Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі түркістан облысы, Сауран ауданы, «Тұран» жалпы орта мектебі Ғылыми жоба Тақырыбы: «Пифагор теоремасын өмірде қолдануы»



бет3/14
Дата15.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Жобаның мақсаты: Қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерін анықтау және оларды стандартты емес әдістермен шешу жолдарымен оқушыларды таныстыр, оларды сабақта пайдалану тәсілдерінің педагогика-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, практикады жүзеге асыруға дағдылану.


Жобаның міндеттері:

  • Қолданыстағы Пифагор теоремасының есептерінің математика курсында алатын орнын анықтау.

  • Тақырыпқа сәйкес есептерді іріктеу және оларды стандартты емес шешу әдістерін қарастыру.

  • Қосымша мағлұмат қарастыру.



Жобаның нәтижесі:
Әрбір есепті шығару кезінде қандай да бір нәтижеге шығу керек. Есепті шешу барысында нәтижеге жету үшін:

  • Біріншіден қолданыстағы Пифагор теоремасының есептерінің шығу тарихын зерттей келе, оның қажеттілігін үйрену қажет;

  • Екіншіден, қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерді стандартты емес әдістермен шешу жолдарының әдістерін үйрену қажет. Ол үшін оқушының логикалық ойлау қабілетінің жоғары болуын талап ету шарт.

  • Үшіншіден, осы логикалық ойлау арқылы оқушының қазақтың байырға қара есептерінің небір күрделі, жеңіл түрлерін зерделеп шығару керек.



Жобаның болжамы:
Осы зерттеп жатқан жоба екі оқу жылын жоспарланғандықтан, жұмысты әрі қарай жалғастыру, іздену, дамыту.


Жобаның кезеңдері:
-өзім көптен қызығып жүрген қолданыстағы Пифагор теоремасының есептерінің түрін оқушыларға насихаттаймын;
-мәліметтерді жинақтап, қолданыстағы Пифагор теоремасы есептерінің түрлерінің шешу жолдарын үйренемін, әрі оқушыларға үйретемін;
- жинаған жұмысты талдаймын;
- әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларға есептердің шешу жолдарын үйретемін;
-хабарланған талаптар бойынша жоба жұмысын жинақтап, қортындылаймын.
Эпиграф:
Математика ақыл-ой гимнастикасы” – деп Гаусс айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымыз өз халқының математиктерін танып-біліп, сонымен қатар жоғары дәрежелі теңдеулердің есептерімен де таныс болуы қажет. Осы есептер арқылы озық ойлы, ұшқыр болып өсуі қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселе.

Кіріспе
Қазіргі заманғы жаңа жоғарғы технологиялар және ақпараттық технологиялар ғасырында экономиканың, білімнің және ғылымның, тіпті бүтіндей қоғамның математикасыз тиімді дамуы мүмкін емес.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, 2012 жылдың аяғында ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасында жаратылыстану ғылымдарының, оның ішінде, әсіресе, математика ғылымының дамуына, жастарға математикалық білім беру мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Бұл тұрғыда: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. ... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп ерекше атап көрсеткені де белгілі. Сапалы білім және ғылым математиканың қатысуымен ғана іске асырылатын болады.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 11-12 мамырында республика математика мұғалімдері съезін өткізуі өте құптарлық, өз уақытындағы іс-шара болды деп атап айта аламыз. Өйткені, математикалық білімді мазмұнды жаңарту және оны сапалық жаңа деңгейге көтеру, қазіргі қоғам дамуы талабына сай ету, бүгінгі күннің заңдыда және өзекті мәселесі, жалпы Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беру мәселесін оң шешудің бір тиімді жолы деп есептейміз.
Математика пәнін оқыту жағдайын жуық арада жаңа сапалық деңгейге көтере және шығара алсақ, онда қоғамдағы, білімдегі, ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі, тәрбиедегі және экономикадағы көп мәселелер өз шешімін оң табатындығы сөзсіз. Мысалы, жаңа қоғамның және республиканың индустриялдық-инновациялық дамуы кезеңіндегі математика білімінің, ғылымының дамуы және оны оқыту сапасының жақсаруы – дайындығы жоғары сапалы, халықаралық талаптар деңгейіндегі инженер және технолог мамандар және республикада кәсіби деңгейі жоғары, сауатты экономистер, қаржыгерлер және менеджерлер дайындауға, халықтың жалпы интеллектуальдік деңгейінің өсуіне тиімді мүмкіндіктер беретін болады.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Бас қала Астанада және республика облыстары орталықтарында жаңадан ашылып жатқан және жуық арада ашылатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің көбісінің жаратылыстану ғылымдары бағытында болып отырғандығы ел келешегінің жарқын болатындығының белгісі деп ойлаймыз. Бұл мектептер дарынды, талантты оқушыларды үздік ЖОО – лар үшін дайындаудың негізгі арқауына айналғалы отыр. Өйткені, кез келген ғылым бағыты және өндіріс саласы математикалық аппаратты ғылыми-зерттеудің негізгі құралдарының біріне айналдыратын болса ғана ол ғылым мазмұнды жаңа жетістіктерге, белестерге жететін және арықарата жоғары деңгейде дами алатын болады.
Сондықтан барлық деңгейдегі білім саласы басшылары жалпы білім және тәрбие берудегі математика пәнінің рөлін, орнын дұрыс түсіне отырып, оны оқытудың сапасын жақсартуға баса назар аударулары қажет деп есептейміз. Ана тілін оқытудан кейінгі басты назар математикаға аударылуы тиіс, сонда ғана жалпы білім деңгейін жаңа сатыға көтере алатын боламыз.
Білім өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі болып табылатындықтан кез келген мемлекеттің рухани және әлеуметтік дәрежесі білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Жан-жақты білімді, салауатты, тәрбиелі, мәдениеті жоғары өркениетті елдің ұрпағын тәрбиелеп шығу бүгінгі мектептің алдына қойылған басты мақсаттардың бірі. Бұл мақсатты іске асыру және оған жету әрбір орта мектеп мұғалімінен бүгінгі заман талабына сай оқыту әдістемесін күннен күнге жетілдіре түсуін талап етеді. Осы талаптың орындалуы орта мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің жеке тарауларының әр жеке тақырыбын оқушы санасына жететіндей етіп оқытқанда ғана орындалады. Олай болса, оқушыларды жеке өзіндік тұлға етіп тәрбиелеуде математика пәнінің жалпы оқыту және тәрбие жүйесіндегі алатын орны, салмағы зор және ерекше, оны барлық жұрт түсінуі тиіс деп ойлаймыз.
Сол себепті, мектептік математика курсындағы ең бір негізгі орталық/басты ұғым, түсінік – «Қолданыстағы Пифагор теоремасы» ұғымдары екендігін келешек математика пәні мұғалімі жақсы түсінуі тиіс. Теңдеу және теңсіздік ұғымдарын жеткілікті деңгейде саналы түсінген оқушы ғана келешекте жалпы математика курсын және оның қолданбалық принциптерін, мүмкіндіктерін және бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік алады, білімін және біліктілігін өз бетінше тиімді түрде тереңдете және дамыта алатын болады, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге бейімделеді.
Келешекте ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса алудың фундаменті, іргесі теңдеу және теңсіздік тақырыптарын оқып-үйрену барысында қаланады, сол тақырыптарға арналған есептерді саналы түсініп шығара алудан басталады. Сондықтан оқушы ең алдымен, бастапқыда қарапайым стандартты типтік теңдеулерді және теңсіздіктерді шығарудың жолдарын және тәсілдерін жақсылап түсініп және меңгеріп алудан бастауы қажет болады. Ал енді, ол үшін оқушы өз кезегінде типтік теңдеулерді және теңсіздіктерді саналы түсініп шығара алуы алдында сандар теориясының негізін, жиын ұғымын, модуль (абсолют шама) анықтамасын және негізгі элементар функциялардың анықтамаларын, қасиеттерін, графиктерін, сан өсінде әртүрлі шамаларды және интервалдарды өрнектеуді, элементар типтік теңдеулерді шығарудың негізгі тәсілдерін жақсылап саналы түсініп және меңгеріп алғаны жөн. Сол үшін пән мұғалімі математиканы оқытуда осы кезеңдерді дұрыстап тиімді ұйымдастыра білуі керек болады. Міне, осы келтірген тұжырымдаулар және фактілер диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді және дәлелдейді деп ойлаймын.
Соған байланысты, жоғарыда атап өткендей, қолданыстағы Пифагор теоремасына берілген есептерді стандартты емес әдістермен шешу тақырыптарының жалпы математикалық білімдегі орнын, рөлін және маңыздылығын ескере отырып, осы тақырыпты тиімді оқытуға бағытталған кейбір өзекті мәселелерді дипломдық жұмысыма арқау етіп отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет