Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата03.03.2017
өлшемі2,36 Mb.
#6667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР 
 
Баланың жарық дүниедегі өмірін не қамтамасыз етеді? 

 
52 
Баланың бағдарлау-тамақтану рефлекстерінің көрінуін сипаттаңыз. 
Дүниеге  жаңа  келген  нәресте  туғаннан  бастап  көрінетін  шартсыз 
рефлекстерді атаңыз. 
Бала бойында қандай органикалық қажеттіктер болады? 
Атавизмдік рефлекстердің маңызы қандай? 
Нағыз еңбектеу қалай басталады? 
Жаңа туған баланың басты ерекшелігі неде? 
Жандану комплексі деген не? 
Баланың болмысқа қарым-қатынасы қандай сипатта?   
Нәрестенің үлкен кісінің мінез-құлқына бағдарлау реакциясы қалай туады? 
Баладағы ұнамсыз сезім қалай білінеді? 
Баладағы жағымды сезімге мысал келтіріңіз. 
Сөйлеу қажеттілігінің негізі қалай қаланады? 
Еңбектеу деген не? 
Жармасу рефлексінің дамуын сипаттаңыз. 
Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту қалай жүргізіледі? 
Затпен түрлі қимыл жасауды дамыту қандай жолымен жүзеге асады? 
Айналасындағыларға бағдарлануды дамыту жолдарын сипаттаңыз. 
Бала заттардың әр түрлі қасиеттермен қалай танысады? 
Баланың тік жүру дағдысы қалай дамиды? 
Заттық іс-әрекетті дамыту жолдары қандай? 
Құрал-сайманмен іс-әрекет жасаудың маңызын түсіндіріңіз. 
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамасы не? 
Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы қалай жүзеге асырылады? 
Сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін не қалайды? 
Қабылдаудың дамуы және заттардың қасиеттері туралы ұғым қалай пайда 
болды? 
Автодидактикалық ойыншықтардың маңызы қандай? 
Бала  қасиеттері  бірдей  көптеген  заттардың  бар  екенін  қандай  жағдайда 
түсінеді? 
Бала ойлауын дамытудың маңызды басқышын атаңыз. 
Үш жастағы дағдарыс қалай басталып, қалай өтеді? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҮШІНШІ БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҚТАҒЫ БАЛАНЫҢ 
ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ 
 
3.1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ 

 
53 
 
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы 
т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.  
Қабылдау  процесінде  адамның  өткендегі  тәжірибесі  ерекше  маңыз  алады. 
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.  
Қабылдау  –  ми  қабығының  күрделі  анализдік  және  синтездік  қызметінің 
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше  тітіркендіргіштердің 
жиынтығы  мен  олардың  қарым-қатынасында  пайда  болатын  уақытша 
байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.  
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. 
Қабылдаудың  объектісі  кейбір  жеке  қасиеттерден,  жеке  бөліктерден 
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.  
Кей  кезде  бұрынғы  тәжірибемізде  ұшыраған  кейбір  объектілердің  жеке 
бөліктері,  шет  жағасы  ғана  қабылданса  да,  біз  бұларды  тұтас  зат  формасында 
қабылдаймыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Қабылдаудың қасиеттері 
 
Толып  жатқан  объектілердің  ішінен  біреуін  іріктеуіміз  қабылаудың 
таңдамалылығы делінеді. Қабылауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. 
Мұндай  жағдайда  объектінің  назар  аударылған  белгілерін,  қасиеттерін,  керек 
жақтарын ғана қабылдаймыз.  
Қабылаудың  таңдамалылығы  әр  түрлі  объективтік  (объектілердіңғ 
ерекшеліктеріне  –  күші,  қозғалысы,  қарымқатынасы  т.б.)  және  субъективтік 
(адамның  қабылданатын  затқа  қызығуы,  оны  қажетсінуі,  сол  кездегі 
психикалық көңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.  
Қабылаудың константтылығы да сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, 
заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады.  
Қабылаудың  константтылығы  балаларда  2  мен  4  жастың  арасында 
қалыптасып  болады.  Қабылдаудың  константтылығы  адамның  өткен 
тәжірибесіне  де  байланысты.  Бейнені  тұрақты  түрге  келтіруге,  оны  сол 
қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция – сөз. 
Әрбір  заттың  түсінігі  сөзбен  байланысты,  сөз  ғана  затты  бір  тұрақты  түрге 
енгізеді. 
Қабылдаудың қасиеттері  
Біртұтастық   
Жүйелілік   
Саналылық   
Тұрақтылық   
Заттығы  
Таңдамалылық   

 
54 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. Қабылдаудың жүйеленуі. 
 
Әрқашан  да  қабылданатын  затқа  не  құбылысқа  қабылдау  сәйкес  келе 
бермейді.  Түрлі  себептерге  байланысты  шындықты  бұрмалап,  теріс 
қабылдайтын  кездер  де  болады.  Түрлі  себептерге  байланысты  шындықтағы 
объектілерді  қате  қабылдауды  иллюзия  деп  атайды.  Иллюзиялар  сан  алуан 
себептерге байланысты болады.  
Қабылдаудың  адамның  жалпы  психикалық  тұрмысы  мен  өткен 
тәжірибесінің  мазмұнына  байланыстылығын  апперцепция  дейді.  Апперцепция 
тұрақты  және  уақытша  болып  екіге  бөлінеді.  Тұрақты  апперцепция  адамның 
қызығуы  мен  мамандығы,  білімі  мен  дүниетанымына  байланысты  болып 
отарады.  Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше 
талқылап,  өзінше  көзқарасын  білдіре  алуы.  Апперцепцияның  мол  болуы 
білімділікке байланысты.  
 
3.2  
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ТҮЙСІГІ 
 
Сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеттерінің,  сезім 
мүшелеріне  тікелей  әсер  етуінен  пайда  болған  мидағы  бейнелерді  түйсік  деп 
атайды.  
Түйсік  арқылы  заттардың  түсін,  иісін,  дәмін,  қатты-жұмсақтығын,  кедір-
бұдырлығын т.б. осы сияқты қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде 
болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның 
кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы 
дүниені танып-білу түйсіктен басталады.  
И.  П.Павловтың  жүйке  қызметі  туралы  ілімі  түйсіктердің    пайда  болуын 
талдағыш  деп  аталатын  анатомиялық-физиологиялық  жүйке  аппаратының 
жұмысына  байланысты  түсіндіреді.  Адамдар  мен  жануарларда  көптеген 
анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру,  есту, қозғалыс) үш 
бөліктен құралады.  
 
ҚАБЫЛДАУ 
ЖҮЙЕЛЕНУІ 
Модальділігі 
Формасы  
Ерік   
Жеке 
айырмашылықтар  

 
Көру   

 
Сипап сезу  

 
Иіс сезу 

 
Дәм сезу 

 
Есту  
Кеңістік  
Уақыт   
Қозғалыс  
Ерікті   
Еріксіз 

 
Аналитикалық  

 
Синтетикалық  

 
Сипаттамалы  

 
Түсіндірмелі  

 
Объективті 

 
Субъективті 

 
55 
Талдағыштардың функционалдық сызбасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-сурет. Талдағыштардың функционалдық сызбасы 
 
Балада түйсіктер дүниеге келген күнен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан 
кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Ол балада 
дәм  түйсігінің  ерте  көрінетіндігін  байқатады.  Баланың  есту  түйсігі  біртіндеп 
дамиды.  Алғашқы  күндері  оның  құлақ  түтігі  суға  толы  болады  да  ештеңені 
есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. 
Егер  бала  үш  аптадан  кейін  дыбысқа  елеңдемесе  оның  саңылау  болып  қалуы 
ықтимал.  Мұндайда  анасы  баласын  дәрігерге  апарып  көрсеткені  дұрыс.  Үш 
айлық  бала  анасының  еркелеткен  даусын  естіп  көңілденеді.  2-3  айдан  былай 
қарай  бала  көзін  жарық  түсіріп  тұрған  затқа  бұра  бастайды,  қозғалмалы 
заттарға  көзін  тоқтатуға  тырысады.  Жарықты  түйсіну  тіпті  жаңа  туған 
нәрістелерден де байқалады.  
Мәселен,  шала  туған  баланың  өзі  де  бірнеше  күннен  кейін  жарық  пен 
қараңғыға  түрлеше  реакция  білдіреді.  Заттың  түсін  айыру  кейінірек  дамиды. 
Мәселен, 5айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан 
соң барып бояуына көңіл аударатын болады.  
Мектепке  түскенге  дейін  түйсіктердің  негізгі  түрлері  (көру,  есту,  сипай 
сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгіреді. Түйсіктердің қайсысын болса 
да қалағанымызша жетілдіруге болады.  
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары төмендегідей: 
Психологияда  адамның  түйсіне  алу  қабілетін  сезгіштік  деп  атайды. 
Сезгіштік:  абсолюттік,  айырма  сезгіштік  деп  екіге  бөлінеді.  Абсолюттік 
сезгіштік  дегеніміз  –  сезім  мүшелерінің  өте  әлсіз  тітіркендіргіштерді  түйсіне 
алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты.  
Сезім  мүшелерінің  сезгіштігі  әсер  етуші  тітіркендіргіштерге  біртіндеп 
бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылыста адаптация дейді.  
Афферентті жүйкелер 
Үлкен жарты 
шарлардың 
рецептивті 
аймағы 
Қоздырғыштар  
 
Сигналдарды 
қабылдау 
Сигналдарды 
кодтау 
Эфферентті 
жүйкелер  
Түйсіктерді 
сезіну 
Қозудың физикалық 
процесі 
Қозудың физиологиялық 
процесі 
Қозудың
 
психикалық 
процесі
 

 
56 
Адаптация  құбылысы  адам  сезгіштігінің  артуын  немесе  төмендеуін 
көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4-сурет. Жүйелеу белгілері. 
 
Егер  адаптация  анализаторлардың  сезгіштігінің  түрлі  жағдайларға 
байланысты  артуының  төмендеуінің  көрсеткіші  болса,  сенсибилизация 
сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.  
Сезім  мүшелерінің  біреуінің  әсерінен  басқаларының  сезгіштігі  артып 
отырады.  Әлсіз  тітіркендіргіштер  өзімен  бірге  әсер  етіп  тұрған  басқа 
тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады.  
Тітіркендіргіштер  сезім  мүшелерінің  біреуінде  ғана  түйсік  туғызудың 
орнына  сол  сәтте  басқа  түйсіктердің  пайда  болуына  да  жағдай  жасайды. 
Синестезия  –  түйсіктердің  өзара  байланысының  мөлшерден  тыс  дамыған  бір 
көрінісі. 
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады. 
1.
 
Сыртқы  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстардың  жеке  қасиеттерінің 
бейнесі  болып  табылатын  түйсіктер.  Бұлардың  рецепторлары  дененің  бетінде 
немесе  оған  жақын  орналасқан.  Осындай  сыртқы  анализаторлардың 
рецепторларын  экстероцептор  деп  атайды.  Оған  көру,  есту,  иіс,  дәм,  тері 
түйсіктері жатады. 
2.
 
Ішкі  мүшелеріміздің  күйін  бейнелейтін  түйсіктерге  түрлі  органикалық 
түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептер деп атайды. 
3.
 
Дене  мүшелерінің  қозғалысы  мен  бірқалыпты  орналасуын  қозғалыс 
немесе  кинестезиялық  түйсіктер  хабарлап  отырады.  Мұның  рецепторы 
проприоцептор деп аталынады.  
Жүйелеудің белгілері 
Рецепторлардың 
 
 
 орналасуы 
Сезінудің деңгейі  
Модальділік  
К
Ө
Р
У 
 
ЕС
ТУ
  
 
Д
Ә
М 
  
С
Е 
З
У 
 
И 
І 
С  
 
СЕ 
ЗУ 
 
С
А
Н
А
Л
Ы  
 
 
Б
Е
Й
С
А
Н
А
Л
Ы  
 
И
Н
Т 
Е 
Р
О
Ц
Е
П
Т
И
В
Т 
І 
 
 
Э
К
С
Т 
Е 
Р
О
Ц
Е
П
Т
И
В 
Т 
І  
 
 
П 
Р 
О
П 
Р 
И
О
Ц
Е
П
Т
И
В 
Т 
І 
 
 

 
57 
 
Түйсіктердің орналу жеріне байланысты түрленуі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5-сурет. Түйсіктердің орналу жеріне байланысты түрленуі 
 
Егер  түйсік  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  жеке  қасиеттері 
мен  сапаларының  миымызда  бейнеленуі  болса,  қабылдау  заттар  мен 
құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. 
 
 
3.3 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ЗЕЙІНІ 
 
Зейін  -  адамның  психикалық  әрекетінің  белгілі  бір  нәрсеге  бағытталып 
шоғырлануы.  Адам  өмірінде  зейіннің  алатын  орны  зор.  Әсіресе,  таным 
процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, 
есінде  дұрыс  сақтай  алмауы,  тапсырманы  орындауда  қате  жіберуі  оған 
дұрыстап зейін қоймаудан болады. 
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін 
құбылыс.  Дәлірек  айтқанда,  зейін  дегеніміз  айналадағы  объектілердің  ішінен 
керектісін  бөліп  алып,  соған  психикалық  әрекетімізді  тұрақтата  алу.  Ол 
адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын 
анық  та  ашық  тануы,  жан  қуаттарының  оларға  бет  алып,  бағытталып, 
жинақталуы  үшін  қажет.  Егер  де  адамның  зейіні  болмаса,  ағзаның  сыртқы 
ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің 
іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, 
ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары. Бала психикасының 
белгілі  бір  объектіге  бағыт  алып  және  сонда  азды-көпті  тұрақтап  отырғанын 
көруге  болады.  Тән  әрекеттің  кез  келген  түрінде  зейін  орын  алмаса,  оның 
нәтижелі болуы киын.  
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен 
маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, 
ПРОПРЕОЦЕПТИВТІ 
ИНТЕРОЦЕПТИВТІ 
ЭКСТЕРОЦЕПТИВТІ 
Қозғалу  
Тепе-теңдік  
Дистантты    
Сезімдік    
Көру   
Есту   
Иіс сезу  
Дәм сезу   
Ауа райы   
Тактильді   
Ауыру   
Аштық пен 
шөлдеу   

 
58 
оның  мүддесіне,  талап-тілегіне,  мақсат-мұратына,  ерік-жігер  сапаларына, 
темпераментіне,  мінез  бітіміне  байланысты  болады.  Зейіннің  физиологиялық 
негізін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875  – 1942)  доминанта 
теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің 
көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір 
алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы 
әлсіз  қозуды  өзіне  тартып  отырады.  Осыдан  мидың  күшті  қозған  алабы  одан 
бетер  күшейеді.  Мұндай  жағдайда  адам  зейінні  бір  нәрсеге  шоғырланады  да, 
қалған  нысандарды  байқамайтын  болады.  Орыс  педагогикасының  атасы 
К.Д.Ушинский  (1824-1870)  зейіннің  маңызын  былайша  көрсеткен  еді.  "Зейін 
адам  санасынан  қорытылып  өтетін  барлық  ойды  аңғартатын,  адам  жанының 
жалғыз  есігі  болып  табылады,  демек,  бұл  есікке  ілімнің  бірде-бір  сөзі  соқпай 
өте  алмайды,  егер  де  ол  соқпай  өтсе,  онда  баланың  санасында  ештеңе  де 
қалмайды" 
Адамның  зейіні  ырықты  зейін,  ырықсыз  зейін  және  үйреншікті  зейін 
болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал 
ырықты  зейін  әрекеті  саналы  түрде  белгілі  ерік  күшін  жұмсау  арқылы 
орындалады.  Үйреншікті  зейін  адамның  әдетіне  айналып  кеткен  зейін.  Ол 
арнайы  күш  жұмсауды  қажет  етпейді.  Жеке  адам  зейінінің  негізгі 
ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, 
бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады. 
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде 
аттенционалды  әрекеттер  деп  те  атайды.  3ейін  (А.Р.Лурия)-  субъектінің 
қажетті 
ақпаратты 
таңдап 
алу, 
қимыл-қозғалыстардың 
таңдамалы 
бағдарламасын  сүйемелдеп,  қамтамасыз  ету  және  осы  бағдарламаның  ағымын 
қадағалау  процесі.  3ейіннің  негізі  ретінде  тұлғаның  қызығушылықтары  мен 
қажеттіліктері,  бағдарлары  мен  бағыттылығы  тұрады.  С.Л.Рубинштейннің 
пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект 
өзара  әсерде  болады.  Бір  жағынан,  зейін  затқа  немесе  объектіге  бағытталады, 
екінші  жағынан,  объект  зейінді  өзіне  аудартады.  3ейіннің  нақты  бір  объектіге 
бөлінуі  субъектіге,  яғни  адамға  ғана  байланысты  емес,  сондай-ақ  зейінді 
тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы 

бағдарлық-зерттеудің  бастамасы.  В.И.Страховтың  тұжырымдауынша, 
шынайы  зейін мен  шынайы  зейін  емеспен  қатар,  адамда  зейінді  болып  көріну 
және  зейінді  емес  болып  көріну  деген  қасиеттер  кездеседі.  Оны  ол  зейіннің 
сыртқы  формасы  мен  оның  шынайы  күйінің  кейде  сәйкес  келмеуімен 
түсіндіреді. 
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады: 
1. Интенсивтілігі; 
2. Жаңалығы; 
3. Аффективтілігі. 
П.Я.Гальпериннің  тұжырымы  бойынша:  3ейін  -  бағдарлық-зерттеулік  іс-
әрекеттің  негізгі  шарты.  Өзінің  қызметі  жағынан,  зейін  өзі  бағытталған 
феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір 
белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал  Л.C.Выготский бойынша, ырықты 

 
59 
зейін  ұғымдардың,  түсініктердің  дамуына  байланысты,  яғни  берілген  жайтта 
қалай  әрекет  ету  қажеттілігін  түсінуге,  жалпы,  жағдайды  түсіне  білуге 
байланысты.  Адамның  психикалық  ұйымдасуының  құрылымына  сүйене 
отырып, зейінді: 
1.  Процесс  (немесе  психикалық  процестің  жағы:  сенсорлық  және  т.б.) 
ретінде; 
2. Күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде; 
3. Тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады. 
Зейіннің функциялары: 
1.  Қазіргі  сәтте  қажетті  психологиялық  және  физиологиялық  процестерді 
белсендіріп, қажетті еместерін тежейді; 
2. Ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын 
қамтамасыз етеді; 
3. Бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6-сурет. Зейіннің жүйеленуі  
Зейіннің  түрлеріне  тоқталайық.
 
Шәкірттің  сабақты  түсіне  алмауы,  есінде 
дұрыс  сақтамауы,  қате  жіберуі,  адамның  үйренген  бір  кәсібін  меңгере  алмай 
орашолақтық  жасауы  тәрізді  іс-қылық,  оған  жөнді  зейін  қоймауынан.  Осыған 
орай адам зейіні үшке бөлінеді.Олар: 
1.  Ырықты  зейін.  Оның  әрекеті  саналы  түрде  белгілі  ерік  күшін  жұмсау 
арқылы жүзеге асырылады. 
2.  Ырықсыз  зейін.  Бұл  да  адам  өмірінде  елеулі  орынға  ие.  Оған  әртүрлі 
жағдайлар мен себептер әсер етеді.  
3.  Үйреншікті  зейін.  Мұны  адамның  күнделікті  әдетіне  айналып  кеткен 
зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес.  
Адам  зейініне  мынандай  қасиеттер  тән:  тұрақтылық,  бір  нысаннан 
екіншісіне 
оңай 
ауысушылық, 
бөліну, 
нысандарды 
қамту 
көлемі, 
алаңдамаушылық және т.б. 
Зейіннің негізгі қасиеттері  
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, 
оны зейіннің тұрақтылығы дейді. 
Зейіннің жүйеленуі  
Тегі   
Іске асуы  
Объектпен байланысы 
Табиғи   
Әлеуметтік  
Еріксіз   
Үйреншікті   
Ерікті  
Жанама  
Тура  

 
60 
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған 
ісін  тереңнен  түсініп,  оның  әр  түрлің  байланыстарын  анықтайды.  Зейінді 
тұрақтата  алушылық  саналы  әрекетке  өзіңді  жеге  алудың  басты  бір  белгісі 
болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
7-сурет. Зейіннің қасиеттері. 
 
Зейіннің  аударылуы  деп  бір  объектіден  екінші  объектіге  назарымызды 
көшіруді  айтады.  Физиологиялық  тұрғыдан  мидағы  оптималдық  қозудың 
ауысуы.  Зейінді  тез  аудара  білу  қабілеті  көбінесе  жүйке  процестерінің 
өзгермелілігіне байланысты.  
Адам  санасының  бір мезгілде  бірнеше  әрекетті  атқара  білу  мүмкіншілігін 
зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.  
Зейінді  бір  уақытта  түрлі  объектіге  бөлуге  болатындығын  арнаулы 
зерттеулер көрсетіп отыр.  
Зейіннің  көлемі  деп  бір  уақыттың  ішінде  оның  қамтитын  объектілерінің 
санын  айтады.  Зейін  көлемін  анықтауға  байланысты  жасалған  тәжірибелер 
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.  
Алаң  болушылық  деп  белгілі  бір  объектіге  саналы  түрде  зейінді 
ұйымдастыра  алмаушылықты  айтады.  Әр  нәрсеге  ауып  кете  беретін  жаңғалақ 
адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.  
Зейінділік дегеніміз не? Адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны ыждағатты 
істеуге  әдеттенсе,  зейін  ол  кісінің  тұрақты  ерекшелігіне  айналады  да, 
зейінділікке  ұласады.  Мұндай  адам  байқағыш,  жан-жағындағы  жағдайларды 
жақсы  қабылдауға  қабілетті  болып  қалыптасады.  Сөйтіп,  ол  болып  жатқан 
оқиғаларды  басқалардан  терең  түсініп,  оған  ерекше  толғанатын  болады, 
ықыласы жоқ жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.  
Қарапайым 
адамдарға 
қарағанда, 
жазушылардың, 
ғалымдардың, 
өнертапқыш-тардың, ұстаздардың зейіндері жоғарылығымен ерекшелінеді.  
Психолог  Ф.Н.Гоноболиннің  жазуынша:  «Зейінділік  –  жан  қуаттарына 
белгілі  өң  бере  отырып,  адамды  жеке  тұлға  ретінде  сипаттайды.  Егер  біз 
біреудің әрнәрсені білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші бір 
адамның  белгілі  бір  нәрсеге  ғана  көңіл  бөлетінін...  әуестенетінін  көрсек,  біз 
олардың  мінез-құлқы  мен  темперамент  ерекшеліктері  зейінділік  деңгейіне 
байланысты  деген  қорытындыға  келеміз.  Зейінділік  –  адамның  адамгершілік 
Зейіннің қасиеттері 
Көлемі 
Ауысуы   
Таралуы  
Аңқаулығы 
Тұрақтылығы   
Флюктуация 
(ауысуы) 
Шоғырлануы   
Алаңдауы   

 
61 
қасиеті  болып  табылады.  Бұл  оның  басқа  адамдарға  ілтипатты  қарым-
қатынасында, 
кішіпейілділігінде, 
өзгелерге 
қамқорлығында, 
қайырымдылығында,  яғни  әр  кісінің  өзіндік  ерекшеліктерін,  мұқтаждарын, 
мүдделерін,  қажеттерін  түсіне  білуден  көрінеді.  Керісінше,  кейде  адамның 
басқаларға салқын қарауының, оларға назар салмауының себебі – олардың хал-
жағдайын, көңіл күйін байқамауынан, оларға көңіл аудармауынан болады».  
Зейінді тәрбиелеу түрлі жолдармен жүзеге асады. 
Өмір  заңы:  адам  зейіні  жақсы  болса,  ісі  де  табысты  болады.  Зейінділік  – 
жоғары  жетістікке  жетудің  басты  шарты.  Психолог  мамандар  жақсы  зейінді 
болуды  адамның  қай  нәрсеге  де  жан-жақты  қызығуынан,  тұрақты  түрде  назар 
аударуынан  қалыптасатындығын  айтады.  Психолог  Б.М.Тепловтың  айтуынша, 
«Ырықсыз  зейін  іске  тікелей  қызығудан  болады,  ал  ырықты  зейін  әрекет 
нәтижесіне  дәнекерлі  жанама  қызығуға  байланысты,  ал  ештеңеге  әуестеніп 
қызықпайтын адам Хлестаков («Ревизор») зейінінің дәрежесінен аса алмақ емес.  
Екінші,  зейін дамыту  үшін  адам  әруақытта  қандай  нәрсеге  болса  да  зейін 
тұрақтата  алуға  өзін  дағдыландыра  білу  қажет.  Зейін  өзінің  дегеніне  көнетін 
құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.  
Зейінді тәрбиелеудің үшінші жолы  - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс 
істеуге  дағдыландыру.  Көңілді  алаң  қылатын  бөгде  тітіркендіргіштермен 
күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты 
және шыдамды етеді. 
Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз, 
байқаусыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді. 
Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның мықты 
және  нашар  жақтарын  мүмкіндігінше  жақсы  білсін.  Зейіннің  кемістіктерін 
толық  жою  үшін  адам  өзімен-өзі  көп  жұмыс  істеуі  керек.  Бірақ,  әуелі  ол 
кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды»  
Зерде дегеніміз не? 
Ойлау  қызметінің  жоғарғы  түрін  білдіретін,  пайымнан  өзгеше 
философиялық  категорияны  зерде  деп  атайды.  Ежелгі  философияда  зерде  мен 
пайым «жанның екі қабілеті» ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда 
пайым  ойлаудың  төменгі  сатысы  ретінде  салыстырмалы  қатыстылық,  осы 
дүниелік  пен  шектілікті  түйсіндіріп,  зерде  абсолютті  құдірет  пен  шектілікті 
танып білуге бағыттайды деп есептелді. Әйгілі философ И.Канттың айтуынша, 
зерде «бүкіл әлемді, дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын» деп 
өнбейтін іспен айналысады. Ал оны басқа ғалымдар «Кант зердеден бас тартты, 
ендігі  жерде  ол  ғылымды  мойындамайды,  діни  сенімге  ғана  есік  ашық  деп 
жариялайды»,  деп  айыптады,  осылайша  зерде  туралы  пікір  бұрыннан-ақ  сан 
қилы. 
Медицина 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Х.Сәт-паеваның 
түсіндіруінше,  «Ми  іс-әрекетінің  ең  тартымды  құбылыстарының  бірі  –  оның 
қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделілік қабілеті. Зерде 
дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның 
қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру, 
сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұрады». 

 
62 
Зерденің түрлері  
Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар: 
1.  Генотиптік  зерде.  Ол  шартсыз  рефлексті,  ырық-сыз  сезімді  және 
импритингті қалыптастырушы.  
2.  Фенотиптік  зерде.  Ол  тірі  ағзаның  жеке  дамуы  кезінде  иемденген 
мәліметтерін 
өңдеу 
мен 
сақтау 
механизмін 
жүзеге 
асырады. 
Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. 
Және де адам зерде-сінің барлық түрі екіге бөлінеді.  
Олар: 1 Қисынды  - мағыналық, 2. Сезімді  – бейнелік. Бұлардың біріншісі 
ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді мамандар. Есте сақтау 
сипатына  қарай  фенотиптік  зерденің  түрлері:  бейнелік,  эмоциялық,  шартты 
рефлекстік зерде. 
1.  Бейнелік  зерде.  Бұл  жүйке  жүйесінде  адамның,  жануардың  ұнамды 
немесе зиянды тітіркендіргіштің бейнесін есте сақтауы. 
2. Эмоциялық зерде. Бұл ағзаның ерте бастан кешкен эмоциялық (сезініс) 
күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы. 
3.  Шартты  рефлексті  зерде.  Бұл  жануарлардың  мәлімет  сақтауындағы  ең 
негізгі түрі. 
Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұратындықтан, 
біз  енді  ес  туралы  жалпы  түсінікке,  адамдардың  есте  сақтау  қабілетінің,  яғни, 
зеректігінің құдіреттілігіне тоқталсақ.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет