Əдебиет:
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-
26-32б.
2. Жакупова А. Конституция – основа развития государства // Заң жəне заман.-2005ж. №9-17б.
3. Ынтымақов С. Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мəселелері // Заңгер.-2005ж.-
№12.-42-44б.
4. Мустафаев Қ.А. Құқықтық тəлім - тəрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары // Заң.-2005ж.-
№5.-31-33б.
5. Ағдарбеков Т. Мемлекет жəне құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.
ƏОЖ: 587(87)782
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСЫ
Ермекова Г.С., Катаев Ж.Б.
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті)
Тəуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер
арқылы қалыптасуда. Құқықтың нəр алатын бастауы – Қазақстан Республикасының
Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар жəне Республиканың
бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы
басқа құқықтық актілерге қатысты жоғарғы заң күшіне ие: елімізде қабылданатын бір
де бір құқықтық акті (конституциялық заң, ҚР Президентінің Жарлығы, өңірілк
құқықтық шығармашылық актісі, сот шешімі жəне т.б.) Негізгі Заңға қайшы келе
алмайды, ал қайшы келген жағдайда (заңды коллизия) Конституция нормалары
басымдылыққа ие болады. ҚР Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің
ядросы, ағымдағы (салалық) заңнаманы дамытудың негізі болып табылады. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 4-бабына қарайтын болсақ «Конституция -
Халықаралық шарттар мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің сондай-ақ
Республика Конституциялық Кеңесінің жəне де жоғары соты нормативтік
қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күші
бар жəне Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады [1].
ҚР Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған
өзгерістер енгізудің ерекше тəртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен
дамытудағы мейілінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды
адамдар, сот органдары үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбəсіздігін
қамтамасыз етеді.
Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық
институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық,
101
экономикалық, ұйымдық, əлеуметтік, діни құрылыстың негіздерін анықтайды.
Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық
қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз
қызметімен Конституцияға негіздеуі тиіс [2].
Конституцияның өзі Нормативтік актілерге негізделеді. Нормативтік құқықтық
акт — референдумда қабылданған не уəкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды
адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын
өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми
құжат болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі — Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген жəне сыбайлас жемқорлықты
тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау
мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау,
бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын жəне қолданылу практикасын
болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың
қызметі [3]. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
-Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
-Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар
Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
-Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік
қаулылары;
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
-Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жəне Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
-Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік
органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
- орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
- мəслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, əкімдіктердің нормативтік
құқықтық қаулылары, əкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері [4].
Осылардың негізі ата заң Конституциядан бастау алады. Қазіргі уақытта негізгі
құжат- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық
референдумында
қабылдаған
Конституциялық
заңдардың
қағидаларын
тұжырымдап, бір арнаға келтірді. Мысалыға келтіретін болсақ 42-бап. Нормативтік
құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актілерінде жəне
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар
қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдері мен
мемлекеттік
органдарының
басқа
да
кейбір
қызметкерлеріне
Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілері халықаралық шарттарда жəне
халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларында көзделген
шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет) болып саналады [5].
Қорыта келгенде Конституцияның барлық шығарылатын нормативтік актілерінің
барлығына дерлік ықпалын тигізеді. Себебі: Конституция барлық заңның негізгі
бастамасы болып табылады.
102
Əдебиет:
1. Сапаргалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы. – Алматы,1998. –220 б.
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-
26-32б.
3. ҚР Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Жеті жарғы,1996.
4. Мемлекет жəне құқық негіздері. Оқулық. Алматы., 2001.
5. Дулатбеков Н., Амандыкова С., Турлаев А. Мемлекет жəне құқық негіздері. Алматы., 1999.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 30.06.1995 ж.
ƏОЖ: 587(87)782
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ
РАТИФИКАЦИЯЛАУДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ
ОРНЫ
Ермекова Г.С., Өмірзақ Ұ.
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті)
Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының ата
заңы.
Ағымдағы
Конституция
1995
жылы
30
тамызкүні
жалпыхалықтық
Референдум негізінде қабылданды жəне 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9
тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекет тік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат
болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде
қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың
конституциялық
мəртебесін
белгіледі,
экономикалық
құрылыстың
негіздерін
айқындады. Бұл тəуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алдыңғы
конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Қазақстан
Респубпикасының
халықаралық
шарттары
-
ол
Қазақстан
Республикасының шет мемлекет пен (немесе мемпекеттермен) не халықаралық
үйымдармен жазбаша түрде жасалған жəне мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара
байланысты бірнеше қүжатта бар-жоғына қарамастан, сондай-ақ оның, нақты атауына
тəуелсіз халықаралық қүқық пен реттелетін келісім.
Осылайша халықаралық қатынастарды реттеуге келетін болсақ, Конституцияда
халықаралық қатынастарға қатысты жазылған нормалардан басқа халықаралық
ұйымдармен белгіленген нормаларда əр елде өз күштеріне еніп отырады. Егер де
шетелдіктердің құқықтары немесе іс əрекеттері жайлы Қазақстан Республикасының
Конституциясында көзделмеген жағдайда халықаралық ұйымдардың белгілеуімен
жазылған нормаларды ратификациялау қажет болады. Себебі ол жағдайлар
Конституцияда көзделмеген.
Республика Конституциясының 10-бабы 3-тармағының талаптарына орай, шетел
азаматы болып табылатын адам сонымен бір уақытта Қазақстан азаматы бола алмайды
деп есептейді. Соған байланысты, Республика азаматтары үшін Конституциямен
көзделген құқықтар мен бостандықтар оған тарамайды. Конституцияның 12-
бабының 4-тармағына сəйкес "Конституцияда, заңдарда жəне халықаралық шарттарда
өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар
үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер
атқарады".
103
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін өзге, шектеулі конституциялық-
құқықтық мəртебе көзделген: Конституцияда, заңдарда жəне халықаралық шарттарда
өзгеше көзделмесе, бұл адамдар азаматтарға қолданылатын құқықтар мен
бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (Конституцияның 12-
бабының 3-жəне 4-тармақтары, 14-баптың 1-тармағы). Мəселен, Конституция
Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар Республика Президенті, Республика Парламенті
жəне
мəслихаттарының
депутаттары,
мемлекеттік
қызмет
жəне
судьялар
лауазымдарына үміткер болмауға тиіс, мемлекетті басқаруға қатыса алмайды, белсенді
жəне бəсең сайлау құқығына ие бола алмайды жəне республикалық референдумға
қатыса алмайды деп біржақты белгілейді, өйткені бұл аталған құқықтар мен
бостандықтар тек Республика азаматтарына ғана таралады.
Заңның басты көздеуі – қоғамда заң үстемдігін орнату, құқықтық тəртіпті орнату,
саяси жəне экономикалық өмірде қатал тəртіппен тұрақтылықты орнату.
Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға
қатысты бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, Конституцияда құқық бастаулары
аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған
сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық
шарттың жəне өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика
Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының
1-тармағы).
ҚР-сы таныған халықаралық-құқықтық актілердің нормалары да конституциялық
құқықтың қайнар көзі болады. Олар адам құқы, қоғамдық құрылымдар жəне басқалар
туралы конституциялық мəні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін.
Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне конституциялық – құқықтық
нормаларды қамтитын жергілікті өкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де жатады (шешімдер,
қаулылар, ережелер). Олардың заңдық сипаты кеңістікте шектеледі жəне олар
жергілікті сипатта болады.
Конституциямыздың 2-бөлімінде «Адам жəне азамат» деп аталады. Баптарда
адамның
құқықтық
мəртебесінің,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасының
азаматтығының негіздері жан-жақты айшықталған. Сонымен қоса осы бөлімде
республикада адам жəне азаматтың құқықтары жөнінде жалпыға бірдей халықаралық
құқықтың принциптері мен нормалары құрметтелетіні де айтылады. Бірінші рет
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтары
əркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті жəне ешкім айыра алмайды деп
мəлімдеді (12-бап).
Конституцияда, заңдарда жəне халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген
құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. (12-бап,
4-тармақ).
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық келісімдерге
қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шет мемлекеттермен,
халықаралық жəне аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды
қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар
əзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы
ұйымдармен өзара ынтымақты қарым-қатынас орнатады.
Ойды қорыта келе Халықаралық жазылған нормаларды ратификациялаудың өз
кезегінде көмегі бар, себебі Конституцияда көзделмеген норманы ратификациялау əр
елге де тиімді деп ойлаймын.
104
Əдебиет:
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-
26-32б.
2. Қазақстан Республикасының Халықаралық шарттары туралы 1998ж. Заңы
3. Лукашук И.И. «Международное право» (Особенная часть). М., Издательство «Бек», 1998г.
4. «2001 – 2010 жылға арналған салалық бағдарлама» ҚР-сы Үкіметімен 29 казан 2001жылы №
1371 Қаулысымен бекітілген
ƏОЖ 345:6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ
ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Есеналы А., Сарымбетов Е.А.
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті)
ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен
мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан
халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк
жəне татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi жəне болашақ
ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк
құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл
бөлiгi саяси жəне идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң
ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеум. мемлекет құрудың
конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты
туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды жəне оның өмiрiн, құқықтары
мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде жəне мемлекеттер арасында
азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау əдiстерiн
орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тəуелсiздiгiн
сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай
республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық
пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық
патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мəселелерiн демократиялық əдiстермен,
оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу
(1-бап, 2-тармақ).
Бұрынғы КСРО ғалымдары Конституцияның қолданылу мəселесі туралы жазбады
десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқықтығы өте
маңызды проблема болса да, ол мəселе жөнінде жекелеген ой түйіндері ғана кездеседі.
Оны айқындау шын мəнінде Конституцияның мемлекет, қоғам, саяси партиялар, басқа
да қоғамдық бірлестіктер, таптар, ұлттар, жекелеген адамдар өмірінде алатын
орнынтүсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан өркениетті, демократиялық қоғамда
Конституцияға, оның қолданылуын, тиімділігіне айрықша мəн беріледі. Осыған орай
Конституция, оның мазмұны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият ойластырлады.
Тиісінше, Конституциының мəселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын əзірлеу жəне
2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары жəне нормаларымен бірге оның
қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі де терең, мұқият ойластырлады. Бірінші
105
кезекте тұжырымдама əзірленеді жəне Конституция нормаларының мазмұны
айқындалады. Сонымен бірге мəселе тек қайсібір тұжырымдамамен шектелмейді, əсте,
Конституцияныңөзі көптеген бөліктерден тұратын актілерді білдіреді. əр бөлік белгілі
бір тұжырымдама үшін объект болып табылады. Сондықтан Конституцияның жобасы
Конституцияының тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс
тұжырымдамасы, адам құқы тұжырымдамасы, меншік құқы тұжырымдамасы жəне
басқалар осындай тұжырымдамалар болып табылады. өз кезегінде мемлекеттік
құрылыс тұжырымдамасы шартты түрде дербес теориялық бөліктерден: билікті бөлу
теориясынан, мемлекеттік құрылым жəне басқару нысандары теориясынан,
мемлекеттік қызметь теориясынан, мемлекеттің мезханизмі теориясынан тұрады. Адам
құқы тұжырамдамасы адамның, азаматтың құқы жəне басқаларынан тұрады.
Егер Конституцияның тұжырымдамалары практикалық материалдарды қолданып
тотырып, мұқият əзірлебесе, онда ол Конституцияға елеулі зиян келтіреді. Егер əп
дегеннен тұжырымдамалық қағидалар айқын болса, онда ол конституциялық
қағидалардың қалыптасуына теріс ықпал етеді. Мұның мысалы ретінде Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы жерге меншік құқығы туралы
қағиданы атауға болады. Бұл Конституцияның жерге мемлекеттік меншік құқын
орнықтырғаны белгілі. Алайда, қоғамның жерге жеке меншікті енгізбеуге болмайтын
нарықтық қатынастарға көше бастағаны бəрімізге белгілі болатын. Демек, 1993 жылғы
Конституцияның негізіне алынған меншік құқы тұжырымдамасы іс жүзінде зиян
болды.
Дегенмен, былай да болуы, тұжырымдама айқын, ал оны толық көлемінде
жорамалдауғ коституциялық нормалар, қағидалар жарамсыз болып шығуы мүмкін.
Билікті бөлу тұжырымдамасы, мамамен осылай болып шықты. Билік бөлуді тепе-теңдік
механизмін жан-жақты əзірлеген жағдай да ғана енгізуге болатындығы түсінікті еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасы нұсқаларының бірінде биліктің əр
түрлі тармақтарының арасындағы тепе-теңдік механизмінің шартты түрдегі толық
жүйесі ұсынылды. Алайда, он екінші шақырылған Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесі мұндай механизмді қабылдауға теориялық жағынан да, практикалық
жағынан да əзір болмады, сөйтіп, бұл билікті бөлу тұжырымдамасынан алшақтап
кетуге əкеліп ұрындырды. Соның нəтижесінде Қазақстан Республикасының 1993
жылғы Конституциясындағы билікті бөлу туралы қағида өміршең болмай шықты жəне
көп ұзамай республиканың екі Жоғарғы Кеңесі таралғаннан кейін толыққанды тепе-
теңдік тетікті құру қажеттігі туралы мəселе қатаң қойылды, ол міндет Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясында белгілі бір деңгейде орындалды.
Конституцияның тұжырымдамалардың маман заңгерлердің, экономистердің жəне
басқалардың
шағын
тобы
əзірлемеуі
тиіс.
Олардың
мүдделерін
анықтап,
Конституцияда оны ескеру үшін оны əзірлеуге ір түрлі партиялардың, қоғамдық
қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, əлеуметтік топтардың жəне басқаларының
өкілдерін тарту керек. өйткені қоғамдық қатынастардың аталған субъектілерінің
мүдделері объекктивті факторлармен елеулі түрде белгіленген. Мен бүкіл қоғамның
үдемелі дамуының жалпы процесінен туындайтын жəне оларды ескермеу бүкіл
қоғам өміріне кері əсер ететін факторлар туралы айтып отырмын. Айталық,
Қазақстанда мемлекеттілік сипаты тұжырымдамасын əзірлеген кезде, бүкіл халықтың
мүддесін білдіреді жəне мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады
деп атап көрсетілгенмен басты назар бірұлттыққа аударылды. Іс жүзінде, Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы «өзін-өзі танушы қазақ ұлтының
мемлекеттілігі туралы» қағиданы қоғамдық сана бірауыздан қабылдамады жəне
Қазақстан мемлекетінің құрылуы бүкіл халықтың өзін-өзі тануының жемісі екендігі
туралы пікір қалыптасты. Бұл қағида Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
106
Конституциясында орнықтырылды. Менің пікірімше, бұл ымыраға келудің нəтижесі
емес,
халықтың
нақты
жағдайының
орнығуы.
Бұл
мəн-жай
Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясын баршаның халықтық мемлекеттің
негізгі заңы ретінде тануына ықпал етуі тиіс.
Конституцияның тұжырымдамалырында ақылғ қонымды мəміле элементтері
көрініс табады. Егер мəиіле объективті түрде белгіленсе жəне жалпы мүддеге қызмет
етсе, сөз жоқ, танылып, Конституцияда орнықтырылуы тиіс. Конституцияда мəміледен
туындаған нормалардың боллуы қоғамдағы елеулі қайшылықтардың бейбіт жолмен,
қоғамдық келісімнегізінде шешуге қызмет етеді. Орыс тіліне көзқарас осының мысалы
болып табылады. Қазақстан Республикасының 1989 жылғы Тіл туралы Заңында,
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілі ұлтаралық
қатынас тілі ретінде танылады. Алайда, мұндай қағида орыс тілді тұрғындарды
қанағаттандармады, орыс тілінің мəртебесін көтеру туралы мəселе күн тəртібіне түспей
қойды. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясындағы аталған қағидның
тұрғындардың белгілі бір бөлігінің мүддесін бейнелей алмайтындығын, сондықтан
Конституцияны тұрғындардың осы бөлігінің тұтастай қолдамайтындығын көрсетті.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында мемлекеттік органдар
жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түлде орыс тілінің қазақ тілімен
бірдей қолданылатындығы жазылды. Орыс тіліне қатысты қол жеткен мəміле
мəселенің толық шешілгенін, қайшылықтың жойылғанын білдірмейді. Қазақ тілі іс
жүзінде мемлекеттік тілге айналғанша мұндай қайшылық созыла береді. Тиісінше,
аталған мəмілелік қағиданы жүзеге асыру мемлекеттік органдардың басты назарында
болды, аталған саладағы қайшылық ұлтаралық қайшылыққа айналып кетпеуі тиіс.
Мемлекеттік жəне тұтастай алғанда қоғам мүддесі прициптеріне қайшы келетін
идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық
идеялар конституциялық нормаларда орнықтырлмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде
кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұсқан келтіретін
саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық
туралы қағидасын атауға болады.
Екінші кезең – Конституцияның қолданылуы.
Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық құқық саласындағы белгілі
маман Ю.А. Тихомиров: «Конституцияның тікелей қолданылуы оның тікелей
азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық ықпалын, кемшіліктен
сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге игі əсер ету, институттық
қайта құрылуларды білдіреді» деп жазды.
Алайда, Конституцияның мұндай тікелей қолданылуын Ю.А. Тихомиров
қарастырмайды. Дегенмен, Конституцияның қандай қытымен қолданылатынын ол
дұрыс атаған деп ойлаймын. Тағы бір қағидамен келісуге болады: барлық осы
қырларында,
олар
құқықтық
қатынастарды
тудыратындықтан,
Конституция
нормалары тура жəне тікелей қолданылады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке
қарастырайық.
1. Конституцияның құқық шығармашылық рөлі үш бағытта көрінеді.
2. Қандай заңдар қабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді. Бұд заңда
не дəл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі. Айталық, Қазақстан Республикасының
Конституциясының 64-бабында Үкіметтің құзіретті, ұйымдық тəртібі мен қызметі
конституциялық заңмен бекітілетіні; Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен
қызметі Конституциялық заңмен реттелетіні (71-баптың 6-тармағы) көрсетілген. Тағы
бір мысал ― Конституцияның Парламенттің заң шығарушылық саласын атауы: меншік
режимі, салық салу туралы, сот құрылымы мен сот ісін жүргізу жəне басқалары
(61-бап) туралы заңдар шығарды.
107
Ə. Қазақстан Республикасының Конституциясы іс жүзінде құқықтық анықтама
береді: ол осы арқылы бүкіл мемлекеттік органдарды нормативтік-құқықтық
актілердің: а) заңдардың, ə) заңға сəйкес актілердің, б) Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының белгілі бір түрлерінқұқықтық шығармашыққа бағыттайды.
Анықтаманың қай-қайсысы да шартты сипатта болады, сондықтан құбылыстың мəнін
толық бейнелемейді. Конституциядағы анықтама мүмкіндіг туралы дауласуға болады.
Бұл жағдайда дау басқа жəйт бойынша тууы мүмкін, айталық, құқық пен заңды
ұқсастрыу мүмкін бе? Құқық ғылымында құқық пен заңда ұқсастыруға
болмайтындығы баршаға белгілі.
Б. Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары
мемлекеттік органдардың норма шығармашылық өкілеттігін белгілейді. Парламент –
заңдар, Президент – белгілі бір жағдайларды заңдық күші бар нормативтік жарлықтар,
Үкімет – нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес жəне Жоғарғы Сот –
нормативтік қаулылар қабылдайды.
2. Конституция нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекеттік
органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне де қатысты. Конституция тікелей
қолданылуы нені білдіреді? Ол мемлекетті органдардың белгілі бір жағдайларға
байланысты Конституция нормаларын тура жəне тікелей қолдана алатындығын
(қолдану қажеттігін) білдіреді. Олар қандай жағдайларда тікелей қолданылады?
1) мемлекеттік органдардың қарауына жататын қатынасты реттейтін арнаулы
нормативтік акт болмаса; 2)арнаулы нормативтік акт болғанмен, ол Конституцияға
қайшы елсе; 3) адамның жəне азаматтың құқығын, бостандығы мен жауапкершілігін
анықтайтын нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда Конституция қағидасы
оны қолданудың мүмкіндігін (қажеттігін) көрсете алмаса; 4) Конституцияның қағидасы
мəн-мазмұны бойынша қосымша регламенттікті қажет етпесе мұндай жағдайларда
Конституция нормалары тура жəне тікелей қолданылады.
Егер Конституция нормаларына қайшы келсе, егер азаматтардың құнын,
бостандығын, жауапкершілігн белгілейтін нормативтік актілерде жарияланбаған болса
ондай нормативтік құқықтық актілерді қолдануға мемлекеттік органдардың құқы жоқ.
Егер сот қолданылатын нормативтік актінің Конституция қағидаларын қайшылығын
байқаса немесе ондайлардың Еонституцияға сəкестігіне күдіктенсе, онда ол іс жүргізуді
тоқтптуға жəне мұндай актінің конституциялығын анықтау туралы ұсыныспен
Конституцитялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Конституцияның 78-бабына жəне
Президенттің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы»
Конституциялық заң күші бар Жарлығының 17 жəне 20-баптарына сəйкес істі
қараудың бірінші сатысында сот осындай сұрау салуы, алкассациялық жəне
қадағалау сатысында іс қараудың кез келген сатысында сұрау салынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты конституцияны қолдану жөнінде
соттарға (қылмыстық алқаларға) бірқатар нұсқаулар берді.(1) Қылмыстық іс
жүргізу кодекісінде тұтқындалған адамның прокурордың қамауға алуға жəне күзетте
ұстауға берген рұқсатына байланысты соқа шағымдануына құқы туралы қағида
қаралмаған, Конституцияда тұтқындалған адамға мұндай құқық берілген (16-
баптың 2-тармағы). Сондықтан соттарға тікелей конституцияны тікелей басшылыққа
алуға ұсынылады. Қамауға лау жəне күзетте ұстауға рұқсат берген прокурордың
əрекетіне байланысты түскен шағымда соттар мейілінше қысқа мерзімде (он күннің
ішінде) қарауы тиіс.
3. Конституциялық нормаларды тəікелей азаматтар жəне ұйымдардың өздері
жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың
бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға жəне өзін-өзі реттеуге мүұмкіндік береді. Мұндай
жағдайда заң аясында əр түрлі, айталық, жеке кəсіпкерлік қызмет саласында құқықтық
108
ақтынастарды қолданған азаматтардың іс-əрекетіне мемлекет араласпайды. əрине,
азаматтарға кең көлемде берілген құқық пен бостандақ мұндай конституциялық
нормаларда баршаның, тұрақөта жəне ұдайы қолднаылатындыңын білдірмейді.
Əлеуметтік зерттеу Конституцияға, оның номаларына адамдардың əр түрлі: ниглитік,
конформистік, енжар атқарушылық, белсенді, күштеп-атқарушылық көзқараста
қарайтындығын көрсетеді. Бір маңызды мəселеге: азамттардың хабардарлығы мн
құқықтық тəрбиесіне ерекше назар аударған жөн. Ежелгі принцип бойынша заңды
білмеу жауапкершіліктен босатпайды, бұқаралық ақпарат құралдырының даму
жағдайында бұл принцип басқашалау қолданылады, дəлірек айтқанда, бавршаның
құқықтық білімі мен бірлігін мемлекет қамқоршы болуы тиіс. Бұл орайда, Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 маусымындағы республикада
құқықтық білім беру жөніндегі шаралар туралықаулысының маңызы зор. Тек, мектеп
жасына дейінгі мекемелерге ұсынылған құқытық білім беру бағдарламасынң өзі
көп нəрсені аңғартады. Бұл – ғалым-заңгерлер жəне практиктер үшін əрекет
бағдарламасы.
4. Конституция құқықтық, бостандық жəне заңды мүдделерді ашуға кең жол
ашады. Біріншіден, азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйеніп, өз
құқықтыры мен бостандықтарын қорғауға тиіс. Конституция негізінде туындайтын сот
билігінің барлық істер мен дауларды қамтитындығы конституцияда тура айтылмаған.
Конституциялық нормалардың тек жеке тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ тек заңды
тұлғаларға қатысты тікелей қолданылатыны осыдан көрінеді (76-бап). Одан əрі,
адамдардың коституциялық құқы мен бостандығына нұқсан келтіретін заңдарды жəне
басқа нормативтік құқықтық актілерді қолднауға соттардың құқы жоқ. Егер сот
қолдануға жататын заңның немесе басқалай құқытық актінің адамдар мен
азаматтардың Конституциясымен бекілілген құқығы мен бостандығына нұқсна
келтіретінін байқаса, ол іс жүргізуді тоқтатуға жəне осы актінің коституцияға сəйкес
еместігін тану жөнінднгі ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгініуге міндетті.
Осыған орай бір мəселе туындайды: егер құзіретті конституцияда немесе
конституциялық заңда көзделген органдар өз өкілеттігін орындамаса, олар үшін
мұның салдары қандай болуы мүмкін? Одан да өкініштісі, егер əрекетсіздік
негізделмеген теориялық қағидалар тұжырымдаса, оларға кім, қалай ықпал ете алады?
Былайша, Парламент жəне Президент, айталық, оларды орнынан түсіру арқылы
Үкіметке ықпал ете алады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп ойламыз. Бұл – Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығындығы шешілмеген проблемалардың бірі.
5. Конституция қоғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белсенді ықпал ете
алады.бұл орайда, мемлекет органдарықызметінің Конституцияда белгіленген
прицйиптері: қоғамдық келісім жəне саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм,
қоғам өмірінің мейілінше маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен шешу
маңызды рөл атқара алады. Бұл принциптердің тек мемлекеттік органдарға ғана емес,
сондай-ақ барлық азматтарға да қатысты екендігін естен шығармау керек. Шынында,
тек мемлекттік органдардың күш салумен қоғамдық келісімге келуге бола ма?
Əрине, болмайды. Тұрғындардың барлық топтарының күш қосуымен де саяси
тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады жəне жеке басының үлесі арқылы көп
мəселесін шешуге болатынығын əр азамат жете сезінуі тиіс. Бір адамның немесе
əлеуметтік топтың теріс қылығы бүкіл қоғамға нұқсан келтіруі мүмкін. Осыны ескере
отырып, Қазақастан Конституциясы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірген,
əлеуметтік, ұлттық, топтық-тектік жəне рулық алауыздықты өріштететін қоғамдық
бірлестіктер құрып, қызметжүргізуіне тыйым салады. Осндай конституциялық
қағидалардың тікелей қолднаылуының пəрмендігі мол.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы институттық қайта құруларды
көздейді. Бұл нормалар жүзеге асырыла бастады. Біріншіден, прокуратура, екіншіден,
109
құқықтық қорғау органдар қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес
құрылды, төртіншіден, қос палаталы Парламент қалыптасып үлгерді жəне ең бастысы –
Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесі құрылды. Аталған қайта
құрылулар – конституциялық нормалардың бір жолғы əрекеті емес, олар тұрақты
жүргізілетін жəне жетілдірілетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: |