Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет116/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

66

кедергі келтіретінін, олардың репродуктивті авторлық жазу әрекеттерінің жетіспей жататындығын 



растайтынын  атап  көрсетеді.  Зерттеушінің  ойынша,  академиялық  жазылымға  үйрету  кезінде 

оқытушы  мен  студенттің  өзара  түсінушіліктерін  қалыптастырудың  кепілі  ретінде  «соңғысының 

әрекетінің  мүмкіндігінше  барынша  автономиялы»  болуы  керек  екен  [13,  177].  Қазіргі  студент  – 

болашақ маман академиялық сауаттылық дағдыларын терең меңгермейінше, әлеуметтік кеңістікке 

шығуы  мүмкін  еместігін,  кәсіби  және  ғылыми  ортада  оның  бәсекеге  қабілеттілігінің  шектеулі 

болатындығын жоғары оқу орнына түскен кезінен бастап түсіне білу керек.  

«Академиялық оқылым және жазылым» пәні  2 кредитті, 45 академиялық сағатты құрайды. 

Модульдік  оқыту  бойынша  пән  8  апта  оқытылады.  Лектордың  16  сағат  дәрісінен  басқа  2  сағат 

сырттан арнайы шақырылған қонақ дәрісі өткізіліп, 2 сағат мультимедиялық және онлайн-сабақ, 

21 сағат семинар сабағы, 2 сағат экскурсия сабағы, 8 сағат студенттің өзіндік жұмысына кеңес беру 

сағаттары жүргізіледі. 

Шақырылған қонақ дәрісінде ғылымның әртүрлі салаларында еңбек етіп жүрген қазақстандық 

ғалымдар ғылымның қазіргі заманғы бағыттары, ғылымның әдіснамасы, Қазақстан және әлемдік 

ғылымның  жетістіктері  туралы  дәрістер  оқиды.  Мысалы,  бүгінгі  күнге  дейін  «Қазіргі  заманғы 

қазақстандық  ғылымдағы  өзекті  бағыттар»,  «ХХІ  ғасырдағы  Қазақстандағы  ғылым»,  «Ғылыми 

зерттеулердің өзектілігі» т.б. тақырыбында дәрістер оқылды.

Мультимедиялық  және  онлайн-сабақтарда  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ғылым 

академиясы,  атақты  қазақстандық  ғалымдардың  ғылыми-шығармашылық  өмірі  жайлы 

бейнефильмдер көрсетілді.

Экскурсия  сабағында  ғылыми  әдебиеттермен,  ғылыми  әдебиеттер  каталогімен  жұмыс  істеу, 

библиография  құрастыруға  үйрету  мақсатында  студенттер  оқытушының  жетекшілігімен  Астана 

қаласындағы Академиялық ұлттық кітапханаға экскурсияға барады. 

Жетінші  аптада  модуль  бойынша  ғылыми  жоба  қорғалады.  Екі  аралық  бақылау  мен  курс 

соңындағы қорытынды емтихан жазбаша тапсырылады. 

Оқытушылар студенттерге тек «өз» сабақтарын беріп қана қоймайды, сонымен бірге білім мен 

тәжірибенің әртүрлі салалары бойынша академиялық сауаттылықты қалыптастыру мен қолданудан 

өз тәжірибелерімен бөліседі. Өздерінің ғылым жолындағы жетістіктері мен қиындықтары туралы 

студенттермен ой бөлісу, өзара байланыста болу оқытушының сабақ беру тәсілдеріне қанат бітіреді 

десек, артық айтқандық емес деп ойлаймыз. 

Жоғарыда  пән  бойынша  студенттердің  ғылыми  жоба  қорғайтындықтарын  айтып  кеттік. 

Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық ізденіс. Алғашқы аптада студенттерге жоба тақырыптары 

беріледі. 3-4 студенттен бір топ құралады. Топ тақырып таңдағаннан кейін жетінші аптаға дейін 

ғылыми  жобаларын  дайындаулары  тиіс.  Студенттер  өздері  үшін  маңызды  болып  саналатын 

мәселені анықтау үшін өз беттерінше ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің өз бетінше білімдерін, 

дағдыларын  және  біліктерін  жаңа  контексте  пайдалануға  көмектеседі.  Іздену  студенттердің 

ғылыми-зерттеу жұмыстар жасауды өз беттерінше және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, 

олар  тақырыптары  бойынша  оқытушыларынан  кеңестер  алып  отырады,  дегенмен  ғылыми  жоба 

оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді. Студент өздері біріккен топтарымен 

ғылыми  жоба  тақырыбын  таңдауда,  ұйымдастыруда,  құрастыруда  белсенді  қатысса,  оқытушы 

кеңесші, көмектесуші ретінде ғана көрінеді, яғни жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай 

жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатталады. 

«Академиялық  оқылым  және  жазылым»  пәні  «Ғылыми  бағдар»  деп  аталатын  2-модульдің 

ішінде оқытылады. 2-модульге осы пәннен басқа Қазақ//Орыс тілдері, Философия, Информатика 

пәндері енеді. Ғылыми жобаға осы пәндердің аясындағы тақырыптар ұсынылды. Мысалы: «Абай 

шығармалары тілінің танымдық-философиялық мәні», «Электрондық коммерция», «Қазақстанның 

жоғары  оқу  орындарындағы  көптілділік  мәселелері»,  «Қазақ  әліпбиін  латын  әрпіне  көшіру 

мәселелері», «Әлеуметтік желілердің қазіргі жастардың дүниетанымына әсері» атты тақырыптарды 

студенттер ерекше ынтамен орындап шықты. Ғылыми жұмыстың құрылымын, ресімделу тәртібін 

меңгеруде  студенттеріміздің  көпшілігі  оң  нәтижелер  көрсетті.  Әйтсе  де,  ғылыми  жұмыстың 

мақсатын  айқындап,  міндеттерін  қоюда,  күтілетін  нәтижелерін  анықтауда  кейбір  студенттер 

шалағайлық танытты. 

Модуль жүйесі бойынша екі кезеңде қазақ және орыс бөлімдері бойынша 360 студент оқытылды. 

Курстың соңында 90 ғылыми жоба қорғалды. Ғылыми жобаны қорғау кезінде зерттеу жұмысының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет