Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасы Мəдениет, ақпарат жəне спорт



Pdf көрінісі
бет6/35
Дата27.05.2022
өлшемі13,46 Mb.
#35723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
5c152369b2040ab6348b7da0c60eb71a

*Сол себептен де алтайлықтар мен кейбір түркі халықтары 
әтешті жемейді.


70
Шаманды½ты¼ пайда болуы
опан судан кейін Балықшы сырқаттанып қалып, Тянгар де-
ген кісіні зікір салып емдеуге шақырды. Бұл екеуін де, 
бірін – қам (жын-пері) шақыруға, екіншісін – зікір салуға 
Еркілік үйреткен екен. Сондықтан Үлкен Тәңір Балықшыға: 
«Енді сен өлгеннен кейін Еркіліктің малайы боласың. Себебі оны 
мойындайсың да маған құрбан шалмайсың», – деп айтыпты.
Мұны естіп, қорқып кеткен Тянгар Үлкен Тәңірге: «Мен Ер-
кілікке де, саған да құрбан шаламын», – дейді. Үлкен Тәңір оған: 
«Бүгіннен бастап сенің атың Қам болады. Ал кімде-кім саған елік-
тейтін болса, жерде оның дәулеті болмайды», – деп үкім кеседі.
Та½уа Жайы½-Нама ж²не 
оны¼ Ğлкен ₣лы 
ақуа Жайық-Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұн-
ұл мен Сары-ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай 
деген: «Сендерден зерделі ұрпақ: ғұламалар мен пайғамбар-
лар, патшалар мен хандар өрбіп тарайды. Ал Созұн-ұлды өлгеннен 
кейін Аспанға өзім аламын». Сосын Сары-ұлға қарап: «Мен сен-
дерге көктен патша жіберемін. Ол патшалардың патшасы болады. 
Күшінің ғаламаттығы сонша, онымен ешқандай батыр теңеспейді. 
Ол патшаларға қарсы соғыспайды. Барлық халық оған бейбіт түрде 
бағынады. Оның Телегей батыр (теңіз, зор күш иесі), Төлім батыр 
(Тілбеш) және Тенен-ұл деген үш баһадүрі болады», – дейді.
Жайық-Нама қаусаған шал болып қартайған шағында әйелі 
оған жер жүзін топан су басқан кезде өзі құтқарған барлық адам-
дар мен жан-жануарларды өлтіруге кеңес береді. Себебі, олар өмір-
ден бұдан ертерек кетіп, о дүниеде мұның билік жүргізетін қауымы
туыстар малды өздерімен бірге өлгендердің мекеніне алып кетеді, 
ал құрбан шалынса, Жайық хан ол жақтан малды топан сумен ай-
дап шығып, кері қайтарады деген наным бар.


71
болуы керек екен. Әйелі күндіз-түні осы әңгімені құлағына құя
берген соң тақуа Жайық-Нама да сұмдық пиғылға бекініп, бейім-
деле бастайды. Мұны біліп, сезгенмен Созұн-ұл әкесінің бетіне тура 
келіп, шешесінің қитұрқы қастандығын әшкере етуге батпаған еді. 
Тек бір күні ол әкесіне:
– Адамдарды тірідей жұтқалы жатқан қаракөк сиыр көрдім, 
сыртта салақтап сирағы ғана қалған екен, – дейді.
Тақуа Жайық-Нама ұлы айтқан тәмсілдің сырын бірден ұғып, 
әйелін қылышпен қақ бөледі. Осылайша залым әйелін өлтірген ол 
Созұн-ұлға: «Мен Көкке сені де ала кетемін», – дейді де, өзі шырқау 
биікке самғап, ғайып болады. Үш күннен соң Созұн-ұл жоғалып ке-
теді. Жаратушы Жайық-Нама оны Көкке бес жұлдыздан тұратын 
шоқжұлдыз етіп іліп қояды.
Ал Жайық-Наманың өзі Үлкен Тәңір мен адамдардың ара-
сын жалғастырушы дәнекер. Ол адамдарға Үлкен Тәңірдің – Көк 
Құдайының шапағатты баталарын жеткізіп, ауру-сырқау мен кеса-
пат-қырсықтан құтылу сырларын ашады.
Адамдар³а от олжала³ан 
Надулуша 
сте жоқ ескі заманда түркілердің арғы бабалары «со» деп 
аталатын халық екен. Бұл халықтың Ежен Шиду дейтін 
ханы болады. Оның Аспан қызы деген әйелінен төрт ұл туады. 
Бір ұлы аққуға айналып, ұшып кетеді (ескі наным бойынша өлген 
адамның жаны құсқа айналып, көкке ұшып кетеді деп есептел-
ген). Екінші ұлы Апу (Әмудария) мен Гансу (Сырдария) өзендерінің 
аралығындағы халықтарды билеп тұрады. Бір ұлы Шу-си өзенінің 
бойында қоныстанған жұртқа әмірін жүргізеді. Ал үлкен ұлы 
Баси-шу Си-ши деп аталатын тауларда билік құрады. Оның ордасы 
да осы жерде орналасады.
Биік тауларда өмір сүретін халықтар суықтан үсіп, қырыла 
бергендіктен, Надулуша адамдарды от шығаруға үйретеді. Осы-
дан бастап отты қолдануды басқа халықтар да қабылдап алады. 


72
Олар Надулушаны Тюркю деп атаған («тюкю» – қытай жылнама-
ларынан алынған атау; қытай тілінде [p] дыбысы жоқ болған се-
бепті, «тюкю» сөзінің ортасына осы әріпті қойып, «тюркю» сөзін 
шығарамыз). Тюркю сөзі ұшар бас, үшкір шың дегенді білдіреді. 
Қазақша – дулыға.
Қытай нұсқасына жүгінсек, Ежен Шиду дегеніміз Шиду хан, 
дұрысы, пайғамбар. Ал оның аққуға айналып ұшып кеткен бала-
сы – Алтай өзендері мен Қу-Ман көлдерінде хандық құрып, билік 
жүргізген кісі. Сондықтан Қу көлінің бойында тұрған халықтар 
өздерін аққулар (Ақ-Қу-кісі) деп атаған.
Қу-Маннан мұраға «құманды» деген сөз қалған. Кейінірек сақара 
халқы – құмандардың (қомандар) атауы осыдан шыққан.
Ежен Шидудың келесі ұлының есімі – қытайша Ки-гу. Ки-гу 
– «қырғыз» деген сөз. Бұл сөздің шығу тегінде де «тюркюдегі» 
сияқты қағидаға сүйенеміз. «Ки-гудың» ішіне [p] қойып, «Киргу-
ды» аламыз. Киргу «халықсыз, өз бетімен кезіп жүруші, еркін» де-
ген мағынаны білдіреді.
Ежен Шидудың үшінші ұлы Шу-си өзенінің бойында әмірші 
болған. Ежен Шидудың үлкен ұлының аты – Надулуша. Ол Баси-
шу Си-ши тауларында хандық құрған. Мұндағы Шу – өзен атауы, 
ал «Си» сөзі халық немесе халықтар дегенді білдіреді. «Ши» (немесе 
қазақша «шың») – биік таулар деген сөз. Бұл оның Шу өзені ағып 
жатқан таулы өңірде хан болғандығын аңғартады.
Сонымен, жылнамашы Әбілғазы баһадүр ханның жазуына 
және басқа мұсылмандық шежірелерде көрсетілуіне қарағанда, 
адамдарға ошақтарына от тұтатып жағуды үйреткен тұңғыш
адам Надулуша Тюкю немесе Түркі Надулу шад болған.


73


74
Тілдерді¼ сапырылысуы 
дамдарды әлемдік топан судан құтқарған тақуа Жайық-
Нама дүние салып, Көкке ұшып кеткеннен кейін таудың 
солтүстік беткейлерінде орман-тоғай өсіп, халық көбейді. 
Олардың барлығы бір тілде сөйледі. Енді адамдар жер бетін тағы 
да топан су алып кете ме деп қорқып, жан сақтау үшін биік тау 
тұрғызуға бекінді. Адамдардың бұл әрекеттері Үлкен Тәңірге 
ұнамады. Ол сол тауға жойқын дауыл жіберіп, адамдарды да, 
тастарды да қаңбақтай домалатып ұшырды. Әйткенмен, адам-
дар алған беттерінен қайтпады, тастың үстіне тас қойып, тауды 
тұрғыза берді. Олар таудың айналасында жетпіс жеті қосынға 
жайғасып, қайсарлана еңбек етті. Тек Тянар дейтін кісі ғана 
қарсылық етіп: «Сендер тау тұрғызып, Құдай алдында зор күнә 
жасап жатырсыңдар. Мен бұған келіспеймін, тау тұрғызуға 
қарсымын!» – дейді. Осыны айтып, белгісіз жаққа кетіп қалады. 
Қайтып оны ешкім көрмейді. 
Тянардың сөзіне адамдар құлақ салмады. Ақыры Үлкен 
Тәңірдің өзі оларға: «Сендер мені де және менің елшім Тянарды да 
тыңдамадыңдар. Сол үшін жаза тартып, әр түрлі тілде сөйлейтін 
боласыңдар!» – дейді.
Осыны айтуы мұң екен, адамдар түсініксіз, бір-біріне ұқсамай-
тын әртүрлі тілде сөйлей жөнелді. Бір-бірін ұқпай естері шыққан 
олар жұмыстарын тастап, бастары ауған жаққа безіп кетті. Осылай-
ша жетпіс жеті қосыннан жетпіс жеті халық тарады. Мұны көрген 
Еркілік сайтан жау жағадан алғанда ол етектен жармасып, жетпіс 
жеті жұрттың әрқайсысына өзінің ерекше ауру-сырқауларын таң-
ды. Сөйтіп ол барлық халықтарды тағы да бағындырып, меңгермек-
ші болды.
Еркілікке қарсы күресіп, тайталасқан Үлкен Тәңір жетпіс төрт 
халықтың сауатын ашты. Ал үшеуін (сойондар, ұраңқайлар мен 
тувалар) сауатсыз қалдырды. Мұның себебі, бұл үш халық Еркілік 
сайтаннан даң-дабыл мен бақсылықты алған болатын.


75


76
Сондықтан Үлкен Тәңір оларға:
– Дәрі-дәрмектің орнына бақсыларың бар, кітаптың орны-
на тәуіптерің мен дабылдарың бар, өз жағдайларыңды қалай 
шешсеңдер де енді өз еріктеріңде, – депті.
О½ымысты ğ²м жасын иесi 
Тенгере-Тедыгечи ха½ында
аяғы өткен замандарда жер бетінде Теер-Жанғы есімді бір 
кісі өмір сүреді. Оның Тенгере-Тедыгечи, Төре-Керелты және 
Шар-Жаалты деген үш ұлы болады. Сол уақыттардағы бар-
лық халықтар тауға жылына екі рет барып, Үлкен Тәңірге әркім өз 
білгенінше сыйынатын. Ал Тенгере-Тедыгечи бұлармен келіспеді. 
Ол дін туралы ілімді қағазға өзінше жазып алып, халыққа қарсы 
дау айтып, олардың сыйынғанындай сыйынуға болмайды, хақиқат 
дін менің жазғандарымда деп түсіндірді.
Алайда халық оны мойындамады. Сонда Тенгере-Тедыгечи: 
«Егер маған сенбейтін болсаңдар, мен сендерден кетемін. Мені ұзақ 
уақыт көрмей көздерің талады!» – деді. Осыны айтып, ол аулаға 
шықты да, сол жерде бір қолына кітап ұстап, екінші қолын, құдды 
сыйынғандай, маңдайына қойып, қырық үш күн мен түн отырды. 
Осы қалпынан ол ұзақ уақыт тапжылмады. 
Осы кездерде інісі Төре-Керелты үнемі қасында болды. Қырық 
үш күн мен түн өткен соң Тенгере-Тедыгечи орнынан тұрып, осын-
шама уақыт бойы ешқайда кетпей, иесінің қасында түн қатқан ерт-
теулі тұлпарына келді. Атына мініп, шығысқа бет түзеді. Төре-Ке-
релты да атын тез жүгендеп, ағасының соңынан шапқылап, қуып 
жетті. Бір уақытта алдарынан үлкен өзен ұшырасты. Сонда Тенге-
ре-Тедыгечи семсерін өзенге сермеп қалып еді, су қақ айырылып, 
ағайындылар құрғақ арнадан желе-жортып өте шықты.
Сәлден кейін олар Көктен төңкеріліп, жерге шаншыла түскен 
кемпірқосақты көрді. Кемпірқосақ жермен түйіскен тұста алдыңғы 
аяқтарын алтын шашақ бағанға, артқыларын сағымды белеске 


77
тіреген ерттеулі ат тұрды. Тенгере-Тедыгечи атқа жақын келді де, 
қарғып мінді. Сол үнсіз қалпымен, ешқайда бұрылып қарамастан 
жоғарыға өрлеп көтеріле берді. Биікке самғаған кезде күннің 
күркірегені естілді.
Төре-Керелты ағасының, әдетте, өлгендердің жандары жоғарғы 
әлемге аттанатын кемпірқосақ бойымен көтеріліп бара жатқанын 
көріп: «Мен де жалғыз қалмаймын, сенімен бірге кетемін!» – деп 
айқай салып, жылап жіберді.
Тенгере-Тедыгечи: «Жоқ, сенің менімен бірге жүруіңе болмайды. 
Үйге қайт, бірақ әуелі өзіңе не керегін айт!» – деп жауап қайырды.
Ағасын кейін қайтара алмайтынын ұққан інісі: «Мен өзеннен 
қалай өтемін?» – деп сұрады.
Сонда Тенгере-Тедыгечи оған семсерін лақтырып: «Менің істе-
генімді істе, сонда өзеннен өтесің!» – деді.
Тенгере-Тедыгечи Көкке бірте-бірте биіктеп көтеріліп бара 
жатып, былай деп айқайлады: «Жер үстіндегі барлық нәрсе 
саған бағынсын, барлығына әміріңді жүргіз! Ал жерден жоғары 
тұрғандардың бәрін мен билеймін! Мейлі, жақсы ма, жаман ба, 
қорқынышты ма, әлде, жоқ па, әйтеуір мен аспанды шарлап жүрген 
кезімде күн күркіреп, жанды атаулының бәрінің үрейін ұшырады. 
Найзағай мен жасынның әміршісі боламын! Енді мені ешкім көре 
алмайды, тек саған ғана жыл сайын өзім келіп тұрамын!»
Тенгере-Тедыгечи осыны айтты да, көзден ғайып болды.
Жалғыз қалған Төре-Керелты осында ағасы екеуі келген жолға 
түсіп кейін қайтты. Өзенге жеткенде семсерді алып, суға қарай сер-
меп қалды. Су қақ жарылып, мұны өткізіп жіберді. Қас қарайып, 
түн болды. Сол кезде оған Тенгере-Тедыгечи келіп, қолына кітап 
ұстатып: «Осымен халықты оқыт! Мен оқта-текте айналып соғып, 
кітапты жұртқа қалай үйреткеніңді бақылап жүремін. Оқудан 
қолың тимеген соң мені сағынып жыламайсың!» – деді.
Кітапты алып, Төре-Керелты бірден оқи бастады. Ол осы арада 
түнеп, үйіне тек келесі күні ғана оралды. Бір жыл өткенде Тенгере-
Тедыгечи інісіне тағы да келіп:
– Оқуға үйреткендерің көп пе? – деп сұрады. 


78


79
Төре-Керелты:
– Мен барлық халықтарды оқытуға тырыстым. Тек бір ғана 
халық – татар-аймақтардың ғана зердесіне оқу кірмей жатыр, – деп 
жауап берді.
– Менің семсерім қайда? – деп сұрады ағасы.
– Өткен жылы өзіңнен қайтып оралғанымда кітап пен семсерді 
әкеліп, міне, мына жерге қойғанмын. Кітап сол орнында, ал семсер 
жоқ, – деді інісі.
– Менің семсерімді сенен Таптан-қара деген бір адам ұрлаған. 
Ал одан Шөлеміс шайтан алып кетіп, жердің бірінші қабатының 
астына тығып қойды. Сен оны өз бетіңмен тауып ала алмайсың. 
Сондықтан Таптан-қараның жылқысынан көз алмай, байқап жүр. 
Күн күркіреген, найзағайлы бұлт келген күнді күт. Бұрын мені 
Тенгере-Тедыгечи дейтін, қазіргі атым – Улуин-Кеген. Ауызымнан 
от жалындап, кеудем күннің күркіріне толады. Ал, сен, Төре-Ке-
релты, патша бол!
– Жоқ, мен патша болғым келмейді, – деп жауап қатты бұған 
інісі. – Маған Құдайдың кітабынан басқа түк те керек емес. Мен 
Тәңір туралы ойлармен ғана өмір сүруді қалаймын. Таққа отыруға 
ініміз Шар-Жаалты лайық. 
Тап сол күннің кешінде қара бұлт қаптап, қатты дауыл тұрды. 
Таптан-қараның малы жүрген жайылымды бұлттар баса сала-
ақ, күн күркіреп, найзағай жарқ етті. Дүние мұндай жарқыраған 
жарықты көрмеген еді! 
Күннің күркірегенін естіп, Төре-Керелты киіз үйге ұмтылды. 
Қараңғыда басын есіктің маңдайшасына соғып алып, лажсыздан 
үш күн сонда отырды. Ол мынадай өзгеше алапат дауыл мен ғаламат 
күн күркіреуінен зәресі ұшып, қорыққаннан қалшылдап:
– Бұл ағамның ісі болса, ештеңе етпес, өтер, кетер. Егер Тәңірден 
келсе, бір сойқан болмай қоймас, – деп күбірледі.
Үшінші күні оған Тенгере-Тедыгечи келіп:
– Маңдайың неден жарылған? – деп сұрады.
– Үш күн бұрын ғаламат күн күркіреуін естіп, елде-күнде 
болмаған керемет жарықты көріп үрейім ұшты, сонда байқамай 


80


81
маңдайымды есікке соғып алыппын, – деп жауап берді бұған Төре-
Керелты. 
– Ауызым жалын шашып алаулайды, кеудем күндей күркірейді 
деп мен саған айтпап па едім? Бар, енді Таптан-қараның табында-
рын көріп кел...
Сол сәтінде жүгіре жөнелген Төре-Керелты Таптан-қараның 
қонған жұрты мен малдары қақ жарылған жер астына түсіп кетке-
нін көрді. Орнында тек шұңқыр қалыпты. Шұңқырда майланған 
сары су қайнап жатыр. Мынадай ғажап жайтқа қатты таңырқаған 
Төре-Керелты үйіне қайтып келді.
Сонда Тенгере-Тедыгечи оған:
– Осы көргеніңнен қандай сыр ұқтың? Саған тағы да ескерт-
песем болмайды: Таптан-қара табынының аман қалған малынан
бірде-бір тұяқ алма және оларды өз малыңмен араластыр-
ма. Өйткені, оның өзі де, малы да қарғысқа ұшыраған. Оның 
табынының қалған-құтқаны елсіз құла дүзге айдалып тасталып, 
тағы аңдардың жемі болсын, – деді.
Содан бірталай жыл өтті. Төре-Керелты үлкен таудағы үңгірге 
кетіп, төсенішке сұлап жатып, өлген адамның кейпіне түсті. 
Қисапсыз шәкірттері оның бір жапырақ хатын тауып алды. Онда 
былай деп жазылыпты: «Бұлттар Шығыстан Батысқа қарай көш-
кенде, күн Шығыстан бастап күркіреп, Батыста аяқталғанда, ақыр 
заман болады».


82
Шар-Жаалты Бiрiншiні¼ 
патшалы³ы кезiндегi 
Тенгере-Тедыгечи
өре-Керелты дүние салғаннан кейін Тенгере-Тедыгечидің 
кенже інісі аса рақымсыз болып, ағасының ілімін қабыл 
алмаған халықтарды өз патшалығынан қуып шықты. Осы 
кезде Тенгере-Тедыгечи көктен түсіп, оған: «Малды ұзын қамшы-
мен ұрсаң, желінін жаралайсың, құтты қашырасың, сүт болмай-
ды», – деді. Шар-Жаалты өзінің қоластындағыларға қатал болға-
нын әшкерелеген бұл тәмсілді түсінді.
Сонан соң Тенгере-Тедыгечи жерге құлап, сырғанап жүріп кит-
балыққа айналды. Жерден тұрғанда қайтадан адам кейпіне кірді.
Екінші рет құлап, тағы да сырғанап жүріп алып денелі ашулы аң –
қарағұлға айналды. Орнынан тұрғанында адам болып кетті. Жеңде-
рін сілкіп еді – үлкенді-кішілі кітаптар шашылып түсті. Тенгере 
өзінің кенже інісіне: «Мына кітаптардың барлығын үш күннің ішін-
де оқып шық!» – деп бұйырды. Бұрыла бере қайтадан қарағұлға ай-
налып: «Жеті жылдан соң келемін», – деп көзден ғайып болды.
Сол аралықта ол жүрген жерінде барлық жанды атаулыны есір-
тіп, құтыртатын жын-шайтандарды жеңді. Біреулерінің бастарын 
жұлып алды, басқаларының апай-топайын шығарып, жан-жаққа 
қуды. Осылайша жеті жыл өтті. Ол жер астынан тағы да жарық 
дүниеге шығып, Шар-Жаалтыдан:
– Мен берген кітаптарды оқыдың ба? – деп сұрады.
– Түгел оқып шықтым. Күрделі ештеңесі жоқ сияқты. Тек бір 
жері қиын соғып тұр. Онда менің он бестен алпыс жасқа дейін ораза 
ұстауым керек екен.
– Саған бұған қиналсаң, жыл сайын тек қыста ғана, көктемде 
алғашқы күн күркірегенге дейін ораза тұт. Ал жазда сенен ораза та-
лап етілмейді! – деп кеңес берді ол інісіне.


83
Шар-Жаалты қартайған шақта Тенгере-Тедыгечи тағы келіп, 
оған ұзындығы үш құлаш, көлденеңі төрт аршын кітап беріп: «Бұл 
біздің ақырғы көрісуіміз, енді саған келмеймін. Мына кітапты оқы! 
Ол дария түбіндегі теңіз патшасынан алынған. Егер оның ішіндегі-
сін түгел зердеңе тоқысаң, күшіңе күш қосылады. Сенімді әскерің 
болады. Жүрсең, суға батпайсың, теңіз түбінен құм көтеріліп, саған 
көпір болады әрі отқа да жанбайсың», – деді.
Содан соң Тенгере-Тедыгечи кенже інісіне семсерін табыстап, 
«Есіңде болсын, кімде-кім сенімен соғысуға келсе, қорықпай шай-
қас, шегінбе, ал өзің соғыс іздеуші болма!» деген ғибрат айтты.
Шар-Жаалтының патшалығынан қуылған халықтар екі дінге 
бөлінді. Бір бөлігі шаман, бақсыларға табынды. Ал екіншілері зі-
кір салмай, биік тауларда сүт шашып, маржан-су* сеуіп, түтін түте-
тіп, құрбан шалды. Тек Тенгере-Тедыгечидің кітаптарын оқыған 
бір ер бала мен оның шешесі ғана ешқайсысына қосылмады. Бір 
күні осы баланың аяқ-қолдары ісіп кетіп, ауырып қалады. Шешесі 
Көкке көз тігіп, Үлкен Тәңірге сыйынып, медет сұрайды. Ананың 
көз жасын көрген Тенгере жай адамның кейпіне кіріп, Көктен 
түседі. Әуелі ол зікір салып, жын шақырған жұртқа келіп, оларды 
сол халықтың екінші бөлігіндей сыйынуға үйретеді. Себебі бұлар 
құрбанға арналған малдарды сойып, мүжілген сүйектерін бір жер-
ге үйіп, Үлкен Тәңір алдында өртейтін еді. Тенгере бақсыларға 
табынушыларға: «Сендердің зікірлерің Көкке жетпейді, өйткені, 
Тәңірге ұнамайды», – деді. Халық онымен таласа бастады. Сондағы 
айтқаны: «Егер маған сенбесеңдер, бәс тігейік. Шындық кім 
жағында екенін көреміз. Егер сендердің құрбандықтарыңа Көктен 
от түсіп, жалмап жеп қойса, шындық сендер жақта, ал егер менікі-
не түссе, шындық мен жақта болғаны».
...Сонымен бәрі осылай істеуге келісті.
Шаман, бақсылар тауға шығып, таңды таңға ұрып зікір салып, 
Құдайды шақырды. Бірақ олардың құрбандықтарына от түспеді.
Халықтың екінші бөлігі тастан қашап құрбан шалатын орын 
жасады. Осы жерге құрбандық сүйектерін қойып, маржан-су сеуіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет