Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың аты-
мен бастаймын.
Әй, Мұхаммед, саған шын мәнінде таусыл-
майтын Кәусар бердік. (Кәусар: Жұмақтағы 
бір көл немесе зор дәулет пен игіліктің бей-
несі). (1). Сондықтан Раббың үшін айт на -
мазын оқып, құрбан шал. (2). Расында дұш-
паныңның өзі ұрпақсыз қалады. (Мұхаммед 
пайғамбардың жаулары оны ұлы жоқ деп
кемітеді екен. (3)». 
Жүз сегізінші сүре. Кәусар (Қайсар, Гесер).


56
Ер-Сайынны¼���ерліктері
р-Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға 
әділет орнату үшін жіберілген. 
Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шал-
дың отбасында Ер-Сайын Чечірге атты ұл өседі.
Тойбон хан өзінің тоғыз зайсан-уәзірлерімен кеңес жасап, сол 
кеңесте Ер-Сайын батырды өлтіруге сөз байласты. Тойбон хан Ер-
Сайынға қорқынышты аждаһа Қарағұлды алып келуді бұйырды. 
Батыр бұйрықты орындап, Қарағұлды сүйретіп хан алдына әкелді. 
Аждаһадан зәресі ұшқан Тойбон хан тезірек аулақ әкетуін сұрады.
Осыдан кейін Тойбон хан Ер-Сайын батырды зымиян зайсан-
уәзірлерінің айла-шарғысымен, хан әйелі сау-саламат болса да, 
ауырды деген өтірік сылтаумен алдап, тоғыз қоңыраулы Толышақ 
бақсыға жіберді.
Ер-Сайын бақсыны да Тойбон ханға алып келді. Толышақ бақсы 
зікір салып, сарнап, тоғыз қоңырауын күркіреткенде, ханның әйелі 
шудан жан тапсырды. Ханның өзі шошып, батырға Толышақты 
алып кет деп жалына бастады. Содан Ер-Сайын тоғыз заңды шаман-
ды қайтып апарып тастады.
Бұдан кейін зайсандар ханға Ер-Сайынды Қанкере деген әйел 
бақсыға жіберуге кеңес берді. Ер-Сайын бөгелмей аттанып кетті. 
Бірақ бұл сапарда ол суы улы Сары Теңізден өтуі керек болатын. 
Келе жатса, алдынан бір кемпір шығып «теңізден өте алмайсың, өте 
алған күнде де әйел бақсы Қанкеренің күші ересен, одан басым түсу 
мүмкін емес» деп түңілдірді. Әйткенмен, Ер-Сайын улы теңізге жет-
кенше қыс түсіп, теңіздің бетіне мұз қатып, батыр мұздың үстімен 
жүріп өтті.
Ер-Сайын келе жатып, Олокондин Шыңғыс Покози батырды 
кезіктіреді. Ол Ер-Сайынға Қанкеренің киіз үйіне кіргенде аса сақ 
болып, не істеу керектігін үйретті. Ер-Сайын Қанкеренің киіз үйіне 
жақындап келіп торғайға айналып, үйге ұшып кірді. Бірақ Қанкере 
үйде жоқ екен, мұнда тек екі қызы ғана отыр. Ол енді тысқа шығып, 


57
жас жігіттің кейпіне еніп, үйге қайта кірді. Қанкеренің қыздары 
Ер-Сайынды құрметтеп қарсы алды.
Кенет күн күркіреді. Бұл келе жатқан Қанкере еді. Үлкен қыз 
Ер-Сайынды қызыл орамалға айналдырып, кебеженің үстіне қойды. 
Қанкере үйге кіре сала көзіне қан толып «мұнда біреу бар ғой!» деп 
қаһарына мінді.
Қанкеренің үлкен қызы қызыл орамалды еденге тастай салғанда, 
ол Ер-Сайынға айналды. Қанкере одан:
– Сен кімсің? – деп сұрады.
Сонда батыр өзінің кім екенін, қайдан келгенін, кім жібергенін 
жасырмай айтып берді. Құдіретті Қанкере:
– Өтірік айтып тұрған жоқсың ба? – деп қаһарлана сұрады. 
Сөзінің растығын тексеру үшін бақсы әйел бір күн, бір түн зікір 
салып, даң-дабылын дүңкілдетіп ойнады. Ақыры ол Ер-Сайынға:
– Сенің айтқаның рас екен. Тойбон хан сені құртқысы келеді. 
Оған екеуміз бірге барайық! – деді. 
Сөйтіп олар дереу Тойбон ханға жөнеліп кетті.
Алғашқы ұлыстарға кірген беттен Қанкере зікір салып, дабыл 
ұрды. Тойбон хан үрейі ұшып, олардың алдынан тоғыз елші жібе-
ріп, зікірді тоқтатуды және Қанкерені кейін қайтаруды сұрады. Со-
нымен Қанкере үйіне қайтып, Ер-Сайынға:
– Маған үш жылдан кейін келерсің! – деді.
Тойбон хан мұнымен де қоймай, оны енді Еркіліктен жырақы, 
яғни арақ қайнататын ыдыс алып келуге жұмсады. Ер-Сайын 
бұйрықты орындауға аттанды. Өзінің сенімді аты Хангил Ер-
Сайынға көзін жұмуға бұйырып, олар жер асты патшалығына түсті. 
Осы арада ат өзінің иесіне былай деді: «Бізді екі қарға, тоғыз қара 
қыз және екі түйе қарсы алады. Еркіліктің тоғыз атын ұстап алып, 
олардың көздерін қарғаларға берсең, риза болады. Қыздарға сол 
аттардың сіңірлерін, ал түйелерге – төрт темір қазық берерсің».
Ер-Сайын осы айтылғандарды бұлжытпай орындады. Сөйтіп 
еш кедергісіз Еркілікке жетіп, одан жырақы (арақ қайнататын 
ыдыс) сұрады. Еркілік сұраған затын бермек болды, бірақ орнына 
астындағы мінісін қолқалады. Ер-Сайын атын беріп, жырақыны 


58
алды. Еркілік батырдың атын тоғыз қабат қабырғамен қоршалған 
қораға қамауға әмір етті. Сенімді серігі, астындағы атынан айрылған 
Ер-Сайын көңілі босап, көзіне жас алып, үйіне жаяу қайтты.
Кенет күн күркіреп, бұлт үйірілгендей болды. Бұл – еркіндікке 
шығып, көсіле шапқан Хангил екен. Ер-Сайын қуанышы қойнына 
сыймай, атына қарғып мінді. Ал Хангил болса, оған көзін жұмуға 
бұйырып, жер асты патшалығынан Жоғарғы Әлемге – жарық 
дүниеге алып шықты.
Ер-Сайын сол бетімен Тойбон ханға келіп, алдына жырақыны 
лақтырып тастады да, өзі Қанкереге аттанып кетті. Қанкере бақсы:
– Сірә, Үш Құрбыстан – Үш Құдіретті Құрдас саған менің 
қызымды әйелдікке беруге ұйғарған болар! – деп өзінің кіші қызын 
ұзатты.
Ер-Сайын үйіне аман-есен оралып, ұлан-асыр той жасады. Баяғы 
тоғыз зайсан-уәзір мен тойға жиналған халық батырды өздеріне хан 
көтерді.
Он����сегіз����тоза½ты����азат����ету
р-Сайын әйелімен бес жыл тұрды, бірақ олардың балалары 
болмады. Әкесі мен шешесі: «Сен әйел алдың, отау тіктің. 
Бірақ сенің мұрагерің жоқ. Бізді қуант, ұлың болатындай бір 
амалын тап!» – деп құлағының етін жеді.
Сонда Ер-Сайын Екі-Өндір-Ұланға шығып, тастарды бір жерге 
үйіп, үлкен оба жасады. Сырыққа бес түсті мата байлап, «Уа, Тәңір, 
рақымыңды төгіп, маған ұл бере гөр!» деп Көкке жалбарынды.
Осы кезде Көктен «Уа, күшің асып, қуатың тасып туған ба-
тыр, Еркіліктің он сегіз тозағын азат ет, Еркілік ханның өзін 
өлтір! Егер осы сынаққа төтеп берсең, ұлың болады!» де ген бір 
зор үн шықты.
Батыр Көктен түскен әмірді естіп, сенімді аты Хангилге ер 
салды. Ұзындығы үш құлаштық сары хайдак (жақсылықтың 
белгісі ретінде қолданылған орамал) алды. Сосын әкесі мен ше-
шесіне кіріп, Еркілікке аттанып бара жатқанын айтты.


59
Әке-шешесі оған:
– Еркілікке сексен сегіз жылда жетесің, – деді.
– Мен он алты жылда жетемін! – деп батыр батысты бетке 
алып аттанып кетті.
Жортып келе жатып жол-жөнекей жел тудырып, желмен бірге 
ұша жөнелді. Хангил жарты күн ұшқанда – алдыңғы аяқтарына 
қанат бітті, тағы жарты күн ұшқанда – тұлпардың артқы аяқтары-
на қанат бітті. Сол ұшқаннан мол ұшып, сексен сегіз жылдық жол-
ды сегіз жарым күнде еңсеріп, Еркілік ханның патшалығына ке-
ліп қонды.
Сол кезде Еркіліктің Арыслан Тарғытай (Арыстан басты) есім-
ді ұлы үш қабатты темір сарайдың төбесіне шығып, келе жатқан 
батырды көріп, әкесіне: «Құдды қырық мың қосын келе жатқан 
сияқты, ал келе жатқан бар болғаны бір адам!» – дейді. Еркі-
лік шығып қараса, Ер-Сайынның төбесі көк тірейді, табанының 
астында жер тітірейді. Еркілік сонда оған қарсы үш жүз салт 
атты шерік жіберіп, сарайының барлық қақпаларын тарс бекітіп 
жауып алады.
Ер-Сайынның асудан көрінуі мұң екен, қарсы шыққан салт 
аттылардың қолдарынан найзалары сырғып түсіп, өздері серейіп 
сеспей қатты. Ол сарбаздарға су шашып, зорға тірілтіп алды.
Темір сарайға желе-жортып жеткенде барлық үш құлып өзінен-
өзі қаңғыр-күңгір десіп шешіліп кетіп, қақпалар мұның алдынан 
айқарыла ашылады.
Еркілікке кіре сала Ер-Сайын оның алдына сары хайдакты жа-
йып салды. Еркілік одан:
– Кімсің, қайдан жүрген жансың? – деп сұрады.
Батыр қалай үйленгенін, Тәңірден ұл сұрағанын, сонда Тәңір 
оған он сегіз тозақты азат етуге әмір бергенін баяндады. Еркілік кі-
табын алып, мұның баянын тексере бастады. Онда «Ер-Сайын ке-
ліп, он сегіз тозақты азат етеді» делінген екен. Сонда Еркілік:
– Мұнда жазылған жазу сен жайлы емес пе екен осы? Соның 
сәті келді! – деді де, ұлы Арыслан-Тарғытайға он сегіз тозақтың 
қақпаларын ашуға бұйырды. 


60


61


62
Арыслан-Тарғытай Ер-Сайынды тозақ қақпаларына ертіп кел-
ген кезде, олар өздері ашылып кетті. Сол арада бес түсті кемпірқосақ 
пайда болып, барлық тұтқындар тозақтың қапас зынданынан 
кемпірқосақтың бойымен Көкке көтеріліп, аруақтарға айнал-
ды. Бұдан соң Ер-Сайын мен оның серіктері мәңгілікке қамалған 
адамдар жатқан тозаққа келді. Олардың шеккен азаптарының 
шегі мен шеті көрінбеді. Мұндағы қақпалар ашылмады. Сонда Ер-
Сайын Тәңірдің құрметіне он сегіз дұға оқып, үрлеп жібергенде, 
есіктер айқара ашылды. Бес түсті кемпірқосақ тартылып, барлық 
тұтқындар Көкке көтеріліп, аруақтарға айналды. Тек жалғыз Ала-
шы-Үкір-Қара-Батыр ғана қалып қойды. Ер-Сайын оны көтере ал-
мады. Қолынан көтерсе – қолдары үзіліп, белінен көтерсе – аяқтары 
ажырап қалды. Содан амалы құрып, Еркілікке келіп:
– Мұның мәнісі не? Ол не істеуі керек? – деп сұрады.
Сонда Еркілік:
– Бұл адам дүниеге жеті рет келген. Жердегі өмірге әрбір келі-
сінде ол өзінің әке-шешесі мен ұстазын өлтіріп отырған. Жылына 
бір дәннен алып отырғанда тарыға лық толған сексен қамба қашан 
босаса, Алашы-Үкір-Қара-Батыр сонда ғана азат болады, – деп жа-
уап қатты.
Ер-Сайын өзінің ауыр алдаспанын суырып алып:
– Мен барлық он сегіз тозақты азат етуге тиіспін. Қара-Батыр-
ды да кешірім жасап, шығар. Әйтпесе, менің шаруам бітпейді. Егер 
сен мұны босатпасаң, өзіңмен шайқасамын, – деді.
Еркіліктің бұған айтқаны:
– Ол мұндай күйге түскен өзі, мейлі, жата берсін. Мен, Еркі-
лік хан, жаман-жақсы істерді тексеру үшін туғанмын, ақ-қараны 
анық білемін, қара қылды қақ жарамын. Сен үшін оны жиырма бір 
жылға еркіндікке жіберейін. Бірақ осы мерзім өткеннен кейін ол 
өзінің ескілікті орнына қайтадан келуі керек. Осылайша, саған жер 
астындағы он сегіз тозақты азат қылуға әмір еткен Көктің қалауы 
орындалады.
Еркіліктің өзіне көмектесуге әзір екенін білген Ер-Сайын 
қызбалығы үшін ғафу өтініп, қылышын қынабына салып қойды. 


63
Еркілік хан оған мәңгі өлмеуі үшін аржан толтырылған алтын 
ыдыс сыйлады.
Ер-Сайын Еркіліктен:
– Ең үлкен ізгілік пен ең үлкен күнә қандай? – деп сұрады. 
Еркілік:
– Ізгіліктің үлкені – ашты тойындыру, аяқсызды барар жерге 
жеткізу. Күнәнің үлкені – балағаттау, өкпе-реніш және ұрып-соғу, –
деп жауап берді.
Ер-Сайын үйіне қайтпақ болғанда, Еркілік хан оған оң сапар 
тілеп, ыстық уәлаят* арқылы жүруге кеңес берді. Батыр Хангил-
ге қарғып мінді. Арсылан-Тарғытай Хангилді тізгінінен жетеледі. 
Олар қисапсыз мал: түйе, жылқы, сиыр, қой өріп жүрген бір жер-
ге келді. Адамдар найзамен піскіленген, өне бойлары жарақат, 
қарындары шұрқ-шұрқ тесік, қан судай аққан. Қатты азап шеккен, 
қимылдауға шамалары жоқ. Олардың жапан далада ыңырсыған зар 
дауыстары сай-сүйекті сырқыратады.
Ер-Сайын Арыслан-Тарғытайдан:
– Бұлар мұндай күйге қалай түскен? – деп сұрады. Ол сонда:
– Он екі мемлекет өзімен-өзі соғысты, осы соғыста жараланған 
адамдар Еркілікке жете алмай, сақараны кезіп жүр. Оларды Көкке 
аттандыршы! – деп жауап қайырды.
Сол арада Ер-Сайын Тәңірге жалбарына тіл қатып, кемпірқосақ 
орнатып, азап шегушілерді Аспанға көтеріп жіберді.
Тағы біраз уақыт өткенде екеуі Бак-Модон ағашына келіп жетті. 
Оның бұтақтарына шиқылдаған, жылаған балалар мен балапандар 
қонақтапты. Арыслан-Тарғытай:
– Бұлар әлгі қырғын соғыста өлген балалардың жандары, – деді. 
Ер-Сайын Тәңірге жалбарынып, бұларды да Көкке жөнелтті.
Осыдан соң Арыслан-Тарғытай Ер-Сайынмен қоштасып:
– Сен де біздің он сегіз тозағымызды азат еттің, енді біз бауыр 
болдық, – деді де, кейін қайтты.
Ер-Сайын өз еліне жөнелді. Сексен сегіз жылдық жолды он алты 
күнде еңсерді. Шекараға жақындап келген соң Ердене-Торхо-Қара-
*Уәлаят – аймақ, өлке, өңір.


64
Ұла тауына шығып, өз ауылына қараса, отауының үстінен алтын 
баған көрді. Ал Көктен сары хайдак салбырап тұр екен. Ер-Сайын 
«Тілегім орындалып, ұлды болған екенмін!» деп ойлады.
Жүрегі қуаныштан лүпілдеп, туған ауылына келді. Хангилдің ер-
тоқымын алып, жүгенін сыпырып, табынға қоя берді. Ер-тоқым мен 
сауыт-сайманын үйге кіргізіп, сары шапанын киді. Сол кезде ыңыл-
дап әндетіп, алтын тақта еңбектеп жүрген бір жас шамасындағы, 
алтын айдарлы баланы көрді. Ер-Сайын баланы қолына алды.
Қуанышқа кенелген батыр күллі халықты тойға шақыруға әмір 
етті. Түйелерге теңдеп, қымыз бен шарап келтіртті. Қысырақ бие 
қымызын күрпілдетіп, қисапсыз мал сойылды. Қазан-қазан ет асы-
лып, той тағамы мол болды.
Хан ханымымен, Ер-Сайын әйелімен төрге отырды. Әрбір 
қонаққа үлкендігі телегей-теңіз, әрқайсысын жетпіс адам көтере 
алмайтын жетпіс түрлі сый табақ тартылды.
Сернелі той сексен күнге созылды. Ұлан-асыр ойын тоқсан 
бес күн толастамады. Күннің шығуын тоспай тойлай берді, той-
ды күн батса да тоқтатпады. Шалдардың сақалы шарапқа малы-
нып, саусақтарының арасынан ақ май ақты. Ер-Сайын шаттыққа 
кенелткен барлық адамдардың өмірлері талай да талай жылдарға 
ұзарды.


65
ðлемдік топан су
½аптауы жайында
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық 
халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, құдай та-
рапынан белгі алған Нұх пайғамбар өзі жасаған кемеге отырып, 
жайқын мұхиттың толқындарында жүзіп, барлық жолаушылары-
мен бірге Қазығұрт тауына тіреледі (басқа нұсқалар бойынша Си-
най, Арарат, Ұлыдағ таулары келтіріледі).
Орта Азияның көптеген халықтарының фольклорында Нұхтың 
шын аты Яшкар болғандығы туралы әңгімелер орын алған. Себебі, ол 
өне бойы құдайға сыйынып, адамдарды тілсіз апаттан құтқаруды 
сұрап жалбарына бергені үшін оны Жылауық (яш, жас, көз жасы) 
пайғамбар атап кеткен. 
«Жылауық пайғамбар» су, тасқын ұғымына жақынырақ. Себебі, 
оның атының өзі су, су тасқыны дегенді білдіреді. Оның үстіне, көз 
жасы және су бір-бірінен мағыналық жағынан онша алшақ емес.
Көне еврей тілінде Нұх (Ной, Ноах) татуластырушы, адамдардың 
арашашысы деп тәржімеленеді.
Әзірге біз арийлердің шамамен біздің дәуірімізге дейінгі II – I 
мың жылдықтарда Арал мен Каспий аралығындағы (қазіргі 
Қазақстан жері) аймақтан кеткендігін білеміз. Егер әлемдік топан 
су хақындағы миф арийлерге белгілі болғандығын мойындасақ, 
демек, олар Каспий төңірегінен көшкенде, өздерімен бірге өз фоль-
клорын, мифтері мен аңыз-ертегілерін ала кеткен. Бірақ нақ осы 
аңыздар мен мифтер, соның ішінде, әлемдік топан су жайындағысы 
да, арийлермен көршілес тұрған әрі ешқайда қоныс аудармаған 
байырғы халықтарда, яғни түркі халықтарының арғы бабаларында 
қалуы мүмкін ғой.
«Ылғал, көз жасы» тұңғысша «ниа», монғолша «ини», фин-угор-
ша, венгерше «ниа» болады.
Адамдарды әлемдік су топаны апатынан құтқарған ежелгі 
түркілердің Нұхы – қазақ фольклорында Нұх пайғамбардың


66
баламасы ретінде орын алған Жайық-нама, яғни Жайық есімді 
адам.
«Жайық» жайқын су, су тасқыны, жайылма деген сөз. Орал 
өзенінің бұрынғы атауы – Жайық әлемдік топан су болғандығын 
куәландырады.
Та½уа Жайы½ хан.
ðлемдік топан су
½аптауы туралы миф
айық – Үлкен Тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық 
жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір 
оны адамзатты барлық жамандық пен зұлымдық атаулыдан 
қорғап, өмір жапырағын жайғызу үшін жіберген.
Әлемдік топан су қаптағанға дейін бүкіл жер үстінің патша-
сы Теңіз (Шыңғыс) хан болған. Ол патшалық құрған тұста жер 
жүзінде Жайық-Нама есімді адамның даңқы шыққан. Үлкен Тә-
ңір оған сыннан өткен сандал ағашынан кеме тұрғызуға әмір етіп-
ті. Тақуа Жайық-Нама өзінің Созұн-ұл, Сары-ұл және Балықшы 
деген ұлдарына кемені тау үстіне шығарып жасауға бұйырады. 
Жайық-Наманың көзі нашар көруші еді. Сондықтан, кеме жасау
орайындағы жұмыстарды үлкен ұлы Созұн-ұл басқарады. Үлкен 
Тәңірдің жарлығы бойынша Жайық-Нама кеменің іші-сыртына
шайырлы қайың қабығын жапсыртады. Бұрыштары мен қабыр-
ғаларына ұштарына шойын саптыаяқтар ілінген, сексен құлаштық 
сегіз арқан байлатады. Созұн-ұл әкесі Жайық-Намадан:
– Бұл арқандар не үшін керек? – деп сұрайды.
Жайық-Нама:
– Біз бұларға қарап, су сексен құлашқа көтерілгенде қанша 
күн өткенін білетін боламыз, – деп жауап береді.
Кеме жасалып болған соң Жайық-Нама өзі жақсы көретіндерін 
түгел жинап алады. Өйткені, оған Үлкен Тәңір «Кімді жақсы 


67


68
көрсең, өзіңмен бірге соларды ал. Жерде тіршілік ететін тірі атаулы 
қалмасын, ұшатын құстарды да тастама» деген болатын.
Тақуа Жайық-Нама бүкіл әулетімен және достарымен кемеге 
аяқ басқан кезде, оларға құстар мен аңдар да лек-легімен келіп жат-
ты. Жайық-Нама кемеге жеткен барлық жануарларды кіргізіңдер 
деп бұйырады.
Созұн-ұл:
– Мына бір жылан жорғалап келіпті. Қабылдауға рұқсат етесің 
бе? – деп сұрайды.
Жайық-Нама:
– Жетіп үлгергеннің, кеме үстіне көтерілгеннің немесе жар-
масқанның, кім екеніне қарамастан, барлығын да қабыл ал, – 
дейді.
Барлығы кемеге мінген соң Жайық-Нама:
– Көздеріңе ештеңе көріне ме? – деп сұрайды. 
Оған:
– Айнала бұлдыр тұман мен қара түнек, – деп жауап қатады.
Осы кезде жердің қойнауынан су атқылап, бұлақтар, өзендер 
мен теңіздер сарқырап құйыла жөнеледі. Көктен жаңбыр нөсерлеп 
жауады. Су еш толастамай, молайған үстіне молая береді. Кеме сек-
сен құлаш арқан бойы көтеріледі. Сонда арқандар жүктен үзіліп, 
кеме жүзіп жүре береді. Бірақ қайда жол тартқандарын білмейді. 
Осылай олар су бетінде ұзақ адасады.
Он төртінші тәулік өткенде тақуа Жайық-Нама Созұн-ұлға: 
«Түндікті ашып, айналаға көз сал!» – деп бұйырады.
Созұн-ұл бұйрықты екі етпей, айналаны шола қарап:
– Барлығын су басып жатыр, тек бір таудың шыңы ғана 
қылтияды, – дейді. 
Бірнеше күн өткеннен кейін Жайық-Нама Созұн-ұлға қайтадан 
түндікті аш деп бұйырады.
Үлкен ұл жан-жақты түгел шолып:
– Түк те көрінбейді, тек көк пен су ғана, – дейді.
Ақыры кеме бір-біріне жақын тұрған екі таудың шыңдарына ке-
ліп тоқтайды. Бұл Қазығұрт тауы болатын.


69
Сол кезде тақуа Жайық-Нама түндікті өзі ашып, еркек 
қарғаны қоя береді. Еркек қарға ұшып кетеді де, қайтып орал-
майды. Екінші күні аспанға ұрғашы қарғаны ұшырады, бірақ ол 
да қайтпайды. Үшінші күні сауысқанды жібереді, одан да ешбір 
пайда болмайды.
Төртінші күні тақуа Жайық-Нама көгершінді ұшырады. Көгер-
шін ұшып кетеді. Біраз уақыттан кейін қайың бұтағын тістеп, 
қайтып оралады.
Жайық-Нама көгершіннен өзінің аспанға бұрын ұшырған құс-
тарының жайын сұрайды. Көгершін:
– Еркек қарға тас шатқалға кептеліп қалған өлі маралдың үстіне 
қонып, көзін шұқып отыр. Ұрғашы қарға иттің өлексесін тауып, 
көтенін шоқып отыр. Сауысқан аттың арқасын жұлмалап отыр, –
деп жауап береді.
Сонда Жайық-Нама осынау сұмпайы құстарды қарғап: «Олар 
қазір не істеп отырса, өле-өлгенше соны істесін. Еркек қарға 
өлген малдың көзін шоқысын, ұрғашы қарға көтенін шоқысын, 
ал сауысқан арқасын шоқысын. Ал сен, көгершін, менің адал 
қызметшімсің. Саған өмір-бақи менің ұрпақтарыммен бірге тұр деп 
батамды беремін», – дейді.
Топан су басылғаннан кейін ризашылығын білдіріп, құрмет 
тұтқан адамдар Жайық-Наманы Жаратушы деп атай бастайды. 
Ол қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары оған құрбан шалатын бола-
ды. Үлкен Тәңірдің шапағатына бөленген оның ұлдары Тауәулие, 
Шауәулие (дала әулиесі) және Тірле – Тірілтуші деген аттар алады.
Басқа түркі халықтарында Жайық-Наманы Жайық хан деп
атап, оған ақ қойды құрбан шалады. Бұл құрбан шалу рәсімі көк-
темде биік таудың басында өткізіледі.
Қандай да бір кісің дүние салса, қырқыншы күні киіз үйді 
аластау рәсімі жасалып, Жайық ханға жалбарынады, марқұмның 
төсегіне ажалды бейнелейтін әтешті байлап қояды.* Мал басы 
көбеймесе де Жайық ханға сыйынады. Өйткені, қайтыс болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет