анықтамалық  деректер, 
карта және морфометриялық сызбалар түгенделеді. 
Толықтырма  деректерде  кірме  карталар,  цифрлы  деректер, 
кестелер, тіліктер, профильдер, суреттер, фототүсірімдер, диаграммалар, 
мәтіндік жазбалар беріледі. 
Тақырыптық  және  арнайы  карталар  үшін  жоғарыда  қаралған 
жалпыгеографиялық  картаға  тән  мазмұндамаларға  қоса  тақырыптық 
немесе  арнайы  мазмұнның  элементтері  орын  алады.  Мысалы,  жер 
танабының геологиялық құрылымы немесе навигациялық жағдай. 
Бақылау сұрақтары: 
Карта мазмұнының негізгі элементтеріне не жатады? 
Ландшафт дегеніміз не? Ол қандай элементке жатады? 
Картографиялық бейнелеудің мақсатын анықтаңыз. 

 
14 
3. Басқадай картографиялық шығармалар 
Глобустар  –  көбінесе  1:30000000-1:80000000  масштабта 
кішірейтілген  Жер  шарының  көлемдік  сүлбісі  (моделі).  Оның 
бетіндегі  меридиандар  мен  параллельдердің  қиылысуларынан  пайда 
болатын  сферовдалық  трапециялар  градустық  (географиялық)  тор 
деп  аталады.  Картографиялық  салындыда  болатын  бұрмаланулар 
мұнда  атымен  жоқ,  яғни  масштабтың  тұрақтылығы,  тұлғалар  мен 
бағыттардың ұқсастығы сақталып қалады. 
Олар объект бойынша: 

 
Жер әлемдік 

 
Планеталық 

 
Аспандық 
Тақырыбы бойынша:  

 
Жалпыгеографиялық 

 
Геологиялық 

 
саясаттық т.б.,  
Атқаратын міндеті бойынша: 

 
оқулық 

 
навигациялық т.б., 
Өлшемдері бойынша  

 
кабинеттік 

 
үстелдік 

 
кіші  

 
кішкентай болып бөлінеді.  
Алғашқы глобустар ХV-ХVІ ғғ. Европада жасалып шыға бастады. 
Атластар  –  жалпы  атауы  бір,  бірақ  бірнеше  карталардан 
қүрастырылатын  картографиялық  шығарма  Мифология  айтады: 
Ливияның  королі  Атлас  алғашқы  болып  Аспандық  глобусты 
жасапты.  Оның  құрметіне  арнап  аса  көрнекті  голландық  картограф 
Герард  Меркатор  (1512-1594)  Атлас  атауын  ұсыныпты.  Атластар 
карталар  тәрізді  жіктелсе  де,  қосымша  нышандық  белгі  –  атластағы 
карталардың қосынды ауданы бойынша үстелдік (15 м), орта (6-14 м
2

және қалта (< 5 м
2
) форматты (пішінді) болып бөліктенеді. 
Бет-бейнелік  карталар  –  жер  телімінің  үшөлшемді  көлемдік 
сүлбісі.  Олардың  көрнекі  жэне  айқынды  болуы  үшін  вертикаль 
масштаб  горизонталь  масштабпен  салыстыруда  2-5  есе  (таулы 
аймақтарда)  жэне  5-10  есе  (жазықтарда)  іріленіп  қабылданады.  Бүл 
карталар  оқыту  процестерінде,  кейбір  іс-тәжірибелік  есептерді 
шығаруда  (мысалы,  жолдар  мен  су  қоймаларын  жобалауда)  жиі 
қолданылады. 

 
15 
Құрылымдық профилъдер  – жер  қыртысының берілген бағыттар 
бойынша  тіке  тілігі  және  онымен  қоса  тіке  бағытта  жинақы 
көрсетілетін маңайдағы құбылыстар (мысалы, геологиялық құрылым, 
топырақтар өсімдіктер т.б.). 
Блок-диаграммалар  –  бойлық  және  ендік  профильдері 
кескіндерімен  қандай  болса  да  беттің  қосарланған  үш  өлшемді 
жазықтықтағы  картографиялық  келбеттері.  Олар  тақырыбы 
бойынша былайша жіктеледі: 
– геологиялық  және  геоморфологиялық,  жер  беті  құрылымының 
жер қыртысы тіліктерімен қосарлануы; 
– топырақтық,  жер  телімінің  бедері  мен  топырақтық 
профильдердің арақатысымен қосарлануы; 
– мұхиттық  су  массалары,  сапылары  (фронттары,)  ағыстары 
мен тұздылығының қосарлануы. 
Блок-диаграммалардың  салынуы  аффиндық  және  перспективтік 
салындылармен орындалады.  
Анаглификалық  карталар  (анагифтер)  –  қос  бейнелеуден 
стереоәсер  (стереоэффект)  пайда  болатындай  қылып,  параллакти-
калық  жылжытумен  бірін-бірі  толықтырушы  екі  түспен  (мысалы, 
көгілдір  және  қызыл)  басылып  шығарылатын  карталар.  Олармен 
жұмыс  істеуде  арнайы  светофильтрлі  көзілдірік  қажет.  Бұл 
карталар жер бедерін көрнекі сүлбі етіп қарауда қажетті  оқу құралы 
болып келеді. 
Фотокарталар – фотобейнелеумен үйлестірілген карталар. Олар 
жалпыгеографиялық,  геологиялық,  тектоникалық,  ландшафтық  жоне 
ғарыштық,  сондай-ақ  Айдың  және  өңге  планеталар  бетінің 
фотобейнелері болып бөліктенеді. 
Бұлардан  басқа  транспарант,  микрофиштердегі,  цифрланған, 
электрондық  карталар,  сондай-ақ  картографиялық  анимациялар 
сияқты шығармалар да баршылық. 
Бақылау сұрақтары: 
Глобус түрлерін атаңыз. Оның мұндай бөлінуіне қандай себеп 
әсер етті деп ойлайсыз? 
Мектепте қандай глобусты қолданады? 
Картографиялық  шығармаларға  тағы  қандай  түрлерді 
жатқыздырамыз? 
 
4. Топографиялық картаның қасиеті 
Топографиялық  карта  (Топографическая  карта)  –  шартты 
белгілермен,  барлық  сызықтарын  белгілі  бір  мөлшерде  бірнеше  есе 
кішірейту  арқылы  жергілікті  жерді  қағаз  бетінде  дәлме-дәл  әрі  жан-

 
16 
жакты  бейнелеу.  Топографиялық  картада  арнаулы  шартты 
белгілермен  жердің  барлық  бөлшектерінің  (бедері  мен  заттардың) 
орналасуы мен өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны 
командирлер  мен  барлық  дәрежедегі  штабтар  ұрысты  дайындау, 
ұйымдастыру,  әр  түрлі  міндеттерді  орындау  барысында,  сондай-ақ 
қарсыластар  мен  өз  әскерлері  туралық,  қабылданған  шешімдер  мен 
жауынгерлік бұйрықтар туралы мәліметтер бейнеленген құжат ретінде 
кеңінен қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс 
бағытын  зерттеуге,  қашықтықты,  бұрышты,  алаңдарды,  биіктікті, 
кеңістікті  анықтауға  байланысты  міндеттер  орындалады,  ұрыстағы 
нысаналар  мен  ракеталардың,  артиллерияның,  т.б.  ұрыс  тәртібі 
анықталады.  Топографиялық  карталар  жалпы  мемлекеттің,  елдің 
қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету  үшін де, халық шаруашылығы 
үшін  де  қажет.Топографиялық  карта  көмегімен  орындалатын 
міндеттердің  сан  алуандығы  әр  түрлі  масштабтағы  карталардың 
болуын керек етеді.
  
Топографиялық  карта  бойынша  географиялық  түсіндірме 
беру 
Топографиялық  карта  жалпы  географиялық  картаға  жатады. 
Мынадай  масштабтан  1:1000  000-нан  1:10  000-ға  дейін  құралған 
карталар топографиялық деп аталады. 
Ең алғашқы топографиялық карталар (грекше topos  – орын) жер 
бетінің  нақты  бір  орнын  (нүктесін)  көрсетіп,  ірі  масштабта  сол 
аумақтың шекарасын толық суреттеп берген.  
Географиялық  түсіндірме  жер  теліміне  байланысты  беріледі.  Ол 
жалпы  және  қажеттіліктен  туындайтын  нақты  сипаттамаларды 
қамтиды да, жеке – дара мынадай бөлімдермен мазмұндалады: 
-
 
карта  туралы  деректер  (номенклатура,  басылымнан  шыққан 
жылы т.б.); 
-
 
зерделенетін жер телімінің шекараларына (ондағы нүктелердің 
географиялық  және  тік  бұрышты  мекен-жайлары)  және  геодезиялық 
негізіне (тректік пункттер, олардың түрі мен саны) түсініктеме; 
-
 
жер  аймағына  жалпы  сипаттама  (жер  бедерінің  кейпі,  басты 
елді мекендер, торапты жол қатынастары, орман тоғайлығы т.б.); 
-
 
жер  телімінің  бет  бедері  (жер  бедерінің  тұрпаттары, 
ауқымдылығы,  ұзына  бойы,  абсолюттік  және  салыстырмалық 
биіктіктердің  мәндері,  басты  суайрықтар,  баурайлардың  пішіні  мен 
еңістігі,  жыралардың,  құлама  жарлардың,  су  қазындыларының  бар 
болуы,  олардың  ұзына  бойы  мен  тереңдігі,  жер  бедерінің  жасанды 
тұрпаттары т.б.); 

 
17 
-
 
гидрография  (жеке  объектілердің  аттары,  ұзына  бойы,  ені, 
тереңдігі,  өзен  ағысының  бағыты  мен  жылдамдығы,  көлбеулігі, 
жағалаулардың 
сипаты, 
жайылмалар, 
тасымалдық 
маңызы, 
гидротехникалық  құрылыстар  т.б.;  жағалау  жиектерінің  сипаты, 
ауқымы,  судың  сапасы  мен  өзендердің  басқадай  сипаттамалары; 
суарналар, бұлақ көздері, құдықтар мен олардың сипаттамалары); 
-
 
өсімдік    дүниесі  (жыныстардың  кейіпі  мен  құрамы,  алып 
жатқан ауданы, жайғасуы); 
-
 
елді  мекендер  (аты,  кейпі,  қоныстанғандығы,  әкімшілік 
маңызы,  құрылымы,  тұлғалануы,  өнеркәсіптік,  коммунальды  
шаруашылық, байланыс объектілері т.б.); 
-
 
жол желілері (кейпі, автокөлік жолдары  – жолдың аты немесе 
онымен қатынастырылатын пункттер, жамылғы сипаты, ені т.б., темір 
жолдар  –  саны,  тарту  күші,  станциялар  мен  вокзалдардың  аты  т.б., 
жол бойындағы құрылыстар және т.б.); 
-
 
жер  телімінің  басқадай  элементтері:  шекаралар,  топырақтар 
және т.б. 
Бұларға қосымша басқа көздерден алынатын деректер: 
-
 
табиғаттық жағдайлар (климат, оның ерекшеліктері); 
-
 
жер  аймағының  шаруашылыққа  қажетті  дамуы  (экономика, 
еңбек ресурстары т.б.); 
-
 
географиялық  –  экологиялық жағдайлар,  оларды жақсартудың 
іс-шаралары. 
Топографиялық карталардың негізгі ерекшеліктері: 
– координаталар  мен  шартты  белгілердің  бірыңғай  жүйесінде 
жасалуы; 
– жергілікті жердің қазіргі таңдағы жағдайын көрсетеді, картаның 
масштабына сәйкес геометриялық дәлдікті сақтайды
– пайдаланушылар  үшін  ыңғайлы,  жергілікті  жердің  бағыт-
бағдарын жылдам анықтауға мүмкіндік береді; 
Топографиялық карталардың негізгі функциялары: 
Анықтама  –  аумақ  туралы  географиялық  мәліметтерді  алуға, 
нысандардың  орнын,  олардың  саны  мен  сапасы  жайлы  толық 
мағлұмат алуға мүмкіндік береді; 
Математикалық  –  географиялық  координаттарын  жоғары 
дәлдікпен есептеуге, жергілікті жердегі нүктелердің сипаттама беруге, 
ұзындықтарды  өлшеуге,  нысандардың  ауданын  және  басқа  да 
өлшеулер жүргізуге болады; 
Технологиялық  –  негізі  ретінде  пайдаланып,  қосымша 
материалдарды орналастыру; 
Топографиялық карталарды негізгі үлгі ретінде әр түрлі зерттеулік 
және өндірістік жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланады 

 
18 
Топография  –  жер  бетін  әуе  және  ғарыштық  түсірім  негізінде 
жоспарға  және  ірі  масштабты  картаға  түсіру,  әрі  бейнелеу  әдістерін 
зерттейтін  ғылым.  Бұған  көзбен  өлшеу,  бұрыш  өлшеу,  мензульдық, 
тахеометриялық  немесе  алыстан  өлшеу  сьемкалары  жатады.  Таулы 
жерлерде фотограмметрия қолданылады. 
Топография  жер  бетін  зерттеуде  физика  және  экономика, 
географияға,  ал  жер  бетін  топографиялық  түсіруде  (топографиялық 
карта  жасауда)  геодезия  мен  картография  ғылымдарына  сүйенеді. 
Топографиялық  картаның  мазмұнының  толықтығы  ең  алдымен 
планның немесе картаның масштабына байланысты болады. 
Масштабы  кішірейген  сайын  картаның  жер  беті  элементтерін 
сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға 
географиялық  тұрғысынан  маңызды  деп  есептелінетін  жер  беті 
элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық 
етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды 
рөл атқарады. Әскери істегі Топография  – тактикалық және оперативтік 
мақсаттар  үшін  жергілікті  жердің  ерекшеліктерін  зерттейтін  әскери 
ғылым  саласы.  Кейінгі  кезде  жерді  план  не  картаға  түсірерде 
аэросьемка  немесе  аэрограмметрия  деп  аталатын  фотографиялық 
сьемкалар қолданылады. 
План (лат. planum – жазықтық)  
1.
 
жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан 
да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін 
сызба (топографиялық План); 
2.
 
қандай  да  бір  ғимараттың  немесе  нәрсенің  горизонталь 
қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі; 
3.
 
горизонталь проекция. 
План элементтері 
План элементтері – сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, 
аудандардың,  масштабтан  тыс  объектілердің,  жазулардың  шартты 
белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, 
аялық,  жартылай  түсті  құйылған  және  түрлі  түсті  болып  бөлінеді. 
План  элементтері  тушьпен,  қарындашпен,  сондай-ақ  декольдермен 
және темплеттермен сызылады. 
Пландар дәлдігі 
Пландар  дәлдігі  –  пландағы  объектілер  орындарының  жергілікті 
жердегі  нақтылы  орындарымен  айырмашылығы  шамасын  сипаттайтын 
ұғым. Пландар дәлдігі план бойынша анықталған контурлар орны мен 
нүктелер  биіктігі  жер  бетінде  тексеру-өлшеу  нәтижелерінен  алынған 
мәліметтер  айырмашылығымен  бағаланады.  Шектеулі  айырмашылық 
нұсқаулармен  белгіленген  орташа  квадраттық  қателіктердің  екі  есе 

 
19 
шамасынан  аспауы  қажет.  Шектеулі  шамадан  асатын  айырмашылық 
саны жалпы тексеру-өлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі 
айырмашылық  саны  10%.  Орташа  қателіктерді  есептеуге  шектеулі 
шамадан асатын барлық айырмашылықтар енгізіледі. 
Топографиялық сипаттама 
Топографиялық  сипаттама  –  бөгеннің  негізгі  топографиялық 
сипаттамалары  ретінде  айдын  ауданы  мен  көлемінің  тежелу  деңгейі 
араларын 
байланыстыратын 
қисық 
сызықтар 
немесе 
бұл 
сипаттамаларды анықтау үшін жергілікті жердің горизонталды планы 
түріндегі  болашақ  су  басатын  ауданның  ірі  масштабтағы  планды-
биіктігі  бейнелетін  түсірулер.  Ұсақ  масштабты  түсірулер  арқылы 
алынған  топографиялық  сипаттамалар  шамалап  алынған  деп 
есептеліп,  көп  жағдайларда  жобалаудың  тек  алдыңғы  сатыларында 
ғана  пайдаланылуы  мүмкін.  Ол  кейіннен  ірі  масштабты  түсірулер 
арқылы  дәлірек  анықталатын  болады.  Бөген  айдынының  ауданын 
анықтау  –  деңгейдің  әр  түрлі  жағдайларындағы  аудандардың  түсіру 
пландарында планиметриялау арқылы жүргізіледі. Айдын аудандарының 
деңгей белгілерімен байланысын анықтау (сызу) үшін планиметрияны 
барлық  горизонтальдар  ауқымында  (ең  төмеітті  деңгей,  яғни  түбінен 
ең жоғарғы деңгей – тежелген суға дейінгі аралықта) жүргізу қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет