*Маржан-су – қасиетті су.
84
сыйына бастады. Тенгере екі қауымның арасындағы осы бір талас-
тың куәгері әрі төрешісі болды. Зікір салмаған қауым жалбарынған
кезде күн күркіреп, найзағай жарқ-жұрқ етіп от шашып, құрбан-
дыққа келіп түсіп, ол тас тұғырмен қоса лапылдап жанып кетті. Су
да, тіпті, күл де қалмады.
Бірақ зікір салушылар бұл қауымға:
– Жоқ, біз сендерге сенбейміз, құрбандарыңды тау жындары
жалмап қойды, от Көктен түскен жоқ», – деді.
– Егер сендер осы кереметке сенбесеңдер, мына ауру баладан
жын-шайтан салған дерттің темір бұғауын алып тастап, сонымен
мені бұғаулаңдаршы», – деді Тенгере. (Ал, бұл бұғауды тек абыздар
мен пірадарлар ғана көре алатын).
Шамандар қанша дабылдатып, сарнап, зікір салғанымен, бұ-
ған шамалары келмеді. Сонда Тенгере сырқат баланы азат етіп,
бұғауды өзіне салды. Осыдан соң науқас бірден жазылып кетті.
Ал Тенгере-Тедыгечи: «Егер сендердің діндерің бірінші және
құдайларың құдіретті болса, менен бұғауды шешіп алыңдар.
Мен сендердікі болмай-ақ қояйын, өз жағыма кетейін, ал шеше
алмасаңдар сендерді от жалмасын!» – деді.
Шамандар зікір салып, көптеген жындарын жіберді, бірақ бір-
де-бірі Тенгереге жақындай алмады. Бұғау шешілмеді, от оған ти-
меді. Сол екі арада шамандардың өздері лапылдап жана бастады.
Әлдеқандай тылсым күш қолдарын қозғалтпай, сірестіріп тастады.
Тіпті даң-дабылдарын да, сыбызғы-сырнайларын да лақтыра алмай
қалды. Суға секіріп, жерге аунады. Алайда өздерін күйдірген жа-
лынды сумен де, топырақпен де өшіре алмады.
Тенгере енді шамандарға құрбандарының қандары шашыраған
қызыл тауды көрсетіп: «Менің соңымнан ана тауға жүріңдер, сон-
да сендердің құдайларың тұрады. Енді мен сендердікімін», – деді.
Осыны айтып, ол сумаңдаған жалын тілдерінің арасымен өтті.
Тек Тенгеренің басқан іздеріне ғана от дарымады. Шамандарды
қауымымен бірге тау басына апарып, Тенгере көзден ғайып болды.
Бүкіл жанды атаулы жанып біткенше, қызыл тау алаулап тұрды.
Сосын ол бірте-бірте шөгіп, жазық алапқа айналды. Осылайша
85
шамандық пен бақсылыққа сенген барлық адамдар жанып кет-
ті, олардың ізінше жын-шайтандар өртенді. Кейбіреулері теңізге
сүңгіп, жалыннан жандарын арашаламақшы болды. Бірақ оларды
теңіздегі Убускху-каан ұстап алып, жанып жатқан тауға қайтадан
лақтырды. Біреулері тозаққа секіріп еді, ол жақтан қашқындарды
Энгыс-каан ұстап, жалынға қайтарды.
Қызыл тау отыз алты жыл бойы алаулап жатты. Оның аты –
Күйгентау, ол Күйікті даласының маңайында. Бүгіндері де шулық
зайсандар (кеңесшілер, уәзірлер) Күйгентаудан топырақ алып,
шамандарға ызаланған кезде беттеріне күл шашады. Бұл жын-шай-
тандар күлден қатты қорқады деген нанымнан туған.
Шар-Жаалты Екiнші
патшалы½ ½₣р³ан кездегi
Тенгере-Тедыгечи
ар-Жаалты Бірінші патша дүние салғаннан кейін оның
орнына Шар-Жаалты Екінші таққа отырды. Жаңа патша
бұзық жолға түсті. Халық қамын ойламады. Ішерге асы,
киерге киімі жоқ жарлы-жақыбайлар аштық пен суықтан азып-
тозып, қатты күйзелді. Бір кездерде осы өңірді ұзаққа созылған
ашаршылық, жұт жайлады. Бүкіл өсімдік атаулы тамырымен
қоса шіріді. Бұл халықтың жаңбыр жауып тұрғанда Көкке тіл
тигізіп, түкіріп, «Түбің тесілгір!» деп қарғағаны үшін тартқан
жазасы еді.
Тенгере осы білместігі үшін халықты жазғырып:
– Сендер аспан жабылып, жаңбырды мүлдем жауғызбай қойсын
дейсіңдер ме? – деді.
Қатулана долыққан халық:
– Мейлі! Аспан қатайып, мүлдем түк тамбай, бедеуленіп қал-
сын! – деді.
86
Ақыры, солай болды да. Бір жаз, екі қыс бойы жерге бір тамшы
су тамбады, бір түйір қар түспеді. Сол жылы байлар өз дәулетінің
жартысын жеп тауысты. Түгі жоқ, тұлдырсыз кедейлер ашығып,
байларды тонай бастады. Ол уақыттарда Тенгере бұл аймақтан ке-
тіп қалған болатын. Біраздан соң қайта оралып, бір кемпірдің үйіне
келеді. Одан тамақ сұрап еді, кемпір:
– Саған берер ештеңем жоқ, өзім де аштан өлейін деп жатыр-
мын, – дейді.
– Неге ештеңем жоқ дейсің? Жақсылап қарасаңшы.
– Неменені қараймын? Құр сүлдерім ғана.
– Қойыныңды қарап көрерсің.
Кемпір сонда қойынынан бір уыс ақ тары алып шығады.
Тенгере:
– Тағы қарашы, сенде жейтін тағы бірдеңе жоқ па екен? – дейді.
– Менде түк те жоқ.
– Жә, қарасаңшы!
Кемпір қараса, құмыра толы тары талқаны тұр екен. Ол ұялып
қалады. Тенгере сол тарыдан ботқа пісіріп бер деп бұйырады. Олар
тамақты жеуге кіріседі. Сөйтсе, ботқа да, құмырадағы тары да аза-
яр емес. Тамаққа тойған соң, Тенгере Молодой деген кісінің үйіне
барады. Ол бұдан:
– Қайдан келесің? – деп сұрайды.
– Күйіктіден келемін. Бір ожау су болмас па екен? Су берші, –
дейді.
Молодойдың әйелі ұрысқақ болатын, сол:
– Күйіктінің ақ текесі, қайда барасың? – деп кекетеді.
– Олай болса, ешкілеріңді бағуға барайын, – деп жауап қатады
Тенгере.
Бір уақытта әйел ешкілерін сауғалы барса, жіптері көгенде ша-
шылып жатыр екен. Бірде-бір ешкісі де, текесі де жоқ.
Тенгере сараң Молодойдан шыққан соң, адамдарды сынап,
көп жерлерді аралайды. Содан соң баяғы кемпірге қайтып келіп,
бір тостаған арпа береді де, алқапқа егуге бұйырады. Кемпір дәнді
өзен аңғарына себеді, себебі, құрғақшылық әлі бітпеген еді. Бірақ
87
Тенгере дақылды тауға өсіруге әмір етеді. Кемпір бұған таулы жер-
ден ештеңе өнбейді ғой деп қарсы болады. Әйткенмен, Тенгере:
– Менің айтқан жеріме сеп. Бүгіннен қалдырмай сеп, дән жерде
солықтап жатуы тиіс, үш күннен кейін жаңбыр жауады, – деп кем-
пірді көндіреді.
Тенгеренің айтқаны айдай келеді. Егін бітік боп шығады. Қанша
орса да, кемімейді. Сосын ол көмекке ауылдағы барлық қауымды
шақырып, жұрт қамбаларын астыққа толтырады. Егін сонда да
азаймайды. Бұл туралы қауесет патшаға жетеді. Патша қайран
қалып, өзіне Тенгеренің келуін талап етеді. Тенгере келгенде, пат-
ша оны қараңғы бөлмеге оңаша кіргізіп алып әртүрлі сұрақ қойып,
тергеп, сынай бастайды. Тенгере патшаның ойындағысын, пиғыл-
ниетін оның өзінен де артық білетін болып шығады.
Патша онымен түні бойы әңгіме-дүкен құрады. Ақыры шаршап:
– Таң атып қалды ғой деймін, – дейді.
– Қазір талтүс. Күн тура осы арадан жарық төгіп тұр, – деп тіл
қатадыТенгере.
Осы сөздерден соң қабырғаны саусағымен нұқып қалып еді, ке-
нет сол жерден терезе пайда бола кетеді. Қараңғыдан шығып, патша
мен Тенгере екеуі шай ішеді. Шайға қанған соң Тенгере:
– Мен малымды қарауым керек, қарамасам қырылып қалар, –
дейді.
Патша Тенгеренің бұл сөзімен нені ишаралағанын аңғара қояды.
Халқына қарамаған, қамын жемеген, елдің амандығын ойламаған
мұның өзі болатын. Уақытын ойын-сауық, қызықпен өткізген.
Адамдар мен жануарларға мейірімсіз болған. Бірде серуенде жүрген
ол қамшымен ұрып, атының да көзін шығарып қойған-ды.
Патша Тенгерені қақпаға дейін шығарып салады. Кенет жел
айдаған бір шыбық әуеде шыр айналып тұрып, патшаның көзінен
осып жібереді. Ауырсынған патша көзін қолымен басады. Сонда
Тенгере оған:
– Әй, патша, сенің қолдарың бар, міне, көзің ауырып еді,
қолыңмен бастың. Жылқының қолы жоқ, қамшымен ұрып, көзін
мүлдем шығарып жіберсең де, ол ештеңе істей алмайды, – дейді.
88
Осылайша, өзінің қаталдығы үшін жаза тартқан патшаның көзі
қылиланып қалған екен.
Тенгере патшаға «бүкіл патшалығыңды айналдыра, әлгі
кемпірдің егіндік алқабы да тұтасымен сол қамалдың ішін-
де қалатындай кең етіп, биіктігі сексен құлаштық тас қорған
тұрғыз. Қамалда сегіз қақпа және сегіз ғибадатхана болуы тиіс»
деп әмір етеді. Патша бұл бұйрықты қайткенде іске асыруға
уәдесін береді. Ғибадат үйлері салынатын жерлерге Тенгеренің
өзі биіктігі қырық құлаштық тас бағандар қойып белгілеп, оған
былай дейді:
– Егер осындай қорған тұрғызсаң, сені ешқандай дұшпан ала
алмайды. Кімде-кім саған қарсы соғыс ашса, мен оны жеңуге
көмектесемін, сол халық өзіңнің қол астыңда болады. Мына
қамалдың іші халыққа толатын уақыт та келеді әлі, сол кезде
дұшпандық та жоғалады.
Алайда Шар-Жаалты Екінші патша азғындық әдеттерінен
жуық арада арыла қоймайды. Соны білген Тенгере тағы келіп, оған
былай дейді:
– Сен халықтың қамын ойламайсың, азғындыққа салыну мен
той тойлаудан басқа білерің жоқ. Ел билеуге лайық емессің. Сенің
орныңа басқа патша отыруы тиіс.
– Кімді патша қойсаң да, мейлің. Мен осыдан артық билей ал-
маймын.
– Сенің патшалығыңда қолынан ел билеу ісі келетін ешкім жоқ.
Бәрі де өзің сияқтылар.
Осы сөзден соң Амын-Қылан деген кісі:
– Ел билеуді неге байқап көрмеске? Менің ойымша, патша күн
сайын қаланы шығыстан батысқа қарай тексеріп аралап тұруы ке-
рек! – дейді.
Мұны естіген Тенгере сұқ саусағымен Амын-Қыланды нұсқап:
– Сен халықты билей аласың! – деп жүріп кетеді.
Сөйтіп, Амын-Қылан патша болып сайланады.
89
Тенгере-Тедыгечи Амын-
ýыланны¼ патшалы½
½₣р³ан кезiнде
мын-Қыланды патша қылып сайлағаннан кейін Тенгере-
Тедыгечи бұрынғы билеушінің тұсында маскүнемдіктен,
аштықтан, суықтан өлген адамдардың денелерін жинап,
оларды қаладан аулақ, ертеректе шамандар Көктен от сұрайтын
жерге апарып үйді. Сонан соң ұзындығы жеті құлаш, тереңдігі бір
құлаш шұңқыр қазып, бәрін соған түсірді де, өртеп жіберді.
Қалаға қайтып келген кезінде ол тағы төрт шамандық зікір
жасалғанын білді. Бұған Тенгере-Тедыгечи «Сұрқия адамдарды
жойып жатырмын, олар қайдан шыға береді?» деп қаһарына мінді.
Осы сөзді айтып, ол барлық шамандарды өлгендердің мәйіттерін
өртеген азалы жерге алып барды. Сол жерге түйелермен отын та-
сытып, шұңқырға салды да, лаулатып от жақты. Отын жанып,
көмірге айналған соң, шамандарға шұңқырдағы қызыл шоқтың
үстімен ерсілі-қарсылы жүріп, зікір салуға бұйырды. Әлгі міскін-
дерге ол:
– Қайсың тірі қалсаңдар, сонікі дұрыс деп саналып, бостандық
беріледі! – деді.
Нәтижесінде үш шаман шоқ үстінде өртеніп кетті. Тек Аққыдат
руынан біреуі аман қалды. Бұған патша сайланған Амын-Қылан:
– Егер әркім үш адамнан өртей берсе, неміз қалады! – деп ашу
шақырды.
Бұған Тенгере-Тедыгечи айтты:
– Әрбір аң жүнін сақтайтыны сияқты, сен де өз халқыңды
қорғап тұрсың. Егер де жарлығым ұнамаса, мен бұл арадан шамалы
уақытқа, жеті күнге кете тұрайын.
Амын-Қылан патша одан:
– Бізден кеткенде қай тауға барғың келеді? – деп сұрады.
90
Тенгере-Тедыгечи қолын созып:
– Міне, мына тауға шығамын! – деп нұсқап көр-
сетті де, аттанып кетті.
Жеті күн өтті. Адамдар оның оралуын күтті.
Бірақ ол қайтып келмеді. Жеті күн жеті рет өтті. Ол
оралмады. Жеті ай өткенде Тенгеренің қаһарынан
қорқып, оны іздеуге екі кісі жіберді. Жіберген
сәлемшілер Тенгере-Тедыгечиді тауып, адамдарға
қайтып оралуға үгіттеді. Бірақ оған сөздері өтпеді.
Жеті жыл бойы патша Тенгере-Тедыгечиге адам-
дарды жіберіп тұрды, үш рет екі адамнан жіберді.
Бірақ ол қайта оралғысы келмеді. Жеті жыл өткен
соң Тенгере-Тедыгечи патшаға өзі келіп, оған:
– Егер патшалығыңнан шамандар шықса, олар-
ды мен өртеген сияқты, өрте. Оттан тірі шыққаны
өмір сүре берсін. Ол шын мәніндегі абыз! – деді.
Патша:
– Қалай айтсаң, солай болады! – деп жауап
қатты.
Сонда Тенгере алақанына күл, білегіне қара
топырақ жағып, осы қолын қиғаштай ұстап, сөзін
жалғастырып:
– Егер менің кеңесімді орындамасаң, сенің пат-
шалығың да тап осындай болады, – деді. Тенгеренің
мына сөздерін естіген патшаға жер аударылып,
қырынан тұрғандай болып көрінді.
Осыны айтып, Тенгере-Тедыгечи бұрынғы, тау-
дағы мекеніне аттанып кетті. Ол жаққа өзін іздеп,
ешкім келмесін деп бұйырды.
91
Жекпе-жекте
Мормо батырды жеңген
белгісіз патша патшалық
құрған кездегі Тенгере-
Тедыгечи
ірде әлдебір беймәлім патшалыққа Мормо батыр әскерімен
келіп, шайқасқа шақырады. Патшаның үрейі ұшқанымен,
тез есін жиып: «Халықтың қанын босқа төккенше (әскер
дегеніміз де халық қой), сен екеуміз жекпе-жекке шығайық. Көп
адам қырылғанша, жалғыз адамның өлгені жақсы емес пе», – деп
өз талабын қояды. Екеуі осыған уағдаласады.
Патша арыстандай ақырған алып батырды көргенде қатты
қорқады. Ал күшінің басымдығына сенген Мормо патшаның ал-
дына батыл басып келіп: «Қане, мені қылышпен шап!» – дейді.
Патша бар пәрменімен қаруымен құлаштай ұрып еді, Мормоға да-
рымайды. Әрине, мұздай темір құрсанып, болат сауыт киініп алған
адамға бұл шыбын шаққан құрлы бола ма?
Мормо батыр басын еңкейтіп, патшаны мазақ қыла: «Байқа,
басымды шауып тастап жүрме, алтын басым жерде домалап
қалмасын!» – дейді.
Өз патшасының қорланғанына шыдамаған Тенгере-Тедыгечи
оған дәудің мойнын қылышпен қаймықпай шабатын батылдық бе-
реді. Патша сол сәтте батырдың басын шауып түсіреді! ...Мормоның
әскері жеңілістерін мойындап, аусар батырларының денесін алып,
келген іздерімен кері қайтады.
Тенгере жекпе-жекте Мормо дәуді жеңген патшаға келіп, оған
үлкендігі қаздың жұмыртқасындай жұмыр тас береді. Ол осын-
да тұрып жатқан адамдардың барлығы бұл тасты қолдан-қолға
92
беріп, алақандарында толассыз домалатсын деп бұйырады. «Осы
тас балықтың бір түйір уылдырығындай болған кезде Көктен
патша түсіп, бүкіл елге әмірін жүргізеді. Сонда мен соңғы рет
келемін. Ал осы тастан түк қалмай, әбден ысқыланып біткенде
ақыр заман орнайды», – дейді Тенгере-Тедыгечи.
Патшаға осыны айтып, Тенгере елдің шекарасына қарай жү-
ріп кетеді. Жолда аса таяғымен жерді түртіп қалып еді, сол орын-
нан бұлақ атқылайды. Бұлақты айналдыра, саз балшықтан үлкен
тостаған жасай бастайды, онысы барған сайын биіктей береді. Осы-
лайша, ол аумағы талай жерді алып жатқан, іші суға шүпілдеп
толған төбешікке айналады. Содан кейін оны «Суы асып та кет-
песін әрі кемімесін» деп сиқырмен дуалап тастайды. Әлгі жер әлі
күнге дейін сол қалпында сақталған көрінеді.
Ал Тенгере-Тедыгечи адамдарға алақанға салып домалатуға
берген жұмыр тас қазір көкек жұмыртқасындай болыпты деседі.
Тіршіліктің соңын немесе
ақыр заманды болжау
дамзат өмірінің тарихы ұзаққа созылған сайын дүние
күнәға батып, жамандық қанат жая түседі. Пенделерінің
күнәсі батпандап көбейгендіктен қасиетті құдай Үлкен Тәңір
адамдардан қашықтай береді. Ол өзінің көгіне өрлеп, бара-бара суық
тартып, адамдардың дұғаларын естімеу үшін құлақтарын тығындап
алады. Керісінше, Еркілік тозақтан бірте-бірте жоғарылап, жердің
үстіңгі қабатына, адамдарға жақын тұрған Қарашқа көтеріледі.
Тіршіліктің соңына қарай Еркілік жерге тақалып келеді, ал Қараш
жердің үстіне шығады. Сол кезде халық Үлкен Тәңірді ұмытады.
Жердің жоғарғы қабатына көтерілген Қараш пен сонда ме-
кендейтін Тепқара адамдар жөнінде қатты ашуланып айтысады.
Қараштың соңынан көмекке, адамдарды жауламаққа жер үстіне
Керей хан шығады. Сол уақыттарда Тәңір Көктен Манғышөре
батырды түсіреді. Тепқара мен Қараш өзара дауласып жатқанда,
93
Манғышөре Керей ханның денесінің парша-паршасын шығарып,
оны зарлатады.
Керей ханның зарын естіп, оның Манғышөреге төтеп бере ал-
мағанын біледі де, Еркілік сайтан жер үстіне шығып, батырды
өлтіреді.
Үлкен Тәңір өзінің сенімді батырының қазасын көріп, енді
жерге Майтөре батырды аттандырады. Оған мынадай өсиет айта-
ды: «Бар, бірақ ешкіммен шайқасқа түспе, тек адамдар Еркілікке
көңілдерін бұрып кетпесін, содан сақтандырып, үгітте. Әлбетте,
сайтан да қарап жүрмес, оларды тек өзіне ғана мойынсұнуға аз-
ғырады. Байқа, ашу үстінде Еркілікті немесе оның батырларының
біреуін өлтіріп қойма. Ол үлкен күнә болады. Одан да, Еркілік сені
өлтірсін. Өлімнен қорықпа. Сенің еш жерің ауырмайды. Содан ке-
йін өзім келіп, Көкке алып қайтамын».
Көктен Майтөре түсетін уақыт та жетеді. Еркілік оның көзінше
адамдарды өзіне бой ұсынуға мәжбүрлеп, былай дейді. «Кім маған
бой ұсынса, сол менің ерікті қызметшім болады. Ал кімде-кім маған
бағынбаса, маған сенбесе, сан түрлі азап шегіп қиналады».
Еркілік өзіне бойұсынғандардың барлығын жіңішке сымға тізе-
ді, ал, бағынбағандарды отқа тастап, темір шыбықпен ұрады, най-
замен түйрейді. Адамдарды осылай қанша азаптағанымен, олардың
тәні ауырмайды.
Майтөре адамдарды қасиетті Үлкен Тәңірді құрметтеуге үгіт-
теп, көпшілігін ғаделет пен тақуалыққа бейімдейді. Мұны көрген
Еркілік өз дініне көңіл қоймаған көп қауымды азаптап, Майтөре
батырға қаһарын төгеді. Оған: «Сені семсермен жайратарлық
күшім бар!» – деп ақырады. Сөйтіп Майтөре батырға қару жұмсап,
өлтіреді. Батырдың бойы онша зор болмағанымен, қаны маңайға
түгел шашырап, төңіректі қызыл реңге бояйды. Сол сәтінде оның
денесі мен қаны лап етіп қызыл жалынға оранып, от бүкіл жерді
қаусырып, Көкке өрлейді.
Сол кезде Көктен Үлкен Тәңірдің өзі түсіп, алақанын
шапалақтайды да «Өлгендер, тұрыңдар!» деп айқай салады. Үлкен
Тәңірдің дабылы мен демінен өлілер түрегеледі, топырақ, от, су,
94
аңдар мен балықтар өздері жұтқан адамдардың денелерін кері
шығарып, қайтарады.
Үлкен Тәңірдің ауызынан жалын ұйтқып, бүкіл жерді орай-
ды. Жер жанғанмен де, ібіліс, сайтандар жүрген үстіңгі қабат қана
жойылады. Қара қыртыстың астындағы ақ балшық сияқты таза
топырақ қабатына от тимей, аман қалады. Содан Үлкен Тәңір жаңа
жер жаратады.
Жалын құшқан қара топырақпен бірге Еркілік сайтанның өзі,
оның әскері мен бойұсынған адамдары түгелдей өртеніп кетеді.
Олардың бәрі денесіз жын-шайтандарға айналады.
Үлкен Тәңір сонда күнәкарларды: «Еркілік, сен өзіңнің бүкіл
жын-шайтандарыңмен бірге мәңгілікке тамұқ* отына күйіп, тозақ
шыңырауында қал, саған бойұсынған адамдар, шіркейлер сияқты,
соңыңнан қалмай ұшып жүрсін!» деп қарғайды.
Сөйтіп, Еркілік пен оның зұлым күштері тозаққа құлатылып,
жалғанның жарығынан жоғалады, ал Үлкен Тәңірге адал адамдар
Тәңірдің саясында рахат өмір кешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |