Желтоқсан
29 жұлдыз
Жазушы, әдебиет зерттеуші, аудармашы, филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Темірғали
Нұртазиннің туғанына 110 жыл (29.12.1907-10.04.1977)
Темiрғали Нұртазин 1907 жылы Ресейдiң Қорған қаласында дүниеге
келдi. Сауатын татар медресесінде ашып, оқуын орыс мектебінде
жалғастырады.
1932 жылы Петропавл қаласында педагогикалық техникумды бiтiргеннен
кейiн, Петропавл қаласының партия комитетiнде жұмыс iстедi. 1936 жылы
Ленинградтың (Санкт-Петербург) журналистика институтын бiтiргеннен
кейiн «Қарағанды пролетариаты» облыстық газетiнiң редакторы, ал 1942
жылы Талдықорған облысы (қазiргi Алматы обл.) Бөрлiтөбе ауданының орта
мектебiнде мұғалiм, ал 1943 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттiк
Университетiнiң (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет)
аға оқытушысы, кейiннен доцентi болды. 1956 жылдан Әл-Фараби атындағы
Қазақ Мемлекеттiк Университетiнiң (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақтың
Ұлттық университеті) қазақ әдебиетi кафедрасының доцентi болды, 1964
жылы оған филология ғылымының докторы деген атақ берілдi, 1965 жылы
профессор атағы берілдi. Әдебиетті зерттеумен 1943 жылдан бастап
айналыса бастады.
Ғылыми-зерттеу еңбектерi қазақ әдебиетiнiң негiзгi мәселелерiне
арналған. С.Мұқанов, Б.Майлин творчествосын монографиялық тұрғыда
зерттеген, М.Қаратаев пен С.Қирабаевпен бірігіп жоғары оқу орындарына
арналған «Қазақ совет әдебиетi», «ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиеті»
оқулықтарын жазды және осы оқулықтардың оқу бағдарламаларының
авторы. КСРО жазушылар одағының мүшесi болды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Нұртазин Т. Үлкен жолда /Т.Нұртазин. – Алматы, 1948.
Нұртазин Т. Жазушы және өмір /Т.Нұртазин. -Алматы, 1960
Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы /Т.Нұртазин. – Алматы,
1966.
Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар/Т.Нұртазин. – Алматы, 1968
Ол туралы:
Нұртазин Темірғали //Қазақ әдебиеті:Энциклопедия. – Алматы:
Білік,1999. – 515-516 б.
Нұртазин Темірғали //Қазақ әдебиеті:Энциклопедиялық анықтамалық. –
Алматы: Аруна, 2005. – 402 б.
Нұртазин Темірғали //Қазақстан жазушылары:ХХ ғасыр: Анықтамалық.
–
Алматы: Ана тілі, 2004. – 235 б.
Нұртазин Темірғали (29.12.1907-10.4.1977) //Қазақстан: Ұлттық
энциклопедия. – Алматы, 2005. – 93-94 б.
Нұртазин
Темірғали
(29.12.1907-
10.4.1977)
//Қазақ
әдебиеті:
Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы,2005. – 402-403 б.
201
Нұртазин Темірғали //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. – Алматы: Білік,
1999. – 515-
516 б.
Валиханов Ш. Темірғали Нұртазин Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ»
романы жайлы /Ш.Валиханов //Ақиқат. – 2007. - № 12. – 86-88 б.
Омаров Қ. Ғұлама ғибраты: [Т.Нұртазиннiң туғанына 90 жыл] /Қ.Омаров
//Солтүстiк Қазақстан. – 1998. – 23 қаңтар.
Рахметов Б. Бейімбеттану бастауы. [Т.Нұртазиннің Б.Майлиннің
шығармашылығына байланысты зерттеулер мен мақалалары жарық көргені
жайлы] /Б.Рахметова //Ақиқат. – 2009. - № 9. – 65-67 б.
Серғалиев М. Талант тағдыры: [көрнектi әдебиетшi Т.Нұртазиннiң
туғанына 90 жыл толуына] /М.Серғалиев //Егемен Қазақстан. – 1998. – 7
қаңтар.
Айы мен күнi белгiсiз
2017
жылы аталатын даталар
Би, шешен, жырау, қоғам және мемлекет
қайраткері, дипломат
Ақтайлақ Байқараұлының
туғанына 275
жыл (1742-1838).
Ақтайлақ Байқараұлы 1742 жылы Оңтүстік Қазақстанда Сыр бойында
туған. Ақындық, шешендік өнер дарыған зиялы ортадан шыққан. Арғы атасы
Нарымбай би Ташкентте бек болса, оның баласы Құттыбай би қазақ
тарихында «Қу дауысты Құттыбай» деген атпен тараған. Құттыбайдан
атақты көріпкел әулие Байқара би, одан туған Ақтайлақ жастайынан алқалы
топта шешендігімен көзге түсіп, үлкен жиындарда бір ауыз мақалмен немесе
толғау-жырымен даулы істерді әділетті шешкендіктен «қазақтың қара тілі,
қас биі» атанған. Шешендік өнеріне қоса, аталы сөздер айтып, өлең-
толғаулар шығарған, билер айтысына қатысқан. Мемлекет ісіне ерте
араласқан. Абылай хан өз кезінде үш жүзден билер шақыртып, қазақ
руларының шежіресін жаздыртқанда соның ішінде Ақтайлақ би де болған.
1773 ж. Болат ханның атынан Қытай императорына елші болып барып,
келіссөздер де жүргізген. Бұл туралы Шың патшылығының шежіресінде
жазылған.
Ақтайлақ би өмір туралы, адамгершілік асыл қасиеттер жайлы
философиялық толғаулар мен мен адам жасы туралы, үй-іші, ошақ басы, ата-
ана тағылымы мен жас ұрпақ тәрбиесі жайлы дидактикалық ғақлия өлеңдер
шығарған. 1925 ж. «Таң» журналының № 2 санында М.Әуезовтың
Ақтайлақтың әділ билігі жайлы «Сыбан Ақтайлақ би» деген мақаласы
шыққан. Ақтайлақтың тарихтағы орнына М.Тынышбаев жоғары баға берген.
Ақтайлақ би 1838 жылы Семей облысы Аякөз ауданы, Сарыарқа ауылы,
Қайрақты тауының баурайында қайтыс болған.
202
Ол туралы:
Ақтайлақ Байқараұлы (1742-1838) //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. –
Алматы:Білік, 1999. – 39 б.
Ақтайлақ Байғараұлы (1742-1838) //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 28 б.
Ақтайлақ Байғараұлы //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.1. –
Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 210 б.
Қорабаев С. Ақтайлақ-Сабырбай – Қазақтың ХІХ ғасырдағы ақындары
/С.Қорабаев. – Алматы, 1988.
Ақын
Дулат Бабатайұлының
туғанына 215
жыл (1802-1874).
Қазақ тарихындағы көрнектi тұлғалардың бiрi
Дулат Бабатайұлы қазiргi
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы, Сандықтас мекенінде туған.
Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашқан. Алайда, ақындық өнердi
ерекше қастерлеген аймақта өмiр сүрген, көне ақын, жыраулар мұрасынан,
ескi тарихи аңыздар мен этикалық жырлардан нәр алып өскен Дулат өз
заманындағы ең бiлiмдi адамдардың бiрi болды. Дулатқа Әл-Фараби мен
Дауанидiң мұра болған дәстүрлерi тән сияқты, сондай-ақ Бұқар және
Ақтамбердi жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңдi ауызша да, жазбаша да
шығарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы Қазанда «Өсиетнама» деген атпен 1880
жылы жарық көрдi.
Шығармаларында Дулат iзгiлiк пен зұлымдықтың, жақсылық пен
жамандықтың, жомарт пен сараңның, бiлiмдi мен наданның арасындағы
айырмашылықты ашуға тырысты. Бала өз ата-анасының жақсы өнегесiне
елiктеуге тиiс, жас жеткiншек бiлiм игерiп, белгiлi кәсiппен айналысуы
қажет. Адам тек өзi үшiн ғана емес, ең алдымен халқы үшiн өмiр сүредi.
Дулаттың ұстаздық, тәлiмдiк пайымдарының негiзгi арқауы осы.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ақшатау
әкімшілік аумағы, Қоңыртау тауының баурайында қайтыс болған.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Дулат Бабатайұлы (1802-1874). Өсиетнама; «Сөзiнiң басы бiсмелла»;
«Сүлейменге»; «Асқар таудың сәнi жоқ»: [өлеңдер] //ХIХ ғасыр әдебиетi.
Хрестоматия. 6-шы кiтап/Құр. Х.Сүйiншәлиев. –Алматы, 1992. – 18-34 б.
Дулат Бабатайұлы. «Ақжайлау мен Сандықтас»; «Сүлейменге»; «Сөзiм
бар да, көзiм жоқ»; «Тырнақтай меңi болған соң»; «О,Барақ жас, Барақ жас»;
«Тегiмдi менiң сұрасаң»; «Жапанға бiткен жантақты»; «Асқар таудың сәнi
жоқ»:[өлеңдер] //Бес ғасыр жырлайды. Екi томдық. Т.1. – Алматы, 1989. –
198-
212 б.
Ол туралы:
Дулат Бабатайұлы //Түркістан: Халықаралық энциклопедия. –Алматы:
Қазақ энциклопедиясы, 2000. – 285-286 б.
203
Дулат Бабатайұлы //Абай: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995. –
213-
215 б.
Дулат Бабатайұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. –Алматы:Білік,
1999. – 208-
209 б.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) //Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия.
Т.4. – Алматы, 1989. – 221-222 б.
Дулат (1802-1874) //Бес ғасыр жырлайды. Екi томдық. Т.1. – Алматы,
1989. –
197 б.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр
антологиясы (ҮI ғасырдан ХХ ғ. басына дейiнгi кезең) Т.1. – Алматы, 1994. –
152-
154 б.
Дулат Бабатайұлы //Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (ҮІ
ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең). Т.1. /құраст.Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев. – Алматы, 1994. – 152-154 б.
Дулат Бабатайұлы //Абай. – 2002. - № 4. – 86 б.
Дулат Бабатайұлы //Қазақстандағы білім мен педагогиканың даму
тарихы (ҮІ-ХХ ғғ.) І бөлім: библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші. –
Алматы:Зият Пресс, 2004. – 29-30 б.
Бекбосынов М. Отарлық дәуiрдегi әдебиет және Дулат Бабатайұлы
/М.Бекбосынов //Қазақ тiлi мен әдебиетi. – 2000. - № 9. – 30-34 б.
Елікбаев К. Дулат Бабатайұлының шығармашылығын оқыту (9
сынып)/К.Елікбаев //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2001. - № 9. – 20-23 б.
Мырза-ғали Э. Дулаттану хақында бірер сөз /Э.Мырза-ғали //қазақ
әдебиеті. – 2005. – 12 тамыз.
Раев Қ. Дулат шығармаларындағы эпитет сөздердің танымдық-
эстетикалық мәні /Қ.Раев //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2001. - №8. – 36-37 б.
Раев Қ. Дулат өлеңдерінің құрылым жүйесі /Раев Қ. //Сынып жетекшісі.
– 2004. -
№1. – 15-19 б.
Үмбетаев М. Ақындық пайым парызы: [Дулат Бабатайұлының туғанына
200 жыл] /М.Үмбетаев //Ақиқат. – 2002. - №3. – 77-81 б.
Қазақтың атақты ақыны
Базар жырау
Оңдасынұлының (Балқы Базар)
туғанына 175
жыл (1842-1911)
Базар жырау Оңдасынұлы (Оңдасұлы) 1842 жылы Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жастайынан нағашы жұртында
тәрбиеленiп он алты жасында ақын деген атқа ие болады. Өлеңдерi нақыл,
терме, өсиет сөздерге толы. Негiзiнен толғау жанрында еңбектенген.
Тақырыбы адам, замана, өмiр жайлы болып келедi. Дiни сарындар да
кездеседi.
Сонымен қатар жас жеткiншектерге үлгi-өнеге боларлықтай тәлiмдiк
тұжырымдар да көптеп кездеседi. Бұларда шешендiк өнерге жетiлу, жақсы
мен жаман адамның айырмасы, жiгiттiктiң, кiсiлiктiң өлшемi, достықты
204
қастерлеу, ғашықтық пен жар сүюдiң мәселелерi әрi тартымды, нанымды
баяндалады.
1985 жылы Базар жыраудың «Өлеңдер мен дастандар» атты жинағы
жарық көредi. Оның әдеби мұрасын жинап жариялауда Ә.Диваев,
С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан еңбек еттi. Ақын Мағжан Жұмабаев Базар жырау
шығармашылығын жоғары бағалап, мақала жазды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Базар Оңдасұлы. «Дүниенi қудым екiленiп»; «Нұсқасыз сөзiм жоқ едi»;
«
Базардың өлiм туралы айтқаны»; «Әуелде, әуел аспандай», «Жоғарыдан
төменге»; «Арқаның сары белiнде»:[өлеңдер] //ХIХ ғасырдағы қазақ
поэзиясы. – Алматы, 1985. – 229-234 б.
Балқы Базар жырау Оңдасұлы (1842-1911). Екi талай жер болса; Сөйле
десең сөйлейiн; Өзiмдей-ақ ұл туар; Әлi де сенде арман жоқ (Көңiл айту);
Тiлек; Әр нәрсенiң парқы бар; Азамат: [өлеңдер] //ХIХ ғасыр әдебиетi:
Хрестоматия. 6-шы кiтап /құраст. Х.Сүйiншәлиев.– Алматы, 1992–108-116 б.
Базар жырау Оңдасұлы Өтемісов (1842-1911) //Дау шешедi дана сөз. –
Алматы, 1996. – 148-151 б.
Базар жырау (1842-1911). Өмiрi мен творчествосы туралы анықтама //Бес
ғасыр жырлайды: ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-
жырауларының шығармалары. Т.2. – Алматы, 1984. – 276 б.
Базар жырау Оңдасұлы. Шығармалары /құраст. Ж.Алдашев. – Алматы,
1986. –
499 б.
Базар Оңдасұлы. Өлеңдер //ХIХ ғасырдағы қазақ поэзиясы /құраст.
Ә.Дербiсалин, Б.Адамбаев, Б.Ақмұқанова. – Алматы, 1985. – 229-234 б.
Ол туралы:
Базар жырау Оңдасынұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. –
Алматы:Білік, 1999. – 143 б.
Базар жырау Оңдасұлы, Балқы Базар //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 107 б.
Базар жырау Оңдасұлы //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.2. –
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 46 б.
Базар жырау (1842-1911) //Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. Т.4. –
Алматы, 1989. – 162-163 б.
Базар жырау Оңдасұлы (1842-1911) //Қазақтар. Көпшiлiкке арналған
тоғыз томдық анықтамалық. 2 том.- Алматы, 1998. – 121 б.
Базар жырау (1842-1911) //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы (ҮI
ғасырдан ХХ ғ. басына дейiнгi кезең) Т.1.- Алматы, 1994. - 180-181 б.
Базар жырау //Қазақстандағы білім мен педагогиканың даму тарихы (ҮІ-
ХХ ғғ.) І бөлім: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші. – Алматы:Зият
Пресс, 2004. – 39-41 б.
Алдашев Ш. Базар жырау (1841-1911): [өмiрi мен творчествосы]
Ш.Алдашев //Базар жырау: Шығармалары. – Алматы, 1986. – 5-20 б; II том.
Тарихи тұлғалар. – 121-122 б.
205
Алдашев Ш. Жыр күмбезiн көтерген:[Базар жырау туралы]
/ Ш.Алдашев //Жалын. – 1993. - № 7. – 59 б.
Жазушы, ақын, публицист, журналист,
қоғам қайраткері
Мұхамеджан Сералиннiң
туғанына 145
жыл (1872-1929).
Мұхамеджан Сералин Қостанай облысы Қарабұлақ ауданында туған.
Троицк қаласындағы медреседе оқыған, кейiннен 1891 жылы Қостанайдағы
2 кластық орыс-татар мектебiн бiтiрген. Арал маңында мұғалiмдiкпен
айналысады. Оқытушылық қызметтi қазақ мектебiнде бастауы оның
ағартушылық, педагогтық көзқарасының қалыптасуына зор әсер етедi.
Ұлттық мектеп пен халықтың мәдени тұрмысының нашарлығы ағартушылық
бағытта нақты шаралар ойластыруға мәжбүр еттi. Соның нәтижесiнде 1911
жылы демократтық бағыттағы қазақтың тұңғыш журналы «Айқапты»
шығарады және оның редакторы да өзi болады. 5 жыл iшiнде «Айқап»
журналы айналасына iлгерiшiл қоғам қайраткерлерiн топтастыра отырып,
қарапайым халық арасында ағартушылық мiндет те атқарады.
1919-
1921 жылдары «Ұшқын» газетiнде жұмыс iстейдi. 1921-1922
жылдары Шұбар болысының төрағасы болды. 1923 жылы Қостанай
губерниясына губатком төрағасының орынбасары ретiнде аттанады. Бұл
жерде «Ауыл» газетiн ашып, 1923-1926 жылдары осы газеттiң редакторы
болды.
М.Сералин «Бiздердiң бұрынғы Һәм қазiргi халiмiз», «Жер әңгiмесi»,
«Емле мәселесi» т.б. көптеген мақалалар жазған. Мақалалары қазақ халқын
отырықшылдандыру, ұлтық мектеп ашып, оны белгiлi бiр жүйеге түсiру,
ғылым-бiлiмдi игеру және орысша тiл бiлудi парыз деп санайды.
М.Сералин «Топ жарған», «Гүлқашимада» поэмасын жазады, сонымен
қатар Фирдаусидiң «Шахнама» дастанын, В.А.Жуковский аударған «Рүстем
Зораб» бөлiмiн, А.С.Сорокиннiң «Жусан» повесiн қазақ тiлiнде тәржiмалады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Сералин М. Топ жарған: Шығармалары /Құраст. Т.Әбдiрахманов
/М.Сералин. - Алматы: Жазушы, 1985. – 168 б.
Сералин М. Емле мәселесi (үзiндi).Бiздердiң бұрынғы һәм қазiргi халiмiз
//Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. Т.2. /құраст. Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев /М.Сералин – Алматы, 1998. – 45-48 б.
Сералин М. Шаһар Троицк, март, 1912 жыл /М.Сералин //Атамекен. –
1994. –
14 сәуiр.
Сералин М.. Топжарған (Хикая) //Бес ғасыр жырлайды: ХҮ ғасырдан ХХ
ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Екi
томдық. Т.2. /М.Сералин. –Алматы, 1989. – 388-403 б.
206
Ол туралы:
Мұхамеджан Сералин (1872-1929):[Өмiрi мен творчествосы туралы
анықтама] //Бес ғасыр жырлайды: ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне
дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. Т.3. – Алматы,
1984. –
207 б.
Мұхамеджан Сералин (1872-1929) //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр
антологиясы (ХХ ғ.20 жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең). Т.2. /құраст.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы, 1998. – 44-45 б.
Мұхамеджан Сералин //Қазақтар. Көпшiлiкке арналған тоғыз томдық
анықтамалық. Т.2.- Алматы, 1998. – 144-145 б.
Сералин
Мұхамеджан
//Қазақ
әдебиеті:
Энциклопедия.
–
Алматы:Білік,1999. – 595 б.
Сералин Мұхамеджан //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.
–
Алматы: Аруна, 2005. – 472 б.
Еленова Ә. Мұхамеджан Сералин //Қызыл қырғын. 37-де опат болғандар
/
құраст. Қ.Қасенов, Ә.Төреханов /Ә.Еленова. – Алматы, 1994. – 13-16 б.
Кенжебаев Б. Қайраткер, ақын, журналист:[М.Сералиннiң творчествосы
және поэмалары] /Б.Кенжебаев //Кенжебаев Б. Әдебиет белестерi.
Зерттеулер, мақалалар. – Алматы, 1986. – 200-214 б.
Сүйінов Е. Ұлт қамқоры болған тұлға: (Мұхамеджан Сералин туралы
ойтолғау) /Е.Сүйінов //Ана тілі. – 2003. – 26 маусым.
Ағартушы, қоғам қайраткері, заңгер,
фольклорист
Қалжан Қоңыратбаевтың
туғанына 140
жыл (1877-23.07.1940).
Қалжан Қоңыратбаев 1877 жылы бұрынғы Сырдария губерниясы,
Ақмешіт уезі, Шиелі болысы, Керделі деген жерде туған. Жасында ескіше
хат танып, Қарнақ медресесі, Түзем орыс мектебін бітірген. 1914-1915 жж.
Керделі жерінен мектеп ашып, ауыл балаларын оқытқан. 20 жылдары
Сырдария, Жетісу аймақтарына Түркістан фольклор экспедицияларын
ұйымдастырып, жетекшілік жасаған. Шиелі облыстық кеңесінің 2 дүркін
депутаты, халық ағарту комиссариаты мектеп бөлімінің меңгерушісі. 1924 ж.
Ақмешіт уездік ХІ-ХІІ съездерінің делегаты, атқару комитетінің президиум
мүшесі. 1924-1926 жж. Ақмешіт уезі 3-бөлімшесінің халық соты. «Қазақ»
газеті, «Айқап» журналының Сырдария губерниясының арнаулы тілшісі әрі
таратушысы. Осы басылымдардың бетіне мақалалары мен өлеңдері басылып
тұрды. Сонымен бірге «Ақжол», «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ», «Сыр
бойы» басылымдарының тұрақты тілшісі. 1917 ж. 5 қаңтарда Түркістанда
өткен Сырдария алашордашы съезінің делегаты. 1931-1933 жж. Алматыда
«Қол туралы», «Түйе тұқымын асылдандыру» деген кітапшалары жарық
көрді. 1934-1937 жж. Шиелі ауданы «Қызыл Ту» колхозында қызыл үй
меңгерушісі болып қызмет атқарған. Алашорда мүшесі. Репрессия құрбаны.
1937 ж. 30 желтоқсан күні қамалып, 1940 ж. 23 шілдеде Хабаровск өлкесі,
207
Советская гавань, № 22 Амурлаг түрмесінде қайтыс болған.1956 жылы
азаматтық, 1993 жылы саяси тұрғыдан толық ақталған.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Қоңыратбаев Қ. Пайғамбар заманы: оқулық /Қ.Қоңыратбаев. –Орынбор.
1915.
Қоңыратбаев Қ. «Қазақ» туралы. Өлең. Айтыс. Өлең. Қой туралы
/Қ.Қоңыратбаев. –Алматы, 1932.
Қоңыратбаев Қ. Түйе тұқымын асылдандыру туралы /Қ.Қоңыратбаев.-
Алматы, 1934.
Ол туралы:
Қоңыратбаев Қалжан Қоңыратбайұлы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.
–
Алматы: Білік, 1999. – 420 б.
Қоңыратбаев
Қалжан
Қоңыратбайұлы
//Қазақ
әдебиеті:
Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 332 б.
Қоңыратбайұлы Қалжан //Қазақ жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық.
Алматы: Ана тілі, 2004. – 189 б.
Педагог, қоғам қайраткерi, Қазақ АКСР Халық
ағарту комиссары (1921-1922),
Аспандияр Кенжиннiң
туғанына 130
жыл (1887-1938)
Аспандияр Кенжин Гурьев (Атырау) қаласында туған.Орынбор
мұғалiмдер мектебiн бiтiрген. 1905–1917 жылдары Темiр қаласындағы
училищеде оқытушы болып жұмыс iстеген.
1917 –
1919 жылдары Кенжин – «Алаш» партиясының белсенді мүшесi.
Темір уезі земство басқармасының төрағасы, Алашорданың Торғайдағы
әскери кеңесінің мүшесі болды. «Қазақ» газетінің телшісі болды.
Кенжин 1918 ж. Орал облысы қазақтарының Қаратөбе съезінде «Ақ
жол» атты партия құрушылардың бірі болды. Алашорданың дипломатиялық
қызметін атқарып, ақтармен (Колчак), қызылдармен (Ә.Жангелдин) келіссөз
жүргізді. 1920 жылы РК(б)П мүшелігіне кіріп, оның Қазақ өлкелік
комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
1921 –
1922 жылдары Қазақ АКСР Халық ағарту комиссарының
орынбасары, кейiн Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары болып iстейдi.
1922 –
1938 жылдары жан-жақты жетiлген өз халқының талантты ұлы
Аспандияр Кенжин халық шаруашылығының әралуан салаларында табысты
басшылық жасады. Сауда комиссары, Қызылорданы республика астанасына
айналдыру жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы («Кенжин
комиссиясы»,1926), Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы,
Семей ет комбинаты құрылысының бастығы, КСРО Халық комиссарлары
кеңесі жанындағы Дайындау комитетінің (Комзаг) Түрікменстандағы уәкілі,
Орынбор «Облтерідайындау» мекемесі директорының орынбасары
қызметтерін атқарды. Саяси қуғын-сүргінге ерте ұшырап, үш рет
(1921,1932,1936
ж.) партия қатарынан шығарылды.
208
1938 жылы қуғын – сүргiнге ұшырап, «халық жауы» ретінде айыпталып,
қаза тапты. 1990 ж. ақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |