h, ц, ч фонемалаpы жоқ. Олаp кipме фонемалаp делiнген. Һ, х фонемалары қазақ тілінде бір түрлі
дыбысталмайтындығына байланысты сингармотип статусына ие еместігін айтады. Ғалым тіл арты к-
қ, г-ғ дауыссыздарын төрт сингармотип емес, екі сингармотип екенін түсіндіреді. Өйткені олар – екі
сингармотиптің тең сингармопозициялық түрлері. Ал у дауыссызы лабиалды сингармофонема
болғандықтан, екі сингармовариациялардан құралады, у дауыссызы бейлабиалды бола алмайды.
Сонда 16 дауыссыз сингармотиптердің əрқайсысы төрт сингармовариациядан тұратын
сингармодыбыстар қорын жасайды.
Қазақ тілінің дыбыс қорын сингармофонологиялық теорияның негізінде зерттеу үрдісінде əлді
жəне əлсіз позицияларды бірдей қамтыған М.Жүсіпұлы консонантизмдер жүйесін 66
сингармодыбыстан емес, 105 сингармодыбыстан тұратынын дəлелдейді. Ол 17 сингармофонеманың 9-
ның (/т/, /ж/, /ш/, /м/, /р/, /ң/, /й/, /л/, /у/) құрамында сингармовариант жоқ, олар тек
сингармовариациялардан тұратынын, қалған 8 сингармофонеманың (/б/, /д/, /г' – ғ/, /з/, /к' – қ/, /п/, /с/,
/н/) құрамында сингармоварианттар да, сингармовариациялар да бар екенін айтады. Ғалым қазақ
тілінің сингармодауыссыздары əлсіз позицияларда бірнеше сингармоварианттарда қызмет
атқаратынын көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Щ – дыбыс емес, əріп. Ол созылыңқылы ш
дыбысының таңбасы. Қазақ тілінде щ əріпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылады.
Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т,
Достарыңызбен бөлісу: |