Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Мектеп оқушыларын азаматтық тәрбиелеуге дамытудың қазіргі заманауи тенденциясы



Pdf көрінісі
бет81/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102

Мектеп оқушыларын азаматтық тәрбиелеуге дамытудың қазіргі заманауи тенденциясы.

Мақалада өскелең ұрпақты азаматтық тәрбиелеудің өзекті мәселелері қарастырылады. Азаматтық қоғам рөлінің 

өсуі, жаңа геосаяси реалийлер әлеуметтік-бағытталған ұрпақты қалыптастыруға білім беру жүйесінің тапсырысын 

анықтайды. Жалпы білім беретін мектептің маңызды міндеттерінің арасында азаматтық тәрбиенің ерекше маңызы 

бар. Осыған байланысты өскелең ұрпақты азаматтық тәрбиелеу мәселесін теориялық терең ұғыну, оны азаматтық 

қалыптасуына жағдайларды анықтау және іске асыру бойынша мақсатты жұмыс қажет. Ғылыми зерттеуді талдау 

тұлғаның азаматтық қалыптасу мәселесін шешу үшін теориялық және практикалық маңызын белгілеуге мүмкіндік 

береді.

Түйін сөздер: азаматтық тәрбие, азаматтылық, өскелең ұрпақ, қоғам, ізгілік, отансүйгіштік, азаматтық қоғам, 

азаматтық борышы, тәрбие, Отаны, өмір құндылығы, көзқарас, тұлға, социум.

D.S. Shakhmetova, A.B. Murzataeva, Zh.S. Bekbossynova. Trends of civil education students.

There are considered the topical questions of civil education of rising generation in the article. The growth of civil social role, 

new geopolitical reality define the order of social-oriented generation building-up for the education system. 

The special significance among the most important tasks of comprehensive school is civil education  therefore there is the 

necessity  of  deep  theoretical  understanding  of  problem  of  rising  generation  civil  education,  directed  work  on  definition  and 

realization of conditions for its civil coming-to-be. The analysis of scientific research gives to certify their obvious theoretical and 

practical significance for determination of problem of individual civil formation

Key words: Civil education, Civicism,  Rising generation, Society, Humanism, Patriotism, Civil society,  Civil duty, Education, 

Motherland, Life values, Ideology, Individual, Social life. 

Поступила в редакцию 17.02.2016.



№ 3 (112) 2016

461


ӘОЖ 159.923.2

Б.Ш. БАЙЖҰМАНОВА

1

, Н.М. ИЛЬЯСОВА

2

 

психол.ғ.к., доцент

1

,bibianar.bayzhumanova.70@mail.ru, 

магистрнат, Ilyassovan@gmail.com



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Астана 

ОТБАСЫ – ЖАСТАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОР РЕТІНДЕ

Мақалада эксперименттік зерттеу негізінде ата-ананың және ата-әженің отбасында тәрбиеленген тұлғалардың 

және  жас-адамдардың  қарым-қатынасының  психологиялық  ерекшеліктері  сипатталынады.Ч.Осгуд-В.Петренконың 

семантикалық дифференциал әдісінің негізінде құрылған, тұлғаны зерттеу әдісін(1997), Рене Жиляның түрлендірілген 

әдісін қолдана отырып, ата-ананың отбасында тәрбиеленген және ата-әжесінің отбасында тәрбиеленген жастардың 

тұлғалық  ерекшеліктерінде,  сондай-ақ  ата-ананың  отбасында  тәрбиеленген  және  ата-әжесінің  отбасында 

тәрбиеленген  жастардың  арасындағы  қарым-қатынастарында  айырмашылық  бар  екендігі  айқындалған.  Зерттеу 

маңыздылығы:бұл  зерттеудің  нәтижелерін  тұлғалық  ерекшеліктер  арасындағы  айырмашылықты,  адамдар  қарым-

қатынасты, олардың өмірге деген көз-қарасын көруге мүмкіндік берді. Алынған мәліметтер отбасы саласында жұмыс 

істейтіндерге қызықты болуы мүмкін.

Түйін  сөздер:  тұлғаның  өзін-өзі  бағалауы,  әлеуметтік-психологиялық  қарым-қатынастар,  тұлға  және  отбасы 

түрі, әлеуметтік бейімделу.

Қазіргі уақытта ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп отырған балалардың саны өте көп. Оның себебі, ата-

анасының қолының бос болмауы, көп уақытын жұмыс орнында өткізуі. Сонымен қатар, ата-ананың және 

ата-әжесінің  өзара  қарым-қатынасы  күрделі  құбылыс  болып  табылады.  Олардың  бала  тәрбиелеу  әдістері, 

моральді-этикалық көзқарастары әртүрлі болуы мүмкін. Ата-әжесінің отбасында өмірлік құндылықтар мен 

қағидалар  тұрақты  өзгеріссіз  болады.  Олар  индивидуалды  тәжірибеге  сүйеніп  анализденген,  бағаланған. 

Сондықтан олардың қоршаған ортаға көзқарасы прагматикалық нәтижелі болуы мүмкін. Бұл факторлар бала 

тұлғасының қалыптасуына әсер етеді, оның әлеуметтік-психологиялық ерекшелігін түрлендіреді. Баланың 

жас  кезінде  алған  тәрбие  жағдайы  оның  тұлғалық  даму  сипатына  із  қалдырады.  Ата-ана  және  ата-әже 

отбасында тәрбиелеген балалардың өмір сүру жағдайында екі отбасылық ересектіктерді ескерсек, баланың 

екі  рольді  (бала,  немере)  қатар  алып  жүру,  тұлғаның  мінез  ерекшеліктері  мен  өмірлік  көз-қарастардың  

қалыптасуына  едәуір  әсер  етеді.  Тұлғалық  қасиеттерінде  өзгешеліктер  байқалады.  Мұндай  мәселе  қазіргі 

кезде арнайы зерттеуді қажет етеді.

Отбасында, оның мүшелерінің әлеуметтік рөлімен анықталатын құрылымы бар: ері мен әйелі, әкесі мен 

анасы, қызы мен ұлы, апайы мен ағасы, атасы мен әжесі. Солардың негізінде тұлғааралық қарым-қатынастар 

құрылады. Ата-ананың рөлі барлығын қамти алады және көп қырлы. Балаларға қамқорлық көрсетуден басқа, 

олар тұлғаның қалыптасуына, оның әлемге қатынасына, өзінің «Менін» тәрбиелеуге әсерін тигізеді.

Отбасы – маңызды әлеуметтік институт, онда адамның әлеуметтену процесі жүзеге асады, осы инситуттың 

барлық,  анық  көрінбейтін  де  өзгерістері,  адам  өмірінің,  мемлекеттің,  қоғамның  басқа  салаларындағы 

өзгерістер туралы айтады.

Осы орайда ата-ананың және ата-әженің отбасында тәрбиеленген тұлғалардың және жастардың қарым-

қатынасының психологиялық ерекшеліктері анықтауды мақсат етіп алдық. Зерттеу 2015 жылы жүргізілді. 

Зерттеуге 60 зерттелушілер қатысты. Сапалық түрде 54 хаттама толтырылды. Зерттелушілер қазақ ұлтының 

өкілдері,  екі  жынысты,  жасы  17-22  аралығы,  айналысатын  іс-әрекет  түрі  –  студент,  некеге  тұрмаған. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1-4 курс студенттері. 

Респондент ретінде 18-ден 25 аралығындағы жастар болды. Зерттелушілердің жастық құрамын таңдаған 

кезде, біз отбасы дамуының спецификалық шарттарына, қарым-қатынас жүйесінің қатаң ұйымдастырылуына 

ПСИХОЛОГИЯ


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

462


қарай сүйендік. Болжам бойынша, бұл жастық кезеңдер зерттелушілердің отбасындағы орынының дамуының 

өтпелі  кезеңі  болып  табылады:  (мектеп  бітіру,  болашақтағы  даму  жолын  таңдау,  еңбек  әрекеті  және  оқу, 

жоғары білім алудың аяқталуы) және бұл жастық кезеңдерде, отбасы құрылымында әр түрлі орын алатын 

субъекттердің дамуында психологиялық ерекшеліктері әр түрлі болады. 

Зерттеу пәні әр түрлі отбасы түрлерінде (ата-ананың және ата-әженің) тәрбиеленген жастардың, қарым-

қатынастары мен тұлғасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері болып табылады. 

Біздің болжамымыз бойынша тұлғаның және оның қоршаған ортаға қатынасының қалыптасу процесіне, 

жастардың ерте балалық шақтан ата-ананың және ата-әженің отбасында тәрбиелену процесінің ерекшеліктері 

әсер етеді. Бұдан шығатын тұжырым:

1. Ата-ана және ата-әже отбасында тәрбиеленген жастардың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы, тұлғасының 

дамуы әр түрлі болады;

2. Ата-әже отбасында тәрбиеленген адамдардың өзіне сенімсіздік сезімінің қалыптасуы байқалады;

3. Жастардың өмірге қатынасы мен көзқарасының әр түрлі болады;

4. Жастарды балалық шақтан ата-ананың немесе ата-әженің отбасында тәрбиеленуі, олардың әлеуметтік-

психологиялық қарым-қатынасына әсер етеді. 

Зерттеу  барысында  біз  ата-ананың  және  ата-әженің  тұлға  қалыптасуына,  оның  қарым-қатынасының 

қалыптасуына  әсерін  қарастыру,  отбасы  түріне  байланысты  жастардың  тұлғалық  сипаттамаларын 

анықтау  және  отбасы  түріне  байланысты  жастардың  қарым-қатынас  жүйесіндегі  айырмашылықтарды 

салыстыруміндеттер қойдық.

Қойылған мақсаттарға сәйкес, бір жағынан, әр түрлі отбасындағы тәрбие түріне байланысты тұлғалық 

сипаттамаларды анықтауға мүмкіндік беретін әдіс таңдалды, екінші жағынан – жастардың отбасы мүшелеріне 

қатынасын анықтайтын әдіс таңдалды. 

Ол үшін келесі әдістемелер қолданылды:

1.  Ч.Осгуд-В.Петренконың  семантикалық  дифференциал  әдісінің  негізінде  құрылған,  тұлғаны  зерттеу 

әдісі.  Тұлғаны  зерттеу  әдісі  Ч.Осгуд-В.Петренконың  семантикалық  дифференциал  әдісінің  негізінде 

құрылған, себебі, «СД шәкілдеудің бақыланатын ассоциациялар және процедура әдісінің комбинациясы болып 

табылады». Бұл әдіс адамның жүріс-тұрысымен және қабылдауымен байланысты, әлеуметтік нұсқаулармен 

және  тұлғалық  мағыналармен  байланысты  зерттеулерде  кең  қолданылады  [1];  және  коннотативті  мәнді 

өлшеуге мүмкіндік береді. Коннотативті мән - тітіркендіргіш-нышанды қабылдаудан кейін болатын күй және 

нашандармен  бірге  саналы  операцияларға  алып  келеді  [2].Кеңес  психологиясында  мағыналық  аппаратта 

коннотативті мәннің ең жақын аналогы тұлғалық мән ұғымы болып табылады, ол субъект үшін мағынаның 

мәні болып табылады [2]. 

Әдістің  негізінде  синестезия  феномені  жатыр,  ол  бір  модальдылықтың  тітіркендіргіш  әсерінен  екінші 

модальдылықтың пайда болу сезімін білдіреді [3].

Біздің  зерттеуімізде  СД  әдісін  қолдану  себебіміз,  бұл  әдістің  негізгі  жағымды  жері  –  ассоциативті 

әдістерден айыратын үлкен сыйымдылығы. Сандық көрсетілген стандартталған мәліметтер статистикалық 

өңдеуге жеңіл беріледі. Орнатылған шәкілдер жүйесі сөздік штамп ассоциациялары, ұйқастық ассоциациялар 

сияқты мүмкіндіктерді түсіреді, бірақ, оның кемшілігі – таңдалған шәкілдер зерттелуші үшін маңызды емес 

материалдарды байлап қоюы мүмкін.  

Шәкілдерді  факторларға  топтастыру  шәкілдермен  орнатылған  белгілердің  көмегімен  объекттерді 

сипаттаудан, категория-факторлардың аз жиынтығының көмегімен кең сипаттамалар беруге мүмкіндік берді. 

Ол категория-факторлар объект мазмұнын, оның коннотативті мәнін көрсетеді (түлғалық мағына, әлеуметтік 

белгілер  және  т.б.).  Факторлардың  жиынтығы  салмақтың  маңызды  коэффициенттерімен  берілген.  Әрбір 

таңдалған факторлар бойынша объекттің қысымы, осы факторға кіретін шәкілдер бойынша объекттің орташа 

арифметикалық бағасы ретінде анықталады. 

2.  Рене  Жиляның  түрлендірілген  әдісі.Тұлғааралық  қарым-қатынас  өрісін  зерттеу  үшін  және  ішкі 

отбасылық  қарым-қатынасты  қабылдауын  зерттеу  үшін  Рене  Жиляның  проективті  әдісі  алынды.  Әдістің 

мақсаты әлеуметтік бейімделуді зерттеу және тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеу[4].

Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен нақтылығы бастапқы методологиялық позицияның дәлелділігімен, 

таңдаудың репрезентативтілігімен, мақсат пен міндеттерге сәйкес зерттеу әдістерінің адекватты таңдалуымен, 

математикалық статистика әдістерінің дәлелді қолданылуымен қамтамасыз етіледі. 

Тұлғалық  семантикалық  дифференциалды  зерттеу  үшін  мәліметтерді  өңдеген  кезде  факторлық  анализ 

қолданылды. 

Біз зерттеуімізде «Тұлғалық семантикалық дифференциал» әдісін тұлғаның бітістері мен мінез-құлтын 

білдіретін стандартты процедураға негізделіп істедік. Зерттелушілерге баға беретін 9 объект ұсынылды. 


№ 3 (112) 2016

463


•  бағалайтын  объекттің  бірінші  тобына,  отбасы  құрылымында  белгілі  бір  рөлдік  позицияны  алатын 

шынайы субъекттер кірді: «менің анам», «менің әкем», «менің әжем», «менің атам».

•  екінші  топтқа–зерттелушіні  үш  уақыттық  позицияда  сипаттайтын  кейіпкерлер  кіреді:  «қазіргі  мен  », 

«өткен мен», «болашақтағы мен».

• үшінші топқа–тәрбие беру және оқу процесі кезінде субъекттің қамтитын субъективті және әлеуметтік 

бейнелері.  Мұнда  зерттелушінің  еріктік,  құндылықтық  аспекттерін  қамтитын  қарама-қарсы  бейнелер 

таңдалды: «жауапты адам», «жауапсыз адам».

Семантикалық дифференциал зерттеуінің нәтижелері бойынша, топта төрт негізгі факторлар бөлінді, біз 

оларды  –  «Мен  күші»,  «Әлеуметтік  бейімделу»,  «Адамгершіліктік  бағалау»,  «Эмоционалды  бағалау»  деп 

интерпретация жасадық.

1-кесте – Фактор 1 «Мен күші» 

Ата-әжесінде тәрбиеленгендер

Ата-анасында тәрбиеленгендер

Жауапты адам

0.892

Жауапты адам



0,799

Менің атам

0,846

Менің анам



0,743

Менің әжем

0.811

Менің әкем



0,740

Болашақтағы мен

0.721

Болашақтағы мен



0,650

Ата-әжесінде  тәрбиеленген  жастар,  «Мен  күші»  факторы  бойынша  максималды  факторлық  қысымды 

таңдады: әлеуметтік тұлға объектісінен – «Жауапты адам», отбасы объектісінен «Менің әжем», «Менің атам» 

және «Болашақтағы мен» бейнесін. 

Ата-анасының  отбасында  тәрбиеленген  жастар  да,  бұл  фактор  бойынша  әлеуметтік  тұлға  «Жауапты 

адамды» берді, отбасы объекттерінен «Менің анам», «Менің әкем», «Болашақтағы мен» бейнесін таңдады. 

Бұл  кейіпкерлер  мықты,  жауапты,  белсенді,  қарым-қатынасшыл,  авторитарлы  және  т.б.фигуралар  ретінде 

қабылданады. Бірінші кестеде, біз жастардың арасында салыстырмалы таңдауды көреміз.

2-кесте – Фактор 2 «Әлеуметтік бейімделгіштік»

Ата-әжесінде тәрбиеленгендер

Ата-анасында тәрбиеленгендер

8.Өткен мен

0.811

Өткен мен



0.902

14.Жауапсыз адам

0.721

Жауапсыз адам



0.717

Екінші  кестеде,  біз,  екінші  фактор  «Әлеуметтік  бейімделгіш»  бойынша  максималды  қысымды  алған 

«Өткен мен» және «Жауапсыз адам» кейіпкерлерді алды. Яғни, екі топ та өткен уақытта жақсы әлеуметтік 

бейімделуге мүмкіндік бермейтін шыдамсыздық, тез ашуланшақтық, сенгіштік сияқты қасиеттер оларға тән 

болған. 

3-кесте – Фактор 3 «Адамгершіліктік бағалау»

Ата-әжесінде тәрбиеленгендер

Ата-анасында тәрбиеленгендер

Қазіргі Мен

0.952


Қазіргі Мен

0.798


Өткен Мен

0,963


Өткен Мен

0.782


Үшінші кестеде «Адамгершіліктік бағаның» көрсетуі бойынша, жас адамдардың «Қазіргі Мен» бейнесі 

«Өткен Мен» бейнесімен бірдей деп саналады, және бейнелер арасында негативті бағалар жоқ. 

4-кесте – Фактор 4 «Эмоционалды бағалау»

Ата-әжесінде тәрбиеленгендер

Ата-анасында тәрбиеленгендер

Жауапсыз адам

0,905

Жауапсыз адам



0.844

4  фактор  «Эмоционалды  бағалау»  бойынша  максималды  қысымды  «Жауапсыз  адам»  кейіпкері  алды. 

Екінші кестеге қарайтын болсақ, екі топ та «Жауапсыз адам» және «Өткен Мен» бейнесін таңдады. Яғни, 

екі  топ  үшін  де  бұл  кейіпкерлер  эмоционалды  жағымсыз  болып  көрінеді  және  аңқаулық,  қызғаншақтық, 

ақылсыздық сияқты қасиеттерге ие. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

464


Рене Жиляның түрлендірілген әдісі бойынша нәтижелер:

 Бұл кесте бойынша, ата-анасының отбасында тәрбиеленген жастар, ата-әжесінің отбасында тәрбиеленген 

жастарға  қарағанда  жалғыз  отырғанды  қалайды.  Сонымен  қатар,  ата-әжесінің  отбасында  тәрбиеленген 

балалардың ата-анасына деген қатынасы аз көрінеді.  



Әдебиеттер 

1 Мясищев, В. Н. Психология отношений. [Текст]/ В. Н. Мясищев//  Избр. псих.труды. Акад. пед. и соц. наук Моск. 

психол-соц. институт/ –  М.: Институт практич. психологии. - Воронеж: НПО «МОДЭК», 1998.

2 Osgood Ch. Studies on generality of affective meaning system. // Amer. Psychol. 5,1962.

3  Давлетова  А.Д.  Ориентировка  личности  в  психологическом  пространстве  родительской  семьи  (на  материале 

исследования казахской семьи): Автореф. дис. канд. психол. наук. – Москва, 2003.

4 Большая энциклопедия тестов. – М.: Эксмо, 2009.

References

1 Myasishev V.N. Psikhologiya otnoshenii / Myasishev V.N. // Izbr.psikh.trudy. Akad. ped. I soc. Nauk Mosk. psikhol-soc.

institut/ - M.: Іnstitute praktich. psikhologii. – Voronezh: NPO “MODEK”, 1998.

2 Osgood Ch. Studies on generality of affective meaning system. // Amer. Psychol. 5,1962

3  Davletova A.D.  Orientirovka  lichnosti  v  psikhologicheskom  prostranstve  roditel`skoi  sem`і  (na  material  issledovaniya 

kazakhskoi sem`i): Avtoref. dis. kand. psikhol. nauk. – Moskva, 2003.

4 Bol`shaya enciklopediya testov. – M.: Eksmom, 2009.

В  статье  выявлено  основные  психологические  особенности  личности  и  отношения  молодежи,  воспитанных 

в  родительской  или  прародительской  семье.  Используется  метод  личностного  семантического  дифференциала 

Ч.Осгуда-В.  Петренко  (1997)  и  модифицированнаяметодика  Рене  Жиля.  Результаты  данного  исследования  позволят 

увидеть  различия  в  особенностях  личности,  взаимоотношения  между  людьми,  их  отношение  к  жизни.  Полученные 

данные будут интересны для людей, работающих в области семьи.

Ключевые  слова:  самооценка  личности,  социально-психологические  взаимоотношения,  личность  и  тип  семьи, 

социальная адаптация.

Article on the basis of the experimental study of parents and their grandparents and young people brought up in a family 

characterized relations between the psychological characteristics of people. C.Osgwd V.Petrenkonin semantic differential was 

established on the basis of the method, the method of the person (1997), using the method of Rene Gilles modified and brought up 

in a family of parents and grandparents of young people brought up in a family of personal characteristics, as well as the parents 

were brought up in the family parents and grandparents grew up in a family determined that there is a difference in the relationship 

between the young people. The subject matter: the difference between personal traits and the results of this research, relationships 

with people, to see their attitude to life. These data may be of interest to those who work in the field of family.

Keywords: Self-esteem, social and psychological relations, the type of person and family, and social adaptation.

Редакцияға 12.01.2016 қабылданды.



№ 3 (112) 2016

465


ӘОЖ 159.9 (091)

Б.Ш. БАЙЖҰМАНОВА

1

,  Т.С. ЕЩАНОВ

2

 

психол.ғ.к., доцент bibianar.bayzhumanova.70@mail.ru

1

,

Л.Н. Гумилев атныдағы ЕҰУ магистранты e.timon_94@mail.ru

2

, Астана 

TEAMBUILDING: ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Мақаланың басты мақсаты тәжірибе жасайтын психолог еңбегінің моделін, алгоритмін, технологиясын құрастыру, 

сонымен  қатар  мүдделі  тұтынушылар  үшін  психологиялық  білімді  жеткізу.  Мақалада  теориялық  зерттеу  негізінде 

тимбилдинг  теориясының  даму  тарихы  мен  негізгі  тұжырымдар  келтірілген.  Мақала  студенттер,  психологтар, 

басқару  саласында  жұмыс  істейтін  адамдар,  сонымен  қатар  психология  мәдениеті  қызықтыратын  тыңдаушылар 

үшін жасалған.

Түйін сөздер: тимбилдинг, топ, тарих, концепция, теория.

Көптеген әдебиеттерге теориялық талдау жасай отырып, «тимбилдинг» терминінің, әрі феноменнің пайда 

болу уақытын табу қиындық туғызады. 

Топ ұйымдастыру және құру идеялары антикалық уақытта, яғни б.з.б 200 жылдары пайда болды. Сол 

уақытта тимбилдинг элементтері бар әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Топ ұйымдастыруды жауынгер рухын және 

әскер бірлігін арттыру үшін қолданылды. Осындай мақсапен жауынгер арасында күш-жігерге, батырлыққа, 

тапқырлыққа әртүрлі ойындар өткізілді. 

Бастапқы кезеңде Рим Империясында тимбилдинг жүйесіз сипатта болды, бірақ уақыт өте Гай Юлий Це-

зарь тимбилдингке ғылыми негіз беріп,  ал Юлий Цезарь ұрпағы Октавиан Августин оның жүйесін жасаған. 

Рим әскері өз дәуірінің ең мықты әскері болып саналды. Рим Империясының әскері келесідей ерекшеліктерге 

ие болды: мобильді, әр жауынгер өз ролін білуі, бірлестік, тактикалық білімі. Осындай нәтиже тек дұрыс 

құрылған топ ұйымдастыру жүйесімен қол жетуге болады. 

Антика заманында Ежелгі Грецияда Рим Империясына қарағанда тимбилдинг жоғары сұранысқа ие бол-

ды. Топ ұйымдастыру, қалыптастыру мен дамыту қажеттілігі тікелей Олимпиада ойындарымен байланысты 

болды.  Топтық  іс-шаралар  Греция  тұрғандардың  ұжымдық  рухын  арттыру  үшін  өткізілді.  Олимпиада  ой-

ындарымен қатар гректер ашық алаңдарда әртүрлі театрлық қойылымдарды ұйымдастырды. Бұл элемент-

тер қазіргі тимбилдингтің «табиғаттағы белсенді топ ұйымдастыру», «ұжымдық-шығармашылдық тренинг-

терге» ұқсас. Антикалық уақытта нақты «топ», «топ ұйымдастыру», «тимбилдинг» терминдері болған жоқ. 

Әскер күшін арттыру үшін оның элементтері қолданылды.

Көптеген  ғалымдардың  тұжырымдары  бойынша  тимбилдинг  концепциясының  негізін  салушы 

американдық психолог, социолог, профессор, әрі 1927-1932 жылғы  «Хотторн эксперимент» авторы Элтон 

Мэйо.


Элтон  Мэйо  Чикагодағы Western  Electric  Hawthorne Works  өнеркәсіптің  еңбек  өнімділігіне  әсер  ететін 

факторларды (еңбек жағдайы мен ұйымдастырылуы, еңбек жалақысы, тұлғааралық қарым-қатынас, басқару 

мәнері және т.б) зерттей келе, адам мен топ факторларының ерекше маңыздылығын дәлелдеді. Хоторндық 

тәжірибе нәтижелерін талдай отырып, Мэйо бірнеше негізгі қорытынды жасады:

• Еңбек өнімділігіне басшы мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынас әсер етеді.

• Еңбек нормаларының өнімділікке үлкен әсері бар.

• Еңбек орыны өзіндік мәдениетке ие.

• Қамқор мен көмек, еңбектің физикалық жағдайына қарағанда маңызды.

ХХ ғасырдың 30 жылдары Англияда алғашқы топ ұйымдастырушы ойындар өткізілді. Алғашқылардың 

бірі  «Фабрика  -  Фабрика»  футболдық  матч.  Жеңіске  жету  үшін  әр  топ  өзін  ұйымдастыруына,  дамытуына 

тура  келді.  Футболдық  матчтардан  кейін  қызметкерлер  арасында  бірлік  деңгейі  артып,  еңбек  өнімділігі 

жоғарылғаны тіркелді. 

Бұл  тәжірибені  басқа  да  өндіріс  ұйымдары  ескеріп,  Англияда  топ  ұйымдастырушы  ойындардың  саны 

өсті. Олардың түрлері артып, тимбилдинг элементтерінің қолдану салалары артты. ХХ ғасырдың 40 жылда-

ры Ұлыбританияның Корольдік әскердің әуе-теңіз флоттарында физикалық дайындық пен психологиялық 

тренингтер көптеп қолдана басталды. Кейін бұл тәжірибені Лондонның полиция қызметкерлерін дайындауда 

қолданылды. 

Тимбилдинг теориясының қалыптасуына әсер еткен бірнеше психологиялық және мінез-құлықтық кон-

цепцияларды мысалға келтірейік. Мередит Белбен топ динамикасы мен топ нәтижелерін максимилизациялау-

ды зерттеп, ұйымдастыру ғылымында алғаш болып топ жұмысының өнімділігін арттыруда еңбекті рольдерге 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

466


бөлу маңыздылығын атап көрсетті. Мередит Белбиннің «тоғыз роль» теориясы топ ұйымдастыруда кеңінен 

қолданылады. Топтағы рольдерді нақты бөлу топ эффективтігін бірнеше есе арттырады. 

Тимбилдингте топ мотивациясын, қажеттілігін және топтың даму деңгейін зерттеу үшін А.Маслоудың 

қажеттіліктер пирамидасы белсенді қолданылады. Джон Эдейр көшбасшылық теориясын жасай келе, тим-

билдинг дамуына үлкен үлес қосты. Ол көшбасшылық туабіткен және жүре пайда болған қабілет ретінде 

қарастырып,  сонымен  қатар  топты  жоғары  жетістікке  жеткізетін  негізгі  көшбасшы  функцияларын  бөліп 

көрсетті. Katharine Cook Briggsжәне оның қызы Isabel Briggs Myers MBTI (Myers Briggs Types Indicator) – 

тұлғаның оналты типологиясын жасап, тимбилдинг теориясында үлкен із қалдырды. Тұлғаның он алты ти-

пологиясында  бір-біріне  қарама-қарсы  тұлғалар  бар  екенін  көрсетеді  және  тимбилдинг  теориясы  жоғары 

жетістікке жету үшін тұлғаның барлық қырларын қолдануға үйретеді. Сонымен қатар ұйымдастырудың мінез-

құлықтық теориясының классигі Дуглас МакГрегорді атап көрсетуге болады.  Дуглас Мак Грегор Х және У 

(кейін Z) теориясының авторы. Х және У концепциясын және Z теориясын біле тұра, дұрыс күтілім, шынайы 

процессті қабылдау мен реалистік міндет қоюға мүмкіндік береді. Топ ұйымдастыру теориясында белсенді 

қолданылатын, маңызды концепция бұл Брюс Тукманның FSNP концепциясы: «Қалыптастыру – Шторм – 

Нормализация-Нәтижелер». Ол өзінің тұжырымдамаларында топтың маңызды және бөлінбес төрт кезеңін 

бөліп көрсеткен. Егер топтың жоғары нәтижеге жетем деген ниеті болса, онда бұл топ әр төрт кезеңнен өту 

тиіс. Көптеген танымал психологтар нақты тимбилдинг теория бойынша жұмыс жасамай, бірақ өзіндік кон-

цепцияларды тұжырымдап, бұл теорияға өз үлестерін қосты. Мысалы: Курт Левин – топтықдинамика концеп-

циясын, Уильям Штуц – тұлғааралыққарым-қатынас пен психологиялық үйлесімділік теориясын ұсынған[1].

Ұйымдастырушылықтың даму аумағында танымал американдық зерттеуші және практик Уильям Дайер 

тимбилдингке арналған кітап шығарады. 1977 жылы шыққанбұл кітап, тимбилдинг бойынша алғашқы еңбек 

болып саналады. Уильям Дайер өзінің кітабында тимбилдинг феноменінің шекарасын бөлген [2].

1980  жылдары  «Бөлмеден  тыс  оқыту»  (ағылшын  тілінде  «Outdoor  Education»)  атты  бағыт  белсенді 

қалыптаса  бастады.«Outdoor  Education»  дегеніміз  индивидуумды  дамыту,  оқыту  және  тәжірибе  алу  үшін 

табиғи  ортаны  пайдалану.  1990  жылдары  алғаш  рет  АҚШ  және  Ұлыбритания  елдерінде  менеджменттің 

жеке бағыты ретінде Outdoor Development Management қалыптасты. Табиғи орта бизнес-оқыту мен дамыту 

үшін қолданылды.  Осындай бағыттың дамуы Батыс елдерінде көптеген жаңа терминдердің пайда болуына 

әкелді: Corporate Adventure Training (CAT) – ұжымдық тренинг, Experience Based Trainingand Development 

(EBTD)  тәжірибе  алу  негізінде  оқыту  мен  даму.  Сонымен  қатар  көптеген  басқа  да  терминдер:  «Active 

Learning»,«Experiential  Education»,«Adventure  Education»,«Outdoor  Learning»,  «Wilderness  Experience», 

«Adventure Therapy», «Environmental Education».

Outdoor Development Management теориясының басты элементті бұл тәжірибе арқылы оқыту. Тәжірибе 

арқылы оқыту дегеніміз оқушының белсенді түрде оқыту процесіне енуі. Толықтай осы тұжырымды түсіну 

үшін жануар тақырыбымен байланысты бір қарапайым мысал келтірейік: дәстүрлі оқыту кезінде оқушы кітап 

оқып, сурет қарайды. Ал тәжірибе арқылы оқыту барысында оқушылар зоопарке барып, жануарларды көреді, 

иісін сезеді, дауысын естиді, яғни нақты өмірлік тәжірибе жинақтайды. 

Тимбилдинг тақырыбы бойынша теориялық талдау жасай келе, отандық және ресейлік әдебиеттерде бұл 

тақырып бойынша толық мәліметтер аз. Бірақ топ ұйымдастыру, қарым-қатынас, топ динамикасы бойынша 

көптеген кітаптар кездеседі. 

Тимбилдинг терминге анықтама берейік. «Тимбилдинг» (ағылшын тілінде Teambuilding) топтың еңбек 

өнімділігін  тиімді  арттыру  мақсатындағы  әрекеттер  жиынтығы.  Тимбилдингқазіргі  уақытта  корпоративті 

менеджменттің тез дамып келе жатқан моделі. Ол ұжымды басқарудың эффективті инструменті және компа-

ния дамуына жағымды әсер етеді [3].

Тимбилдинг міндеттері:

1) Топ коммуникациясын арттыру:

• Топ ұйымдастыру туралы теориялық білімді беру;

• Топтық  іс-әрекет компетенциясын дамыту;

• Топаралық коммуникацияны жақсарту;

• Формальді емес қарым-қатынасты қалыптастыру;

2) Рольдік бөліну:

• Топ мүшелерінің өз ролі мен функциясын білу;

• Жауапкершлікті қабылдау қабілеті;

• Әр түрлі рольдерді ойнау қабілеті;

3) Көшбасшылықты дамыту:

• Экстрималды жағдайда көшбасшылық қабілетті дамыту;

• Кризистік жағдайларда топтың сабырлы, тұрақты жұмыс жасай алу қабілеттеріне үйрену;

• Көшбасшылық қабілетті дамыту;


№ 3 (112) 2016

467


4) Өз-өзіне баға беру:

• Нәтижеге жету арқылы өз-өзін бағалаудың өсуі;

• Өзің туралы ақпаратты қабылдау;

5) Ішкі резервтерді дамыту:

• Ыңғайсыз жағдайларда өзінің ішкі мүмкіндіктерін ашу;

• Амбициозды жобаларға топты қалыптастыру;

• Топтың ішкі резервтерін ашу;

• Әр қызметкердің ерекшелігін дамытып, қолдану;

6) Шешім қабылдау:

• Стандартты емес шешімдерді табу қабілеттерін дамыту;

• Конфликтіні шешу қабілеті;

• Стресстік жағдайларда шешім қабылдау;

Тимбилдинг технологияларын қолдана отырып, келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

– Ұжым ішінде сенімділік сезімін арттыру;

Топта инициативтілікті дамыту;

– Көшбасшылық;

– Тәуекелді позитивті қабылдау;

– Конфликтіні шешу мен шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;

– Өз-өзіне сенімділігін көтеру;

– Топтық рухтағы сенімді қалыптастыру [4].

Тимбилдинг технологиялары бірнеше түрлерге бөлінеді (1-сурет).

1-сурет. Тимбилдинг технологияларының түрлері.

І) Экстремалды тимбилдинг – топ белгілі бір табиғаттың экстремалды жағдайларынан өтеді.

1) Бәйге-ұжымдық оқыту мен тәрбиелеудің белсенді дамып келе жатқан түрі. Бұл жаңа мультиспорттық 

бәйге болып табылады. Оның ішіне кіреді: әр түрлі тапсырмаларды орындап, белгілі бір дистанциядан өту. 

Топ  6-10  адамнан  тұрады,  сонымен  қатар  әр  топта  кем  дегенде  бір  әйел  болу  тиіс.  Корпоративті  бәйге  2 

сағаттан 10 сағатқа дейін жүреді және осы уақытта топ әр түрлі экстремалды дисциплиналардан өтеді. Олар: 

спорттық бағдарлану, тау велосипеді, вертикальді жіп (түсу, көтерілу), интеллектуалды-креативті тапсырма-

лар және т.б.  Тренингтің бірінші кезеңінде топ диагностикасы өткізіледі, сондай-ақ қойылған тапсырманы 

максималды өнімді шешу үшін бәйге дизайны жасалынады. Келесі кезеңдерде топ бәйгеден өтіп, әр тапсыр-

маны орындағаннан кейін тренер-модератор басшылығымен топ әрекеті талқыланады. Келесі кезеңде өткен 

тәжірибе негізінде топ  жаңа әрі тиімді әрекеттерді қолданады. 

2)  Альпинизм-  бұл  өте  күрделі  спорт  түрі  және  топтан  жоғары  деңгейлі  физикалық  пен  психикалық 

дайындықты талап етеді. Сондықтан топ ұйыдастыру салада аз таралған.

3) Рафтинг- ағысы өте жылдам, таулы өзендермен жүзу. 

4)  Скалолазание-  табиғи(тау)  немесе  жасанды  (скалодром)  рельеф  бойынша  жоғары  көтерілуді  талап 

ететін  спорт  түрі.  Бұл  спортты  бірнеше  түрлерге  бөлуге  болады:  «Қиындық»  -  күрделі  трасса  бойынша 

жоғары көтерілу. «Жылдамдық» - уақытқа көтерілу. 

ІІ) Интеллектуалды тимбилдинг

1) Этникалық тимбилдинг – белгілі бір этнос атмосферасын қайта құрастыру. Музыкалық аспаптарда ой-

нау, ұлттық тағамды дайындау және т.б.

2) Квест- топ ішінде белсенді қарым-қатынасты, жоғары деңгейлі топтық жұмысты талап етеді. 

3) Hand Made-Өз қолымен жасау немесе қол өнер. 

Қазақтың ұлттық қол өнерге үйрету немес жалпы өз қолымен өнімді жасау. 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

468


ІІІ) Шығармашылдық – табиғаты бойынша экстрим-тимбилдингке қарама-қарсы, бірақ топ ұйымдастыруда 

өте тиімді әдіс болып табылады. HR-менеджерлердің стериоптипі бойынша тимбилдинг тек экстремалды бо-

лады, бірақ бұл қате тұжырым, өйткені шығармашылдық тимбилдинг топтың әртүрлі міндет пен мәселелерін 

шешеді.  Мысалы:  сенімділік,  қарым-қатынас  құру,  рольдерді  бөлу,  эмоционалды  сезім,  ортақ  мақсаты 

анықтау мен оған жету және т.б. 

1) Театр өнері – театрлік қойылымды топты ұжымдастыру, біріктіру және  топта әрекет ету тәжірибесін 

қалыптастыру. Театрлік тимбилдинг әр қатысушы үшін өзін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. 

2) Музыкалық – музыканы топ құру мен даму құралы ретінде қолдану.  Музыканың әртүрлі жанрлары 

(джаз, классика, блюз, фольклор) және рольдер бойынша ойнау топтық рольді білу мен жаңа тәжірибе алуға 

мүмкіндік береді. 

3) Би – биді топта гармония дамыту, эмоционалды қырын, диалогта бір-бірін түсіну дағдыларын, жүргізуші 

қабілеттерін  дамыту  құралы  ретінде  қолдану.  Би  тимдилдингте  латиноамерикалық  билер,  сонымен  қатар 

вальс билері жиі қолданылады. 

Тимбилдинг көп қырлы, жан-жақты, топтың еңбек өнімділігін арттыраты, топ бірлігі мен ұйымдасуын 

жоғары деңгейге жеткізетін тиімді технология. Оның пайда болу алғышарттары Ежелгі Греция, Рим Импери-

ясынан басталады. Алғашында тек әскер үшін пайда болып, ХХ ғасырда бизнес салаға белсенді ене бастады. 

Қазіргі  уақытта  тимбилдинг  тек  қана  бизнес  саласында  ғана  дамымай,  сонымен  қатар  ұйымдастыру, 

әскери, педагогикалық, білім беру салаларында да кең етек жая бастады. Тимбилдинг арқылы топ, сонымен 

қатар топтық әр мүшесі өзінің ерекше тұлғалық қасиеттерін дамытып, жаңа деңгейге өту мүмкін. Бұл тех-

нология көп қырлы, ол экстриммен, интеллектпен және адамның шығармашылдық жағымен де байланысты. 

Сондықтан да тимбилдинг өзектілігі психология ғылымы үшін күн сайын артып келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет