Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет2/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*«Я открою тебе сокровенное слово...» Вавилония мен Ассирия 
әдебиеті. Художественная литература, М., 1981, 56-бет.
Адам қалай жаратылды
Әлемнің жаралу мысалын біздің дәуірімізге дейінгі «Атрахасис 
туралы аңыз» атты өте көне шумер-вавилондық кітаптан алынған 
үзіндімен салыстыруға болады. Онда былай делінген.


22


23
егіз адам мен сегіз ағашты жаратқан соң Үлкен Тәңір ша-
руаларымен сапарлап жүріп, өзі жаратқан жандарына жеті 
жыл бойы қатыспай кетеді. Жеті жылдан кейін қайтып 
оралғанда ол сегіз адамның баяғы қалпында қалғанын, оларға 
жаңадан ешкім қосылмағанын көреді. Тек сегіз ағашқа ғана бір-бір 
бұтақ өсіпті. Сонда бұған қатты таңданған Үлкен Тәңір:
– Неге бұлай? Ағаштар өсіп-өніп жатыр, ал адамдар неге 
көбеймеген? – деп сұрайды.
Бұған Алтын таудың төбесінде тұрған сегізінші адам басын 
көтеріп:
– Үлкен Тәңір, қалай көбеймекпіз? Бізге өсіп-өнудің жолын 
көрсетпедің ғой, –деп жауап береді.
Үлкен Тәңір:
– Сені жаратқан кезде мен саған «Сен ұғып ал, жақсы болсын, 
жаман болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. 
Кімнің аштан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өзіңнің 
билігіңде. Осының бәрін білетін бол!» деп айтып едім ғой. Қазір же-
теуіне бар, ал мен саған үш күннен кейін келемін, – дейді.
Үлкеннің әмірінен соң сегізінші адам Алтын таудан түсіп, қал-
ған жетеуіне келеді. Сонда оған бір ой сап ете қалады:
– Маған ғой Үлкен Тәңір «Сен ұғып ал, жақсы болсын, жаман 
болсын, жаратқанымның бәрінің қожасы сен боласың. Кімнің аш-
тан өлетіні, кімнің ауру, кімнің сау болатыны өзіңнің билігіңде. 
Осының бәрін білетін бол!» деген болатын. Иә, енді мен не істеу ке-
рек екенін түсіндім!
Осыдан соң ол дереу іске кірісті. Үлкен Тәңірдің еркек кіндіктерді 
жаратқаны сияқты әйелді жарата бастады. Сүйектерін қамыстан жа-
сап, денесін балшықтан мүсіндеді. Бірақ осының бәрінің басын құ-
рап, біріктірейін десе, жамап-жасқалған дене саудырап шашылып 
Иттің хикаясы және 
Еркіліктің әйелді жаратуы


24
қала берді. Сонда ол сиқырлы шөпті жұлып алып, қолымен уқалап, 
алақанына салды да, үрлеп жіберді. Әлгі шөп әп-сәтте жылан бола 
қалды. Адам сол жыланмен өзі жаратқан мақлұхаттың денесін ай-
налдыра орап байлап тастайды. Осы кезде қасына аузына хат тісте-
ген бір ит келеді. Оны Үлкен Тәңір жіберген екен. Сегізінші адам хат-
ты алып «Сенің атың Майтөре болсын. Менің жаратқандарымның 
барлығына әміріңді жүргіз» деген сөздерді оқиды.
Үшінші күні Үлкен Тәңір өзі Майтөре деп ат қойған сегізінші 
адамға бармақ болып жолға шықты. Бұл уақытта Майтөре де өзінің 
жансыз туындысын күзетуді әлгі итке тапсырып, оны мүсіннің 
қасына қалдырып, Құдайды қарсы алмаққа, оған ықылас-ізетін 
білдірмекке асығып келе жатқан еді.
Жауыз сайтан Еркілік осы жаңсақтықты күтіп тұрған. Майтө-
ре кетісімен ол әлі аяқталмаған туындыға келді де, жеті күйлі 
кернеймен оның мұрнына үрледі, сосын тоғыз тілді темір аспап-
пен күй тартып тұрып, қос құлағына үрледі. Сөйтіп, әйел жыны-
сты адамның денесіне жан мен ақыл енгізді. Бірақ әлгі жан иесі өз 
бойына ақыл-ой мен тіршілік қуатын зұлымдық сайтаны Еркілік 
үрлегендіктен, көңілдегідей болмады. Оның жаны құдды жылан-
дай ысылдаған ызақор, мінезі алуан күйлі тұрақсыз, ақылы тоғыз 
тарапқа тартқан толымсыз болып шықты. Оның үстіне, денесінен 
жағымсыз иіс шығады. 
Бұл жайдан бейхабар Майтөре Үлкен Тәңірді қарсы алып оған:
– Сен маған «ұғып ал, жақсы болсын, жаман болсын, жа-
ратқанымның бәрінің қожасы өзің боласың» деп айтқансың. Мен 
соған үміттеніп, әйел адамды жараттым. Бірақ оның әлі жаны жоқ. 
Енді ары қарай жаратуымды жалғастырайын ба, әлде жоқ па деп 
өзіңнен сұрауға келдім, – деді.
Үлкен Тәңір бір жамандықты сезіп, «Бар тезірек, кейін жүгір!» 
деп жауап қатты.
Майтөре қайтып оралғанда өзі жасаған мүсінге жан біткенін 
көрді. Күзетке қойған итіне назаланып:
– Сен Еркілікті неге жолаттың? Оның алдауына қалай түсіп 
жүрсің? – деп ұрысты.


25


26
Ит оған былай деп жауап қайтарды:
– Еркілік маған «Жазда ылғал мен ыстықтан құрысып-ты-
рысып кеуіп қалмайтын, қыста суықтан тоңдырмайтын тон бе-
ремін, ешқашан тозбайтын тағалы аяқ киім беремін, ашықсаң – 
өлтірмейтін, тоя жесең – семіртпейтін дәмді азық беремін» деп уәде 
берді.
Майтөре иттің мынадай ақымақ сөзіне онан әрі ыза болып:
– Саған Еркілік уәде еткен тон – өзіңнің теріңе өсетін жүн, тағалы 
аяқ киім дегені – аяқтарыңда тырнақтарың болады, дәмді тамағың 
– ашыққанда қуанып көрісетін қалған-құтқан, сүйек-саяқ, – деді.
Сонда Майтөре итті «Жейтінің сүйек-мүйек, өлексе болсын, 
адамның тамағы көзіңнен бұл-бұл ұшсын, қазірден бастап адам-
мен тұрушы болма, ылғи үйдің сыртында жүріп, есіктің алдын 
қарауылда. Адам сені ұрып-соқсын, ал сенің оны қалдырып кетуге 
жүрегің дауаламасын. Егер оның алдында айыпты болсаң, ажалың 
қыл тұзақтан келсін!» деп қарғады.
Майтөренің айтқаны айдай келді. Бұрын ит адаммен бірге тұ-
рып, тамақты бірге ішетін, тырнақтары да, жүні де болмаған, 
адамның тілін түсінетін және адамға ой-сезімін өзі-ақ анық жеткізе 
алушы еді. 
Осыдан соң Майтөре Үлкен Тәңір жаратқан жеті еркекті 
шақырып алып, оларға Еркілік жан бітірген әйелді көрсетіп «Мына 
әйелді қайсың аласың?» деп сұрады. 
Олардың ешқайсысы үндемеді. Енді Майтөре әрбіреуінен жеке-
жеке сұрамақ болып, жетеуін бір-бірлеп қолынан жетелеп, әйелге 
апарды. Еркілік жан бітірген әйелдің қасына барған алғашқы адам: 
«Мына адамның бейнесі де, демі де өзгеше, иісі жаман, төзіп бол-
майды», – деді.
Майтөре әйелдің қасына келесі адамды апарды, бірақ оның да 
айтқаны сол: «Мына адамның бейнесі өзгеше, рухы бөтен, денесі 
сасық!» – деді.
Әлгі әйелден үшінші адам да бас тартты.
Бұл істері әміршілеріне ұнамайтынын біліп, жазадан қорыққан 
үшеуі жалма-жан қашып кетіп, бой тасалады.


27
Осы уақытта Үлкен Тәңір келіп, қалған төрт адамға ат қоя бас-
тады. Біреуін ол Тарғын-Нама деп атады. Сосын Тарғын-Наманың 
қос бүйірінен екі-екі қабырғадан алып, олардан сол арада тірі әйел, 
Тарғын-Наманың әйелін жаратты. Оған Мүнтүйшайди деген ат 
тағып, Тарғын-Намаға табыстады. Сөйтіп Үлкен Тәңір барлық тірі 
жан иелеріне: «Кімге қандай шөп, жидек және басқа да өсімдік же-
містері ұнаса, соны жей берсін!» – деді.
Майтөре оған: «Сен жаратуға шебер екенсің. Қаласаң, малды да, 
аңды да, адамдар мен басқа тіршілік иелерін де өзің жарата бер. Ме-
нен сұрама және маған тапсырма», – деді. Осыны айтып, Майтөре 
Алтын Таудағы мекеніне жол тартпақ болды. Әйтсе де кетпес бұрын 
қалған үш еркекке ат қойды. Біреуін Тидым-Мине-бурхан, екінші-
сін Шилы-Мине-бурхан және үшіншісін Топшун-бурхан деп атап, 
оларды өзіне көмекші әрі хатшы етіп тағайындады. 
Үлкен Тәңір де Алтын Тауға аттанды. Ол Алтын Тауға жеткенде 
осында Еркілік жан бітірген әйелдің жаман иісіне шыдамай қашып 
келіп, өзінің кітаптарын оқып отырған үш адамды көрді. Олар 
үйілген кітаптардан бастары да көрінбей, бар ынталарын салып 
оқып отыр екен. Үлкен Тәңір оларды оқымыстылығы мен зейін-
діліктері үшін жақсы көріп қалды. Содан біреуінің басқаларына 
қарағанда беріле оқып отырғанын байқап, оған: «Сенің атың Тепқара 
болсын. Сен өлген адамдардың жандарын Еркілікке бермей, мәңгі-
бақи күзетіп, сақтайтын боласың», – деп тапсырды.
Келесі адамға ол Шанг-Димы деген ат қойды. Оған: «Сен адам-
ның балалары мен жануарлардың төлдерін күзетесің. Сүтке шаша-
лып қалмас үшін оларды емуге үйретесің. Құс балапандарын қорғап, 
жануарларды шөп жеуге баулисың. Мас адамдарды бәледен сақтап, 
қаусаған кәрі шалдарды сүріндірмей сүйеп жүресің. Барша адамды 
жақсылыққа талпындырып, олардың ой-ниеттерін жамандықтан 
жирендіресің», – деді.
Үлкен Тәңірдің ықтиярына бой ұсынған Шанг-Димы адам-
дарға мынадай өнеге айтады: «Егер қарыз алған адамың өлсе – 
ол өлді екен деп қуанба және де қарыздан құтылдым, енді өлген 
кісі оны менен өндіріп ала алмайды деп ойлама. Егер ол адамның 


28
тіршіліктегі теріс әрекеттері көп болып, күнә арқалап өлсе, он-
да Тепқара сені өлген күнәһардың қарызын төлеу үшін 
марқұмның жатқан жері – тозаққа жібереді. Ал егер қарыз бе-
руші тақуа болып, оның жаны алғашқы адамдар тұрған және 
кумюньдағы (үстінде Үлкен Тәңірдің тағы тұрған Алтын Таудың 
айналасы) жалпы сотқа дейін адамдардың жандары сақталатын 
қасиетті жерде болса, онда Тепқара сені қарызыңды төлеу үшін 
сонда жібереді. Бірақ ол жаққа сен жете алмайсың. Жол бойы 
жылымды ми батпақ пен қорыс сазға батып, азап шегесің. 
Батпаққа малтығып жатқан кезіңде саған қансорғыш сары 
манғыстар – сары жылан-шаяндар жабысып, денеңді сорады».
Үшінші еркекті Үлкен Тәңір Поудо-Сонко деп атап, оған: 
«Қайда қантөгіс соғыстар болса, сен сонда жүресің. Өзінің күшіне 
сеніп, әлсіздерге қарсы кеуде қағып шыққандардың мысын ба-
сып, жеңіліске ұшырат. Күші аз болса да, Тәңірге үміт артып 
шыққандарға көмектес, оны жеңімпаз ет. Сауда адамдары мен 
басқа да жолаушыларды қарақшылардан сақта, кәсіпшілерді 
жыртқыш аңдардан, суда жүзуші адамдарды балықтар мен теңіз 
құбыжықтарынан қорға, барлық адамдарды бәле-жала мен кесір-
кесапаттан аман сақта. Жауыз адамдарды таңбала: өтірікшінің 
тілінің ұшын арпа дәнімен белгіле, ұрының төбесіне жағулы шырақ 
қой», – деді.


29
айтөре бұйрық жазып, оны өзінің көмекшілеріне беріп, 
Еркіліктің қолына тапсыруға әмір етті. Хаттың мазмұны мы-
нандай еді:
«Өзің жан бітірген сасық әйеліңді өзің ал, оны да, одан туған бір 
қауым жұртты да алып кетіп, осы арадан құры! Әкетпесең, әйелді 
де, сені де күн сәулесі түспейтін, ай жарығы жетпейтін қос теңіздің 
арасындағы аралға айдап жіберемін». 
Шилы-Мине атты көмекшісі бұл бұйрықты Еркілікке апарып 
берді. Әккі әрі залым сайтан оған:
– Бұл адамды мен жараттым ба екен? Мен тек оған үрлесем не 
болар екен деп байқап көргенмін. Үрлеп едім, жан кірді. Бірақ оны 
жаратқан мен емес, сондықтан оны өзіммен бірге алып кетпеймін! 
Үлкен Тәңір өзі жаратқан басқа бір адамын берсін, тек сонда ғана 
алуға келісемін, – деп жауап қайтарды.
Сонда Майтөре әлгі әйелден туған барлық қауымды жинап алды. 
Сөйтіп бүкіл үрім-бұтағымен бірге әйелді де, Еркіліктің өзін де жер 
астына, күн де, ай да жарық шашпайтын қос теңіздің арасындағы 
тозаққа қуып жіберді.
Алайда біраз уақыт өткен соң аса әккі сайтан Еркілік жер 
астынан жол тауып, қапас қамаудан қашып кетті. Жердің үстіне 
шыққан соң ол адамдарға келіп, қолымен «оп-қурай» жасамақшы 
болды. Яғни шыбын ұстағандай қолын сілтеп, тірі адамдардың 
жандарын ұстап алып, жер астындағы қапасқа алып кетпек. Алай-
да, білмейтіні жоқ дана Үлкен Тәңір мұны алдын ала болжаған еді. 
Ол адамдарға Еркіліктен бұрын келіп, «Қый!» деп қатты айқай са-
лады. Осы бір ерекше әуезді айқайымен ол адамдардың бәрін өзіне 
Еркіліктің «оп-қурай» жасап,
адамдардың жандарын
өзіне алғысы келгендігі
жайында


30


31
қаратып, «А!» дегізеді. Сол сәтте «оп-қурай» жасап қолын сілтеген 
Үлкен Тәңір барлық адамдардың жандарын уысына салып, оларды 
Алтын Тауға алып кетті.
Сөйтіп «оп-қурай» жасамаққа келген Еркілік ешбір жанды ұс-
тай алмады. Өйткені, бұл уақытта олардың барлығы Үлкен Тәңір-
дің қолында болатын.
Адамдардың жанын Еркіліктен құтқарып қалған Үлкен Тә-
ңір мен Майтөре Алып Алтын Тауға қайтып келеді. Еркілікті 
«Малайларының саны көбеймесін, бірақ дүниенің соңына дейін ке-
мімесін» деп қарғайды.
шкімнің жанын әкете алмағанына ызаланған Еркілік сай-
тан еліне аттанды. Қайтып келсе, өз қауымының саны не 
көбеймепті, не кемімепті. Ол Үлкен Тәңірге бұрынғысынан 
да қатты өшігіп, оның әлеміне қайта айналып соқты. Сосын әрбір 
ағаш пен жемісті өсімдікке нақ сондағыдай жеміс пен жидекті қоса 
өсіріп, «Кімде-кім менің жидектерімді жесе, ол мені жегені, мен
жидектер арқылы адамдардың ішіне кіремін» деп дуа сөздерін айт-
ты. Оған қоса, Еркілік сайтан жаңадан жемісті ағаш өсіріп, оны да 
«Менің ағашымнан қанша адам жеміс жесе, соның бәрі менікі бол-
сын» деп дуалап қойды.
Үш жылдан кейін өзі жаратқан адамдарының хал-жайын білу-
ге оралған Майтөре мұндағы ағаштарға Еркіліктің зиян жасағанын 
және оған қоса басқа ағаш отырғызғанын көрді. Ол итін шақырды. 
Бірақ иті оны тыңдамады. Енді Майтөре әмірші қаһарланып, ит 
күтушілеріне өзі барды. Сол кезде барлық ит күтушілер иттерімен 
бірге дереу жүгіріп келді. Майтөре оларға барлық ағаштардан же-
міс кейпіне еніп мәуелеген Еркіліктің малайларын қуып шығуға 
Ер Тарғын-нама есімді
алғашқы адам, оның әйелі
және жыланның қарғыс алуы


32
әмір етті. Өзі Еркілік сайтан отырғызған ағашты тамырымен қоса 
жұлып алып, барлығын күн сәулесі жетпейтін, ай жарығы түспей-
тін алыстағы екі теңіздің арасындағы қаратүнек қапасқа айдап 
жіберді. 
Ал бұған дейін Майтөре Жыланға өзінің сиясауытын күзетуге 
әмір еткен болатын. Жылан сауытты денесімен жауып, ішіндегі 
сиясын қоруы тиіс еді. Еркілікті малайларын қуып шығып, кейін 
қайтқан Майтөре Жыланның бұрынғысынша сиясауытты басып 
жатқанына көзін жеткізді. Бірақ ішіне үңіліп қараса, сауыт бос 
екен: біреу сияны түк қалдырмай ұрлап әкетіпті. 
Майтөре Жыланнан:
– Сен сияны кімге бердің? – деп сұрады.
– Сияны сен бұйырды деп Ер Тарғын-Наманың әйелі алды, – деп 
ол жайбарақат жауап берді. 
Майтөре дереу Ер Тарғын-Наманың әйелін алдына келтіруге 
жарлық берді. Одан «Сен сияны алдың ба, неге алдың?» деп сұрады. 
– Күйеуім сенің бұйрығың бойынша алып кел деп әмір етті. Мен 
барып сияны алдым да, оған әкеліп бердім, – деп жауап берді ол.
Майтөре енді Ер Тарғын-Намадан «Осы рас па?» деп сұрады. 
Сонда ол:
– Жоқ, әйелім маған өзі әкеліп берді, – деді. 
Осылайша, әйелі мен күйеуі кінәні бір-біріне аударды. 
Сөйтсе, Ер Тарғынның әйелі Еркілік өсірген ағаштың жемісін 
жеген екен. Жидекпен бірге оның ішіне жын-шайтан кіріп алған 
да, күйеуінің кейпіне еніп оған сия әкеліп бер деп әмір еткен. Сол 
кезден бері әлгі ағаш Ұрғашы ағаш – Әйел ағашы немесе Әйел жи-
дегі деп аталып кетіпті. 
Майтөре Жыланның нашар қызметіне күйініп, оған «Осы кез-
ден бастап сұрыңа қарауға көздің өзі қиналарлықтай жексұрын әрі 
жиіркенішті боласың. Басыңды қарға шоқысын, денеңді лашын 
іліп алып, асап жесін, ит қидалап қаққа бөліп, сүйреткіге салып 
соққыласын! Адаммен ұшыраса қалсаң, ол сені басыңнан ұрып мыл-
жалап, теріңді сыпырып алсын, сонда жалаңаш денең ирелеңдеп, 
күнге шыжып, кеуіп жататын бол!» деген қарғыс айтты.


33


34
Содан соң Майтөре Ер Тарғын-Намаға қарап: «Сенің барлық ісің 
кері кетсін, өкпе-бауырың құрт ауруына шалдықсын, сенен өрбі-
ген ұрпақ ұры-қары, өтірікші, қаскүнем болсын! Тәңір сендерге еш 
рақымшылық жасамасын, айыпкер деп қарасын, ауру-сырқаудан 
сау мүшең болмасын, көзің су қараңғы соқыр болсын! Ішсең 
тамаққа жарыма, кисең киімге жарыма!» дегенді айтты. Ал Ер 
Тарғын-Наманың әйелін: «Бала тапқан кезде асқынған үш аурудың 
қыспағында қал: бауырыңды құрт жесін, өкпең мен жүрегіңді 
жөтел қыссын, егер ішек-қарның жарылса, онда өл, өлмесең өмірем 
қап, балаңды тап! Барлық аурудан бала табу асқан азап болсын!» – 
деп қарғады.
Айып арқалаған Ер Тарғын-Нама мен оның әйеліне қарғыс 
жаудырған Майтөре оларды Тәңірдің Арун-Сюдундағы (Пейіш 
Бағы) сән-салтанатты Алтын сарайынан қуып шықты. Өзі Алтын 
Таудағы Үлкен Тәңірге кетті.
ейіш бағынан жерге қуылған Адамды Үлкен Тәңір аяп, 
оған жеуге жарамды барлық өсімдіктер мен жемістерді 
көрсетіп, «Дәмін тат та, өзіңе ұнағанын жей бер» деді. 
Әрқайсысының дәмін татып көрген Ер Тарғын-Нама олардың 
бәрін нәрлі деп білді. Жемістермен, өсімдіктермен қоректенген ол 
шырайланып, өңі кіріп, еш таршылық көрмей өмір сүріп жатты. 
Әйткенмен күз келіп, шөптер қурап сола бастады. Адам да солғын 
тартып, жүдеді. Сөйтіп, азықсыз қалған ол қыстан әрең дегенде 
аман қалды. 
Тәңірдің Арун-Сюдун
деп аталатын Алтын
сарайынан қуылғанынан
кейінгі адам


35
Өткен қыстың өкінішінен сабақ алған адам келесі жылы же-
містер мен көгерістен* азық дайындап алды. Қыс түсісімен оның 
жиған қорына әр алуан жануарлар көп келгіштейтін болды. Қоры 
тез таусылып бара жатқанын көрген адам азығын жануарларға же-
гізбей, оларды таяқпен ұрып қуа бастады. Бұған жәбірленген аңдар 
өздеріне құстар мен балықтарды шақырып қосып алып, Үлкен 
Тәңірге адамның үстінен шағым айтты.
Үлкен Тәңір олардың барлығын Ер Тарғын-Наманың мекеніне 
жинап, арыз-шағымдары мен мұң-мұқтаждарын асықпай тыңда-
ды. Артынан оларға: «Балықтар мен құстар нені қаласа, соны 
жей берсін. Ал сендер, жануарлар, шөп жеңдер. Адам, сен дәннен 
жасалған нан мен жануарлардың етін же. Жануарлардың жейті-
ніне сен жолама, ал адамға қажетті азыққа жануарлар тиіспесін. 
Сен, адам, оларды өлтір, терілерінен өзіңе киім тігіп ки, етін пісіріп 
же!» – деп әрқайсысының қорегін белгілеп берді.
Мынадай соттан кейін жануарлар адамнан қорқып, аулақ 
жүретін болды. Кейбіреулері адаммен жауласа бастады. 
Шөппен және жемістермен қоректенген кезде адам отқа мұқ-
таж емес еді, тіпті оны білген де жоқ болатын. Енді адамға басқа 
азық белгілегеннен кейін Үлкен Тәңір қолын созып көктен бірі ақ, 
екіншісі қара екі тас алды да, құрғақ шөпті алақанына салып умаж-
дап уқалады. Сосын шөпті бір тастың үстіне қойып, екінші таспен 
ұрған кезде от ұшқындап, шөп лап етіп жанды. Осылайша алғашқы 
алауды жаққан Үлкен Тәңір: «Мына от – менің Аспандағы әкемнің 
күшін тасқа көрсететін от», – деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет