Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
*Көгеріс – көк шөп, бау-бақша.


36
дамдар мен жануарлардың өсіп-өніп көбейіп кеткені 
соншалық, жер тарлық ете бастады. Бірақ олар өлімді әлі біл-
мейтін. Сонда Үлкен Тәңір өмірдің ақыры туралы Жарғы 
жариялау үшін жерге өзінің қызметшісі Жара-Шешенді жі-
берді. Адамдар мен аңдарға өлім жайында жария етпес бұрын 
Жара-Шешен олардың барлығын бір жерге жинап, әрқайсысына 
тиесілі ғұмыр белгіледі. Басқаларға қарағанда адамға зияны аз 
болғандықтан, балықтар бәрінен де ұзақ – сегіз жүз жыл жасай-
тын болды. Оның үстіне, олар адамның азығына тиіспегендіктен, 
аңдар сотында да кінәсіз болып шықты.
Жара-Шешен адамдар мен жануарлар тірі жан иесінің қалай 
өлетінін көрмесе, өлімнің не екенін біле алмайды деп пайымда-
ды. Сондықтан өлімнің қандай болатынын көздеріне көрсетуді 
ұйғарды. Сөйтіп ол қылыш алып, адамның мойнынан ұрып, басын 
кесті. Бірақ оған адам өле қойған жоқ, аяғын басып жүре берді. 
Сонда Жара-Шешен оның аяқтарын тізесіне дейін шауып тастады. 
Адам жерге құлап түсті, бірақ ол қос қолымен жерге жармасты. 
Енді Жара-Шешен оның екі қолын шапты, ақыры, адам өлді. 
Бірінші өлімге дейін адамдар өлім туралы білмейтін, бір-бірімен 
жанжалдаспайтын. Осыдан бастап олардың араларында өштік пай-
да болды, бір-біріне кектеніп, бір-бірін өлтіру басталды.
лкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін 
Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып
жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық өлгендердің 
тағдыры Еркіліктің қолына көшті.
Еркілік қара темір сарайда тұрды. Бұл сарай тоғыз өзеннің 
Тойболдымға құятын құйылысында орналасқан. Тойболдым 
өзенінің жағасын жасыл бөкселі, жадау көкірек, жақ сүйектері 
Еркіліктің он сегіз тозағы
Өлімнің келуі


37


38
үлкен қайық тәрізді Жұтпа дейтін су құбыжықтары мекендеген. 
Еркіліктің сарайын осы Жұтпалар күзеткен.
Тойболдымның арнасы адамдардың көз жасына толып аққан. 
Оның үстінен аттың қылынан жасалған көпір тартылған. Оны «қыл 
көпір» дейді. Еркіліктің патшалығын мекен еткен өлген адамдар-
дың қисапсыз көп жандары патшалықтан қашуды ойласа, осы 
қыл көпірге аяқ басқанда-ақ өзенге құлап кетіп, толқындар оны 
Еркіліктің қапас патшалығына қайтарып әкелер еді. 
Еркіліктің өзі суда ескексіз қара қайықпен жүзіп жүреді, ал 
жерде көк қасқа бұқаға мінеді. Бұған дейін бір кездерде Еркілік ақ 
арғымаққа мініп жүрген. Бірақ оны Тәңірдің бір батырының жаны-
на айырбастап жіберген. Ал Тәңір оны алдайды. Жанның орнына 
қара бұқа беріп, оған теріс қарап отыруға және қамшының орнына 
айбалтамен қуалауға бұйырады.
О дүниелік болған әрбір адамның жаны көрілмеске айнала-
ды. Көрілместердің тағдыры иесінің тіршіліктегі жақсылы-жа-
манды істеріне байланысты болады. Ізгілікті адамдардың жаны 
Еркіліктің сотынан кейін Арун-Сюдунға көшеді. Осындағы Үлкен 
Тәңірдің тағының айналасында олар ару-немеге, яғни аруақтарға 
айналады. Жаман адамның жаны өзінің кеселді істері үшін жаза 
тартып, Еркіліктің Төменгі әлеміне барады. О дүниеге көшкен 
сәтінен бастап Еркіліктің малайы – алшыға (сайтан, қара-неме) 
айналады. Алшы адамдарға жамандық жасап, ауру-сырқауға 
шалдықтырып, өз патшалығына туыстарын еліктіріп тартуға 
тырысады.
Жер астында он сегіз тозақ (тама) бар. Солардың әрқайсысын-
да Еркіліктің жүз мың алшысы қызмет жасап, жер бетін кезіп, 
өлгендердің жанын аулайды. Еркек алшылар – шұтқыр, әйелдері 
– шұлмұс (албасты) деп аталады. 
Албастының бар күші бір тал алтын қылшықта сақталады. 
Шұтқырлар сияқты, олар да қартаймайды, өлмейді және өз бетте-
рімен ұрпақ жаймайды.
Қара-немелер теке мен тікен бар жерде жүрмейді. Сондықтан 
олардан сақтану үшін тікенді жерді паналауға болады. 


39
Шұтқырлар әр алуан. Олардың ішінен, егер шақырып көндіре 
алса, тек тейрандарды көзбен көруге болады. Тейранның бір аяғы 
мен бір қолы ғана бар. Әу баста кімге келсе, сол оның қожасы бола-
ды, қожасының әмірін еш уақытта екі етпейді. Есесіне кейін одан 
құтылу өте қиын. Егер құтылмаса, ол өз қожасының жанын жау-
лап алады. 
Адамды шұтқырға немесе албастыға айналдыратын он күнә бар. 
Оларға кісі өлтіру, бұзықтық, ұрлық жасау, өтірік, өсек айту, ұрыс-
керіс, қиянат, жаман ой, қызғаныш, күдікшілдік сияқты мінез-
құлық, әрекеттер жатады.
ады-тас бұрын жануарларда болған. Олар оны ауыздарын-
да сақтаған. Жады-тастың жәрдемімен жаңбыр, қар шақы-
руға болады. Егер Жады-тасты аңдаусызда өзенге түсіріп 
алса, қырық күн, қырық түн толассыз қар жауады. Кез келген өртті 
өшіруге де сиқырлы тастың көмегі тиеді.
Көп жұрт осынау керемет тасты қараңғы үңгірлерден, 
құрбандыққа шалынған қойлар мен сиырлардың ұлтабарынан, 
бүркіттер мен сұңқарлардың ұяларынан іздеген. Өйткені, бұл тас 
өзінің иесіне құдіретті күш дарытқан. Оның кереметімен бұлт асты-
нан күнді шығарып алуға болады, сонда шөптер жайқалып өсіп
гүлдер қауыздарын ашады деп есептеген.
Сиқырлы тасқа ие адам болашақты болжайтын көріпкел 
болады. Ал шайқас кезінде оны жанында алып жүрген адам 
жарақат алмайды. Жау жебесі оны сырт айналып өтеді. Сөйтіп 
ол жеңілмейтін жаужүрек жауынгерге айналады. Сиқырлы та-
сы бар жауынгердің күші тасқындап, бір өзі жаудың жүздеген 
һәм мыңдаған әскерін жайратып жеңе алады. Зұлым жау қан-
шалықты толағай болса да, мұндай өжет батырға ол ергежейлі-
дей көрінеді.
Сиқырлы Жады-тас 
жайындағы миф


40
Сиқырлы тасты іздеушілер көп болғанымен, ол тек әділеттілер 
мен ақылдылардың ғана қолына түседі. Шырқау көкте самғаған 
қыран бүркіттер ондай адамдарға құдіретті де ғажайып Жады-тас-
ты өздері әкеліп береді. 
Жаңбыр жауғызу үшін бақсылар Жады-тасты таяққа жіп-
пен байлап, оны отқа қақтайды. Сосын таяқты басындағы байлау-
лы тасымен қоса жан-жаққа сермей бұлғап, айқайға басып, жыр 
толғайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет