Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапхана Нұрмағамбетова Р. С



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#6118

БӨКЕЙ ХАН

(1747 - 21.5.1815)



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапхана

Нұрмағамбетова Р.С.

Бөкей 1812-1815 жылдары

Бөкей

Ордасының

ханы

атанған тұлға. Ол әйгілі

Әбілқайыр ханның немересі,

Нұралы ханның ұлы.

Бөкейдің тарих сахнасына шығуы 

Кіші жүзде жайылымдық жерлердің 

тарыла түсуінен, жергілікті 

халықтың тұрмыс жағдайының 

әлсіреуі салдарынан елде 

қалыптасқан ауыр ахуалмен тығыз 

байланысты.


Біріншіден, 

шекара шебіне таяу аймақтарда отырған 

қазақтар мал жайылымынан қатты таршылық көрді. Патша 

үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. 

Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан 

көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай 

көшіп кету ықтималдығы пайда болды.

Екіншіден, 

қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына 

қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен 

шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған 

болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен 

тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық 

аралығында босап қалған жерлер болды.

VIII-XIX 

ғасырлардың

аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі 

Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады.

Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.

Үшіншіден, 

Сырым 


Датұлы бастаған 

көтеріліс күшпен 

басып-жаншылған 

соң оған 

қатысушыларға 

сұлтандар мен 

ханның тарапынан 

қатты қысым 

көрсетіліп, қуғын-

сүргін жиілеп кетті.



Төртіншіден, 

Пугачев пен 

Датұлы бастаған 

көтерілістер аяусыз басып-

жаншылғаннан кейін 

патша үкіметі бұрыннан 

белгілі «бөліп ал да, билей 

бер»

деген империялық 

пиғыл принципі бойынша 

біртұтас Кіші жүзді 

әлсіретуге тырысып бақты, 

Әбілқайыр ханның 

ұрпақтары болып 

табылатын бірнеше топтың 

арасында тақ таласын 

шиеленістіре түсті.

Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің 

солтүстігінен Ырғыз өзеніне дейінгі жазықты 

бірнеше жыл Еділ Қалмақтары мекендеді. 

Олардан бұрын да бұл далада қазақ рулары 

көшіп-қонып жүрді. Бертін келе патша үкіметі 

Орал казак әскери басшылары қазақ 

ауылдарына Жайықтан өтуге әлденеше рет 

тыйым салып көрді. Ол үшін әскер күшін де 

пайдаланды. Бірақ оған қарамай жеке рулар, 

ауылдар көшіп келіп, қоныстанып жүрді. 1771 

жылы Еділдің бойын мекендеген қалмақтар 

Жоңғарияға қарай көшіп, Еділ мен Жайық 

арасындағы дала босап қалды. Бұл жерді Кіші 

жүз рулары мекендеді. Орал казак әскері 

қазақтарға маза бермеген соң, қоныстануға 

жоғарыдан ресми құжат қажет болды.

Қазақ халқының тарихында халқының қамын

жеп, оның ертеңі үшін алаңдап, елдің тұтастығы

үшін тер төккен тұлғалар ерекше орын алады.

Олардың қатарында Бөкей Ордасының негізін

қалаушы – Бөкей Нұралыұлының (1747-1815 жж.)

орны бөлек. Бөкей Нұралыұлы туралы алғашқы

деректер ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы

құжаттарда кездеседі. Бұл, әрине, аталған

тұлғаның ақсүйектер тұқымынан шығуымен,

сондай-ақ хан Нұралы Әбілқайырұлының ұлы

болуымен де байланысты еді. Ал ХVІІІ ғасырдың

90-


жылдарындағы мұрағат құжаттарынан Бөкей

сұлтанның

тұлға

ретінде


қалыптаса

бастағандығын байқаймыз.



1797 жылы қазанда Айшуақ сұлтан 

таққа отырып, ал Бөкей Нұралыұлы Хан 

кеңесі төрағалығына бекітілді. Бұл оның 

беделінің артуына, қазақ даласындағы 

саяси тұлғалар қатарына қосылуына әкеліп 

соқты. Алайда осы кезеңде Нұралы 

ұрпақтарының барлығы бірдей Бөкей 

сұлтанды қолдай қоймады. Бұл ел ішіндегі 

жағдайға және ақсүйек өкілдерінің жеке 

бас мүддесімен де тығыз байланысты еді.



ХІХ ғасыр басында Бөкей сұлтан Еділ-

Жайық аралығын иелену мүмкіндігі

пайда болғанын есепке алып, бар күшті

патша үкіметімен келісімге жұмсады.

І Павелдің 1798 жылғы 23 тамыздағы

Нарын құмында көшіп-қону рұқсатын

қанағаттандыру

туралы


жарлығын

заңдастыруға, не болғанда да қазақ

руларын өзі бастап көшуге әрекет

жасады.


Қарауындағы өзіне сенген халықтың қамын ойлаған

ол, патша шенеуніктерімен жақсы қарым-қатынастарын

және Кіші жүздегі Айшуақ ханға ақыл айтатын Хан

кеңесінің төрағасы екендігін пайдаланып, олармен

кездесуде осы мәселені көтерумен болды. Осындайда

онымен әрқашан достық қатынаста болып келген

Астрахан казак әскерлерінің командирі, полковник

П.С.Попов оған Жайық пен Еділ арасындағы бұрын

ноғайларға қараған, кейініректе қалмақтардың қарауына

өткен, ал олардың үлкен бөлігі шығысқа қоныс аударған

соң, 1771 жылдан бері шын мәнінде иесіз жатқан

алқапты қазақтарға беруді патша ағзамнан өтініп сұрау

туралы кеңес берді. Қисынды логикаға негізделген бұл

ақылды қабыл алған Бөкей сұлтан Кавказ линиясының

командирі, өзімен тығыз байланыс ұстап келген

генерал-лейтенант К.Ф.Кноррингке хат жолдап, одан

өзінің жаңа жайылымдық жер сұраған өтінішін

императорға жеткізуді өтінді.



Ол сұлтанның өтінішін жеделдете Ресей

астанасына жеткізді. Жауап көп кешікпеді. Арада

бір ай өткен соң, яғни 1801 жылдың 11

наурызында император І Павел К.Ф.Кноррингке

Бөкей сұлтанды қол астындағы қазақтарымен

Ресей қол астына қабылдау және олардың көшіп-

қонуларына арнап Жайық пен Еділ арасындағы

Нарынқұм төңірегіндегі аймақтан жер бөліп беру

туралы тапсырма берді.

Қоныстанған аймақта Бөкей сұлтан басқарған 

Кіші Орда құрылды. 


Бөкей сұлтанның көшуі, еліміздің, Ішкі Орда 

тарихының, Еділ-Жайықты қайтару тарихының 

бетбұрысты кезеңі деуімізге болады. Бұл мәселе 

орыс, кеңестік тарихнамада, бүгінгі тәуелсіздік даму 

барысымызда да жан-жақты талқыға түсіп, түрліше 

қорытулар жасалды. Қазақтардың Бөкеймен бірге 

көшуін елдегі алауыздықпен байланыстырған 

Л.Мейер, М.Терентьевтер патша үкіметінің отарлау 

саясатын алға тартып, соның жолында жасалған 

қадам екендігін дәлелдеген. Ал В.Шахматов, 

С.Зиманов, Ж.Қасымбаевтар ішкі-сыртқы саяси 

жағдайды есепке алып, Ресейдің геосаяси 

қадамдарының жүзеге асырылуымен заң жүзіне 

асқандығын И.Ерофеева сынды ғалымдардың 

пікірлерімен ерекшеленеді. 


Алайда бұл арада Еділ-Жайық аралығының

қазақтардың

атамекені

болғандығын,

төл

халқымыздың атақонысына ұмтылғандығын



ескеруіміз керек. Осы орайда «Қазақтар Жайық

өзенінен әрі қарайғы жерді өз жері деп

есептейді» деген ХІХ ғасырдың зерттеушілерінің

сөзі сол кезеңдегі Кіші жүз руларының сан

ғасырлық күрес себебін дәлелдей түседі.


Сонымен, Бөкей сұлтан Кіші жүз ханы

Айшуақтың Хан кеңесі төрағасы бола жүріп,

елімен, мал-жанымен Жайықтың арғы бетіне

көшеді. Бірнеше айға созылған тыңғылықты

дайындығынан соң сұлтан 1801 жылы 20

желтоқсанда, негізінен, өз туысқандарынан

тұратын 183 шаңырақты ішкі тарапқа бастап

өтеді.


Зерттеуші

И.Бирюковтың

келтірген

мәліметі бойынша, осы көште 740 адам, 1366 ірі

қара, 24 түйе, 3300 жылқы, 1250 қой есепке

алынған. Демек, әр шаңыраққа – 82, әр жан

басына 8 бас малдан келген. Ізінше Кіші жүз

қазақтарының өзге де шаңырақтары Қосөзен

аралығына ат басын бұрған.


Бөкей сұлтанды ашық қолдаған алғашқы 

көшіп келушілер арасында бұрынғы Кіші жүз 

ханы Есім Нұралыұлының Сары, Ниетәлі, 

Айдынғали атты ұлдары, сұлтан Шығай 

Нұралыұлы секілді беделді тұлғалар кездеседі. 

Олардың барлығы да өз отбасыларымен, дүние-

мүліктерімен көшіп келген. Ал 1802 жылы 

шеркеш руының старшыны Бекмұхаммед 

Тұрмамбетов өзіне қарасты шаңырақтарды 

Жайық өзенінің оң жақ бетіне өткізген. Аталмыш 

старшынмен бірге туған інілері Жақып пен 

Бекболат та өз отбасыларымен ішкі бетке 

тұрақтаған. 


1801-

1803 жылдары Самар 

даласында қоныстанғандар арасынан 

беріш руының старшыны Жүзбатыр, 

ноғай руының старшындары 

Мәмбетқазы мен Кенжәлі 

Құрманқожаевтарды кездестіреміз.


Патша жарлығында Бөкей қарамағы болып Еділ-

Жайық арасындағы дала, яғни солтүстікте Қара,

Сары өзендерден, оңтүстікте Каспий жағалауына

дейінгі жайлау көрсетілді. Ішкі бетке өткен

қазақтарға Еділ-Жайық аралығындағы жайылым

жақсы таныс болатын. 1801 жылға дейін талас-

тартыспен оны тек қана қыс мезгілінде ғана

пайдаланса, енді жылдың төрт мезгілі жайлайтын

болды. Ал Жайықтың дала бетіндегі қазақтар Нарын

құмын қыс мезгілінде пайдалануын жалғастыра

берді. Оларды реттеу Хан кеңесі төрағасы Бөкейге

жүктелді.

Сөйтіп, Кіші жүз қазақтары атақонысқа ие

болғанымен, екіге бөлінді. Олардың ортасында

Жайық казак-орыстары мен орыс ауылдары,

шекаралық әскерлер қалды.



ХІХ ғасырдың басында Кіші жүз халқы алдында 

Нұралы ұлдары Бөкей мен Қаратай, Айшуақұлы 

Жантөре сұлтандардың арасынан лайықты хан сайлау 

күн тәртібіне енеді. Ресей үкіметі ұзақ ойланбастан 

Жантөре сұлтанды хан тағына бекітуге шешім 

қабылдайды. Бөкей сұлтан Еділ-Жайық аралығындағы 

Ішкі Ордада деген сылтаумен, ал Қаратай «саяси 

сенімсіз» тұлға ретінде хан тағына отыру мүмкіндігінен 

қағылады. Біздіңше, бұл арада тағы да орыс үкіметі 

өзінің отарлау саясатын шебер жүргізе білгендігі – басы 

ашық дүние.

Осылайша, 1805 жылы 1 қыркүйекте Кіші жүз 

хандығына Айшуақ ханның үлкен ұлы Жантөре сұлтан 

тағайындалды. Жаңа хан сайланған соң Бөкей сұлтан 

Хан кеңесі төрағалығы қызметінен босайды. Өйткені 

сұлтанның тұрақты қонысы өзгеріп, оның алдында 

басқа маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу міндеті 

тұрды. Енді Хандық кеңеске Бөкейдің орнына 1806 

жылы Орман Нұралыұлы келеді.


Бөкей сұлтан тұсында бөкейлік қазақтар көршілес 

халықтармен сауда жүргізген. Мәселен, 1803 жылы 23 

желтоқсанда Краснояр төменгі сотының Астрахан азаматтық 

губернаторы князь Д.Тенишевке жолдаған баянхатынан Бөкей 

қазақтары мен Қондырау татарлары арасындағы сауда-саттықтың 

едәуір дамып үлгергендігін байқаймыз. Осы жылдың 28 

қарашасында ауылдық заседатель Машин Матиевке Хомутов 

және Сейітов ауылдарында ұйымдастырылған жәрмеңкелерді 

қадағалау, Бөкей сұлтанның қарамағындағы қазақтардың 

Қондырау татарларымен арадағы сауда мәселесін реттеу 

тапсырылған. Қарастырылып отырған кезеңде қазақтардың 

кейбірі аталған ауылдарда болып, сауда-саттықты берілген 

мерзімнің аяқталғанына қарамастан жалғастыра берген. Бұл іске 

Бөкей сұлтан да мүдделі болды. Айырбас сауда жасау туралы 

рұқсат қағаздарын бере отырып, ол қазақтардың күнделікті 

тіршілігіне қажетті азық-түлік пен тұрмыстық бұйымдарды еркін 

сатып алуына жағдай туғызуды көздеді.


1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы 

Астрахан әскери губернаторының және Орынбор 

шекара комиссиясының құзырына бағынышты 

болып бекітіледі.

1812 жылы Александр I патшаның арнайы 

жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ 

ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді 

ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының 

маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан 

тоғайы» деп аталады.



Бөкей ханның мөрі

Бөкей сұлтан астық пен өзге де қажет өнім түрлерін 

Астрахан қаласынан сатып алып отырған. 1813 жылы 13 

маусымда Бөкей ханның Астрахан губернаторы С.Андреевскийге 

бөкейлік қазақтар үшін ұн және басқа да тауарларды сатып алу 

ісіне қолдау көрсету туралы жазған өтінішінде былай делінеді: 

«Мен өз төлеңгітім старшын Бармақ Мұратовты, онымен бірге 

ағасы Тұяқты бірнеше мың сом ақша беріп, Астрахан қаласына 

мың бума бидай ұнын, бес жүз бума қара бидай ұнын, басқа да 

тауарларды сатып алуға жібердім және оның бәрін біздің қазақ 

халқының қыстақтарына жеткізіп, оларға сатуды тапсырдым. Осы 

жағдайда, Сізден менің жіберген шаруаларым – старшын Бармақ 

Мұратов пен ағасы Тұяққа жоғарыда айтылған ұн мен тауарларды 

Бакиев кордоны тұсындағы біздің қыстаққа алып келуге рұқсат 

беруіңізді сұраймын» (РФ АОММ, 1-қор, 3-тізбе, 986-іс, 3 п.).

Мұрағат құжатынан Бөкей сұлтанның өз қоластындағы 

қазақтарға қажетті тауарларды сатып алуына қолайлы жағдай 

жасауға тырысқандығы байқалады. Әсіресе астық және өзге де 

тауар түрлерін өз старшыны арқылы Астраханнан алдырып, 

қыстақтарға жеткізіп отырған. Бұл түйткілді мәселені шешуде 

Ішкі Орда билеушісі губерния басшылығының саяси ықпалын 

пайдаланған.


Әртүрлі келеңсіз оқиғаларға қарамастан, Бөкей хан 

тұсында Ішкі Орда қазақтарының әлеуметтік жағдайы 

жақсарып, көшпелі халықтың мерейі артты. Жылдар 

бойы тусырап жатқан шұрайлы далада мал көбейіп, 

сауда өсіп, дәулет артты. 1802 жылы хандықтағы халық 

саны 6300 шаңырақты құраса, 1814 жылы 8500 

шаңыраққа ұлғайды. Ал төрт түлік саны үш 

миллионнан асып жығылды.

Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының 

құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл 

атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-

жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ 

бетіндегі бедерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс 

аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ 

жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті 

түсті.


Бар ғұмырын өз хандығының жерін қорғауға,

халқына қызмет етуге арнаған Бөкей хан 1815

жылы 21 мамырда кешкі сағат 21.00 шамасында

шемен (денеге сарысу пайда болудан болатын

ауру) ауруының дендеуіне байланысты көз

жұмады.


Бөкей

ханның


бейіті

Еділдің


оң

жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі

Астрахан облысы Краснояр ауданы). Ол өмірінің

соңына дейін Орал казак-орыстармен, Еділ

қалмақтарымен, Қондырау татарларымен, орыс

помещиктерімен тілімдей жер үшін күрес

жүргізді.


Замандастары Бөкей ханның ел

арасында аса сыйлы болғандығын

атап

өткен.


Бөкей

татарша


сауаттылығымен, ақылдылығымен,

батылдығымен көзге түскен. Оның

бірінші әйелінен – Тәуке, Әділ,

екінші әйелі Атаннан – Жәңгір,

үшінші әйелі шеркеш Жұмадан

Меңдігерей туған.



Елді сауаттандыру ісіне, 

мәдениетке көп көңіл бөлген Бөкей 

хан заманының заңғар ұлы бола 

білді. Прогрессивті әрі өміршең 

саясат ұстанған Бөкей саяси, 

экономикалық, әлеуметтік дамуда 

үлкен жетістіктерге жете білді.


Ол халықтың әл-ауқатын арттыру үшін, сауда 

ісін жаңғыртуға да жан-жақты жағдай жасады. 

Билеушісіне, көсеміне риза болған халық «хан 

Бөкейдің тұсында секер шайнап, бал жұттық» деп 

текке айтпаса керек. 

Сонымен қатар Жанұзақ жыраудың:

Байларға құба жайлатқан,

Жарлыға мыңдап жылқы айдатқан,

Алтынды тақтың үстінде

Рақыметті Бөкей хан өткен, – деп жырлауында тарихи 

шындық жатыр. 

Одан әрі жыраудың:

Ежелгі Бөкей барында  

Толықсып жайлап еді біздің ел, – деп жалғастыруы сол 

заманның тынысын айқын бейнелейді.


Ал азат рухтың күрескері, жалынды жыршы 

М.Өтемісұлының заманның қиын уақыты, 

яғни ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында елден 

жырақта жүргенде:

Еділ мен Жайық жер еді-ау,

Мекен еткен шаруаға,

Жағасы қорған жай еді-ау, – деп өлеңдетуінен 

Бөкей мен Жәңгір заманының ара-жігі 

айқындала түседі.


Атақонысқа оралған көшпелілердің

тұрмыс


деңгейін,

әлеуметтік-

экономикалық

жағдайын


ХІХ

ғасырдағы қазақ зиялыларының бірі –

М.Бекмұхамедов

те

«Қазақтардың



тұрмысы мен мұқтаждары» атты

мақаласында сипаттады. Бұл жайында

автор

«Жайықтың



арғы

бетінен


қысымшылықтан

күйзеліп


келген

қазақтар тез ес жиып, аз ғана уақытта

өздерінің байлығымен көзге түсе

бастаған еді» деп жазды.



М. Бекмұхамедов

Жалпы, Бөкей Нұралыұлы халық мүддесін, ұлт

болашағын бірінші орынға қойды. Мұрағат

қорларында сақталған орыс шенеуніктерінің Ішкі

Орда ханына қатысты көзқарасы бұл пікірімізді

дәлелдей түседі: «Отарлаушылардың сенімін

Бөкей ақтамады. Сондықтан Ресей Сыртқы істер

министрлігінің Азия департаменті, Орынбор

әскери генерал-губернаторы, Орынбор шекаралық

комиссиясы және Астрахан генерал-губернаторы,

Орал қазақ, қалмақ кордон басшылары тарапынан

Бөкей қызметіне қатаң бақылау жасалды»

(Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік

мұрағаты (ҚР ОММ), 4-қор, 1-тізбе, 214-іс, 4-5

пп.). Отарлаушы патша үкіметінің бұл бағасы

Бөкей Нұралыұлының өз халқы үшін қалтқысыз

еңбек еткендігін дәлелдей түседі.



Елбасының тапсырмасымен 2011 жылы 12 қазанда 

Астрахан облысы  Краснояр ауданының Кіші 

Арал елі мекенінде Бөкей хан кесенесі бой 

көтерді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.

Аяған Б.Ғ. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы



/

Б.Ғ. Аяған. - Алматы, 2011.

2.

Әбілсейіт М. Бөкей хан /М. Әбілсейіт, Ғиззатов С. //Ана тілі. –



2011. –

8 желтоқсан.

3.

Әжіғалиев С. Бөкей (т.ж.б.-21.5.1815) /С. Әжіғалиев //Қазақстан: 



ұлттық энциклопедия /бас. ред. Ә. Нысанбаев. – Т. 2. - Алматы, 

1999. -


400 б.

4.

Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство /С.З. Зиманов. - Алматы, 



1982.

5.

Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты /С.М. 



Мәшімбаев. - Алматы, 1994.

6.

Омарбеков Т. Бөкей хан / Т. Омарбеков //Ана тілі. – 2015. – 20 



тамыз.

7.

https://kk.wikipedia.org/



Бөкей хан(қаралған уақыты- 19.10.2015)

8.

http://anatili.kazgazeta.kz/



Бөкей хан (қаралған уақыты- 19.10.2015)

Document Outline

  • Слайд номер 1
  • Бөкей хан
  • Слайд номер 3
  • Слайд номер 4
  • Слайд номер 5
  • Слайд номер 6
  • Слайд номер 7
  • Слайд номер 8
  • Слайд номер 9
  • Слайд номер 10
  • Слайд номер 11
  • Слайд номер 12
  • Слайд номер 13
  • Слайд номер 14
  • Слайд номер 15
  • Слайд номер 16
  • Слайд номер 17
  • Слайд номер 18
  • Слайд номер 19
  • Слайд номер 20
  • Слайд номер 21
  • Слайд номер 22
  • Слайд номер 23
  • Слайд номер 24
  • Слайд номер 25
  • Слайд номер 26
  • Слайд номер 27
  • Слайд номер 28
  • Слайд номер 29
  • Слайд номер 30
  • Слайд номер 31
  • Слайд номер 32
  • Слайд номер 33
  • Слайд номер 34
  • Слайд номер 35
  • Слайд номер 36
  • Слайд номер 37
  • Слайд номер 38
  • Слайд номер 39
  • Слайд номер 40
  • Слайд номер 41
  •   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
  • Слайд номер 43


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет