Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Павлодар педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата26.04.2022
өлшемі1,65 Mb.
#32298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Снимок экрана 2021—10—21 в 09.55.51

Сипаттамалы  (синхрониялық  немесе  статикалық  деп  те  аталады)  фонетика  тілдің  өмір  сүріп

тұрған дəуіріндегі дыбыстың жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау,

олардың  тіркесу,  үндесу  заңдылықтары,  буын,  екпін,  орфоэпия  мəселесі  осы  саласының  обьектісі

болып табылады.



Тарихи  (диахрониялық)  фонетика  тілдің  дыбыс  жүйесін  тарихи  тұрғыдан  қарастырады.

Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мəселелері, үндестік заңдары

əр дəуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша айқындалады.

Салыстырмалы  фонетика  туыс  тілдердің  дыбыс  жүйесін  салыстыра  зерттеп,  олардың

ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындайды.

Салғастырмалы  фонетика  туыстығы  жоқ,  құрылымы  əр  басқа  тілдердің  дыбыстық  жүйесін

салыстырып зерттейді.



2.  Акустикалық  (физикалық)  аспект.  Тіл  дыбыстары  да  табиғаттағы  басқа  дыбыстар  сияқты

физикалық  (акустикалық)  құбылысқа  жатады.  Дыбыс  атаулы  бір-бірінен  ырғағы,  күші,  əуені,

созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.

Дыбыстың  ырғағы  тербелістің  жиілігіне,  ал  дыбыстың  күші  тербелістің  қарқынына

(амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.

Дауысты дыбыстар (мəселен а, ə) бір-бірінен əуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр – дыбыс




бояуы.  Тіл  дыбыстары  өте  күрделі  болып  келеді.  Ол  негізігі  тон  мен  көмекші  тонның  (обертон)

бірлігінен  жасалады.  Тіл  дыбыстарындағы  тон  дауыс  шымылдығының  дірілінен,  ал  көмекші  тон

резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.

Мəселен,  тоны  жағынан  бір-біріне  жуық  дауыстылар  тіл,  жақ,  еріннің  қатысуы  нəтижесінде  бір-

бірінен ерекшелінеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп,

дауыстылардың  жіңішке,  жуан  болуына  жағдай  жасайды.  Дыбыс  созылыңқылығының  қазақ  тілінде

мəні жоқ.

Лингвистикалық  (функционалды)  аспект.  Қарым-қатынас  құралы  тіл  тек  дыбыстар  арқылы  ғана

іске  асады.  Осы  дыбыстардың  адамдардың  қатынас  құралы  тілдің  қызметін  қамтамасыз  етуіндегі

лингвистикалық  (əлеуметтік)  мəнінде  деп  қарау  керек.  Осыдан  дыбыстарды  қарастырудың

лингвистикалық  аспектісі  келіп  шығады.  Мұны  фонология  (гр.  фоно  –  дыбыс,  логос  –  ілім)  деп  те

атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспектінің табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін

жолдар  түрінде  қараса  да  болады.  Лигвистикалық  аспект  дыбыстарға  фонема  тұрғысынан,

формалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Əріп – сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты

əртүрлі  (д,  d)  өрнектей  беруге  болады.  Əріп  пен  дыбысты  əсте  шатыстыруға  болмайды.  Əріп  кейде

жеке дыбысқа сəйкес келсе (о, ө), кейде бір əріп (ю, я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа)

өрнектейді. Кейбір əріптерің (ь, ъ) дыбыстық мəні жоқ.

Дыбыс  тілдің  бір  жақты  единицасы:  дыбысталады,  бірақ  мағынасы  жоқ.  Дыбыстар  –  тілдің

мағыналы  единицалары  сөз  бен  морфемаларды  (сөз  бөлшектерін)  құрастыратын  материалдар

қызметін атқарады. Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға, тануға, ажыратуға қызмет

етеді. Бұл фонемалардың негізгі функциясы.

Фонема  туралы  ілімнің  негізін  (1870)  салған  орыс  жəне  поляк  тілін  зерттеуші  И.А.Бодуэн  де

Куртенэ болатын. Ол «Некоторые отделы сравнительной грамматики славянских языков» (1884) атты

еңбегінде  фонема  сөздің  фонетикалық  бөліктеріне  қарағанда  бөлінбейтін  бөлшек  екенін  айтады.

Бодуэн  де  Куpтенэ  фонологиялық  үш  теория  жасады.  Сол  теориялардың  бірінде  ғалым  фонеманы

фонетикалық  бipлiк  pетiнде  емес,  этимология-моpфологиялық  бipлiк  pетiнде  қаpастыpады,  яғни

фонеманың  антpопофоникалық  аспектiсiн  моpфемдiк  аспектiсiнен  ажыpатып  қаpастыpған.  Бодуэн

келесi  еңбектеpiнде  фонема  жайлы  түсiнiгiн  өзгеpтiп,  таза  психологиялық  тұжыpым  жасайды.

Ғалымның  фонема  жайындағы  түсінігі  кейінгі  кезде  өз  жалғасын  тауып  дамыды.  Соның  негізінде

əлем  тіл  білімінде  түрлі  мектептер,  бағыттар  қалыптасты:  ЛФМ,  МФМ,  ПФМ,  Р.И.Аванесовтің

теориясы,  С.И.Бернштейннің  теориясы,  А.И.Смирницкийдің  фонемалар  теориясы  т.б.  Барлығының

бастау  алған  арнасы  –  Бодуэн  де  Куpтенэнiң  ілімі.  Ленинград  фонологиялық  мектебінің  іргетасын

қалаған,  ғылыми  ой-тұжырымдарын  қалыптастырып  дамытқан,  жетілдірген,  өз  мектебінің  негізгі

теориялық  қағидаларының  ғылыми  аренада  орын  алып,  орнығуына  еңбек  сіңірген  ғалымдар

Л.В.Щерба, Л.P.Зиндеp, М.И.Матусевичтер болды. Аталған мектептің түлектері оның ұстанымдарын,

идеяларын, əдіс-тəсілдерін басшылыққа ала отырып, туған тілінде өз зерттеулерін жүргізген. Оларға

қазақ  тілшілері  Қ.Жұбанов,  І.Кеңесбаев  т.б.  жатқызуға  болады.  Прага  фонологиялық  мектебін

Н.Трубецкой, С.К.Шаумян, Якобсон т.б. қалаған.

Москва 

фонологиялық 

мектебінің 

теориялық 

негізін 

қалаушылар 

– 

Н.Ф.Яковлев,



А.А.Реформатский, А.М.Сухотин, Р.И.Аванесов, В.Н.Сидоров, П.С.Кузнецов. Олар Ленинград, Прага

т.б.  мектеп  өкілдерінен  қолданған  терминдері  мен  басты  ұғымдарына  түсінік  беруімен,  өзіндік

ұстанымдарымен,  зерттеу  əдіс-тəсілдерімен  ерекшеленеді.  Сол  себепті  аталған  мектептер  арасында

фонология  мəселелерін  талдап  пайымдауда  пікірталастар  да  жоқ  емес.  ХХ  ғасыр  басында  аталған

мектептер арасында басталған фонема мəселесі жөнінде айтыс əлі тоқтаған жоқ.

М.Жүсіпұлының пікірінше, қазіргі кезде қазақ тілінің дыбыс жүйесі үш түрлі теорияның негізінде

зерттелген,  яғни  үш  түрлі  ғылыми  қорытынды  жасалып,  үш  түрлі  ғылыми  тұжырым  қалыптасқан.

Олар:


1. Ленинград фонологиялық мектебінің теориясы.

2.  Москва  фонология  мектебінің  теориясының  кейбір  принциптерін  модификацияландырып,

сингармонизм заңының принциптерімен синтездендірудің негізінде пайда болған теория.

3.  Сингармониялық  (сингармонологиялық)  теория.  Фонема  мəселесін  түсіндіруде  аталған

теориялардың танымында өзгешеліктер де кездеседі. Аталған мектептерде фонема мəселесі жайында

түрлі көзқарастар қалыптасқан.

Фонема  теориясы  туралы  ілімді  тереңірек  зерттеп,  əрі  қарай  дамытқан  ғалым  И.А.Бодуэн  де

Куртенэнің  шəкірті  Л.В.Щерба  болды.  Ол  «Фонетика  французского  языка»  деген  еңбегінде:  «...  в

живой  речи  произносится  значительно  больше,  чем  мы  обыкновенно  думаем,  количество

разнообразных  звуков,  которые  в  каждом  данном  языке  объеденяются  в  сравнительно  небольшое

число  звуковых  типов,  способных  дифференцировать  слова  и  их  формы,  т.е.  служат  целям

человеческого общения ... Мы будем их называть фонемамы»,– деп фонеманың мағыналық қызметіне

баса назар аударды.

Ленинград фонологиялық мектебінің теориясы бойынша, фонема – сөздер мен олардың дыбыстық

формаларын  ажырататын,  ары  қарай  бөлшектеуге  келмейтін  дыбыстық  единица.  Фонема  сөз  (не

форма)  ажыратушылық  жəне  мағына  ажыратушылық  қызмет  атқарады.  Фонема  сөзден  тыс  тұрып

ешқандай  мағынаға  ие  бола  алмайды.  Фонеманың  «өмір  сүру»  ортасы  –  сөз.  Сондықтан  қандай  сөз

болмасын белгілі бір фонемадан құралады. Сөзде фонеманың саны аз да, көп те бола береді. Сөзден

сөз  өзгеше  болу  үшін  сөздің  күллі  фонемалар  сапасы  өзге  болуы  шарт  емес,  бір  сөзден  бір  сөз,

біріншеден, фонеманың сапасы жағынан (мал, тал, қал), екіншіден, фонеманың саны жағынан (бала,





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет