Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата26.04.2022
өлшемі1,65 Mb.
#32298
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Снимок экрана 2021—10—21 в 09.55.51

замо′к), бір сөздің əртүрлі фонемаларын айырады (во′ды – воды′); сөздің əр түрлі фонемаларында əр

түрлі  буынға  түсіп  (жылжып),  дауысты  фонеманың  дыбыстар  жиынтығы  болуына  себеп  болады.

Мысалы:  [ле′с]  лес;  [л’и

е

са′]  леса;  [л’ьс^во′с]  лесовоз;  [шэрс’т’]  шерсть;  [шыэрс’т’ит’]  шерстить;

[шърс’т’и



е

но′ј] шерстяной. Яғни орыс тілінде /е/ фонемасы алты дыбыстар жиынтығынан құралады: /

е/    [е,  э,  и

е

,  ы



э

,  ь,  ъ].  Сөз  екпіні  орнын  ауыстырып  дауысты  дыбыстардың  позициялық  алмасуын

қалыптастырады.  Алмасуға  қатынасатын  дыбыстар  жеке  фонемалар  емес,  солардың  позициялық

түрлері.  Мысалы:  ле′с  –  леса′,  до′м  –  дома′,  го′род  –  города′.  (Алмасулар:  е/и



е

;  о/^;  о/ъ);



морфонологиялық:  екпін  сөздің  парадигмалық  формаларында  бір  буыннан  екінші  буынға  өтіп

(жылжып)  фонемалардың  бейпозициялық  (морфонологиялық)  алмасуларын  қалыптастырады.

Алмасуға қатынасатын дыбыстар бір фонеманың позициялық түрлері емес, жеке фонемалар. Мысалы:

сон – сна, бог – божок. (Алмасулар: о/øг/ж)". Ал қазақ тіліндегі екпіннің тек фонетикалық қызметі

бар,  ол  созылыңқылыққа  байланысты  болады  жəне  логикалық  екпінмен  бірге  қызмет  атқарғанда

айқын байқалады деген қорытындыға келеді. Бұл – екпін мəселесі бойынша қалыптасқан бірқыдыру

дұрыс тұжырым.

Акцентті-фонемалық (дəстүрлі фонологиялық) теорияны қолдаушы ғалымдардың пікірінше, екпін

сөзді ажыратуда, сөзді тануда, айқындауда басты қызмет атқарады. Ол теория бойынша, сөз ішіндегі

арнаулы бір буынның оқшауланып күшті айтылуын екпін дейміз. Ол екіге бөлінеді:

1) Фонациялық ауаның қарқынымен байланысты екпін лебізі (немесе динамикалық) екпін дейміз.

2)  Дауыс  ырғағымен  (дауыс  тонымен)  байланысты  екпін  –  үнді  (музыкалық  немесе  тоникалық)

екпін  дейміз.  Кей  уақыт  квантитатив  (мөлшер)  екпін  –  түскен  дауысты  дыбыс  басқа  дауыстылардан

созылыңқы айтылады – болуы мүмкін. Қазақ тілі дауыстылары созыңқылығының фонетикалық мəні

жоқ.  Сондықтан  екпін    түскен  дауысты  аздап  болса  да  квантитативті  түрде  де  айтылады:  лебізді

(динамикалық) екпін негізгі болады да, квантитатив соған қосымша болады; өйткені лебізді екпінге ие

дауысты екпін түспеген дауыстыларға қарағанды сəл созыңқы айтылады.

Қазақ  тіліндегі  екпін  орыс  тіліндегідей  сөз  мағынасын  өзгертпейді,  ...  сөздің  лексикалық,

грамматикалық тұлғасы əртүрлі болып құбылуымен байланысып жатады.

Қазақ тіліндегі екпін басқа түркі тілдеріндегі екпін тəрізді сөздің көбіне соңғы буынына түседі. Екі

не  үш  буынды  сөздің  немесе  көп  буынды  сөздің  бір  буыны  негізгі  екпінге  ие  болады  да,  қалған

буындарына  ешқандай  екпін  түспейді.  Көп  буынды  (кемінде  төрт  буынды)  сөзде  негізгі  екпіннен

бөлек  көмекші  екпін  пайда  болады.  Негізгі  екпін  соңғы  буынға  түседі  де,  көмекші  екпін  негізгі

түбірдің соңғы буынына түседі.

Қазақ тілінде мындай қосымшаларға екпін түспейді:

1) жіктік жалғауға;

2) болымсыз етістіктің жұрнағына;

3) валунатив мағынасындағы етістік жұрнағына (-шы, -ші)

4) бұйрық рай афиксі;

5) шылау сөздерге (кей шылау сөздерге екпін қабылдамайды).

6) қалау рай афикстері (лық, йын/йін, йық);

7) -дай, -дей сын есім жұрнағына; қосымшасыз келген шылау сөздерде, көмекші сөздерде ғой/қой,

-ше, қана/ғана, -ма/ме, -ба/бе, -па/пе, дейін,  шейін, сайын, сияқты, тəрізді, сықылды, секілді т.б. екпін




болмайды.  Ал  шылау  сөздерге  қосымша  жалғанса,  негізгі  мағыналы  сөздегі  екпін  шылау  сөзге

  ауысып  кетеді,  кейде  негізгі  мағыналы  сөз  екпіннен  айрылып  энклитикаға  айналады,  күшейткіш

үстеуі  бар  түбір  сөз  екпін  жағынан  энклитикаға  айналады;  сын  есімнің  күшейткіш  буындары  да

екпінді өзіне тартып, негізгі мағыналы сөзді энклитикаға айналдырып жібереді.



2.  Екпін  бір  сөз  бен  екінші  сөздің  жігін  ажыратуымен  қатар,  бір  сөз  тобы  мен  екінші  сөз  тобын

тобының жігін де ажыратып тұрады. Белгілі сөз тобы бір-ақ екпінге ие болады, яғни акцентуациялық

комплекс жасалады. Мұндай екпінді фразалық (ритмикалық) немесе тіркес екпін деп аталады.

Қазақ тілінде мына төменгі сөз таптары екпін жағынан айрықша комплекс болады:

1)  Қос сөздер (бала-шаға, жөн-жосық).

2)  Негізгі мағыналы сөз бен шылау сөздер (үйге дейін, ол үшін).

3) Күрделі сөздер түйдегі (оқып отыр, əн салады).

4) Анықтауыш пен анықталған сөздер тізбегі (биік үй, ат қара).  

5) Пысықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (кеше келді).  

6) Идиома сөздер түйдегі (қабырғаңмен кеңес, сөз байла).

7) Жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыш болған сөз тізбегі (газет оқыды, хат жазады).

З.М.Базарбаева  бұл  жөнінде  былай  дейді:  «Қазақ  тілінің  сөйлемдеріндегі  сөздердің  ритмикалық

топқа  бөлінуінің  сөйлемнің  жалпы  мағынасын  ажыратуға  мəні  зор.  Сондықтан  сөйлеу  тіліндегі

сөздері  мағынасына  қарай  ритмикалық  топтарға  дұрыс  бөлу  қандайда  бір  мағлұматтың  дұрыс

берілуінің шарты болса керек». Мысалы: Балапан // торғай ұясында / отыр – птенчик воробья сидит

в гнезде воробья. Балапан торғай // ұясында отыр – птенчик воробья сидит в своем гнезде.

Сөйлемдегі  айрықша  назар  аударып  айтылған  сөзге  ой  екпіні  болады  да,  ол  сөз  басқа  сөздерге

қарағанда,  ерекше  əуенмен  айтылады.  Мұндай  екпін  логикалық  екпін  деп  аталады.  Қазақ  тілінде

логикалық екпін түскен сөз баяндауышқа жақындап, тікелей соның алдында тұруға ұмтылады: Болат



қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде болса, Болат кеше қаладан келді

деген сөйлемде қаладан сөзінде т.б.

Сөйлемнің  айтылу  сазына  қарай,  логикалық  екпіннің  орны  да  өзгеруі  мүмкін.  Мыс.,  лепті

сөйлемдерде  баяндауыш  сөйлемінің  басында  қолданылып,  оған  айырықша  назар  аударылады  да,

логикалық  екпін  сол  баяндауыш  болған  сөзге  түседі.  Мыс.:  Жасасын,  1  Май  мерекесі.  Бақытты

болыңыздар, сүйікті достар!

 

8-дəріс. Дыбыстардың өзгерістері



1. Дыбыстардың өзгеру жолдары

2. Комбинаторлық өзгерістердің тілдегі көрінісі. Сингармонизм, оның түрлері

3. Ассимиляция, оның түрлері

1.  Қазақ  тілінің  дауысты,  дауыссыз  фонемалары  сөз  ішінде,  сөздердің  аралығында  бір-бірімен

артикуляция  жағынан  өзара  үйлесіп,  қиюласып  отырады.  Сөйлеу  процесінде  сөз  бөлшектері  де,  бір

сөз  бен  екінші  сөз  де  өздерінің  айтылуы  жағынан  ыңғайласа,  үйлесе  келеді.  Сөз  ішіндегі  не  сөздер

аралығындағы дыбыстардың айтылуына қарай ішінара жапсарласып, жанасуын дыбыстардың үндесуі

дейміз.

Дыбыстардың үндесуі мынадай түрде ұшырайды:

1. Бір сөздің құрамында бірыңғай жуан дауысты дыбыстар болады: бала-лар.

2. Бір сөзде бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстар болады: ер-лер-ге.

3.  Қазақ  тілінде  дауыстылар  жуан-жіңішкелі  болып  үндесумен  қатар  ерінді,  езулі  болып  та

үндеседі: өрік-тер.

4. Қатаң дыбыстан кейін қатаң дыбыс келеді: хат-тар.

5. Ұяңнан кейін ұяң келеді: қаз-дар.

6. Үндіден ( не дауыстыдан) кейін үнді не ұяң келеді: бала-лық, нан-ның.

7.  б,  п  дыбыстарының  алдынан  келген  н  дыбысы  м  дыбысына  айналады  да,  қ,  к,  ғ,  г

дыбыстарының алдынан келген н дыбысы ң дыбысына айналады: түнгі (айтылуы түңгі).

Дыбыстар өзгеруінің тіл-тілде басты екі түрлі жолы бар: бірі – комбинаторлық өзгерістер, екіншісі

– спонтандық.

Комбинаторлық  өзгерістер  көршілес  дыбыстардың  біріне-бірі  тигізген  ықпалымен  байланысты

болады:  белгілі  бір  дыбыстың  екінші  түрлі  дыбысқа  алмасуы  да,  кейде  дыбыстың  түсіп  қалуы  да

немесе  тыңнан  жаңа  бір  дыбыстың  пайда  болуы  да  т.б.  сөздегі  өзге  дыбыстардың  ауанымен

байланысты болады.

Комбинаторлық өзгерістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тəуелді болып тұрады, бір дыбыс

екінші дыбысқа игеріліп тұрады. Сондықтан дыбыстардың бұл тəрізді өзгерістерін игерулі өзгерістер

деп атауға болады.

Комбинаторлық  өзгерістің  сөз  мағынасына  əсер  етерлік  күші  жоқ;  дыбыстардың  комбинаторлық

варианттары – белгілі бір фонеманың тек сыртқы фонетикалық құбылыстары: бала-лар, сөз-дер, мал-



шы.

Дыбыстар  үндесуі  категориясы  (оның  сингармонизм  саласы  да,  ассимиляция  саласы  да)

дыбыстардың  комбинаторлық  өзгерістеріне  жатады.  Ал  спонтандық  өзгерістерде  көршілес

дыбыстардың  бір-біріне  тигізген  ешқандай  əсері  болмайды;  барлық  позицияда  дыбыс  өзгерісі  өзге

дыбыстың ықпалына ықпай, «өздігінен» құбылып тұрады: Айша – Ғайша, Əбділда – Ғабдұлла, Ғали –

Қали  -  Əли  (Əлі)  параллельдеріндегі  бас  дыбыстар  да  басқа  дыбыстардың  ауанымен  пайда  болып

тұрған жоқ.

Спонтандық өзгерістер бойынша бір дыбыс екінші дыбысқа тəуелді болмайды, бір дыбысты өзге

дыбыс  игере  алмайды.  Сондықтан  бұл  тəрізді  өзгерістерін  қазақша  игерусіз  өзгерістер  деп  атауға




болады.

Дыбыстық  алмасу  –  фонетикалық  жағдайдың  нəтижесі.  Мұны  комбинаторлық  (біріктіру,

тіркестіру)  немесе  позициялық  (жағдай,  шеп)  өзгеріс  деп  те  атайды.  Ал  сəйкестік  спонтанды  (кенет

пайда  болған,  байланыссыз)  өзгеріс  түрде  танылады.  Комбинаторлық  алмасуда  көрші  дыбыстардың

(буындардың) бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің екі түрі бар: а)

толық  игеру  –  дəл  өзендей  ету:  ат-ты,  ашшы  (ас-шы),  бүгін  (бұл  күн).  ə)  жартылай  игеру  –  өзіне

жуықтату – бейімдеу: ат-қа, аш-ты.

Комбинаторлық өзгерістерге: протеза, эпентеза, эпитеза, ассимиляция, сингармонизм т.б. жатады.



2. 

Үндестік  заңы  көрші  дыбыстар  мен  буындардың  бір-біріне  ықпал  етіп,  бірінің  екіншісіне



бейімдеп  тұруына  негізделеді.  Дыбыстардың  бір-біріне  етер  ықпалы  негізінен  екі  түрлі  болады:  а)

дауыс (салдыр) қатысына қарай жəне ə) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай. Мұның біріншісін

акустикалық, екіншісін артикуляциялық ықпал дейді.

Сингармонизм – түркі тілдеріне тəн аса күшті заң. Сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі

не  буын  үндестігі.  Түбірдегі  дауысты  жуан  (не  жіңішке)  болуына  қарай  оған  тікелей  көршілес

қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен

байланысты.

Дыбыстар үндестігі 4 бөлінеді:

1. Сингармонизм – дауыстылар тіркесі – үйлестік.

2. Аккомодация – дауысты-дауыссыздар тіркесі – бейімдестік.

3. Ассимиляция – дауыссыздар тіркесі – ұқсастық.

4. Диссимиляция.

Сингармонизм тіл жəне ерін үндестігі түрінде қарастырылады. Дауыстылардың тілдің қызметіне

орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл

үндестігі дейді. Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады: түбір тұрғысынан жəне түбір мен

қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.

Тіліміздегі  байырғы  сөздер  бірыңғай  жуан  буынды  немесе  жіңішке  буынды  болып  келеді.  Бұл  –

бұлжымайтын заң – сингармонизм.

Тіліміздің  осы  бір  байырғы  заңына  ілікпей  жүрген  бір  сөз  бар.  Оның  ішінде:  құрмет,  қошемет,

мейрам  т.б.  Бұлардың  бірыңғай  жуан,  не  жіңішке  айтылуын  тілдің  табиғи  жарасымынан  іздемей,

диалектіге телу жиі кездеседі.

Қосымшалардың  ішінде  түбірдің  соңғы  буынына  тəуелді  болмай,  өз  қалпын  əрқашан  сақтап

тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-бан: мейір-бан;

-гер: қалам-гер, сауда-гер;

-дар: есеп-дар, білім-дар;

-еке: бас-еке, ағ(а)-еке; Ас-еке;

-жан: көке-жан, сəуле-жан;

-кент: Құм-кент;

-кар: күнəкар, кінə-кар;

-кеш: арба-кеш;

-көй, гөй: ақыл-гөй, қас-көй, дұға-ғөй;

-қор: жем-қор, еңбек-қор;

-мар: тіл-мар, діл-мар;

-маш: тіл-маш;

-нікі,-дікі,-тікі: бала-нікі, ме-нікі;

-паз: өнер-паз, əсем-паз;

-стан: Өзбек-стан, Гүл-стан;

-тал: сезім-тал, өсім-тал;

-уар: сөз-уар, тіл-уар;

-хана: кітап-хана, дəм-хана, ем-хана.

Бұл қосымшалар алдыңғы буынның дауыстыларымен үндеспейді, бірақ өзінен соңғы буындарды

үндістіре қиыстырады: əсемпаз-дық-қа т.б.

Жазу 


практикамызда 

сингармонизмге 

қарама-қайшылықта 

байқалады. 

Ережелер

заңдастырылғанмен, орфографиялық норма екінші буында ə дыбысы кездесетін сөздерге қосымшалар

жуан буынды болып жалғануы да бар: күнə-дан, күмəн-дан т.б.

Тіл үндестігі (лингвальдық сингармонизм) – тіліміздегі ең күшті дыбыстық заң. Кейбір азын-аулақ

ауытқулар бұл заңға ешқандай нұқсан келтіре алмайды.

Дауыстылардың  бір  сөз  көлемінде  еріннің  қызметі  жағынан  ыңғайласып,  үйлесіп  келуін  ерін

буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс.

Қазақ тілінің дыбыстың жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ə.Жүнісбеков ерін үндестігін

тіл  үндестігімен  қатар  қояды:  олардың  тілдегі  қызметі  мен  маңызы,  қолданылуы  ұқсас  екенін,  ерін

үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге əсте болмайтынын айтып, дəлелдеп жүр.



3.  Ассимиляция  –  морфемалардың  жігінде  көрші  келген  дауыссыздардың  акустика-

артикуляциялық  жақтан  біріне-бірінің  ұқсауы,  бейімделуі,  өзара  тіл  табысуы.  Бұлар  да  бірін-бірі

дауыстың  қатысы  жəне  артикуляциясы  жағынан  игеріп  тұрады.  Дауыссыз  дыбыстардың  бір-біріне

ықпалын 3 бөліп қараған жөн: прогрессивті, регрессивті жəне тоғыспалы ықпалдар.

Прогрессивті  ассимиляция  бойынша  алдыңғы  морфеманың  соңғы  дауыссыз  дыбысы  кейінгі

морфеманың  басқы  дауыссыз  дыбысына  акустикалық  (дауыс  қатысы)  жақтан  ықпал  етіп,  игеріп

тұрады.



Дауыссыздардың əр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:

1.  Түбір  сөздің  соңғы  дыбысы  ұяң  дыбыс  (з,  ж)  болса,  оған  жалғанатын  қосымшаның  басқы

дауыссыз дыбысы да, көбінесе, ұяң дыбыс болып келеді: жаз-ғы, қаз-дар, этаж-дың.

2. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы да

қатаң дыбыс болып келеді: көп-тік, қап-тар.

Алғашқы  қатаң  əуенмен,  кейінгі  б,  г,  ғ,  ж  дыбыстары  айтуда  қатаңдап  п,  к,  қ,  ш  дыбыстарына

айналады, бірақ жазуда мұны елемейміз: Қамысбай, ақ бала, жас гүл т.б. айтылуы Қамыспай, ақ пала,

жас күл.

3.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  дауысты  не  үнді  дыбыс  болса,  оған  жалғанатын  қосымшаның  басқы

дауыссыз дыбысы, көбінесе, ұяң не үнді болып келеді: бала-ға, шам-дар.

4.  Түбірдің    соңғы  дыбысы  ш  болып,  қосымшаның  басқы  дыбысы  с  болса,  айтуда  қосымшаның

бұл дыбысы ш дыбысына айналды; бірақ жазуда с дыбысын сақтаймыз: шаш-са, ұшқыш-сың т.б.

5.  Алғашқы  сөздің  соңғы  дыбысы  дауысты,  үнді,  ұяң  болып,  одан  кейінгі  сөздің  соңғы  дыбысы

қатаң қ, к болса, айтуда бұл қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г дыбыстарына айналып кетеді, бірақ жазуда

елемейміз:  қара  қой,  ала  кел,  атың  кім  айтылуда  қара  ғой,  ала  гел,  атың  гім.  Қатаң  с,  ш  дауыссыз

дыбыстарынан басталатын қосымшалар жоғарыдағы ережені сақтамайды.

Бір  сөз  көлемінде  немесе  бірнеше  сөз  аралығында  кейінгі  дыбыстың  алғашқы  дыбысқа

артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивті ассимиляция дейміз. Сөздің (морфеманың)

соңында келген үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстарын кейінгі морфеманың (қосымша не сөз) басқы

дыбыстары акустика-артикуляциялық жағынан өзіне ұқсата ықпал етеді.

Регрессивті ассимиляцияның жиі кездесетін түрлері төмендегіше:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет