Қайрақан-ау, Қайрақан!
Алас, Алас, ау, Алас!
Алақандай үлкен саңылауды аш!
Инедейін жасуды аш!
Мен – жаңбырдың дабылы,
Жаңғақ ағаш тамыры...
Көк перісі, жерге қаш!
Жер перісі, көкке қаш!
Алақандай үлкен саңылауды аш!
Инедейін жасуды аш!
Асқар таудың төсін сүй!
Абақан бұлақ көзін сүй!
Қайрақан, Қайрақан!
Алас, Алас!
(Аударған Қорғанбек Аманжолов)
41
ара-Шешен бір күні адамдардың ғұмыр мерзімін жария
етуге келіп, қыздары көп үйге бұрылыпты. Аттап кіргені сол
екен, күлегеш қыздар оның сұсты түрін келеке етіп күліпті.
Бұл мазаққа ызаланған Жара-Шешен сонда оларға былай деп ай-
тыпты:
– Үлкен Тәңір мені сендердің ғұмыр шектеріңді белгілеуге жі-
берді, ал сендер келеке қыласыңдар. Сол үшін жазаларыңды тарт-
тырамын. Әрқайсыңның пешенең мынадай болады:
Туғаныңды жат етер, қара болсын бауырың,
Алсын билеп ойыңды бөтен елдің ауылы.
Ою-өрнек кестемен болып сенің жасауың,
Туған әке-шешеден шарт үзілсін тұсауың.
Болғайсың сен кәрі аттың қабырғасындай төзімді,
Туған үйден тал түсте кетсін алып өзіңді.
Сұлулығың жат үйдің қызығына көрінсін,
Шашың сенің бүгіннен қос бұрым боп өрілсін.
(Аударған Қорғанбек Аманжолов)
Осы кезден бастап қыздардың ақыл-ойы мен сезімдеріне өзгеріс
енді, олар күйеуге шығып, ата-анасының ошағынан аулаққа кете
бастады. Ал оған дейін барлығы бір үйде тұрып ұрпақ жайған,
ешқандай туыстық пен жұбайлық заңдарын білмеген, саналары
жануарлардан озық болмаған.
Қыздардың туған отбасынан
ажырауы
42
шулы Еркілік адамдардың жандарынан айырылып қал-
ған соң, енді теңізде Жалмауыз аждаһа (Андалма-Муус)
жаратып, оны адамдарға айдап салды. Қорқынышты Жал-
мауыз теңізден сала-құлаш тілін шығарып, адамдарды қармап
алып жей берді.
Үлкен Тәңірдің батырлары Манғышөре, Тяран-Мызықай мен
Майтөре аждаһаның жауыздығын көріп, оны өлтірмекке бел бай-
лады. Бірақ Жалмауыз ешкімді де маңайына жақын жолатпайды,
тілін жалмаңдатып ұстап алады. Бұған қандай амал табу керек?
Аждаһаның көзін құртудың жолын іздеп, батырлар ұзақ бас
қатырды. Алайда, ештеңе ойлап таба алмады. Сонда Тяран-Мызы-
қай тұрып: «Менен күшті ешкім жоқ. Жалмауызды менен басқа
ешкім өлтіре алмайды!» – деді. Осы сөздерді айтып, ол Көктен Жер-
ге түсті де, Ерке-Шудюн есімді қыздан туып, адамға айналды. Өзіне
Тяма-Тюрун деген ат қойды. Ерке-Шудюн Қыдат руынан шыққан
Чуптан мен әйелі Шаадығай-кооның қызы болатын.
Сонымен, Тяма-Тюрун (шын мәнісінде Тяран-Мызықай батыр)
кішкентай балғын бала кейпінде теңіз жағасында жүгіріп жүрді.
Оны көрген Жалмауыз тілін жалмаңдата созып, Тяранды ұстап
алып, басқа құрбандары сияқты өзімен бірге теңізге алып кетпекші
болды. Бірақ Тяма-Тюрун оның өзін тілінен шап беріп ұстап алып,
тарта бастады. Оның қатты тартқаны соншалық, жер суға батайын
деді. Жерді суға батырмас үшін Тяма-Тюрун теңіздің суын сарқып
ішіп, төңіректі түгел құрғатып тастады. Жалмауыздың денесі
мен аяқтары тыраңдап құрғақта қалды. Тяран аждаһаны аяғынан
тартып, теңізден сүйретіп алып шықты да, оны төбесіне көтеріп,
Тяран-Мызықай мен
Жалмауыз. Түрлі-
түсті тастар мен ұсақ
жәндіктердің пайда болуы
43
бар пәрменімен тасқа ұрды. Аждаһаның ішек-қарны ақтарылып,
айналаға қаны атқылап, тастарды қызыл қанмен жуды. Сол шақтан
бері тастардың реңі өзгеріп, түрлі-түсті бояуға боялыпты...
Осыдан соң Тяма-Тюрун Жалмауыздың денесін садақ сияқты
доғалап иіп, оны қидалап ұсақ қиқым, қоқымдарға айналдырып
тастады. Осылайша әр түрлі ұсақ жәндіктер: құрт-құмырсқалар,
шыбын-шіркейлер, өрмекшілер, шегірткелер, масалар мен басқа да
асыранды құстар пайда болыпты.
алмауыз аждаһаны жеңген Тяран-Мызықайдың кейпі адам
тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім еке-
нін, қайдан келгенін ешкім білмеген. Төменгі жердегі (Қы-
тай) Мергедім-түмен ханға келгенде, ол Тяран-Мызықайды танып
қойып, оның құдай тектес және тоқсан тоғыз әлемнің ортаңғысы-
ның әміршісі екенін айтты.
Тяран-Мызықай оған:
– Мен барлық патшалықтарда болдым, сонда мені ешкім таны-
ған жоқ еді. Жалғыз сен ғана таныдың. Сол үшін батамды беремін,
сенің атың Түмен-асты-Еден-поудо (қытай боғдыханы) болсын, –
деп тіл қатты.
Сол кезден бастап қытай жерінің әміршілері еденхан, яғни
Төменгі Жердің хандары деп аталады.
Тяран-Мызықай қытай әміршісіне тағы да былай деді: «Байқа,
сенімен ешкім соғысып жүрмесін, сен де ешкіммен соғысушы бол-
ма. Басқа жерлермен байланыс жасама. Басқалар сенің патшалы-
ғыңмен соғысқан кезде ақыр заман таяп қалады!»
Осы сөздерді айтқан соң Тяран-Мызықай қытай әміршісі Мер-
гедім-түмен ханға Майтөре Алып құрастырған және аспан шежі-
решілерінен алған Әлемнің пайда болуы туралы кітапты беріп, өзі
белгісіз жаққа кетіп қалды.
Тяран-Мызықайдың
сәуегейлігі
44
елбеген – жер бетінде тірі жан қоймай жалмап жеген жеті
басты аждаһа. Үлкен де, кіші де, батыр да, баһадүр де соның
қолынан ажал тапқан.
Делбегеннің көзін жою үшін не істемек керек деп құдайлар да кеңес
құрды. Кеңесте Күн: «Мен Жерге түсер едім, бірақ менің аптап
ыстығымнан адамдар өртеніп кетеді ғой», – деді.
Сонда да болса Күн адамжегішті өртемек боп бірте-бірте төмен-
деп, жерге таяп келеді. Күннің аптабынан ағаштар сарғыш тартып,
шөптер жанып кетеді, өзендер мен теңіздер қаңсып қалады. Аңдар
жүгірген бойында тұншығып, құстар ұшып келе жатып лап етіп
өртенеді.
Сонда адамдар:
– О, құдіретті Күн, аяй көр бізді, өртеніп өлетін болдық, – деп
жалбарынады.
Күн өзінің бұрынғы орнына көтеріліп, аспандағы өз жолына
түседі.
Делбеген болса, жеті аузын аңқита ашып, жеті өңешімен
қарқылдап:
– Ха-ха-ха! Хо-хо-хо! Енді мен Жер бетінде бірде-бір адам
қалдырмаймын, бәрін жеп қоямын! – деп айғайлайды.
Делбеген күні бойы адамдар мен жануарларды қуалап аулап,
жей береді. Бүкіл әлемді алапат үрей билейді! Бір уақыттарда адам-
жегіш өзінің жүгенсіздігінен шаршап, бірауық демалмақшы бола-
ды. Сөйтіп, дөңбектей жеті басымен жерді жастанып жата кетеді.
Оның қорылынан таулар үрейленіп төменшіктейді, алаптар дүр сіл-
кінеді, көктен жұлдыз жауады.
Сол кезде Ай туып, адамдар тізерлеп отыра кетіп: «Айнала-
йын, жарқыраған Алтын Ай, бізге көмектеспесең, құримыз...» –
деп жалбарынады.
Сонда Ай Делбегенді үсітіп өлтірмекші боп төмендеп, Жер-
ге қарай таяп келді. Айдың үскірігінен бұталар мен шөптер
Делбеген
45
46
шытырлап, ағаштардың діңдері қақ айырылады, таулардың шыңда-
ры мұзарттанып, теңіздер мен өзендер көк мұз жамылады.
Суыққа тоңған адамдар: «Айналайын Алтын Ай, аяй гөр бізді,
үсіп барамыз!» – деп жылап жібереді.
Алайда «Адамдар менің суығыма шыдайтын шығар?» деп
ойлаған Ай Жерге бұрынғысынан да жақынырақ таяй береді.
Сөйтіп Делбегеннің мойыл жемісін жеп отырған сәтінде үстінен
түседі. Шындығында, ол өтірік жеміс теріп жеген болып, адамдарды
аңдып, жолын торуылдап жүрген. Бір кезде Делбеген өзінің сұмдық
аңшылығына кіріседі. Ол бір жас әйелді көріп қалып, соңынан қуа
жөнеледі. Үрейі ұшқан әйел жан ұшыра осы төңіректегі мойыл
бұтасын қармайды. Алып аждаһа әйелге жармасады. Мұны байқап
қалған Ай тез жерге түсіп, аждаһаны да, бұта мен әйелді де іліп
алып, қойнына салады да, көкке көтеріліп кетеді. Әп-сәтте аспан
төріне оралады.
Содан бері көк жүзінде Ай аждаһамен мәңгілік арпалысқа
түскен. Делбеген жеңген кезде Ай жадау тартып, кейде мүл-
дем көрінбей де кетеді. Ал Ай басымдық танытқан уақытта
оның дөңгелек дидары толыса жарқырап, айналаға жарық сәулесін
шашады. Сондай кездерде ай бетіне зер сала қараса, ол құтқарған
әйелді де, мойыл бұтасын да байқауға болады. Аймен үздіксіз
жауласып келе жатқан Делбеген кейде оны жұтып та қояды, сол
уақыттарда ай тұтылады.
Ай болмағанда Делбеген барлық адамдарды түгел дерлік жеп
қойғандай екен. Жер бетінде небары сегіз-ақ адам қалыпты. Қазіргі
адамдар солардан тараған көрінеді.
47
үн де, Ай да жарығын түсірмейтін екі теңіздің аралығын-
дағы елге қуылған жамандық сайтаны Еркілік қайтадан
Майтөреге келіп, одан:
– Сен маған өз аспаным мен өз жерімді жаратуға рұқсат етесің
бе? – деп сұрады.
Майтөре-әмірші бұған рұқсатын беріп:
– Жер сенікі, оны біз сенің билігіңе бергенбіз. Онда не қылсаң да
өз еркің! – деді.
Зұлым Еркілік өз жеріне қайта оралып, онда өзінің аспанын жа-
сап, жердің пішінін өзгертті. Бірақ оның халқында өсіп-өну құқығы
жоқ болғандықтан, Еркіліктің жаңа әлемі құлазып бос жатты.
Сондықтан Еркілік Үлкен Тәңірге келіп, оған:
– Мен өзіме жаңа аспан жараттым, жерді өзімше өзгерттім. Енді
маған оны тұрғындармен – албастылармен, жын-шайтандармен
толтыруға рұқсат ет, – деді.
Үлкен Тәңір Еркіліктің малайларының көбеюге мүмкіндіктері
жоғын білгендіктен, мырс етіп:
– Бар, толтыра ғой, – деді.
Зұлым Еркілікке керегінің өзі осы еді. Ол Үлкен Тәңірге асығыс
тағзым етіп, «Сенің есімің мархабатты болсын!» деді де, жөніне
кетті.
Күн жарығы түспейтін, Ай дидары алауламайтын өз иелігіне
келе сала Еркілік балға, төс, көрік сияқты ұстаның керек-жарақ
саймандарын жасап алды. Сосын темірді қыздырып, төске салып,
балғамен ұра бастады. Ұруы мұң екен, сып етіп күрімес (сайтанның
сапалағы, қара-неме) шыға келді. Ол осылайша өзіне қисапсыз көп
жын-шайтандар мен малайларды жаратты.
Еркілік пен оның малайла-
рының Көктен Жерге һәм
Жерден Тозаққа құлауы
48
Үлкен Тәңір Еркіліктің осы қулығын білген кезде қатты өкінді.
Содан Еркіліктің жаңа жерінде не болып жатқанын байқап келуге
Манғышөре батырды жұмсады.
Манғышөре батыр Еркіліктің жасағандарын түгел көріп,
қасына келді. Ол оның көзінше тағы үш жануар: аю, борсық және
көртышқанды жаратты.
Манғышөре батыр Еркілік сайтанның зиянкес жануарлар жара-
туына бөгет жасамақшы болды. Сол кезде зұлымдық сайтаны оған
өзінің сарбаздары Керей хан мен Қарашты айдап салып, Манғышө-
ре батырды қуып жібермекке әрекеттенді.
Керей хан мен Қараш Манғышөре батырмен шайқасып,
оған от жіберді. Оттың жалыны атының жал-құйрығын өртеп,
Манғышөренің шашы мен кірпіктерін күйдірді. Манғышөре
батыр жебелермен атқылады, бірақ өзін от қатты күйдіріп
тастағандықтан, ол Керей хан мен Қарашты жеңе алмады. Шегі-
нуге мәжбүр болды.
Содан Манғышөре батыр Үлкен Тәңірге келіп:
– Еркілік аюды жаратты, бұл хайуан өте күшті әрі бұзық.
Одан кейін борсықты жаратты. Борсық жүрген жерін бүлдіреді.
Оған қоса көртышқанды жаратты. Көртышқан топырақты қазып,
сүрлеулерді бүлдіреді. Мал оның ініне аяғын тығып алып, сынды-
рады. Еркіліктің істегенінің бәрі зиянкестік. Егер оған ерік берсе,
ол тағы бір жаман нәрсе жасайды, – деді.
Үлкен Тәңір бұған: «Ешқандай жаманшылық болмайды! Менен
әр түрлі күш-қуат ал да, мен «бар!» деген белгі берген кезде сен де-
реу аттанып жөнел», – деп жауап қайырды.
Үлкен осыны айтты да, «Бар!» деп қолын сілтеді.
Манғышөре батыр көзді ашып-жұмғанша Еркіліктің төбесінен
түсті. Оған бірінші болып Еркіліктің дәулері қарсы шықты.
Манғышөре тайсалмастан оларды темірмен соқты. Керей ханды
қылышпен шауып, Еркіліктің аспанынан төменге лақтырды. Сонан
соң Қарашты атып жіберді. Ақыры онымен айқасуға Еркіліктің өзі
шықты. Манғышөре оны оң иығынан семсермен шаншып, сол бойда
семсерін сайтанның сол жақ санынан көктей өткізіп, көтеріп алып
49
50
жерге ұрды. Еркіліктің орнатқандарының бәрін тас-талқан етіп,
жердің астына түсірді.
Еркіліктің малайлары, құдды бұршақтай, өз қожайындары-
ның соңынан топырлай домалады. Суға құлағаны – Су иесі бол-
ды. Тасқа құлағаны – Тас иесі болды. Тауға құлағаны – Тау иесі,
орманға құлағаны – Ағаш иесі, үйге құлағаны – Үй иесі, малға
құлағаны – Мал иесі болды. Жерге құлағаны – Жер иесі болды.
Осынау сайтан тектес мақұлықтар аңдарға, балықтарға, құстар
мен барлық жанды атаулыға құлап, солардың иелеріне айналды.
Кім қайда құласа, ол соның еншісіне тиді.
ркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен
Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады.
– Сен мені патшалығымнан айырдың, сол үшін жер бетінен
тым құрыса бір жазық алап берсеңші! – деді.
Үлкен Тәңір оған:
– Саған бірде-бір атырап берілмейді! – деп жауап қайырды.
Сонда Еркілік тым құрыса бір десте жер бер деп сұрады. Үлкен
бұл ретте де көнбеді. Еркілік енді алақандай жер сұрады. Бірақ
оның бұл тілегі де қабыл алынбады. Ақыры ол өзінің таяғының
ұшын тығуға болатындай ғана жер сұрады. Ештеңеден секем алма-
ған Үлкен «жарайды» деп келісті.
Еркілік сайтан таяғын алып, жерге бойлата қақты. Сосын оны
жұлып алғанда, таяққа тісімен жабысып ілесе шыққан қабанды
дүниеге келтірді. Ал қабанның құйрығына бақа мықтап жабысып-
ты, оның соңынан бір-біріне тіркескен кесіртке, шаяндарда есеп
жоқ. Жерден жәндіктердің осындай тобырын суырып алған Еркі-
лік сайтан:
– Барлығың да адамның жауы болыңдар! – деп айқай салды.
Мұны көрген Үлкен Тәңір:
– Жауыз сайтанға көп жер бергенде не болар еді! Ол бұдан да
асқан сұмдық жасайды екен ғой! – деді.
Еркіліктің
����
жауызды³ы
51
Үлкен Тәңір Еркіліктің зұлымдығына қатты
қаһарланып, «Енді ол жақта қалағаныңды істе!»
деп, оны тозаққа тастап жібереді.
Сонда Еркілік:
– Сен мені малайларыммен қосып көктен жер-
ге құлдыратып құлаттың. Олар әр алуан қырық
үш түрлі жерге: жартастар мен орман-тауларға,
алқаптар мен далаға, от пен суға, адамдарға, аңдар-
ға, малға және басқа да көптеген нәрселерге түсті.
Осылардың барлығының иелері енді менің малай-
ларым. Сондықтан мен еткерлер (бәле әкелетін
жындар) деп аталатын қырық үш түрлі қызмет-
шілерімді жіберемін. Олар зиянкестік жасап, адам-
дарды өле-өлгенше жәбірлейтін болады. Әрбір
еткер өзінің құлап түскен орнын біледі. Сонда
қожалық етіп, өз бетімен әмірін жүргізеді. Адам-
дарды өлімші халге жеткізіп, өлгендерін маған
ертіп әкеліп тұрады! – деді.
Барлық жан иелерінің ғұмыр шегін белгілеу,
ажалын жеткізу Жара-Шешеннің құзырында
екендігіне қарамастан, енді еткерлер барлық
жерде адамдарға зиян келтіріп, олардың өлімін
тездетуге тырысты. Ал, ажал перісі, Еркіліктің
Тыналғыш-алдашы атты малайы өлгендердің
жандарын кеуделерінен суырып алды. Бұларды
жаналғыш әзірейілдер десек те болады.
52
ýайсарды¼������ерліктері
айсар – Көк құдайы Үлкен Тәңірдің үш ұлының үлкені.
Базбіреулер оны Кесар немесе Гесер деп те атайды. Қазақша
оны Абай Қайсар хан деуге болады. Қайсардың ерлікте-
рі көптеген эпикалық дастандарда, аңыздар мен ертегілерде
жырланған. Сондай аңыздардың бірі мынадай.
Қайсарды Үлкен Тәңір ұзақ уақыт билеушісі болмаған Лин мем-
лекетіне жібереді. Танылып қалмас үшін Қайсар Лин бектерінің
бірінің отбасында Жору атты түрі жаман, боқмұрын бала болып
қайта туады. Бірақ әкесінің інісі қаскүнем Қара Шотан кішке-
не ұлдың құдай тектес жаратылысын сезіп қалып, келешектегі
қаһарынан қорыққандықтан көзін құртпаққа бекінеді.
Жеткіншек ұл жауыз ағайының зұлымдықтарына бой бер-
мей, құрған тұзақтарынан құтылып кетіп жүреді. Оның бойында
ғажайып қабілеттер бой көрсетеді. Ол көптеген сайтандарды жо-
й ып, Үрмай-ханым сұлу тігілген бәйгеде жеңіске жетеді, сонымен
бірге Лин мемлекетінің тағы мен қазынасына ие болады. Үлкен
Тәңір өзінің ұлына көмекке керемет тұлпар жібереді. Сенімді атын
алған соң жас жігіт қайтадан өзінің нұр сипатты келбетіне келіп,
айбыны мен айдынын асырып, Қайсар деген шын есімін қайтып
алады.
Бірақ оның тыныштығы мен отбасылық бақыты ұзаққа созыл-
майды. Елге солтүстіктен сұмырай сайтан шабуыл жасайды. Қайсар
оны жекпе-жекте жеңеді. Содан соң адамжегіш Лубсанды өлтіреді.
Бұл ретте оған адамжегіштің әйелі Түмен Жарғалан көмектеседі.
Қайсарды ұнатып қалған Жарғалан оны қасында ұстау үшін білдір-
мей «ұмытшақ сусын» ішкізеді де, батыр біраз уақыт соның үйінде
болады.
Сол екі арада Лин мемлекетінде Қайсардың Тхотун деген басқа
бір дұшпаны сатқындық жасап, соның салдарынан елге көрші
мемлекеттен шараблылық хандар басып кіреді. Олар Үрмай-ха-
нымды қолға түсіріп, зорлықпен жексұрын Гүрқан ханға қосып,
әйелі етеді.
53
54
Құдіреттің шарапатымен Қайсар ақыры сиқырдан құтылып,
ел-жұртына асығады. Шараблылықтардың жайларына кіріп, Гүр-
қанды өлтіріп, осы елді құзырына қаратады, әйелін алып, туған
еліне оралады.
Оның басқа ерліктеріне келетін болсақ, Қытайда Қайсар әр түрлі
кереметтердің көмегімен сол елдегі ең сұлу ханшайымның жүрегін
жаулап, оған үйленеді. Содан соң Қайсар өзінің осы дүниелік ана-
сы, өзін өмірге келтірген әйелді тозақтан құтқарып алып шығады.
Солтүстіктегі, оңтүстіктегі, шығыс пен батыстағы елдерді билеп
тұрған сайтандарды жеңіп, осынау елдердің халықтарын өз билігі-
не бағындырады. Сондай-ақ халық қамыға жоқтаған, шараблылық
хандармен шай-қастарда қаза болған батырларды тірілтеді.
Қайсар – жерді аждаһалар мен сайтандардан тазартушы, Көк-
тен жіберілген қаһарман. Қайсар – әлемнің шалғай шеттерінде
орналасқан басқа елдерге қарама-қарсы қойылған орталық елдің
әміршісі. Қайсар – жауынгерлердің желеп-жебеушісі, төрт түлік
малдың қамқоры, аңшылардың жолын оңғарушы.
Жердегі мерзімін өтеп болған соң Қайсар ақ басты биік тау
шыңына кетіп, сондағы бұлттардың арасында бүгінге дейін
бұлдырап өмір кешеді екен.
55
Орталық Азия халықтарында Қайсар жайында, оның даңқты істе-
рі жа йында көптеген аңыздар, жыр-дастандар сақталған. Рас, ұзақ
ғасырларда Қайсардың есімі азын-аулақ өзгерістерге де ұшырады.
Қазір түркілер оны көбінесе Қыдыр немесе Қызыр деп атайды. Осы-
нау қаһарман біреу лерге асатаяққа сүйенген ақ сақалды шал кейпін-
де, енді біреулерге күші тасқындаған жас жігіт кейпінде көрінеді.
Қыдыр немесе Қызыр, бақыт әкелетін қария – қазақтың
мифологиялық ертегілерінің белгілі кейіпкері. Дін тұрғысынан
алғанда, ол әмбебап құдірет ретінде жауынгерлердің қамқоры,
төрт түлік малдың қорғаны, мақсат-мұратқа жеткізуші ретінде
қабылданады. Шамандық толғауларда Қайсар кейде Бұрхан не-
месе Тәңір делінеді, оны асқар таулардың ақ басты биік шыңында
мекендейтін Көк Ұлы деп те атайды.
Мұсылмандардың Құранында Қайсарға арналған Сүре бар:
Достарыңызбен бөлісу: |