Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы «№34 Бірлік жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет4/8
Дата27.11.2023
өлшемі83,07 Kb.
#128650
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бордың химиялық әсері дұрысы

Негізгі бөлім .
Бордың физико- химиялық қасиеттерін тәжірибе жолмен анықтау
Ақпарат жинау барысында келесі көрсеткіштер анықталды: түсі, үгілгіштігі, былғағыштығы, қаттылығы.
Бордың негізгі сапалық көрсеткіштері



Сынама алынған жер

Шымкент

Алматы

Астана

Петропавл

Түсі



Ақшыл сұр

Ақ

Ақ

Ақ

Үгілгіштігі

Орташа

Орташа

Орташа

Орташа

Былғағыштығы



Орташа

Жоғары

Орташа

Орташа

Қаттылығы

Орташа

Жоғары

Жоғары

орташа

Химиялық құрамы:


CaCO3 – 85%-98%
MgO - 0,2%-0,3%
SiO2 – 0,5%-0,6%
Al2O3 – 0,2%-0,4%
FeO +Fe2O3 - 0,02%-0,7%
Физикалық қасиеттері:
Тығыздығы: 2,70-2,72г/см
Салмағы: 30-33


Мектеп борына сапалық талдау жасау
Бордың негізгі құрамына кальций карбонаты кіреді. Табиғи бордың құрамында ешқандай қоспалар болмайды. Қолданып жүрген борлардың құрамында крахмал, ғаныш (гипс) байланыстырғыш заттары болады. Ал мектеп борын дайындағанда құрамына қандай байланыстырғыш заттарды қосқанын білу үшін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, сапалық реакция жүргізілді.


Сарамандық жұмыс: «Борды сапалалық талдау»


Қажетті құрал-жабдықтар: 1) Микроскоп; 2)Заттық шыны; 3) тамшуыр; 4) сақинасы бар лабороториялық тұрғы; 5) сүзгіш; 6) тығыны бар газ жинағыш құрал; 7) кәрлен келіше келсабымен; 8) химиялық стакан; 9) сынауықтар; 10) сүзгі қағазы; 11) шыны таяқшалар; 12) мектеп борының үлгілері; 13)дистильденген су; 14) әкті су; 15) тұз қышқылы (сұйыл); 16) қасық, 17) спиртшам; 18) сірінке;19) қысқыш; 20) йодтың спирттегі ерітіндісі.


Карбонат – аниондарды (СО3-2) анықтау.
Сынауыққа ұсақталған борды алып, үстіне аздаған мөлшерде НСІ тұз қышқылын құямыз. Тез арада сынауықты тығыны бар аз өткізгіш құралға бекітеміз. Құралдың бір ұшын 2-3 мл әк суы бар сынауыққа жібереміз.бірнеше минут бақылаймыз, егер әк суында көмірқышқыл газының көпіршіктері пайда болса, әк суы лайланып кетеді. Тәжірибе арқылы бордың құрамындағы карбонат-анионды (СО3-2) анықтаймыз.
Крахмалды анықтау.
Крахмалды анықтау үшін борды спиртшамның жалынына ұстаймыз. Бордың құрамындағы көмірсуды (крахмалды) анықтаймыз (көмірсуларды қыздырған кезде көмірленеді). Крахмалдың сапасын анықтағанда иод ерітіндісін де қолдануға болады. Зерттелетін бордың түйіршіктеріне 2-3 тамшы иод ерітіндісін тамызамыз. Иод ерітіндісінің әсерінен түсі көк түске боялуы керек.
Ғанышқа микрокристалдық реакция жүрізу.
Микрокристалдық реакция арқылы құрамындағы ғаныш тәрізді байланыстырғыш заттарды анықтауға болады. Зерттелетін әр сынамадан 1 граммнан алып, келіде ұсақтап, 2мл дистильденген су құйып, шыны таяқшамен араластырамыз. Алынған ерітіндіні сүзгі қағазынан өткізіп, сүзіп аламыз. Алынған сүзіндіні отқа қойып, суын буландырып, кристаллдарын аламыз. Дайын препаратты микроскоппен қарау арқылы (егер бордың құрамында ғаныш болса, пішіндері ине тәрізді) ғаныштың кристалдарының өскенін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет