Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет30/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Шаруаның бір түлік пірі – Қамбар ата,
Тілегенде өзің бер ақтан бата!
Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,
Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата!
Өзің сақта ысқырған жел мен жаудан,
Қуғын-сүргін сабылтқан төтен лаудан,
Шаруаны беймезгіл бөріктірген.
Өзің сақта пәлелі қиян даудан.
Тағы бір тілек тілейін,
Шын бергенің білейін,
Өңкей ала шұбардан,
Жал-құйрығы шұбалған,
Айғыр берсең байсалды.
Үйірі толған байталды.
Өңкей мама биемен,
Сауған сайын иіген.
Биесі бұтын жимасын,


Көнекке сүті сыймасын.
Ұзара берсін желісі, 
Кеңи берсін өрісі,
Таусылмасын Тәңірдің,
Үсті-үстіне берісі.
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған
Шыңғыртып асау құлынды
Қыл арқанмен байлаған.
Ел көшкенде балалар
Қиқу салып айдаған.
Қуғындарға жеткізбей,
Қашқандарды қоймаған.
Қамбар ата баласы,
Жылқы бассын үйіңді!
Жылқы басса үйіңді,
Жимай бассын үйіңді!


Құстар жайындағы
мифтер
Ертедегі адамдардың мифологиялық
түсініктерінде үш әлемнің (Жоғарғы,
Ортаңғы, Төменгі) мекендеушілері
жайында нышандық (символдық)
түсінік орнықты. Жоғарғы әлемнің
нышандары қанатты мақұлықтар,
құстар болып табылады. Сондықтан
қазақтың сиқырлы һәм қиял-ғажайып
ертегілерінде Жоғарғы әлемде
тұратын мақұлықтар жерге құс
кейпінде келеді, ал өз әлемдерінде олар
адам бейнесінде өмір сүреді.


242


243
Бабай Түкті Шашты Әзиз
бен Ару аққу
абай Түкті Шашты Әзиз бір күні Аргон өзенінің жағасы-
на келіп, дәрет алып отырып, көктен үш аққу құстың ұшып 
келгенін көреді. Олар үстіндегі қауырсынды кебіндерін 
шешкен кезде ғажайып сұлу қыздарға айналады. Үш ару қыз 
өзен суына шомылып, алтын шаштарын алтын тарақпен тара-
сып отырғанда, Әзиз қулық ойлап ең кіші қыздың кебінін тығып 
қояды. Екі үлкен қыз кебіндерін киіп, аққу болып аспанға ұшып 
кетеді. Ал кебінінен айырылған кішісі кете алмайды. Осы сәтті 
пайдаланып Бабай Түкті Шашты Әзиз оған «жарым бол» деп 
ұсыныс жасайды. Қыз келісімін береді. Бірақ оған: «өкпемді 
көрме, өкшемді көрме, желкемді көрме» деп үш шарт қояды.
Бабай Түкті Шашты Әзиз мұның бәріне көніп, көк аруына 
үйленеді, бірақ жүре келе қыздың шарттарында қандай хик-
мет бар екенін білгісі келеді. Бір күні әйелі кебінін ауыстырып 
жатқанда ол көзінің қиығымен байқап қараса, желкесінен миы, 
қолтығынан өкпесі, өкшесінен қызыл асығы көрініп тұрады 
екен. Үш шарттың бұзылғанын біліп қойған ару қайтадан аққу 
кейпіне еніп, көкке ұшып кетеді. Бұған өкінген Бабай Түкті 
Шашты Әзиз өмір бойы үйленбей өтеді.


244
Қалша батыр мен аққу
аяғы заманда қалың қолды бастаған Қалша Қыдыр деген 
батыр қолбасшы өмір сүріпті. Ол бір жолғы жорығында жо-
лы болмай, сәтсіздікке ұшырайды, қарамағындағы сарбаз-
дары бірі қалмай жан тапсырады. Өзі де жау қолынан жарала-
нып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз қалады. Аштық пен шөл 
қысқан батыр аңқасы кеуіп, әбден өлуге айналады. Осы сәтте көк 
аспаннан бір аққу ұшып келіп, ауызына су тамызып, оны өлімнен 
құтқарады. Айдын көлдің жағасына апарып, жарасын емдеп жа-
зады. Кейін бұл аққу асқан сұлу аруға айналады. Қалша Қыдыр 
сол аруға үйленеді. Олардың арасынан қазақ халқының арғы ата-
сы – Қазақ туады. Қазақтың үш ұлы – Бекарыс, Ақарыс, Жана-
рыстан қазақ халқын құраған үш жүздің – Ұлы, Орта және Кіші 
жүздің ұрпақтары тарайды.


245
Қорытынды
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы 
һәм тарихшы Орынбай Жанайдаровтың бұл кітабы ерте за-
мандарда Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтардың, 
ежелгі түркілердің мифологиясы мен дініне арналған. Автор 
ежелгі Қазақстан жерінде өмір сүрген халықтардың исламға дей-
інгі дәуірлерде ұстанған Тәңірге сыйыну діні (тәңіршілдік) туралы 
ұғынықты да тартымды баяндайды. 
Тәңіршілдік – ежелгі Еуразия халықтарының бір ғана Көк 
Құдайы – Тәңірге деген сенімі. Жер бетіндегі ең көне Шумер мем-
лекетінде бұдан алты мың жылдай уақыт бұрын дүниеге келген 
тәңіршілдік әлемдік басқа діндер: буддизмнің, зәрдәштің (зоро-
астризм), христиандық пен исламның негізі болды. Сөйтіп көшпелі 
түркі және монғол халықтарында өзгеріссіз қалпында сақталды. 
Автор далалық көшпелі халықтар: скифтер, сақтар, ғұндар мен 
ежелгі түркілердің көне наным-сенімдерін әдеби, фольклорлық, та-
рихи және этнографиялық деректерге сүйене отырып зерттейді. Осы-
лайша отандық дінтануда алғаш рет Ұлы Даланың ежелгі мәдениеті 
– тәңіршілдікті жын-пері мен аруаққа сенетін тұрмыстық наным – 
шамандықтан бөліп көрсетеді. Бұрын тәңіршілдік пен шамандық бір 
дін деп есептелетін. Шын мәнісінде, тәңіршілдік (дала көшпелілерінің 
діні) – ежелгі халықтардың Бір Көк Құдайы – Тәңірге сенетін ортақ 
діні. Көк Құдайы – Тәңірге деген таза да тұнық сенім – көшпелілер 
дүниетанымының негізі, олардың өмірінің мән-мағынасы. Әлбетте, 
ол Еуразия көшпелілері мәдениетінің елеулі бөлігі болып табылады. 
Ал, шамандық дегеніміз (аруақтарға, өзен мен орман құдайларына, 
әртүрлі албастылар мен жезтырнақтарға сену) исламның қанат 
жаюы на байланысты Бір Көк Тәңіріне деген ұлы Сенімнің қарқыны 
бәсеңдей бастаған ортағасырлық дәуірдің ырымшылдық нанымы, 
мәжусилыққа (язычество) бой ұруы болып табылады.
Бұл кітаптың тағы бір ерекшелігі, мұнда есте жоқ ескі за-
мандарда скифтер, ғұндар, ежелгі түркілер мекендеген Енисей 


аңғарларынан Украина мен Венгрия алаптарына дейінгі ұлан-асыр 
атыраптағы Ұлы Даланың көне ертегі-аңыздары да жинақталып, 
өңделіп, түсіндірілген.
Автор тәңіршілдік пен ежелгі түркілер мифологиясы бірінен 
бірі туындап, өзара тығыз байланысып жатыр деп есептейді. Оның 
үстіне, «мифология» ұғымының аясы кең. Ежелгі түркілердің діні 
де осы ұғымның ішіне кіреді. Қазіргі уақытта мұндай тақырыптағы 
мәселелер аз зерттелген. Бұл аталмыш кітаптың мән-маңызын арт-
тыра түседі.
Мифологияны зерттеуге деген ғылыми қызығушылық сонау 
ХІХ ғасырдан бастау алады. Ш.Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин, 
орыс ғалымдары С.И. Руденко, Л.Н. Гумилев, Н.С. Раевский және 
басқа да көне мәдениет зерттеушілері ежелгі түркілердің ертегі-
аңыздарын, мифтерін жинап, жазып алған. «Алтын адамды» зертте-
ген К. Ақышев бастаған археологтар да осыған дейін жұмбақ болып 
келген көптеген жәйттерге көзімізді ашты. Соңғы жылдарда архео-
лог З.Самашев ашқан жаңалықтар бізді өткенімізге, Қазақстан та-
рихы мен жалпы мәдениет тарихына, соның ішінде мифологиясына 
да жаңаша зер салып қарауға ынталандырады.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет