Туындаған мәселе:Сапасы төмен мектеп борының мұғалімдер мен оқушыларға тигізетін химиялық әсерінен түрлі аурулар туындауы мүмкін, ағзаға келтіретін зияны.
Зерттелетін жұмысымның тақырыбы: Бордың адам ағзасына тигізетін химиялық әсері.
Міндеттері: 1.Мектеп борының шығу тарихы, оның қасиеттері және қолданылуы жөнінде ақпарат жинау. 2.Мектеп борының химиялық құрамын анықтау, сандық және сапалық жағын тәжірибе жүзінде зерттеу, оны қаншалықты қолдануға болатынына талдау жасау, басқа мектеп борларымен салыстыру. 3.Мектеп борының адам ағзасына тигізетін әсері жайында мұғалімдер мен әлеуметтік сауалнама жүргізу. 4.Мектеп дәрігерімен кездесу, тыныс алу жолдарымен ауыратын оқушылар жөнінде мәлімет алу. 5. Мектеп борының адам ағзасына тигізетін әсеріне талдау жасау.
Жұмыс барысында зерттеудің төмендегідей әдіс-тәсілдері қолданылды: -Қажетті мәліметтерді мәліметтерді кітапханадағы оқулықтан, интернеттен іздеу, талдау жасау;
- химиялық тәжірибе;
- мұғалімдерден сауалнама алу;
- мектеп дәрігерімен кездесу.
Бордың шығу тарихы, қасиеттері, қолданылуы. Бор – кокколито-форидтер деп аталатын планктонды теңіз балдырларына тән кальцитті қанқалар есебінен қалыптасқан ақ түсті шөгіндітау жынысы, жұмсақ және ұсақталғыш. Суда ерімейді.
Неізінен бордыңхимиялық құрамында кальций карбонаты мен маний карбонатының аздаған мөлшері мен металл оксидтері де кездеседі. Кварцтың ұсақ түйіршіктері мен теңіз ағзаларының қалдықтарынан жиналған микроскопиялықкальциттің псевдоморфозы бар. Тақтаға жазып жүрген бордың құрамында теңіз жалғанаяқтарының қанқалары бар. Теңіз жалғанаяқтарының өлген қанқалары теңіздер мен мұхиттардың түбінде шөгінді мен шөгінді болып жиналады. Мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы жиналған үйінділерден әкті , борлы таулар қалыптасады. Бұл таулар судан биіктеп құрғақ жерде тау жыныстарын түзеді.
Жүздеген жылдар бойы адамдар турлі мақсатта қолданып келеді. Мектепте қолданып жүрген борлар ұсатылып қалмауы үшін, байланыстырушы қоспалар қосылады. Бояулар қосып, түрлі-түсті борлар да алуға болады.
Бор – борлы қағаз жасауда қажетті өнім, сапалы баспа қағаздарын шығарғанда қолданады. Ұсақ бор ақтау жұмыстарына, қабырға, төбелерді әктеуге пайдаланады. Ағаш діндерін қорғау үшін қолданады. Борды бояу өнеркәсібінде, ағарту жұмыстарына,резенке, қант жасағанда пайдаланады. Қант өнеркәсібінде қант қызылшасының түсін ағарту үшін, сірінке өнеркәсібініңде қажеттіөнімі ретінде жаратады. Полипропилен және полиэтилен өндіргенде қосымша зат ретінде қолданады. Адам ағзасында кальций элементі бар, жетіспеген жағдайдатағамға қосымшатамақ ретінде ұсынады.
Борды шыны өнеркәсібінде, шыныны қайнату кезінде қосады, химиялық әсерлеге қарсы қасиеті бар болғандықтан оны кеңінен қолданады.