Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет207/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   963
№ 3 (106) 2015

123


тұжырымдардың жиі орын алатынын айтса керек. Өйткені, расымен де эсседе көбіне көп диффузия 

және қарама-қайшылықты ойлар мен көзқарастар көрініс алады. 

Эссе жанры кеңес әдебиетінде тамырын терең жая қойған жоқ. Керек десеңіздер, оны өміршең 

құбылыс деп санамау да орын алған еді. Ал, батыстық әдебиетте, әсіресе ағылшын-американдық 

және  латынамерикандық  әдебиетте  өте  танымал,  әрі  оқырман  сұранысына  ие.  Дегенмен,  күллі 

кеңес әдебиетін құраған ұлттық әдебиеттерде «мемуар», «очерк» деген атаулар телініп, бұл жанрда 

жазылған шығармалар көптеп жарық көре бастады. Қалың оқырманға өзінің өткір тілімен, ерекше 

пікір,  қалыпты  қарабайырлықтан  ада  батыл  тұжырымдарымен  ұнаған  бұл  шығармалар  кезінде 

әдеби, мәдени ойлау үрдісі ғана емес, жалпы қоғамдық резонанстар туғызғаны да мәлім. Мысалы, 

О.Сүлейменовтің кезінде одақтық көлемде қарама-қайшы пікір туғызып, ақыр соңы «темір сандыққа 

құлыптанған» «Аз и я-сын» айтпай өту мүмкін емес.

Батыс  әдебиетінде  еркін  ой-пікір  білдірудің  басты  құралына  айналған  эссенің  кеңестік 

қоғамда шалажансар күйде де болса тіршілік етуі заңды еді. Еркін ойлы шығармалар авторымен 

қоса қудалауға ұшырағанымен, әдеби даму үдерісіне белгілі бір деңгейде ықпал ете алды. Әйгілі 

диссидент  А.Солженицынның  ізін  ала  В.Белов,  В.Солоухин,  Г.Боровик,  Ф.Искандер  сияқты 

авторлардың  шығармалары  «Вопросы  литературы»,  «Дружба  народов»,  «Новое  литературное 

обозрение» т.б. сияқты басылымдарда арагідік жарық көріп тұрды.

Образдық жүйден сыни пікірге, ойды айқын, әрі ашық айтуға, батыл талдауларға ассоциативті 

түрде көшу шығарманың  композициялық негізін құрап, оның эсселік сипатын аша түсетіні белгілі. 

Авторлық «меннің» басымдық алуы шығармада автобиографиялық ерекшеліктер мен жазушының 

тұлғалық ерекшелігін көрсететіні тағы бар. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы аталған авторлар 

шығармаларында орасан зор әрі сондайлық аз уақыт көлемін бір мезеттік ой аумағына сыйдыра 

білген еркіндік пен кеңдік ерекшелігі көзге ұрып тұрды. Бұл – тек қана эссеге тән көркем ойлау мен 

кеңістік үйлесімі еді.

Еркіндікке,  басыбайлылықтан  арылуға  деген  ұмтылыс  эссе  жүйесін  тудырған  жанрдың 

дамуының бастауы болды. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап кеңестік қоғамдағы тоқырау мен 

қасаң қағидаға бағынып, қатаң цензураға ұшыраған рухани ойлау әлемінде еркін ойлауға мүмкіндік 

туып, оның нәтижесінде әдеби үрдіс аясында ерекше жанрлық түр қалыптасты. Жоғарыда аттары 

аталған  жазушылар,  осы  жанр    өкілдері  ретінде  жеке  ой-сананың  белсенділігі  мен  өзіндік  пікір 

білдіру, адамзат пен өзін-өзі тану сияқты сол күнге дейін айтуға да, жазуға да болмайтын қоғамдық-

әлеуметтік категорияларды басты тақырып етіп алған бірнеше шығарма жазды. Олар өмірдің әр 

түрлі салаларына және «мен» мен әлемнің арақатынасы құпияларына назар аударып, өз тұжырым, 

талдауларын жадағай деректермен емес, көркемдік құралдар арқылы жеткізуге тырысты.

Әдебиеттанушылар  мен  зерттеушілердің  басым  бөлігі  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

әдеби үрдістегі мазмұн және түр тұрғысындағы дамуларға негізінен көркем ойлаудағы қоғамдық 

еркіндіктің әсер еткенін айтады. Өйткені, рухани тоқырауға ұшыраған қоғамда әдебиет адамгершілік 

құндылықтарының құлдырауына қарсы тұра алатын күшке ие болды.

Эссе  жанрының  туып,  қалыптасу  үрдісін  кеңестік  әдебиеттанушылар  әдеби  байланыс, 

мәдениеттер  тоғысуы  аясында  мүмкіндігінше  жан-жақты  қарастыруға  тырысты.  Қоғамдық 

идеология  мен  социалистік  реализм  танабынан  шығандап  шығып  кете  алмаған  зерттеушілер 

ғылыми  тұжырымдарын  әлемдік  классиктердің  шығармаларын  талдау  арқылы  ғана  білдіруге 

мүмкіндік алды. 

Эссе (французша Еssaу – тәжірибе) жанрының атасы – француз жазушысы Мишель Монтень. 

Ол өзінің әйгілі «Тәжірибесінде» қоғамдық, әлеуметтік ой-санаға әсер ететін тек қана өзіме тиесілі 

пікірімді білдірдім дейді. Белгілі бір шеңбер аясында ғана өмір сүретін қағидаларға бағынбайтын 

эсселік  стильдің  өзіндік  ерекшелігін  Монтень:  «Байқауымда,  менің  ой-толғамдарымның 

тамырланғаны  соншалық,  оларға  өзім  де  ие  бола  алмайтын  сияқтымын»  дейді  [6,  31].  Кейінгі 

зерттеушілер эссенің табиғаты мен жанрлық ерекшеліктерін сипаттағанда ең бірінші осы Монтеннің 

өз  пікірлерін  негізге  алады.  Эссе  сөзінің  мағынасы  айтып  тұрғандай,  оның  бар  сын-сипаты  мен 

қасиеті  авторлық,  қала  берді  адамзаттық  тәжірибеден  көрінеді.  Сондықтан,  адамзат  баласының 

мәдениетті  игеруі  мен  оны  өмірде  пайдалана  білуі  тіршілігінде  жинақтаған  тәжірибесі  ретінде 

эссенің негізгі ұстыны бола алады. Осыдан келіп «тәжірибе» деген ұғымның өзі жаңа мағынаға ие 

болады. Зерттеуші Е.П.Зыкова «...творчество Монтеня приходится на сложную переходную эпоху» 

дей  келіп,  «совокупность  разнородных  эмпирических  фактов  вокруг  образа  одного  конкретного 

человека – автора эссе...» деп, «тәжірибенің» жеке адам қуаты мен ойының жинақтық ұғымы екенін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет