Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет118/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

68

Жоба  туралы  ойымызды  қорыта  келгенде,  оқу  үдерісінде  ғылыми  жоба  жаздырту  әдісі 



академиялық сауаттылықты дамытып, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін қоса 

жүргізілетін пайдалы әдістің бірі болып табылатынына анық көзіміз жетті.  

Мақаламызды  қорыта  келе,  академиялық  оқылым  мен  жазылымға  үйрету  қазіргі  заманғы 

жоғары мектептердің алдында тұрған үлкен міндет болып отырғандығын тағы да қайталап айтамыз. 

Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Академиялық оқылым және жазылым» курсын енгізген 

бес  ай  жұмыс  тәжірибемізде  студенттеріміз  оң  нәтижелер  көрсеткенін  атап  өтеміз.  Жоғарыда 

студенттердің академиялық сауаттылықтарын дамыту бағытындағы жасалған алғашқы қадамдар 

сипатталды.  Алда  бірқатар  мәселелердің,  атап  айтқанда,  эссе  жазу  дағдыларын  дамыту,  сауатты 

мәтін құрастыру сияқты мәселелердің оң шешімін табу жолында еңбек ету қажет. Академиялық 

жазылым дағдылары академиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған жалпы академиялық білім 

қатарынан өз орнын алу керек. Бұл айтылғандардан қандай шешім шығаруға болады? Біріншіден, 

ағылшын  тілінің  академиялық  жазылымының  тәжірибесін  тиімді  пайдалану  керек.  Бұл  үшін 

әдіс-тәсілдер  емес,  қажетті  материалдар,  оқу-әдістемелік  құралдар  әзірлеу  қажет.  Екіншіден, 

академиялық жазылым академиялық сауаттылықтың өзге де дағдылары жүйесінде ғана дамитынын 

естен  шығармау  керек.  Бұл  дегеніңіз  пәннің  академиялық  оқылымды,  пікірсайысқа  түсу  мен 

презентация  жасауды,  сөз  сөйлеушіні  тыңдап  әрі  түсіне  білу  дағдыларын  дамытуды,  ақпаратты 

сыни ойлау тұрғысынан бағалап, оның мазмұнын интерпретациялай білуді қамтитынын көрсетеді. 

Мемлекетімізде  академиялық  сауаттылық  мәселесінің  орын  алуына  байланысты  «Академиялық 

оқылым және жазылым» пәні болашақта қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде пәнаралық 

байланыстарды  дамытатын  пәндер  қатарынан  орын  алып,  біздің  жоғары  оқу  орындарымыз 

жаһандық саяси, мәдени, экономикалық өзгерістерге бейім академиялық сауатты мамандар даярлап 

шығаруы  тиіс.  Үшіншіден,  бұл  пән  барлық  мамандықтың  студенттерін  оқытуға  бағытталған: 

әрбір  пәннің  өз  ерекшеліктері  бар,  оларды  меңгеру  өте  қажет.  Осыған  байланысты  мамандыққа 

байланысты ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу өз нәтижесін береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет