Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет208/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

124


айтады [7, 15]. Эссе жанрын зерттеуші орыс әдебиеттанушыларының барлығы дерлік оның өмірлік 

тәжірибе, жеке адамның, яғни автордың танымдық байламдары мен тіршіліктегі көріп, білгенінен 

түйген  тұжырымдары  екенін  айтады.  Сол  себепті  де  эссені  «философиялық»  және  «әдеби»  деп 

жіктеуге болатынын  айтады.  Мысалы, Щербакова И.И.,  Москвина  Р.Р.,  Ауэрбах Э.,  Глушков  Н., 

т.б.  зерттеушілер  эссенің  осы  бір  өзіндік  ерекшеліктерін  айта  келіп,  кеңес  әдебиетіндегі  эсселік 

шығармалардың негізі батыс әдеби дәстүрлерімен тығыз байланысты екенін атап өтеді.

Шығыс әдебиетімен тамырлас қазақ әдебиетіндегі жанрлық дәстүрдің негізі терең, әрі мығым. 

Қазақ әдебиетіндегі эссенің әдеби жанр ретінде Абайдан бастау алатынын қайта-қайта айтатындар, 

ұлы ойшылға дейінгі билер мен шешендер сөзінде тұнып тұрған нақыл сөздер мен билік сөздердің, 

өсиет сөздердің эссе жанрының түп негізі екенін мойындағаны абзал. Алайда классикалық үлгідегі 

эссенің анық түрін Абай өзінің қара сөздерінде қалыптастырды. 

Ғылымдағы гипотезалар практикалық нәтижеге қол жеткізгенде ғана теориялық сипат алатыны 

заңдылық.  Абайдың  қара  сөздерінің  жанрын  анықтау  мақсатында  жүздеген  еңбектер  жазылды. 

Пәлсапалық ой тұжырымдары ретінде қара сөздер автордың өмірлік тәжірибесінің жемісі екендігі 

сөзсіз. Оны сөз басында ұлы ойшылдың өзі де айтып өткен. Дегенмен, жадағай теңгермелер ғылыми 

шешім бола алмайтыны себепті, көптеген зерттеушілер ғылыми салыстырулар мен ой желілеріндегі 

ұқсастықтарды бағамдап көрсетуге талпынған. Мысалы, эссе жанрының тууына себепші болған 

Монтень мен Абайдың ой ұқсастығын саралаған пікірлердің ғылыми салмағы басым деп санаймыз. 

Екі  ойшылдың  да  адамзаттың  жаратушының  алдындағы  әлсіздігі  мен  тіршіліктің  жалғандығы 

туралы ойлары астасып жатыр.

Монтень: «Пусть он (адам – Н.Б.) покажет мне с помощью своего разума, на чем покоятся те 

огромные  преимущества  над  остальными  созданиями,  котрые  он  приписывает  себе.  Кто  уверил 

человека, что это изумительное движение небосвода, этот вечный свет, льющийся из величественно 

вращающихся  над  егео  головой  светил,  этот  грозный  ропот  для  него,  для  его  удобства  и  к  его 

услугам?...» [6, 12] десе, Абай отыз сегізінші сөзінде: «Алла тағала – өлшеусіз,  біздің ақылымыз – 

өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды... Алланың сөзі – қаріпсіз, дауыссыз. Енді олай 

болса,  айтқандай  қылып  білдіре  тұғын  құдіретті  және  басар,  сәмиғ,  яғни  көруші,  естуші  деген. 

Алла  тағаланың  көрмегі,  естімегі  біз  секілді  көзбенен,  құлақпенен  емес,  көргендей,  естігендей 

білетұғын ғылымның бір сипаты...» [8, 128]

 

дейді. Олай болса, Абай шығармашылығы, оның қара 



сөздері қазақ эссеистік ойының негізі, әрі қазақ әдебиетіндегі түрлі бағыттардың пайда болуының 

алғышарты деуімізге болады.

Қазақ әдебиетіндегі эссеистік сарындағы шығармаларды, жалпы эссенің архетипін, қалыптасу 

тарихын зерттеген ғалымдар Абай (қара сөздер), Шоқаннан (Ыстықкөл сапарының күнделіктері) 

бастау  алған  бұл  әдеби  үрдіс  кейін  Шәкәрім  (Мұтылғанның  жазғандары)  шығармаларында 

барлық жанрлық қырынан ашыла түскенін айтады. Шәкәрім прозасын қарастырған Р.Сейсенбаев, 

А.Жақсылықов сынды зерттеушілер оның прозасындағы философия мен дидактизмді ерекше атап 

өтіп, шығармашылығының негізгі өзегі, өмірінің мәні мен діни көзқарастары туралы өте құнды 

тұжырымдар  жасайды.  Шәкәрімнің  өлеңдерінде,  поэмаларында  тарихи  философиялық  трактат-

тарында Шығыс пен Батыс елдердің талай ойшылдарының аты ғана аталып қоймайды, сонымен 

бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра пікір-ой жарыстырылып отырады. Бұл да Шәкәрім 

мұрасының айтарлықтай мәнді өзгешеліктерінің бір қыры [9, 128].

ХХ ғасырдың орта тұсынан бері қарай эссе жанрында өндіріп еңбек еткендердің алдыңғы қатарын 

әрине М.Әуезов бастап тұр. Оның Рамбриндранат Тагор туралы «Менің Индиям» шығармасының 

ізін ала М.Қаратаев, М.Әлімбаев, Б,Кенжебаев, А.Нұршайықов, А.Тарази, Қ.Ергөбек, З.Қабдоловтар 

көркемдік  кестесі  алуан-алуан,  авторлық  концепциясы  сан  қырлы  шығармалар  жазды.  Белгілі 

әдебиеттанушы Д.Ысқақұлының пікірінше, қазақ эссеистерінің шығармаларындағы кейбір ойлар 

жекелеген ғылыми зерттеу тақырыбы деңгейінде екен. Ол: «Негізінде, эссе – көркем жанр. Солай 

бола тұра, оның сыншылық сипаты айқын. Әдетте әдебиеттің тарихында өзіндік орны бар үлкен 

қайраткерлер  жайында  естелік,  не  толғаныс  түрінде  жазылып,  оған  деген  автордың  субъективті 

пікірлері айтылады» деп, эссені әдеби сын жанрына жақын телиді [10, 230].

Қалай болғанда да, түп негізін ауыз әдебиеті үлгілерінен алып, Абайдың қара сөздері үлгісінде 

классикалық сипатқа ие болған қазақ эссеистикасын зерттеушілердің барлығының пікірі негізгі бір 

арнаға тоғысады. Ол – эссенің сыншылдық сипаты. Шындығында да, эссе жанрының дәстүрлік 

сипатына үңілгенде оның өнімділігі әдеби сын арнасында өрбігенде ғана арта түсетіні байқалады. 

Дегенмен,  эссенің  қалыптасып,  дамуында  ерекше  бір  нақты  белгілердің  болмауы,  бұл  жанрдың 

айқын белгілерін көрсететін мысалдарға, оның жанрлық жүйесіне сараптама жасауды қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет