Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет136/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

80

Осы өлеңдегі келтірілген құбылыстар тек осы заманның үні емес, өткен тарихтағы жыраулар 



үлгісінде астарлап қолданылатын сөз салмағын игере бастағандығының көрінісі. 

Ақын  Н.  Оразалиннің  өлеңдері  туралы,  жалпы  оның  ақындық  ерекшелігі  мен  көркемдік 

ізденістері  туралы  ойлағанда,  ең  басты  айтар  нәрсе  –  ол  төгіліп  тұрған  тамаша  лирика.  Лирика 

– поэзияның негізгі жаны, тамыры мен нәрі десек, оны да бірнеше түр мен мазмұнға, ішкі және 

сыртқы қуаттың құндылығы мен мәнділігіне қарап, бірнеше шартты түрге бөлуге болады. Лирикада 

өлеңнің әуені мен сазын, ішкі динамикасын, ақынның айтар ойы мен нәзіктігінің мазмұнын бір-

біріне қабыстырып, лирикалық кейіпкердің ойымен ақынның айтар идеясы бірге өрбіп жатады. 

Орыс кеңес поэзиясында төңкерістен кейін енді кеңес өлеңдері қандай болу керек деген әдеби 

айтыстар мен пікірталастар көп жүргенін біз сол кездегі басылым беттерінен аңғарамыз. Осы ретте 

ақын Н. Оразалин қазақ поэзиясының көне өкілдері жыраулар мен эпостық дастандардың бойындағы 

лирикалық  сарынмен  қоса,  әлемдік  лириканың  отаны  Грецияның  әдебиетіне  ой  жүгірткенін 

аңғаруға  болады.  Дәстүр  сабақтастығының  соншалықты  тереңдеп  кетуі  де  заман  талабына  сай 

болса  керек.  Ежелгі  дәуір  лирикасына  көз  салсақ,  ертедегі  грек  лирикасының  шығуы  б.з.д.  7-6 

ғасырлар тұсында Грецияда ескі қоғамдық қатынастар күйреп, әлеуметтік қайшылықтар күшейген 

тұста  туды.  Бұрынғы  қоғамдық  қатынастардың  күйреуі,  бұрынғы  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынастың жаңа негізге бағыт алуы қоғамда қайшылықтар мен түсініспеушіліктер туғызады. Бұл 

өмірдің заңды шындығы. Бұл туралы Мұқағали былай деп өрнектейді:

Өлең деген тумайды жайшылықта

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа [4]. 

деп жазуы өмір шындығын дәл және нәзік сезінуінің бір көрінісі. 

Ақындық қайшылық ажарлы жырдың тууына негіз болады. Бұл да ақынның көркемдік ізденісі 

мен тақырыптық қырларының бір парасы болып есептеледі. Осы тұрғыда, Н. Оразалин былай өлең 

өрнегін келтіреді:

Жанымда мазаланған бір үн бардай, 

ойларым ұйысып тұр бұрымдалмай.

Айқайлағым келеді өз-өзімнен,

әлдекімде

барымталап айдалған 

жырым бардай....

Айтылмаған, 

айтпаған сырым бардай,

үзе алмаған, 

үзбеген гүлім бардай,

шыңғырады 

кеудемде – бұла көктем...

Көктем...

Көктем...

Бүрін жармай –

Тарқатылған ойларым бұрымдалмай.

...Жұлынымды 

жұлқырдай бір үн келіп, 

бірде айбатты

алапат гүріл болып, 

бірде нәзік

   

тылсым – ән діріл болып...



Шыңғырады жер үсті шындықтары

жүрегімде 

жазбаған жырым болып... 

Н. Оразалиннің бұл жырында ішкі сезім қайшылығы, бір-бірімен тіркескен ойлар шындықты 

іздеген жыр болып шыңғырып тұр. Шынында да, көңіл көзімен қарасақ, бірде өрттей лапылдап, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет