Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
*Соңғы кезге дейін скифтер мифологиясы жөнін-
дегі негізгі еңбектер Д.С. Раевскийдің 1977 жылы 
шыққан «Скиф-сақ тайпалары мифологиясының 
очерктері» және 1985 жылғы «Скифтер мәдение -
тіндегі әлем үлгісі» монографиялары болып та-
былады. Бұған К. Ақышевтің 1987 жылы шыққан 
«Сақтар мифологиясы» кітабын қосуға болады.
Скифтер мен
сақтардың мифтері


109
Скифтердің 
мифологиялық шежіресі
Скиф патшасы Тарғытай
және оның ұлдары
кифтер Тарғытайдың* шығу тегі жөнінде оның әкесі – Зевс, 
шешесі – теңіз патшасы Борисфеннің қызы Гестия дейді. 
Ертеде гректер Борисфен деп Днепр өзенін айтқан.
Тарғытайдың үш ұлы болған. Олардың аттары – Липоксай, Арпок-
сай және Қолақсай. Олар – үш скиф халқының бабалары.
Тарғытай патшалық құрған кезде скиф жеріне Көктен алтын 
заттар (Тәңірдің сәлемдемесі): соқа, мойынтұрық, айбалта және 
тостаған түседі. Бұл заттарды үлкен ағалары Липоксай бірінші 
болып көреді. Ол әлгі заттардың қасына барып жерден көтерейін 
десе, алтын лап ете түседі. Ол шегініп, енді ортаншы ұл Арпоксай 
жақындайды. Алтын тағы да от құшағына оранады. Лапылдап 
жанған алтынның ыстығы екі үлкен ағасын тоқтатып, тек үшінші, 
кенже ұл жақындағанда ғана жалыны өшеді. Ол заттарды өз үйіне 
апарады. Сол себептен ағалары патшалықты және соған қоса 
үлкендік жолын інілеріне беруге келіседі.
Үлкен ұл Липоксайдан авхат деп аталатын скиф тайпасы өрбіген. 
Ортаншы ұл Арпоксайдан катиар және траспи халықтары, ал кіші-
сі Қолақсайдан паралат тайпасы тарайды. Барлық тайпаларды бір-
ге қосып, сколоттар, яғни патша адамдары деп атайды. Эллиндер 
(ежелгі гректер) оларды скифтер деген.
*Тарғытай – шамамен, біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжыл-
дықтың бес жүзінші жылдарында өмір кешкен, яғни біздің осы 
күндерімізден екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген скиф патшасы. 


110
Скифтердің арғы бабасы
Геракл туралы миф
ерионның бұқаларын қуалаған Геракл ол кезде әлі жан 
аяғы баспаған бір елге (қазір оны скифтер мекендейді) табан 
тигізеді.
Герион Понттан (Қара теңіз) алыс, Геракл бағандарының ар 
жағындағы Гадирдің қасындағы мұхит аралында тұрған (бұл арал-
ды гректер Эрифия деп атайды). Эллиндердің пайымдауы бойынша, 
мұхит күннің шығысынан бастап, бүкіл жерді айнала ағады, бірақ 
олар мұны дәлелдей алмаған.
Міне, Геракл сол аралдан қазіргі скифтер елі дейтін жерлерге 
келеді. Онда ол жауын-шашын мен суыққа ұрынады. Содан теріге 
оранып, ұйықтап кетеді. Осы кезде оның жайылымға жіберген ат-
тары бір кереметтің күшімен ғайып болады. Оянған соң Геракл ат-
тарын іздеп, бүкіл аймақты шарлайды. Ақыры, Гилея деген жерге 
тап болады. Сондағы үңгірде ол денесінің жоғарғы жағы – әйел де, 
төменгі жағы – жылан бір мақұлықты жолықтырады. Оны көрген
Геракл: «Адасқан аттар көзіңе түспеді ме?» – деп таңдана сұрайды. 
Жылан-әйел оған аттардың осында екенін, тек Геракл өзіне үй-
ленбейінше оларды бермейтінін айтады. Геракл аттарды алу үшін 
әйелдің шартын орындауға келіседі. Алайда, әйел Гераклды қасында 
ұзағырақ ұстауға тырысып, аттарды қайтаруға асықпайды.
Ақыры, бірталай уақыт өткен соң барып жылан-әйел аттар-
ды иесіне беруді жөн көріп: «Маған келген осы аттарды сен үшін 
сақтадым, сен олардың өтемін толық өтедің. Мына өсіп келе жатқан 
үш ұлымда сенің қаның бар ғой. Айтшы, олар есейген соң не істейін? 
Осында қалдырайын ба? Мен осы елдің билеушісімін ғой, әлде, саған 
жіберейін бе?» – деп сұрайды. Геракл бұған: «Ұлдардың есейгенін 
көзің көрген соң былай істегенің дұрыс болады: олардың қайсысы 
менің саған көрсеткенімдей етіп садағымды тартып, мына белдігім-
ді тағына алса, соны қасыңда қалдыр. Менің пәрменімді орындай 


111
алмағанын жат елге жібер. Егер осылай істесең, өзің де риза боласың 
әрі менің де тілегімді орындайсың», – деп жауап қайтарады.
Осы сөздерді айтып, Геракл өзінің садағын қалай тартуды және 
белдігін қалай тағынуды көрсетеді. Содан кейін садағы (сол кезге 
дейін Геракл екі садақ ұстап жүрген) мен ілгегінде алтын тостаған 
ілулі белдігін беріп, аттанып кетеді. Балалар өскен соң анасы 
оларға ат қояды: біреуінің аты – Агафирс, екіншісінің аты – Гелон, 
кішісінің аты – Скиф.
Ұлдар ержетіп, есейген шақта жылан-әйел Гераклдың кеңесін 
ұмытпай, ол қалай бұйырса, солай істеп, балаларын сынамақ бола-
ды. Агафирс пен Гелон әкелерінің садағын тартуға тырысқанымен, 
шамалары жетпейді, сөйтіп олар елден қуылады. Кіші ұл әкесінің 
бұйырғанын бұлжытпай орындап, сол елде патша болып қалады. 
Скифтен, Гераклдың кенже ұлынан барлық скиф патшалары тарай-
ды. Олар алтын тостағанды қастерлеп, осы күнге дейін белдіктері-
не тағынып жүреді. Шешесінің Скифке жасаған жақсылығы, міне, 
осындай.*
Айта кететін нәрсе, белдікке немесе ердің қасына құты, тостаған 
байлап жүру салты қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған. 
Үш халықтың арғы бабалары ретінде Тарғытайдың ұлдарының 
аттары былай түсіндіріледі:
Агафирс – Аға – үлкендікті білдіретін түркі сөзі, «фирс» – «билік 
нышаны ретінде қарағай бұтақтарымен безендірілген найза» деген 
мағына беретін грек сөзі. 
Гелон – көне грек тілінен сөзбе-сөз «қуаныш, күлкі, шаттық» деп 
тәржімеленеді. 
Скиф – «ашулы, ызалы, қаһарлы» деген сөз.
Агафирстер деп Иллирия мемлекетінің тұрғындары аргимпей-
лерді айтқан. Кейіннен, ежелгі Уархун мемлекетінен қалған Шығыс 
Хунгарияны – Венгрияны мекендеген халықты осылай атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет