Мұғалімдерден алынған сауалнама:
1.Сіз қалай ойлайсыз, күнделікті мектеп борымен жұмыс жасау сіздің ағзаңызға зиян келтіреді ме?
1. Ия 2. Жоқ 3. Білмеймін
2.Бордың жағымсыз салдары болдыма, болса,қандай?
а) қолдың терісін:
1.құрғатады 2.аллергиялық реакция береді 3. Басқа 4.жағымсыз салдары жоқ
б) тыныс алу жұйесіне:
1.жөтел 2.демікпе пайда болады 3. Басқа 4. Жағымсыз салдары жоқ
3. Мектеп тақтасын, борды басқа затпен ауыстыруға болады ма? Болса немен?
Ойыңызды жазсаңыз.
Мұғалімдерден алған сауалнама талданып мынадай қорытындыға келдік. Мұғалімдердің 90% -ы мектеп борының сапасына көңілдері толмайды, бор қолдың терісін құрғатады, киімге тисе, дақтар қалады,тақтаға жазғаннан кейін тақтаны сызып, ізін қалдырады. Кейбір мұғалімдердің жауабынан бордың тыныс алу кезінде аллергиялық реакция беретінін, жөтелу, түшкіру сияқты, кері әсерлерін байқап жүргендерін атап өтті. Дегенмен 10%-ы әлі де болса, мектеп борын ешқандай затпен ауыстыруға болмайтынын жазған. Көпшілігінің талабы барлық сыныпта маркерлі, интерактивті тақталар болса.
Сауалнама мәліметтері диаграмма түрінде көрсетілді
Мұғалімдер қойып отырған талап-тілектері алдағы уақытта орындалатын шығар. Заманымыз жаңарып, ғылым мен техника дамып жатқанда, мектеп борын мүмкін пайдаланбайтын болармыз. Әзірше барлық сыныптар толық интерактивті тақталармен жабдықталғанша біздің айтар ұсынысымыз бар.
Біздің ұсынысымыз:
Мектеп мұғалімдеріне айтарымыз, мектеп борынан туындайтын кері әсерді азайту үшін кеңестер айтқымыз келеді:
1.Жұмыс кезінде борды пайдаланған соң қолды жұмсартатын сабынмен үнемі жуып отыру. 2. Қолды жұмсартатын жақпа майды жиі пайдалану. 3. Тақтаны тек ылғалды шүберекпен тазартып, жуу керек. 4. Тақта сүртетін шүберекті әр сүрткен сайын жуып тазартып отыру. 5. Тақтаның шүберегін жиі ауыстырып отыру.
1 - Қосымша Дәрігерден алынған мәлімет.
Мектеп борының біздің мектеп оқушыларының денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні туралы бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілді. Адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білу үшін мектеп дәрігерімен кездесу болды.
Дәрігердің айтуы бойынша мектеп борын көп пайдалануға болмайды, әсіресе тыныс алу жолдарымен ауыратын балаларға борды шамадан тыс қолдану зиянды. Дәрігер сол балаларды атап өтті.
Балалар денсаулықтарын жақсарту мақсатында мекткеп боры орнына басқадай заттарды қолдау қажет.
Диаграмма арқылы мектепте тыныс алу жұйесімен ауыратын оқушылар туралы мәлімет белгілі болғандықтан, денсаулықтарына зиян келмейтіндей жағдайлар ойластырылса.
Достарыңызбен бөлісу: |