Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі типтік оқу бағдарлама



бет5/11
Дата07.01.2022
өлшемі43,43 Kb.
#19755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ББМ типовая

3-тақырып. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысында барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану. Мұғалімнің, тəрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу жəне тəрбие ісəрекеретін жоспарлау. Перспективалық жəне жылдық жоспар. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің (мектепішілік жоспар, педагогикалық жəне əдістемелік кеңестердің, пəндік бірлестіктердің (кафедралардың) жұмыс жоспарлары, тақырыптық жəне сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары жəне т. б) орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі. Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарынын рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі жəне сипаттамасы. Бұйрық кітаптары, сынып журналдарын жəне басқа да құжаттарды жүргізуге қойылатын талаптар. Негізгі түсініктер: мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері, мектеп құжаттары.

4-тақырып. Мектептегі əдістемелік қызмет жəне мұғалімдерді аттестациялау Мектептегі əдістемелік қызмет мұғалімдердің кəсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруды басқару жүйесі ретінде. Əдістемелік қызметтің мақсаты, міндеті жəне іс-əрекеттің негізгі бағыттары. Ғылыми-əдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі жəне өкілеттілігі. Мұғалімдердің əдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі. Мектептегі əдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары. Жас мұғалімдер мектебі. Тəлімгерлік. Педагогикалық шеберлік мектебі. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені жалпылау. Мұғалімдерді жаңашыл педагогикалық іс-əрекетке тарту. Мұғалімдердің кəсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудағы өзіндік білімнің рөлі. Тұтас педагогикалық ұжымның жəне əрбір мұғалімнің кəсіби даму жетістігінің диагностикасы. Мұғалімдердің педагогикалық портфолиосын қалыптастыру аттестацияға дайындау шарты ретінде. Аттестацияны рəсімдеу, қазіргі кездегі талаптар. Негізгі түсініктер: əдістемелік қызмет, ғылыми-əдістемелік кеңес, алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені жалпылау, мұғалімдердің педагогикалық портфолиосы.

5-тақырып. Технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызмет ретінде. Басқару жүйесін дамыту мен əрекеттестіру шарты мен қағидалары. Басқару жүйесінің мақсаты мен негізгі міндеттері. Мектептегі рухани-психологиялық климат. Басқарудың негізгі қағидалары. Еңбекті тігінен жəне көлденеңінен бөлу. Басқару жүйесінің құрылымы. Жұмыскерлердің лауазымы бойынша қызметтері. Басқару формасы. Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі жəне өкілеттілігі. Басқарудың əдістері мен құралдары. Басқару қызметінің түрлері (қызметі) жəне оларға сипаттама. Жобалау, ұйымдастыру, бақылау, ақпаратты жинау жəне талдау жасау, міндет қою. Мектепті технологиялық тəсілмен басқарудың түйіні. Басқару жүйесін құрастыру моделіне қойылатын талаптар. Негізгі түсініктер: мектепішілік басқару жүйесі, педагогикалық кеңес, технологиялық тəсіл негізінде мектепті басқару



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет