Қорыта келе, ұсынылып отырған таңдау компоненті пәні заманауи
болашақ музыка мұғалімінің сыни тұрғысынан ойлауға, инновациялық-
педагогикалық технологияларды пайдалана отырып ақпаратты ұйымдастыруға,
түсіну және бағалауға үйретуге бағытталады.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саси
бағыты. ҚР президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
/Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж.
2.
Алиев Ю.Б. Настольная книга школьного учителя-музыканта. –М.,
2003. – 336 с.
3.
Шишов С.Е., Кальней В.А. Мониторинг качества образования в школе.
–М., 1999. – 313 с.
4.
Типтік бағдарлама (бакалавр). «Педагогикалық практика» «Білім»
тобының мамандығы үшін. -Алматы, 2007.
5.
5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС
(6.08.062-2010).
6.
Методологическая культура педагога музыканта /Под редакцией
Э.Б.Абдуллина. – М., 2002. – 270 с.
7.
Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе. – М., 1983.
Мукеева Н.Е., Жартыбаева А.А.
Основы организации педагогичекой практики будущих учителей музыки в процессе
обучения в вузе
В статье рассматривается проблема подготовки будущего компетентного специалиста
учителя музыки для общеобразовательных школ в процессе прохождения студентов
педагогических практик по специальности 5В010600 – «Музыкальное образование».
Ключевые слова: высшие учебные заведение, учебный процесс, инновационно-
педагогическая технология, критическое мышление, информационно-коммуникационные
технологии, портфолио-студента.
Mukeeva N.E., Zhartybaeva A.A.
Fundamentals of organization practices pedagogichekoy future music teachers in the learning
process at the university
Тhe article is being considered for evaluation and organization of information using led
innovation and educational technology, critical thinking, preparation of a future competent music
teacher on credit technology in higher education institutions for the purpose of execution of portfolio-
student.Keywords: higher educational institutions, educational process, pedagogical innovation and
technology, critical thinking, information and communication technologies.
ӘОЖ: 373.251
Жұмағалиева А.Е. – физика-математика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Тулешева А.С. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail:
ai-luna88@mail.ru
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ
ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Хабаршы
№1- 2015ж.
129
Аннотация.
Мақалада
мектеп
қабырғасында
қаланатын
функционалдық
сауаттылықтың бірі – математикалық сауаттылықты қалыптастыру қарастырылған.
оқушыларға PISA зерттеулерінде ұсынылатын нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған
ортаның түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды
талап ететін типтік емес математикалық есептердің үлгілері көрсетілген.
Кілт сөздер: функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық, PISA
зерттеулері, математикалық талдау.
Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет
қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды
болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең
басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және
шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім
алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп
қабырғасында қалыптасады [3].
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және
рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық
құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру .
Мектеп оқушыларына арналған функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мектеп
оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-
әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын
жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен
жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған [2].
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Ал математикалық сауаттылық– бұл
математикалық ұғымдар, тәсілдер, фактілер мен құралдарды қолдана отырып әр
түрлі жағдайды сипаттауға, түсіндіруге, болжауға адамның қабілетті болуы. Ол
адамға математиканың әлемдегі орнын түсірдіруге, өз ойын тинақты жеткізе
білуге, нақты шешім қабылдауға, қоғамның белсенді мүшесі болуға тәрбиелейді.
Сондықтан бүгінгі математика пәнінің мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты –
бастапқы математикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, математикалық
заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден,
оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы
алынатынын оқушыға көрсете білу. Қазіргі кезде оқушының математикалық
сауаттылығын бағалайтын көптеген халықаралық зерттеулер бар. Соның бірі –
РІSА. РІSА зерттеулері әлемде мектептік білім берудің тиімділігін
салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. 15 жастағы
Хабаршы
№1- 2015ж.
130
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы
(Programmer for International Student Assessment – РІSА) [1, 13 б.].
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін
пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
PISA зерттеу шеңберінде функционалдық сауаттылықтың үш саласы
бағаланады: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және ғылыми
жаратылыстану сауаттылығы. Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі. PI SA-ң әрбір
циклында негізгі назар үш негізгі саланың біреуіне аударылады (негізгі сала
болып саналады), бірақ барлық үш өзекті салалар әрбір циклда бағаланады,
қалған екі қызмет саласы екінші дәрежелі болып саналады. Үш жылда бір рет
барлық үш пәнді бағалау елдерге үш саланың әрқайсысы бойынша жетістіктері
туралы тұрақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мысалы 2009 жылы Қазақстан
PISA зерттеуіне алғаш рет қатысты. Онда оқу сауаттылығы зерттелді. Екінші рет
2012 жылы қатысқанда «Математикалық сауаттылық» бағытында қазақстандық
оқушылардың нәтижелерінің оң динамикасы бар екенін көрсетті. Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің (18 Батыс Европа елдері,
Канада, АҚШ) сарапшылары «Pisa нәтижелері-2012» Халықаралық есептерінде
біздің еліміздің жетістігін атап өтті.
PISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне
бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді.15-
жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны
математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін
әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды
математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат
жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген
түсінікті береді.
Математикалық сауаттылық деген ұғымына оқушылардың келесі
қабiлеттiлiктері жатады :
қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле
алатын мәселелерді тани білу;
бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып
шешу;
шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.
PISA зерттеулерiнде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне
тән
типтік
математикалық
есептер
ұсынылмайды.
Бұл
зерттеудегі
математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған
өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн
математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке
өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады. Зерттеу
тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың келесі мазмұнды
бөліктерінің біріне сәйкес келеді:
сандар;
кеңiстiк және форма;
өзгерiстер мен қатынастар;
белгісіздік .
Хабаршы
№1- 2015ж.
131
Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған
мазмұнды бөліктерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейімен
сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгiн зерттеуде «тұлғаның
математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің
үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзыреттiлiктiң
деңгейлерi қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау
деңгейi.
PISA зерттеулерін жүргізбес бұрын оқушыларға сауалнамалар жүргізіледі.
Біз PISA бойынша зерттеуімді осы сауалнамадан бастаған болатынбыз. Осы
сауалнаманың 9 сұрағы былай делінген: математикадан төменде берілген
тапсырмаларды орындау барысында өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?( әр
қатардан бір тор көзді ғана белгілеңіз?)
Тапсырма
Өте
сенімдімін
сенімдімін
Онша
сенімді
емес
Мүлдем
сенімсіз
Пойыздардың
жүру
кестесін
пайдалану
арқылы бір аялдаман
екінші аялдамаға жету
үшін
қанша
уақыт
кететінін анықтау
30% жеңілдіктен соң
теледидар қаншалықты
арзандайтынын санау
Еденнің бетін жабу үшін
қанша текше метр қыш
тақтай
керектігін
анықтау
Газеттерде
берілген
сызбаларды түсіну
3х+5=17
секілді
теңдеулерді шешу
1:10000
масштабтағы
картадан
екі
жердің
арасындағы
нақты
қашықтықты табу
2(х+3)=(x+3)(x-3) секілді
теңдеуді шешу
Жеңіл
автокөлік
тұтынатын жанармайды
есептеу
Зерттеуге қатысатын оқушылардың 60% өте сенімдіміз, 40 % сенімдіміз
деп жауап берді.
Содан кейін бұл жауаптарға қаншалықты сенімділіктерін тексеру
мақсатында төмендегідей бірнеше есептер берілді:
1.
Айдардың 17 теңгесі бар. Ол дүкеннен 3қалам сатып алды және сатушы
оған 5теңге қайтарды. Сұрақ: Қалам неше теңге тұрады?
2.
Жедел поезд семафор алдында 16 минут тоқтатылған. Кестеден шығып
қалмау үшін, ол келесі 80 км аралықты жоспарлағаннан 10 км/сағ артық
жылдамдықпен жүрген. Сұрақ: Поездтың кесте бойынша жылдамдығын табыңыз
Хабаршы
№1- 2015ж.
132
3.
Дүкенде Жаңа жыл мейрамына орай жеңілдіктер берілді. Теледидар
1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды.
Сұрақ: Товардың өзіндік құнын анықтаңыз
.
4.
1 литр бензин 2008 ж. 70 тенге тұрды. 2011жылы және 2012жылы ол
12% қымбаттады.Сұрақ: 2012жылы бензин қанша тұрды?
5.
Төменде Антарктида картасы бейнеленген.
Сұрақ: Картанын масштабына қарай отырып, Антарктида материгінің
шамамен аумағын анықта [4, 12 б].
6.
Газетте Қырғызстан елінің 1996-2000 жж экспорты жөнінде жазылған.
Сұрақ:
газетте
берілген
мәліметтерге
қарай
отырып,
2012ж
Қырғыстандағы матаның жалпы құны қанша (млн сом есебімен)?
Осындай типті есептерді бергенде оқушылардың көпшілігі өздерінің
білімдеріне сенімсіз болып шыққаны көрінді. Оқушылардың көпшілігі сөзбен
берілген есептер қиындық туғызса да шығаруға тырысты және кейбіреулерін
шығарды, ал диаграмма мен картамен бірлген есептерді шығара алмады. Бұдан
оқушылардың басқа түрлі формада, яғни диаграмма, кесте, сызбалар мен
картамен берілген іскерлік стильдегі мәтіндермен жұмыс жасау дағдылары
қалыптаспағанын байқаймыз. Бұл оқушылардың өз білімдерінің күнделікті
өмірде қолдана алмайтындығын көрсетеді. Оқушы математика сабағында үнемі
дайын формулаға қойып есептеуге, аналитикалық түрде берілген жаттығуларды
Хабаршы
№1- 2015ж.
133
орындауға жаттығып қалған және мектеп оқулықтарындағы есептердің өздері
біртипті болып келеді. Қазіргі мектеп оқушыларының проблемалық
мәселелерінің бірі - мәтін (текстік) есептерді шығаруды үйрену. Олар стандартты
емес, өмірде қолданылатын есептер шығаруға бейімделмеген. Осыдан мынадай
қорытынды шағаруға болады: мектеп оқушысына әр тарау бойынша алған
біліміне сай күнделікті өмірден мысалдар келтіру, оқушыға мысалдарды өздері
табуды үйрету және сол мысалдарға есептер шығаруға дағдыландыру. Сонда
ғана оқушы математикадан алған білімінің мәнін түсініп,оны өмірде қолдана
алады.
Әдебиеттер:
1.
Бердибаева Г.Т. PISA халықаралық зерттеуі, әдістемелік құрал. –
Астана, 2013. – 130 б.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
3.
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан
халқына Жолдауы. – Астана, 2007.
4.
PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырма үлгілері. – 2013. – 120 б.
Жумагалиева А.Е., Тулешева А.С.
Составление заданий по развитию математической грамотности
В данной статье рассматривается одна из важнейших проблем функциональной
грамотности обучения математике в школе, а именно, формирование математической
грамотности. В анкетирование включены задания, позволяющие выявить уровень
математической грамотности учащихся.
Ключевые слова: математическая грамотность, функциональная грамотность,
исследование PISA, математический анализ
Zhumagalieva A.E., Тulesheva A.S.
Formation of targets for the devolepment of mathematical literacy
This article discusses one of the most important problems of functional literacy teaching
mathematics in schools, namely, the formation of mathematical literacy. In the survey included tasks
that reveal the level of mathematical literacy of students.
Keywords: mathematical literacy, functional literacy, research PISA, mathematical analysis
ӘОЖ: 330:001.92
Шамакова Н.Г. – Ресей Федерациясының экономика
ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: nafisa_shamakova@list.ru
Алтыбаева Ш.М. – қаржы магистрі,
аға оқытушы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail:
shynar_alt@mail.ru
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫ
ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация. Шаруашылық қызметті талдау өндірістік күштердің дамуына, өндірістік
күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда боғандықтан,
шаруашылық қызметті жан-жақты экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық
процестерді басқару мен оңтайлы шешімдер қабылдау мүмкін емес. Студенттерге нарықтық
қатынас жағдайында ұйым қызметінің экономикалық талдауының әдістемелік негіздерін
Хабаршы
№1- 2015ж.
134
түсіндіру, кәсіпорын қызметтерінің тиімділігін жоғарылату резервтерін айқындауға,
кәсіпкерлік қызметті жақсартуға бағытталған оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау
мақсатында қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: экономикалық талдау, әдістеме, көрсеткіштер, резервтер, факторлар,
статистика, бухгалтерлік есеп, жоспарлау, басқару жүйесі, ақпарат көздері.
Экономикалық талдауды оқып білу студенттерді зерттеу жұмысына
ынталандырады, кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру мен олардың
творчестволық ойлау қабілетін жетілдіреді, ықпал ететін факторларды,
резервтерді анықтауды және оптималдық басқаратын шешімдер мен ұсыныстар
беруге мүмкіншілік тудырады.
Шаруашылық процестерді тал333дап білмей тұрып қаржылық қызметті
тиімді ұйымдастыру мүмкін емес. Егер талдаулық, яғни аналитикалық жұмыстар
сауатты, дұрыс жолға қойылса, онда кәсіпорын мүмкін болатын қолайсыз
жағдайларды тез арада шешуге қабілетті.
Қандай-да болмасын ғылымның әдісі деп, кең мағынада алғанда өз пәнін
зерттеу тәсілін түсінеді. Шаруашылық қызметті талдау әдісі – бұл кәсіпорынның
тиімді қызмет етуін жоғарылату мақсатымен жоспарлау, есеп, есеп беру және
ақпараттың басқа да көздерінің көрсеткіштер жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу
жолымен кәсіпорынның қызмет нәтижелеріне факторлардың әсер етуін өлшеу
мен жалпылау, жүйелі және кешенді зерттеу.
Шаруашылық қызметті талдауда әдістеме деп талдаудың алға қойған
мақсатына жетуге бағытталған шаруашылық қызмет процестері мен
экономикалық құбылыстарды зерттеу ережелері мен аналитикалық әдістер
жиынтығын түсінеді.
Кешенді шаруашылық қызметті талдау жүргізу барысында келесідей
кезеңдерді атап көрсетуге болады:
-
бірінші кезеңде талдаудың мақсаты, міндеттері мен объектілері
анықталып, аналитикалық жұмыстың жоспары құрастырылады.
-
екінші кезеңде талдау объектісін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі
жасалынады.
-
үшінші кезеңде талдауға қажет ақпарат жиналып, әзірленеді (оның
дәлдігі тексеріліп, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.б.)
-
төртінші кезеңде шаруашылық жүргізудің нақты көрсеткіштерін есепті
жылдың жоспарлық көрсеткіштерімен, өткен жылдың нақты көрсеткіштерімен,
жетекші кәсіпорындардың жетістіктерімен, сала бойынша орташалармен және
т.б. салыстыру жүргізіледі.
-
бесінші кезеңде факторлық талдау орындалады: факторлар олардың
нәтижеге әсері анықталады.
-
алтыншы кезеңде қолданылмаған және өндірістің тиімділігін
арттырудың перспективті резервтері анықталады.
-
жетінші кезеңде әртүрлі факторлар мен анықталған қолданылмаған
резервтердің әсерін ескере отырып, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін
бағалау жүргізіледі, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар жасалынады.
Экономикалық талдау – бұл экономикалық құбылыстар мен процестердің
мәнін танып-білудің, оны құрамдас бөліктерге бөліп көрсетуге және көптеген әр
түрлі байланыстар мен тәуелділіктерді зерттеуге негізделген ғылыми әдіс.
Экономикалық талдау шаруашылық қызметіне білікті талдау жүргізу үшін
қажетті бірқатар экономикалық және басқа да пәндермен тығыз байланысты.
Ең алдымен, шаруашылық қызметін талдау экономикалық теориямен
байланысты. Себебі ол экономикалық заңдылықтар мен олардың әрекет ету
Хабаршы
№1- 2015ж.
135
механизмдерін оқи отырып, барлық экономикалық пәндердің теориялық негізін
қалайды. Аналитикалық зерттеулер жүргізген кезде осы заңдардың әрекетін
ескеру қажет. Өз кезегінде, шаруашылық қызметін талдау белгілі бір деңгейде
экономикалық теорияның дамуына ықпал етеді. Сан алуан аналитикалық
зерттеулер барысында экономикалық заңдардың көрінісі туралы мәліметтер
жинақталады. Осы мәліметтерді оқу бұрын белгісіз болған, жаңа заңдарды ашуға
жәрдемдеседі, экономиканың дамуы туралы күрделі жобалар жасауға мүмкіндік
береді.
Осылайша талдаудың жеке сала экономикасымен де байланысы
туындайды. Кәсіпорын қызметіне терең талдауды сала экономикасы мен
өндірістің ұйымдастырылуын білмей жүргізу мүмкін емес. Ал экономикалық
талдаудың нәтижелері өз кезегінде өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруде
пайдаланылады.
Экономикалық талдау жоспарлау мен үрдісті басқарумен тығыз
байланысты. Талдау барысында жоспарлы көрсеткіштер жиі қолданылады, сол
себепті сарапшы кәсіпорындағы өндірісті жоспарлау әдістемесін жақсы білуі
тиіс. Ал экономикалық талдау жоспарлар құру мен басқару шешімдерін
қабылдау үшін қажетті ақпарат базасын құрады.
Талдау бухгалтерлік есеппен өте тығыз байланысты. Бір жағынан,
бухгалтерлік есеп мәліметтері шаруашылық қызметін талдау барысында басты
ақпарат көзі болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдістемесі мен бухгалтерлік
есеп берулердің мазмұнын білмей, талдауға қажетті ақпараттарды таңдау мен
олардың сапасын тексеру қиынға соғады. Екінші жағынан, талдауға қойылатын
талаптар бухгалтерлік есепке қайта бағытталады. Талдауды сапалы ақпаратпен
қамтамасыз ету үшін, оны оперативті, шынайы, нақты, түсінікті ету үшін
бухгалтерлік есеп жүйесі үнемі жетіліп отырады.
Шаруашылық қызметінің барлық жақтарын кешенді талдау үшін
экономикалық талдауда статистика ғылымы жиі қолданылады. Аналитикалық
есептеулер жүргізу, кестелер, графиктер құру, топтастыру мен т.б. ақпаратты
өңдеудің статистикалық әдістерін білуді қажет етеді. Өз кезегінде талдау
мәліметтері статистикада жаппай экономикалық құбылыстардың заңдылықтары
мен тенденцияларын анықтау үшін пайдаланылады.
Талдаумен
байланысты
экономикалық
емес
ғылымдар
ішінде
технологиялық және математикалық ғылымдар ерекшеленеді. Өндіріс үрдісін
өндірістің технологиялық ерекшелігін білмей талдау қажет емес. Сол салада
білімі бар экономист қана өндіріс нәтижесіне баға беріп, пайдалы кеңестер бере
алады.
Күрделі экономикалық есептерді шешу қажеттілігі математика мен жаңа
компьютерлік технологиялардың қарқынмен дамуына ықпал етті. Аналитикалық
зерттеулерде математикалық әдістер мен жаңа компьютерлік технологияларды
пайдалану нәтижесінде талдау тереңдей түсті және оның нәтижесінің сенімділігі
артты. Осы әдістер көмегімен талдаудың оперативтілігі артты, ақпаратты өңдеу
ауқымы кеңіді.
Шаруашылық қызметті талдаудың мазмұны кәсіпорынды басқару
жүйесінде орындайтын ролі мен қызметтеріне байланысты. Басқару жүйесі
келесідей өзара байланысты қызметтерден тұрады: жоспарлау, есеп және
бақылау, шаруашылық қызметті талдау және басқарушылық шешімдерді
қабылдау. Жоспарлау көмегімен кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелері
мен жекелеген жұмыскерлерінің қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны
анықталады. Оның негізгі міндеті – кәсіпорынның және оның әрбір мүшесінің
Хабаршы
№1- 2015ж.
136
қызметінің дамуының біркелкілілігін қамтамасыз ету, өндірістің ең жақсы
ақырғы нәтижелерге жету жолдарын анықтау.
1-сурет. Басқару жүйесіндегі экономикалық талдаудың орны
Өндірісті басқару қызметінің бірі болып есеп табылады. Есеп өндірісті
басқару және өндірістік процесс пен жоспар орындаудың барысына бақылау
жасау үшін қажет толық та шынайы ақпаратты жинауды, жүйелеуді және
жалпылауды қамтамасыз етеді. Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару
шешімдерін қабылдау арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Оның барысында есептік ақпарат аналитикалық өңдеуден өтеді: қызметтегі қол
жеткен нәтижелерді өткен уақыт кезеңіндегі деректермен, басқа кәсіпорындар
мен орташасалалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; шаруашылық
нәтижелеріне әртүрлі факторлардың әсері анықталады; жетіспеушіліктер,
қателіктер, қолданылмаған мүмкіндіктер, перспективалар және т.б. анықталады.
Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері жасалып, негізделеді.
Экономикалық талдаудың міндеттерінің сан алуан және көп болуы оның
түрлерінің де көп болуына әкеледі. Экономикалық талдау түрлерін сыныптау әр
түрлі белгілері бойынша жүргізіледі.
- Талдаудың субъектісі (қолданушысы) бойынша экономикалық талдау
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі талдау тікелей осы ұйымның
қызметкерлерімен,
ал
сыртқы
–
инвесторлармен,
банктермен,
жабдықтаушылармен және т.б. жүргізіледі.
- Басқару объектісі бойынша келесілерді атап өтуге болады:
-
технико-экономикалық талдау – ұйымдағы техникалық және
экономикалық процестердің өзара байланысын және ұйым қызметінің
нәтижелеріне тигізетін әсерін зерттейді;
- қаржылық-экономикалық талдау – ұйымның қаржылық жағдайын, оның
қаржылық тұрақтылығын, өзіндік және қарыз капиталын пайдалану тиімділігін,
пайда мен пайдалылық(рентабельділік) динамикасын, сондай-ақ ұйым
қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсарту үшін резервтерді анықтауды
зерттейді;
- маркетингтік талдау – ресурстар мен өнім өткізу нарығын зерттейді –
нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, бәсекелес тауарлармен салыстырғандағы
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, сатып алушылардың сипаттамасы мен олардың
қалаулары және т.б.;
- экономико-экологиялық талдау – қоршаған ортаны қорғау және
жақсарту, экологиялық нормалар мен нормативтерді сақтау, экологияға кеткен
шығындардың негізделуі және жеткіліктілігі бойынша ұйымның қызметін
зерттейді.
- Талдаудың мазмұны бойынша:
Хабаршы
№1- 2015ж.
137
- толық кешенді талдау – ұйымды жалпы алғанда жан-жақты талдау;
- локалды кешенді талдау – жекелеген бөлімшені жан-жақты талдау;
- тақырыптық талдау – ұйымның шаруашылық қызметінің жекелеген
жақтарын жете қарастыруға негізделеді(мыс. еңбек ресурстарының қолданылуын
талдау);
- Объектілерді зерттеу әдістері бойынша талдау келесідей түрде
сипатталады:
- салыстырмалы талдау –бірнеше кезең бойына нақты қол жеткен
нәтижелерді жоспарлы және нормативті көрсеткіштермен және т.б. салыстыруға
негізделеді;
- детерминді факторлық талдау – әр түрлі факторлардың зерттелініп,
отырған нәтижелік көрсеткішке әсерін, функционалды (детерминдік)
тәуелділігін зерттеуге мүмкіндік береді;
- корреляциялық талдау – факторлардың зерттелініп отырған нәтижелік
көрсеткішке ықтимал әсерін зерттейді, яғни фактордың пайда болуы әр түрлі,
алдын-ала айқындалмаған нәтижелерге әкелетін жағдайды;
- функционалды-құндық талдау – объектінің орындайтын функцияларын
бағалау және олардың тиімділік жолдарын іздеу үшін.
Қазақстандық кәсіпорындардың көпшілігі үшін бухгалтерлік есеп пен
қаржы ресурстарын зерттеу өте қажет, себебі олардың көпшілігінде қаржы
ресурстарын басқару функциясы жүзеге асырылады және басқарушылар
қаржылық қиындықтардың негізгі себептерін білмейді. Сол себепті қаржылық
қызметті талдау кәсіпорынның ішкі әлсіз жақтарын айқындап, оны жою үшін
шаралар дайындауға мүмкіндік береді.
Өндірісті басқаруды талдау кәсіпорын дамуы үшін өте маңызды және ол
келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1. Кәсіпорын тауарлар мен қызметтерді бәсекелестерімен салыстырғанда
төмен шығындармен өндіре ала ма? Егер жоқ болса, неге?
2. Кәсіпорын қызметі бір не бірнеше жеткізушілерден тәуелді ме? Неге?
3. Кәсіпорын құрал жабдықтары талапқа сай келе ме?
4. Материалдық қорлар көлемі мен тапсырыс мерзімін қысқартуға бола
ма? Қорлар мен тапсырысты басқару жүйесі бар ма?
5. Кәсіпорын тауарлары мен қызметтері маусымдық сұранысқа ие ме? Бұл
жағдайды қалай өзгертуге болады ?
6. Кәсіпорын бәсекелестер игере алмаған нарықтарды игере ала ма?
7. Кәсіпорында сапаны бақылау мен реттеудің тиімді жүйесі әрекет ете ме?
Атап өтілген мәселелерге қатысты өндірістік-шаруашылық қызметті
талдауды келесідей блоктарға бөліп қарастыруға болады:
Блок 1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын, басқару құрылымын,
өндірістің шоғырлану және мамандандырылу деңгейін, өндірістік циклдің
ұзақтылығын, еңбектің техникалық және энергетикалық жарақтандырылуын,
механизация, автоматизация дәрежесін және т.с.с. сипаттайды.
Блок 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен, жабдықтармен,
материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі.
Блок 3. Өнімді өндіру көрсеткіштері: табиғи және шартты-табиғи
өлшемдегі құнмен берілген жалпы тауарлық өнім көлемі, өнім құрылымы, оның
жіктелуі, өндіріс ырғақтылығы және т.б.
Блок 4. Өнімнің тиелуі мен сатып өткізілуі, қоймалардағы дайын өнім
қалдықтары жөніндегі деректер.
Хабаршы
№1- 2015ж.
138
Блок 5. Қорқайтарылымы, қорсыйымдылығы, негізгі өндірістік қорлардың
орташа жылдық құны, амортизация.
Блок 6. Материалсыйымдылығы, уақыттың талданатын аралығында
пайдаланған еңбек заттарының құны және т.с.с.
Блок 7. Кәсіпорын капиталының көздері мен орналасу нысандары
бойынша қолда бар болуы және құрылымы, меншікті және қарызға алынған
қаражаттардың пайдаланылу тиімділігі және қарқындылығы (интенсивтілігі),
қаржылық органдармен, банктермен және т.с.с. қарым-қатынастар.
Көптеген кәсіпорындардың күрделі мәселелері олардың персоналына, яғни
адамдарға байланысты туындайды. Адам ресурстарымен байланысты негізгі
мәселелерді келесі сұрақтарға жауап бере отырып анықтауға болады:
1. Сала қызметкерлерінің бүгінгі және болашақтағы сипаты қандай?
2. Жоғары басшылықтың дайындығы мен іскерлігі қандай?
3. Мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі ұйымдастырылған ба?
4. Басқару кадрларын алмастыру тәртібі жоспарланған ба?
5. Жетекші мамандарды жоғалту орын алды ма?
6. Персонал қызметін бағалаудың кешенді жүйесі әрекет ете ме?
7. Кәсіпорын персоналы табысты бөлуге қатыса ма?
8. Еңбек үрдісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылған?
Ұйымда қалыптасқан климат – ұйым мәдениеті деп аталады. Бұл фактор
кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуына елеулі ықпал етеді. Себебі кәсіпорын
қызметкерлерінің, клиенттер мен жалпы қоғамдық пікір негізінде кәсіпорынның
бейнесі, имиджі қалыптасады. Осыған орай кез-келген кәсіпорынның алға қойған
мақсаттары оның имиджімен ұштасуы қажет.
Қазіргі уақытта кәсіпорындар жүзеге асыратын 2000-нан аса стратегиялар
түрлері белгілі. Бірақ экономикалық тұрғыдан кәсіпорын басшылығы алдында
төрт негізгі стратегиялық альтернатива бар. Бұл шектеулі өсу, өсу, төмендеу,
сонымен бірге осы 3 стратегияның үйлесімі.
Өсім көрсеткіштері ретінде келесілер қолданылады: жалпы табыстың
(жалпы түсімнің) өсімі, активтер құнының өсімі, баланстық табыстың өсімі,
меншікті капиталдың өсімі. Өсім көрсеткіштерін инфляция деңгейімен,
депозиттер бойынша пайыздық үстеме мөлшерімен, басқа кәсіпорындар
көрсеткіштерімен салыстыру негізінде кәсіпорын стратегиясы бағаланып,
жіктеледі. Егер жалпы табыстың өсімі пайыздық ставкалардан жоғары болса,
онда шаруашылық қызметі өсу стратегиясына сәйкес келеді. Егер жалпы
табыстың өсімі пайыздық ставкалардан төмен, бірақ инфляция деңгейінен
жоғары болса, онда шектеулі өсу стратегиясы орын алады. Ал егер табыс өспесе
не табыстың өсімі инфляция деңгейінен төмен болса, онда төмендеу
стратегиясы орын алады.
Экономикалық талдау жүргізгенде ақпараттың негізгі көзі болып
бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру табылады. Ол ұйымның мүліктік және
қаржылық жағдайы, сондай-ақ оның шаруашылық қызмет нәтижелері туралы
деректердің біртұтас жүйесін көрсетеді. Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру
бухгалтерлік есеп деректері бойынша ұдайы қабылданған формаларға сәйкес
құрастырылып отырады.
Ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруіне келесілерді жатқызуға болады:
-
бухгалтерлік баланс;
-
табыстар мен шығыстар туралы есеп;
-
бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығыстар туралы есепке
қосымша;
Хабаршы
№1- 2015ж.
139
-
түсіндірме жазба;
-
ұйымның бухгалтерлік есеп беруінің шынайылығын растайтын
аудиторлық қорытынды.
-
Бухгалтерлік есеп – бұл нақты уақыт кезеңіне ұйымның құралдарының
көлемі мен осы құралдардың қалыптасу көздері туралы жалпыланған және
белгілі бір тәртіппен топтастырылған мәліметтер.
Табыстар
мен
шығыстар
туралы
есеп
ұйымның
пайдасын
қалыптастыратын өнімді, тауарлар мен қызметті өткізуден түскен түсімді,
олардың өзіндік құнын, басқа да түскен табыстар мен шығыстарды сипаттайды.
Бухгалтерлік баланс пен табыстар мен шығыстар туралы есепке
қосымшаға мыналар жатады:
- ақша қаражатарының қозғалысы туралы есеп:
- ол есепті кезеңнің басы мен соңындағы ақша қаражаттарының жағдайын
көрсетеді;
- ағымдағы, инвестициялық, қаржылық қызмет жүргізілу барысындағы
ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуын көрсетеді;
- капиталдың қозғалысы туралы есеп:
- кәсіпорынның меншікті капиталының, қорлары мен резервтерінің
жағдайы туралы;
- есепті кезеңдегі кәсіпорын капиталындағы өзгерістер туралы;
- бухгалтерлік балансқа қосымша есепті кезең басы мен соңындағы және
осы кезең ішіндегі төмендегілердің қозғалысын көрсетеді:
- негізгі құралдардың жекелеген түрлерінің (оның ішінде жалға
алынғандардың);
- материалдық емес активтердің;
- қаржылық салымдардың;
- дебиторлық және кредиторлық қарыздардың және т.б.
Түсіндірме жазбада ұйым туралы маңызды да мәнді ақпарат болуы қажет,
оның ішінде:
-
оның мүліктік жағдайы туралы;
-
жүргізіп отырған есеп саясаты туралы;
-
активтерді, капитал мен міндеттемелерді бағалау үшін қолданылып
отырған әдістер туралы;
-
есепті және өткен жылдардағы деректердің сәйкес болуы;
-
есеп саясатындағы жоспарланып отырған өзгерістер туралы.
Сондай-ақ түсіндірме жазбада әдетте төмендегілерге қатысты қосымша
ақпарат келтіріледі:
-
бірқатар жылдарға ұйымның қызметінің экономикалық және қаржылық
көрсеткіштерінің динамикасы;
-
ұйымның даму жоспарлары;
-
іске асуы мүмкін капиталдық және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
туралы мәліметтер;
-
қарыз қаражаттары, тәуеклді басқару бойынша саясаттың мазмұндалуы;
-
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар бойынша
ұйымның қызметі;
-
табиғатты қорғау шаралары;
-
т.б. ақпарат.
Жоғарыда атап өтілгендерден басқа, ақпараттың есептен тыс көздеріне
шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар және басқалай деректер кіреді. Олар:
1.
Кәсіпорын өз қызметінде қолдануы тиіс ресми құжаттар: мемлекеттің
заңдары, президенттің бұйрықтары, үкімет қаулылары, жоғары тұрған
Хабаршы
№1- 2015ж.
140
органдардың, кәсіпорын басшыларының бұйрықтары мен қаулылары, ревизия
мен тексеру актілері;
2.
Шаруашылық-құқықтық құжаттар: келісім-шарттар, арбитраж бен сот
органдарының шешімдері;
3.
Ғылыми-техникалық ақпараттар (басылымдар, ғылыми-зерттеу жұмыс
нәтижелері бойынша есеп берулер және т.б.)
4.
Техникалық және технологиялық құжаттар;
5.
Жекелеген жұмыс орындарындағы өндірістің жағдайын арнайы
зерттеудің материалдары (хронометраж, фотосуреттер және т.б.);
6.
Кәсіпорынның негізгі контрагенттері туралы ақпарат (жабдықтаушылар
мен сатып алушылар). Жабдықтаушылар туралы ақпарат олардың сенімділігі мен
баға саясатын бағалау үшін, ал сатып алушылар туралы мәліметтер олардың
ағымдағы және ұзақ мерзімді төлемқабілеттілігін сипаттау үшін қажет;
7.
Әр түрлі ақпарат көздерінен алынған негізгі бәсекелестер туралы деректер
(Интернет, радио, теледидар, газет-журнал, ақпараттық бюллетеньдер т.б.);
8.
Материалдық ресурстар нарығындағы жағдай туралы деректер
(нарықтар көлемі, ресурстардың жекелеген түрлеріне бағаның динамикасы);
9.
Капитал нарығындағы жағдай туралы мәліметтер (қайта қаржыландыру
қойылымы, шетел валютасының ресми бағамдары, несиелер мен депозиттер
бойынша коммерциялық банктердің қойылымдары);
10.
Қор нарығының жағдайы туралы деректер (құнды қағаздардың негізгі
түрлері бойынша сұраныс пен ұсыныс бағасы, қаржылық құралдардың негізгі
түрлері бойынша келісімдердің көлемі мен бағасы, қор нарығындағы баға
динамикасының жиынтық индексі);
11.
Елдегі макроэкономикалық жағдайдың өзгерістері туралы Статистика
жөніндегі агенттіктің деректері және т.б.
Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың
әртараптандырылуы нәтижесінде пайда болды. Экономикалық талдау кәсіпорын
қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша
жүргізіледі. Экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет
барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды. Бүгінгі күні оған деген
қызығушылық өсуде. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды
құралға айналды, ол өз кезегінде өндірістік тиімділіктің жоғарылауына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |