Қыркүйек
15 жұлдыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас
мүфти
(200-2013)
,
шығыстанушы,
филология
ғылымдарының докторы, профессор
Әбсаттар қажы
Дербісәлінің туғанына 70 жыл (15.09.1947).
Дербісәлі Әбсаттар қажы 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түлкібас ауданында туған. 1969 ж. Шымкент педагогикалық институтының
филология факультетін бітірген. 1970-1975 жж. КСРО Ғылым академиясы
Мәскеу шығыстану институтында біліккер, аспирант. 1975-1976 жж. Тунис
университетінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өткен.
1976-
1977 жж. ҚР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының ғылыми қызметкері, 1977 жылдан Қазақ мемлекеттік
университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті
133
деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі,
1986-
1988 жж. КСРО ҒА Мәскеу Шығыстану институтының докторанты,
1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 жж. Тілдер және
халықаралық байланыс жөніндегі проректор, 1997-2000 жж. Сауд Арабиясы
Корольдігіндегі ҚР елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарды. 1-сыныпты
кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 жылдан 2013 жылға дейін
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти болды.
Қазір Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры.
1977 ж. «Араб тілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта
кандидаттық, 1988 жылы – «ҮІІІ-ХХ ғасырлардағы араб тілді Марокко сөз
өнерінің эволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
1989 жылдан профессор, 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Жоғары
мектеп Ғылым Академиясының академигі.
Ә. Дербісәлінің қаламынан араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен әдебиеті
және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірінің проблемаларына қатысты 300-ге
жуық теориялық және практикалық мәні бар ғылыми және ғылыми көпшілік
еңбектер туған. Араб тілді Марокко әдебиетінің тұтас тарихын жазып
шықты. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы
жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. Х-ХІІІ ғасырда өмір сүрген 50-ге
жуық ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерін ғылыми айналымға енгізді.
Бірқатар араб елдері жазушыларының әңгіме, новеллаларын араб тілінен
қазақ тіліне аударды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен
шығармашылығын зерттеп, Үндістан мен Пәкістанға арнайы барып, Кашмир
өлкесінен ғалымның зиратын тауып, ондағы құлпытасының құпиясын
шешті. Ғұламаның қолжазбасы бойынша «ЖиҺаннаме» атты поэмасын
шағатай тілінен тәржімалап, баспаға дайындады.
Бас мүфти ретінде Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан тұңғыш рет
республикалық жарыс ұйымдастырды.
Ә.Дербісәлі «Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақ тілі» қоғамының «Ана тілі» медальдарымен
марапатталған.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Дербісалиев Ә. Шыңырау бұлақтар. Зерттеулер мен мақалалар
/Ә.Дербісалиев. – Алматы: Жазушы, 1981.
Дербісалиев Ә. Араб әдебиеті. Классикалық дәуір /Ә.Дербісалиев.
-
Алматы: Мектеп, 1982.
Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Тарихи-филологиялық
зерттеу /Ә.Дербісалиев.- Алматы: Рауан, 1995.
Дербісалиев Ә. Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірбаяндық-библиографиялық
анықтамалық.М.Х.Дулати қоғамдық қоры /Ә.Дербісалиев. – Алматы: 1999.
Дербісәлі Ә. «Байлыққа жақындаған иманнан алыстайды»: [Әбсаттар
қажы Дербісәлімен сұхбат] /әңгімелескен Ә.Меңдеке //Ислам және өркениет.
2005. -
№ 3. наурыз.
134
Дербісәлі Ә. Даланың дана перзенттері: [Отырар, Жент, Исфиджаб,
Сайрам, Тараз, Баласағұн ғұламалары жайлы жаңа деректер] /Ә.Дербісәлі
//Жалын. - 2004. - № 11. – 68-86 б.
Дербісәлі Ә. Дін адамзаттық заңдылық /Ә.Дербісәлі //Жалын. – 2004. -
№ 2. – 59-60 б.
Дербісәлі Ә. Дінаралық түсіністік – тұрақтылықтың бір кепілі /Ә.Дербісәлі
//Егемен Қазақстан. – 2003. – 13 ақпан.
Дербісәлі Ә. Америкадағы ислам /Ә.Дербісәлі //Егемен Қазақстан. – 2003.
–
28 мамыр.
Дербісәлі Ә. Ғұламаның шапағаты: Естелік: [ғалым Ақжан Машановтың
туғанына 100 жыл толуына орай] /Ә.Дербісәлі //Қазақ әдебиеті. – 2003. – 13
маусым.
Дербісәлі Ә. Бесінші парыз: [Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы Ә.Дербісәлімен сұхбат] /сұхбаттасқан О.Өмірбек
//Қазақстан Заман. – 2003.- 24 қаңтар.
Дербісәлі Ә. Діндераралық үнқатысу – бейбітшілік кепілі (Діндер съезі
қарсаңында) /Ә.Дербісәлі //Егемен Қазақстан. – 2009. – 30 маусым.
Дербісәлі Ә. Діндераралық үнқатысу – бейбітшілік кепілі (Діндер съезі
қарсаңында) /Ә.Дербісәлі //Егемен Қазақстан. - 2009. – 30 маусым.
Дербісәлі Ә. Отырар және отырарлық ғалымдар (ІХ-ХҮ ғасырлар аралығы)
/Ә.Дербісәлі //Жалын. 2010. - № 9. – 16-31 б.
Дербісәлі Ә. Сейхундария саңлақтары. 1. Орта ғасырлық ойшыл ғалым
Хұсам ад-дин ас Сығнақи (? – 1311(1314)) /Ә.Дербісәлі //Жалын. 2010. -
№ 10. – 27-43 б.
Дербісәлі Ә. Қазақстан – Батыс пен Шығыстың алтын көпірі (Ислам
Конференциясы Ұйымы және Қазақстан) /Ә.Дербісәлі //Егемен Қазақстан. –
2010. –
14 желтоқсан.
Дербісәлі Ә. ИКҰ: кеше және бүгін: [Ислам Конференциясы ұйымы және
Қазақстан] /Ә.Дербісәлі //Ақиқат. – 2011. - № 3. – 20-25 б.
Дербісәлі Ә. Рухын сүйген қайраткер (көрнекті мемлекет қайраткері,
ғалым Өзбекәлі Жәнібеков жайлы жадымдағылар) / Ә. Дербісәлі //Жалын. -
2012. -
№ 3. - 32-41 б.
Дербісәлі Ә. Дулати және Қазақ хандығы: [Мұхаммед Хайдар Дулати
Қазақ хандығының құрылуын баяндайтын мол мағлұмат қалдырған]
/
Ә. Дербісәлі // Егемен Қазақстан. - 2016. - 9 қаңтар.
Дербісәлі Ә. Ізгілік пен бірлікке бастаған басқосу: [2016 жылы өткен дін
қайраткерлерінің дәстүрлі құрылтайы туралы] /Ә.Дербісәлі //Ақиқат. – 2016.
-
№ 1. – 17-21 б.
Ол туралы:
Дербісалиев Әбсаттар //Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр:
Анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. – 99 б.
Дербісалиев Әбсаттар //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. - Алматы: Білік,
1999. – 196-
197 б.
135
Дербісәлі Әбсаттар қажы //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық
анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 157 б.
Дербісалиев Әбсаттар //Түркістан: Халықаралық энциклопедия. –
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000. – 275 б.
Дербісәлі Әбсаттар қажы //Қазақстан: Ұлттық Энциклопедия. Т.3 –
Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 201-202 б.
Дербісәлі Әбсаттар қажы //Оңтүстік Қазақстан: Энциклопедия. –
Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 178-179 б.
Әшімов А. Ғұлама: [ғалым, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі
туралы] / А. Әшімов// Егемен Қазақстан. - 2012. - 31 қазан.
Әшімов А. Рухани басшы: [бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі туралы
бірқыдыру сыр] / А. Әшімов // Мәдениет. - 2012. - № 11. - 28-33 б.
Омарұлы Б. Әбсаттар ағаның әлемі: [ғалым, бас мүфти Әбсаттар
Дербісәлі туралы] / Б. Омарұлы // Ана тілі. - 2015. - 15-21 қаңтар.
21 қыркүйек – Дүниежүзілік
бейбітшілік күні
Бұл атаулы күн 1982 жылдан бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
Бас Ассамблеясының шешімімен қыркүйектің үшінші сейсенбісінде аталып
өтіледі.
1981 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 34-ші сессиясында БҰҰ-ның
Жарғысына сәйкес ұйымның негізгі мақсаты - ұлттық және халықаралық
деңгейде бейбітшілікті қолдау екендігі еске алынды және әлемнің ұлттары
мен ұлыстары арасында бейбітшілікті нығайтуға және мерекелеуге арналған
күн белгілеуге шешім қабылданды.
2001 жылы қыркүйектің 7-сінде БҰҰ-ның бас Ассамблеясы
Халықаралық бейбітшілік күнінің маңызын арттырып, барлық әлемдегі
жауласып жатқан тараптарды жыл сайын Бүкілдүниежүзілік оқ атуды
тоқтату күнін атап өтуге шақырды.
Осы мереке туралы оқушыларға мағлұмат беру мақсатында
сыныптарда сынып сағаттарын, әңгімелер өткізуге болады. Халықаралық
бейбітшілік күнінің маңызы мен мақсаты, қазіргі кездегі Дүниежүзіндегі
бейбітшілікті нығайтуға қосылып жатқан шаралар туралы, соғыс
зардаптары, атом полигондарының адамзатқа әкелетін зияны туралы толық
түсіндіріп өту керек. Осы мақсатта «Жер мен ел жарасын қалай
сауықтырамыз?» атты Семей полигонының зардаптары туралы конференция-
сабақты алуға болады.
Мұғалім «Полигон» бейнетаспа сюжетін көрсету арқылы қазіргі
кездегі Семей өңірінің жағдайын баяндайды және де интерактивті тақтаны
қолдану арқылы Қазақстанның көптеген экологиялық аймақтарына тоқтала
келе, Семейдегі радияцияның зардаптары туралы суреттер, слайдттар
көрсетеді. Оқушылар өздерінің дайындап әкелген «Жер–Ана жыламасын»,
тақырыптағы баяндамаларын оқиды.
136
ӘДЕБИЕТТЕР:
Назарбаев Н. Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген оқиға ешуақытта
қайталанбауы тиіс: [Семейде ядролық полигонда сынақтар тоқтатылуының
20 жылдығына арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзі] /Н. Назарбаев
//Егемен Қазақстан. - 2009. - 19 маусым.
Назарбаев Н. Қазақстан еуропалық қауіпсіздіктің байланыстырушы
буынына айналуға әзір! /Н. Назарбаев //Айқын. - 2010. - 2 желтоқсан.
Әбдіхалықова Ғ. Семей полигонының зардаптары: [Семей
полигонының жабылғанына 20 жыл толуына байланысты өткізілген
конференциялық сабақтағы шығармашылық топтардың ой-пікірлері,
көзқарастары, тұжырымдары және түйінді сөздері] / Ғ. Әбдіхалықова // Қазақ
тарихы. - 2011. - № 4. - 52-54 б.
Байқадиұлы С. Жер мен ел «жарасын» қалай сауықтырамыз?: [Семей
полигонының зардаптары туралы] / С. Байқадиұлы // Қазақстан-Заман . -
2012. -
№15. - 12 сәуір.
Байқадиұлы С. Ажал апаны әкелген қасірет: [Семей ядролық
полигонының зардаптары туралы] / С. Байқадиұлы //Егемен Қазақстан. -
2012. -
22 тамыз.
Бәкір Ә. Сойқанға қарсы шыққан Сужиков: Семей ядролық полигоны
туралы орталыққа хат жазғаны үшін қудаланған Семей облыстық партия
комитетінің бірінші хатшысы Мұхамедғали Әленұлы Сужиков туралы]
/ Ә. Бәкір// Астана ақшамы. - 2014. - 30 тамыз.
Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы. 30 мамырда Астанада
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІҮ съезі ашылды //Егемен
Қазақстан. – 2012. – 31 мамыр.
Боранқұлов Қ. Тәуелсіздік гүлі (мектеп сахнасына арналған пьеса)
/ Қ. Боранқұлов // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2014. - № 12. - 65-
68 б.
Бықай Ф. Полигонның зардабы: [Семей ядролық сынақ полигоны]
/ Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. - 2012. - 11 қыркүйек.
Кәрімов А.М. Елбасы Семей полигонын жапты: [Семей полигонының
жабылғанына 20 жыл] / А. М. Кәрімов // Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. -
2012. -
№1. - 3-6 б
.
Көбенов І. Қарусызданудың қазақстандық үлгісі: [Семей ядролық
сынақ полигонының қасіреті туралы] / І. Көбенов // Егемен Қазақстан. - 2012.
-
28 тамыз.
Күйіков К. Адамдар ядролық сынақтың ақиқаты туралы білуі шарт:
[Кәріпбек Күйіков, Атом жобасының Құрметті елшісі, Семей ядролық
полигонының зардаптары туралы әңгімелейді] /дайындаған Еркін Қалдан
/ К. Күйіков // Айқын. - 2014. - 27 тамыз.
Күйіков К. Ядролық тажалды жеңген елімді мақтан тұтамын!:
[антиядролық қозғалыс белсендісі, танымал суретші Кәріпбек Күйіковпен
әңгіме/әңгімелескен Е.Сенбай] / К. Күйіков // Айқын. - 2016. - 26 тамыз.
137
Құланбай Ә. Қарусызданудың жаһандық жаңа кезеңі Семей
полигонын жабудан басталды. / Ә. Құланбай // Егемен Қазақстан. - 2012. - 30
тамыз.
Мәдиева С. Толеранттылық - бейбітшілік кепілі / С. Мәдиева
// Егемен Қазақстан. - 2015. - 16 маусым.
Оспанбай А. Ядролық арсеналдан бас тартқан Қазақстан әлем
халықтарының құрметіне ие болды / А. Оспанбай// Түркістан. - 2016. - 25
тамыз.
Сисенбаева А.Т. «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»: [Ұлы Отан
соғысының жеңісіне арналған тәрбие сағат: 3 сыныпқа] / А. Т. Сисенбаева
//Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2013. - № 10.
- 34-
35 б.
Сыздықова Б. Елімнің ертеңі еңселі: [тарихи-танымдық ойын]
/Б.Сыздықова //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 8. – 8-10 б.
Табылды Ә. Жаса, Қазақстаным!: [поэзиялық құрылым] /Ә.Табылды
//Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 11. – 3-5 б.
Табылды Ә. Әрқашан күн сөнбесін (бейбітшілік тақырыбына арналған
әдеби музыкалық кеш) / Ә. Табылды //Мектептегі мерекелер: тәрбие
жұмыстарының сценарийлері. - 2015. - № 8. - 5-6 б.
Тулеубаева Л. Қазақстан тарихы (11-сынып): [Семей атом полигоны
туралы] / Л. Тулеубаева // Средняя школа Казахстана=Қазақстан орта
мектебі. - 2015. - № 8-9. - 19-20 б.
27 қыркүйек -Дүниежүзілік
туризм күні
Дүниежүзілік туристік ұйым — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми
туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік
туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге
бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық
өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай
құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу.
Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері —
Мадрид қаласы (Испания). Дүниежүзілік Туристік Ұйым - Біріккен Ұлттар
Ұйымының мекемесі болып табылады.
1980 ж. бастап, Дүниежүзілік Туристік Ұйым мүшелері жыл сайын 27
қыркүйек күні Дүниежүзілік туризм күнін атап өтеді. Мерекені атап өтуге
қатысты іс-шараларға: сан қилы шерулер, концерттер, туристік жәрмеңкелер,
семинарлар, мерекелік астар, би кештері және мұражайларға тегін кіру ,
сонымен қатар, туризмнің маңыздылығын атап көрсететін шараларға
халықты тартатын орындарды көрсету кіреді.
27 қыркүйек күні «Халықаралық туризм күніне» орай «Жас турист»
байқауын өткізуге болады. Аталған байқаудың аясында балалар келесі
тапсырмалар орындайды: командалардың сап түзеуі, онда сыртқы түрлері,
біріңғай формалары, таныстыру есепке алынады; палаткаларды құрастыру
138
және жинастырудан, уақытқа от жағудан сайыс; «Өткел», «Тұрған
орындарын бағдарлай білу» спортық сайыстары, туристік әндерді үздік
орындау конкурсы. Байқаудың мақсаты - өңірде балалар мен жасөспірімдер
туризмін дамыту, дені сау өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Жүлдегерлер
дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қаулы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009-2011
жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы: Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсан № 1208 қаулысы / Қазақстан Республикасы.
Үкімет. Қаулы //Егемен Қазақстан. - 2009. - 31 қаңтар.
* * *
Асубаев Б. Алакөлдегі туризмді дамытудың қазіргі жағдайы
/ Б. Асубаев, Ж. Тоғызбаева // География және табиғат. - 2012. - №3. - 12-16 б.
Бекбаева Г.Н. Қазақстан Республикасының туризмі және туристік
нысандары /Г. Н. Бекбаева //Қазақстан Географиясы және экология =
География Казахстана и экология . - 2011. - №5. - 7-9 б.
Карменова Н. Қазақстандағы туризмді дамыту: [экологиялық туризм]
/Н.Карменова, Ұ.Ходжаева //География және табиғат. – 2014. - № 3. – 3-6 б.
Карменова Н. EXPO - 2017 көрмесі - Астана қаласының туризмін
дамыту мүмкіндіктері / Н. Карменова, А. Сатыбалдиева, Ұ. Ходжаева
// География және табиғат. - 2015. - № 1. - 3-6 б.
Қасымова Қ. Қазақстанның туризмдегі үлесі: [халықаралық туризм түрі
туралы] /Қ.Қасымова //География және табиғат. – 2014. - № 3. – 38-39 б.
Қинаятова
Ж.М. Қазақстандағы
емдік-сауықтыру
туризмі
/ Ж. М. Қинаятова // Бастауыш мектеп. - 2012. - №2. - 12-14 б.
Молдахметұлы Ж. Қазақстанда туризм қашан дамытылмақ?: [қазіргі
Қазақстандағы туризмнің мәселелері туралы] / Ж. Молдахметұлы //Айқын. -
2014. -
17 шілде.
Нарбулова Н.К. Туристік-өлкетану, экологиялық қызметті халықтық
педагогикамен байланыстыру арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу
/ Н. К. Нарбулова //Білім берудегі менеджмент=Менджмент в образовании. -
2012. -
№ 4. - 112-115 б.
Рахимова Ә. Туризмнің дамуындағы топонимикалық зерттеудің рөлі
/Ә.Рахимова //География және табиғат. - 2011. - №2. - 7-11 б.
Сатыбалдиева А. Қазақстан туризмі: жетістіктері мен болашағы
/ А. Сатыбалдиева, А. Қасен //География және табиғат. - 2012. - №2. - 22-25 б.
Смайыл А. Мектеп туризмін қалыптастыруды жүзеге асырайық
/ А. Смайыл // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 қыркүйек.
139
Қыркүйек
28 жұлдыз
Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-
ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы,
профессор, академик
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың
туғанына 120
жыл (28.09.1897-27.06.1961).
Әуезов Мұхтар Омарханұлы 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында
дүниеге келдi.
Атасы Әуезден оқып, хат таныған. Ол кiсiнiң бiр тәуiрi – шәкiрттерiн тек
дiни кiтаптар соңына салып қоймай, сонымен қоса Абай шығармаларын
жаттатқан. М.Әуезов Самарбай, Қамалиддин хазiреттен де дәрiс алады.
Самарбай молда арапша, парсыша оқытты. Бұдан әрi Қасымбек ағасы оны
бес сыныптық орыс мектебiне бередi. Бұл мектептi бiтiргеннен кейiн 1919
жылы Семейдегi мұғалiмдер семинариясын бiтiредi.
1917 жылдан бастап газет беттерiнде мақалалары жариялана бастады.
1928 жылы Ленинград университетiн, 1930 жылы Ташкенттегi Орта Азия
мемлекеттiк университетiнiң Шығыс факультетi жанындағы аспирантураны
бiтiредi. Бұдан кейiнгi жылдары Қазақ Педагогикалық институтында, Қазақ
мемлекеттiк университетiнде сабақ бередi. Ғылымдық, педагогтiк, қоғамдық
жұмысын жазушылығымен қатар қайыспай алып жүре бiлген ол профессор,
доктор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигi атағын алды.
М.Әуезов оқулықтар, хрестоматиялар, бiрiншi сынып шәкiрттерiне
арналған әлiппелер де жазып шығарды. Бұл кiтаптарды өзi жазса,
бiрсыпырасын басқа авторлармен қосылып жазды. Қазақстанның ғылыми,
мәдени орындарының әр кезде жарияланған көлемдi-көлемдi еңбектерi,
қалың-қалың жинақтарының талайы М.Әуезовтың қатысуымен шығып
отырды.
Мәдениет, әдебиет саласында зор еңбек еткен М.О.Әуезовке 1949 жылы
«
Абай» романы үшiн Мемлекеттiк сыйлық, 1959 жылы «Абай жолы»
романы үшiн Лениндiк сыйлық берiлдi.
Ол екi реет «Еңбек Қызыл Ту», бiр рет «Ленин» орденiмен және
медальдармен марапатталды.
Қазақстан Ұлтық Ғылым академиясының Әдебиет және өнер
институтына, Қазақтың академиялық драма театрына, Алматыдағы және
Семейдегi көшелер мен мектептерге Мұхтар Омарханұлы Әуезов есiмi
берiлген.
1997 жылы жазушының туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО бойынша
бүкiл әлемде тойланып, егемендi елiмiздiң мерейiн көтерудiң жарқын
көрiнiсiне айналды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея /М.Әуезов. - Алматы: Жетi жарғы,
1997.
1 кiтап – 319 б.
2 кiтап – 352 б.
3 кiтап – 318 б.
4 кiтап – 316 б.
140
Әуезов М.. Шығармаларының елу томдық жинағы / Қазақстан
Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым Академиясының «Әуезов үйi»
ғылыми-мәдени орталығы /М.Әуезов. - Алматы: Ғылым.
Т.1. Мақалалар, пьесалар. – 1917-1920. – 1997. – 470 б.
Әуезов М. Абайды бiлмек парыз ойлы жасқа: [А.Құнанбайұлының
ғұмырнамасы]/М.Әуезов - Алматы: Санат, 1997. – 413 б.
Әуезов М. Абайтану дәрiстерiнiң дерек көздерi: [жоғары оқу орындары
студенттерiне, әдебиетшiлерге арналған оқу құралы /Құраст.Л.Әуезова,
М.Мырзахметұлы] /М.Әуезов - Алматы: Санат, 1997. – 443 б.
Әуезов М. Әдебиет туралы/М.Әуезов . - Алматы: Санат, 1997. – 302 б.
Әуезов М. Көксерек: Повесть: [естияр балалар үшiн] /М.Әуезов - Алматы:
Балауса, 1997. – 40 б.
Әуезов М. Қарам заман: Повесть /М.Әуезов. Алмута: Жазушы, 1997. – 144
б. (на уйгур.яз.)
Әуезов М. Қараш-Қараш оқиғасы: Повесть. –2 бас. /М.Әуезов. - Алматы:
Рауан, 1997. – 254 б.
Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен мақалалар
/
құраст. Н.Ақбаев. - Алматы: Санат, 1998. – 320 б.
Әуезов М. Оқудағы құрбыларыма (үзiндi); Ғылым тiлi; Ғылым;
Философия жайынан; Мәдениет Һәм ұлт; Оқу iсi; Аймақтану, бiлiм арттыру
/М.Әуезов //Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. Т.2./құраст.
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы, 1998. – 202-209 б.
Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы:[А.Байтұрсынов] /М.Әуезов
//Қазақстан мектебi. – 1998. - № 6. – 39-44 б.
Достарыңызбен бөлісу: |