ОНЛАЙН КУРСЫ КАК СРЕДСТВО
ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ ПЕДАГОГА
Нургожина А. Т.,
преподаватель город Астана,
колледж «Даналык» z236skm@mail.ru
Модернизация образовательной сферы на современном этапе требует от
педагогов не просто понимания и принятия ими целей и содержания этого
процесса, а, прежде всего, эффективного саморазвития педагогов.
Самообразование - главный и наиболее доступный источник знаний.
Особую роль в процессе профессионального самосовершенствования
педагога играет его инновационная деятельность. В связи с этим становление
готовности
педагога
к
ней
является
важнейшим
условием
его
профессионального развития.
Если педагогу, работающему в традиционной системе, достаточно владеть
педагогической техникой, т.е. системой обучающих умений, позволяющих ему
осуществлять учебно-воспитательную деятельность на профессиональном
уровне и добиваться более или менее успешного обучения, то для перехода в
инновационный режим определяющей является готовность педагога к
инновациям.
59
В настоящее очень много интернет ресурсов для повышения квалификации
педагогов посредством интернета.
Предоставление возможности педагогам наилучшего опыта работы с
технологиями позволит максимально улучшить качество обучения.
Сoursera.org - бесплатные онлайн-курсы от более чем 120 ведущих
университетов и образовательных учреждений.
Бесплатное дистанционное обучение в Национальном Открытом
Университете «ИНТУИТ» - это удобный способ получения знаний, для
педагога получения знаний в среде информационных технологии с
подтверждающими документами. [1].
Компания Microsoft в рамках инициативы "Партнѐрство в образовании"
представила новый международный веб-портал. Этот ресурс представляет
собой открытое международное сообщество педагогов-новаторов, имеющих
непосредственный
успешный
опыт
использования
информационных
технологий в учебном процессе и готовых делиться своими знаниями и
навыками. Уже сегодня на портале зарегистрировано более 4 миллионов
учителей из 115 стран мира, говорящих на 36 различных языках.
Программа Инновационный Педагог Microsoft, основной целью которой
является повышение компетентности преподавателей через эффективное и
инновационное использование технологий в учебном процессе;
Инновационные Школы Microsoft - это социально-ориентированная
программа, разработанная для прямого вовлечения лидеров учебных заведений
с целью ознакомления с системными изменениями в их профессиональной
области;
Инициативу «Создавая будущее» - это объединенный подход Microsoft
для оказания помощи органам управления (государственным и местным) в
осуществлении широких стратегий доступности цифровых технологий,
предназначенных для школьников и преподавателей;
Microsoft Office 365 - этот набор веб-сервисов является бесплатным для
образования, предоставляет школам среду для сотрудничества, обучения как в
классе, так и вне его. [2].
В Казахстане уже реализуются всемирная программа развития
технологических навыков среди молодежи и конкурс Microsoft Imagine Cup,
программа Microsoft DreamSpark, в рамках которой бесплатно студентам
предоставляются профессиональные средства разработки.
Microsoft
Инициатива Обучения Учителей нацелена на обучение
преподавателей
педагогических
вузов
эффективному
использованию
технологий в учебном процессе, программа Microsoft IT Academy -
комплексная
учебная
программа,
поддерживающая
признанное
технологическое образование и сертификацию для студентов, преподавателей и
сотрудников. Два этих направления совместной работы Microsoft Kazakhstan и
МОН РК объединены в проект совершенствования навыков 21-го века.
Международный опыт и технологии для образования Казахстана, помогает
нам в достижении целей по преодолению цифрового неравенства и повышению
60
ИКТ- компетентностей педагогов и учащихся, что позволит им успешно
конкурировать на международном рынке труда.
Для большинства интернет ресурсов нужно владеть английском языком,
для этого каждый преподаватель который решил заняться самообразованием,
должен задуматься о трѐхъязычие.
Президент очень часто говорит, что для современного казахстанца
владение тремя языками -это обязательное условие собственного благополучия
и что знание английского языка -это необходимость. Глава государства говорил
об этом даже в начале трудных 90-х годов. Без знания английского трудно
осуществить интеграцию в мировое сообщество, поскольку этот язык является
глобальным языком передачи информации как в бизнес-среде, так и в
повседневном общении, и к 2020 году доля населения, владеющего английским
языком, должна составлять не менее 20 % [3].
Трехъязычное образование в Республике Казахстан приобретает большую
актуальность и на сегодняшний момент является одним из главных
направлений в системе образования.
В современных условиях только активная жизненная позиция, повышение
профессионального мастерства помогает педагогу обеспечить одно из
главнейших прав обучающихся - право на качественное образование.
Литературы:
1.
Национальный Открытый Университет «ИНТУИТ»
2.
Программа «Партнѐрство в образовании Microsoft»
3.
Назарбаев Н.А. Указ Президента Республики Казахстан «О
Государственной программе функционирования и развития языков на 2011—
2020 годы.
АРНАЙЫ ПӘН САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ
ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Нуржауова Нуржанат Муратовна,
Арнайы пән оқытушысы
Астана қаласы әкімдігінің МКҚК
«Кӛпбейінді колледж» nurjik1976@mail.ru
Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз
ӛрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты
басымдық. Бұл ХХІ ғасыр білім саласындағы қызметкерлер үшін, яғни
оқытушылар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Ұрпағымыз білімді,
болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру
- бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан
Республикасының
«Білім
туралы
заңында»
колледж
оқушыларының бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін
61
қалыптастыру танымдық, шығармашылық қасиетін, қабілетін айқындау туралы
айтылған.
«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның ӛміріне опат әкеледі», - деп айтқан
Әл Фараби айтқандай оқушыларға рухани тәрбие беруде ӛндірістік оқыту
сабағында алатын орны ерекше. Адамның ӛмірі үшін жан-жақты, үйлесімді
дамуы үшін аса қажетті пән. Баланы тәрбиелеу дегеніміз - оқушының тұлғалық
дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы
басқару.
Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесін бӛліп, ұлды шаңырақ
иесі, қызды халқының келеші, үй ұйытқысы ретінде тәрбиелеп отырған. Қыз
бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Колледждегі мамандық бойынша арнайы
пәндерді оқытқанда, пәннің ерекшелігіне сай білім мен тәрбие қатар
берілетіндіктен пән оқытушылары жан-жақты болуы керек.
Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлының аңыз әдебиет үлгілерін жинақтаған
еңбегінде мынадай сӛз бар: «адамның қара басында үш асыл қасиет бар.
Асылдығы бірінен бірі ӛтеді, бірі - кӛз, бірі - кӛңіл, бірі - ақыл».
Қыздарамызды әсемдікке тәрбиелеуде осы жазушының айтқанындай,
әлемнің әсемдігін кӛзбер кӛре білуге, зерделі болуға, ақыл мен ойлануға
жетелейтін оқытушылар қауымы. Халқымыз қыз деген сӛзді әдеміліктің,
әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың нышаны ретінде қолданады. Қазақ
халқының ұғымында қыз бала ақылды, байсалды, жаны нәзік те ерке, мінезі
жайдары, ӛнерлі болып келеді. Мысалы, мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз
мінезді жігіт екен» дейді. «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен
кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін кӛрсетеді.
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне аса мұқият қарап, оларды ӛнер-білімге,
шеберлікке жастан бейімдеп отырған. Қыз балаға қатты сӛз айтпай, ардақтап,
мәпелеп ӛсірген, бағалаған, жанының нәзіктігін құрметтеген. «Қыз
қылығымен», «Қыз елдің кӛркі, гүл -жердің кӛркі», «Қыз еркем, кестесімен
кӛркем» деген мақалдар осыған дәлел бола алады. Халқымыз қыз баланы
еркелетіп, дегенін орындап, әлпештеген. Дарақы, қыдырымпаз, ұрысқақ болып
ӛсуден сақтандырып отырған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мәтелдің мәні
кез келген үйге бара беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы да нәзік, ақылды
болуға тиіс қазақ қызына аса лайықсыз қылық дегенді білдіреді.
Қыз бала тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын. Жүн түту, кесте тігу, құрақ
құрау және т.б. ӛнерді қыздарына бӛгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен.
Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін
дарытып, еңбекке даярлай бастаған.
Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында балалар мен жастарды тәрбиелеуде
ең кӛкейтесті мәселелері ретінде білім мекемелерінде оқушылардың этнос-
мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу айтылған. Сондықтан
ӛндірістік оқыту сабағын қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру ӛте
қажет.
62
Талғампаз қазақ қыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Қол
бастаған «қолбасшы» да, ел бастаған «елбасшы» да қыз тәрбиесіне мән берген.
«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлымызды тәрбиелейміз», - деген
Ж.Баласағұнның сӛзі бұған дәлел.
Қазіргі кезде ұлттық тәрбие мәселелерін дамытуда, кеңейтуді алдымызға
мақсат етіп қойып отырмыз. Себебі, ұлтты ұлт ететін оның тілі, дәстүрі,
мәдениеті. Ендеше ата-бабамыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс тарихын
бүгінгі ұрпаққа жеткізу, атадан балаға мирас болып келе жатқан қол ӛнерін
зерттеп, біліп, үйреніп, шеберлігін үлгі тұта отырып халықтық педагогикамен
тәрбие жұмыстарын жүргізу ұстаздардың парызы.
«Имандылық - инабаттылық мұраты» деген. Имандылық пен әдептілік бір-
біріне балама ұғымдар емес, бірақ олардың арасында тығыз байланыс бар.
Оқушыларды ізгі ілтипатты, тура сӛзді, мейірімді адам етіп тәрбиелеп, бойына
әдеп - инабат ұғымдарын сіңіре отырып білім берген дұрыс.
Қазақ халқының пейіліне қарай дархан даласы бар, ӛрісте тӛрт түлік малы
мен келісті жайлауы бар. Қазақ баласы ақ білектің күшімен, ақ найзаның
ұшымен жан алысып, жан берісіп, қазақ сахарасын сақтап келген, тәуелсіздікті
аңсап ӛткен ата-баба ұрпағы ақыры дегеніне жетті. Бүгінгі жастарға тӛрт түлік
ӛмірін, ӛміріне негіз еткен халқымыздың мол тәжірибесін үйрету, малды күтіп,
ӛнімін ұқсата білуге баулу біздің міндетіміз.
Халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі - қонақ жайлылық. Қыз
балаларды ұлттық дәстүр негізінен тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді
сіңіруге тырысамын. Қонақты ақжарқын кӛңілмен күту кӛргенділік,
адамгершілік, тіпті міндет те деп айтуға болады. Халқымыздың осындай
қонақжайлылығы, дастарханның кеңдігі, таныс-біліс түгел бӛтенге де
кӛрсететін мырзалығын дәріптеп, қыз балаларды қонақты жақсылап күте білуге
үйрету керек. Осыған байланысты айта кететін бір жайт, мамандық бойынша
«Ұлттық асхана» атты пән ендірілген. Осы пәнді оқытқанда тек ұлттық асхана
тағамдарын дайындауды ғана емес, әр тағамның тағайындалуын, кімге қалай
ұсынылатындығын, әр тағамның белгілі тарихын қоса үйрету керек. «Келгенше
қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» дегендей, қонақ үй иесіне әсіресе
әйелге сын. «Қонақ аз отырып, кӛп сынайды», оның ӛзі кейін ел-жұртқа
таралатындықтан, қонақ күтуге ерекше мән беріледі.
Осыған ороай, халық арасында сақталған аңызда: «Ертеде бір қыз
тұрмысқа шығыпты. Біршама уақыт ӛткен соң әкесі қызының халін білу үшін
іздеп барады. Қызының отауына әкесінің кӛңілі толмайды. Салақ қыз кір басқан
ыдыстарымен әкесіне шай береді. әкесіне: ыдыстарым тозып кетті, басқасын
алып берші», - деп қолқа салады.
-
Жарайды қызым, ыдыстарыңды қоржыныма салып бер, - дейді. Құмға
ысып-ысып, жалтыратып әкелген ыдысын кӛріп «жаңа ыдыс» деп салақ қыз мәз
болған екен.
Ұстаздық тәжірибеден түйіндегендей: «Ұстаз, ӛндірістік оқыту шебері,
арнайы пән оқытушысы болу - жүректің батырлығы, сезімнің ақындығы, деп
Ғафу Қайырбеков айтқандай, шәкіртін сүйген ұстаз шебер ақынға да айналады.
63
Сонымен, арнайы пән оқытуда қыз бала тәрбиесінің ықпалы зор, салт-
дәстүрді дәріптей отырып, күнделікті ӛмірде соны сақта деп үйрету арқылы
қыздарымыздың нағыз қазақтың қызы деп тәрбиелейтінімізге сенемін.
Әдебиеттер:
1.
«Кәсіптік білім» журналдары, 2012 жыл
2.
С.Кенжеахметұлы «Қазақтың дархан дастарханы»
«Алматыкітап», 2005
ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Рахимбекова Н. Т.,
кәсіптік оқыту магистрі, Ожаева Б.Б., оқытушы
Академик Ғ.С. Сейтқасымов атындағы
индустриалды-экономикалық колледжі,
Астана қаласы, ber_naz.kz@mail.ru
Қазіргі таңда ӛтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгеріс жағдайында
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде педагогтың жеке тұлға
ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда.
Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік ӛрісті іске жол ашып қана
қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан
да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында «Бәсекеге қабілетті
дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»,
дей келіп: «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып
қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең
заманауи ӛндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», -
деді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы ел
тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын
Жолдаулар ертеңгі ел болашағының кепілі деп білеміз. Еліміздің тәуелсіздік
алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің
стратегиялық дамуының кезеңдерін, жалпы Қазақстан халқын ӛмірдің барлық
саласында нақты жетістіктерге, әл-ауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға
баса назар аударып келеді. Осы салиқалы саясаттың арқасында әлем халқы
бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды.
Жолдауда маңызды мәселенің бірі - білім саласының жай-күйі кеңінен
сараланған. Білімді жоғары сапаға кӛтеру, міндетті мектепалды даярлықты
енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен
балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру, әлемдік
деңгейдегі мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін одан әрі
дамыту, білікті мамандар қатарын кӛбейту[1].
«Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті -
ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
64
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын
енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен
біліктілікті қажет етеді[2].
Елбасымыз әрдайым атап кӛрсететіндей, ел болашағының кілті - бүгінгі
жас ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың
бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында. Бүгінгі
Қазақстан қоғамының тұтастай алғандағы әлеуметтік әлеуеті осындай ұстаз
даярлау ісіне бүкілхалықтық нышан беруге мүмкіндік берілуде. Осыған сәйкес
білікті мұғалім кадрларын даярлайтын білім Ордаларының алдында ӛз
жұмысын уақыт талабына сай қайта құру міндеті тұр. Бұл ӛзгерістердің негізгі
бағыттары мен мән-мазмұны Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бекіткен «Білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»
айқындалған. Бағдарлама білім саласында осы күнге дейін орын алып келген
олқылықтардың орнын толтыруға, еліміздегі білім беру жүйесінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға, ел экономикасының тұрақты ӛсуі үшін сапалы білім
беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамытуға қол жеткізуді кӛздеп
отыр. Сондай-ақ бағдарлама барлық деңгейдегі білім беру жүйелерін
қаржыландыруды жақсарту, педагог мәртебесін кӛтеру, білім беру
менеджментінің сапасын жақсарту, электронды оқулықтарды жүйелі түрде
енгізу, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие, орта білім, техникалық және
кәсіптік білім, жоғары және жоғары мектептен кейінгі білім беру, тәрбие
жұмысы және жастар саясаты тәрізді мәселелерді түбегейлі шешу міндеттерін
қамтиды[3].
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары
мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби
құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда.
Сондықтан, қазіргі проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам
дамуының заманауи талаптарына және ғаламдық білім беру кеңістігіне кірігу
шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.
Ғаламдандыру күннен күнге ӛсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік
қоғамда болып жатқан ӛзгерістердің ауқымы мен қарқынының ӛсуі білім беру
беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп
болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке
жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп
бекер айтпаған.
Қазіргі таңда ӛтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгеріс жағдайында
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға
ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, ӛйткені ол
мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып
табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп
неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да
сондай дәрежеде болады.
65
Ұстаздардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін түбегейлі
жаңғыру үшін Үкіметтің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысына сәйкес,
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жӛніндегі Ұлттық орталық - «Ӛрлеу»
акционерлік қоғамы құрылды. Ұлттық орталықтың миссиясы - әлемдік және
қазақстандық тәжірибені тарату, корпоративті басқару негізінде білім берудің
жоғары сапасын қамтамасыз ететін педагог қызметкерлердің біліктілігін жүйелі
арттыру.
Білім беру жүйесін дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасындағы міндеттерді шешу мақсатында «Ӛрлеу» «Біліктілігі
арттыру ұлттық орталығының 2012-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы»
жасалды.
Жаңа бағдарламада білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен
адами капиталдың дамуына айрықша ден қойылған. Оның нәтижесінде
экономиканың және халықтың әл-ауқатының тұрақты ӛсуі қамтамасыз етіледі.
БАҰО
«Ӛрлеу»
Акционерлік
Қоғамының
негізгі
стратегиялық
бағыттарының бірі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын
әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту болып табылады.
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы
оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы
деңгейге кӛтеру - бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау
арқылы ӛзін-ӛзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан ―Мендік‖ пікірі
қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Яғни, инновациялық оқыту - сапалы білім
берудің кепілі іспеттес. Қашанда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол
технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты
адам. Қазіргі мұғалімнің инновациялық біліктілігін жетілдірудің негізгі
ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, ӛздігінен білім алуды
дамытып, үнемі ілгері ӛрлеуіне қажеттілік тудыру. Әрине инновациялық
педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленіп, даярланғанын бәріміз
білеміз[4].
Жалпы білім беру саласында технология туралы екі түрлі пікір
қалыптасып отыр. Бірінші, технология - ӛнер, шеберлік деген ұғымның
синонимі ретінде аталады, яғни педагогикалық шеберлік деген ұғымды
білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру, сол арқылы жоғары
сапалы ӛнім алу, ғылым мен ӛнердің синтезі деген мағынаны білдіреді.
Педагог-ғалым В.М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз -
оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», -
деген анықтама береді[5].
«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, ӛнердегі
адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол
жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік
құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин[6].
Ал Н.Ф. Талызинаның анықтамасында: «Педагогикалық технология -
оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын
66
анықтайтын, психологиялық-педагогикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педаго-
гикалық үрдісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы», - делінген. Яғни,
педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің
жобасы. Аталған технология әртүрлі әдістерді, тәсілдерді, тілді оқыту жол-
дарын, оны оқыту түрлерін, тәрбиелеу кӛздерін анықтайтын психологиялық -
педагогикалық үрдістердің жиынтығы[7].
Яғни, педагогикалық технология - білім беру үдерісінде бекітілген
психологиялық
педагогикалық
ұстанымдар
негізінде
жүйелі
түрде
қолданылатын нысандар, әдістер, тәсілдердің жиынтығы, арнайы топтамасы.
Технологияның кәсіби үлгісін қалыптастыру үшін мыналар маңызды:
Достарыңызбен бөлісу: |