Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
122
халықтық сипатының белең алуы тұлғаның көркемдік әлемінің қоғамдық санадағы өзгеріс үдерісімен
жақындаса түсуіне әкелді. Көркем шығармадан өмір шындығын іздеу қажеттілігі қоғамдық сана
мен дүниетанымда өзіндік жаңғырулар әкеліп, деректі-мемуар прозаның аса маңыздылығына назар
аудартты. Әдебиеттің бейәдеби, ұқсас жанрларға жуықтау кезеңі басталды.
Әдеби және әдебиеттен тыс салалардың өзара байланысы мен ортақ даму үрдісін қарастыра
отырып, зерттеуші Л.Я.Гинзбург: «Литература, в зависимости от исторических предпосылок,
то замыкалась в особых, подчеркнуто эстетических формах, то сближалась с нелитературной
сложностью» [1, 6] деп, олардың өзара сәйкестігі әр дәуірде өзгеріске ұшырап отырғанын айтады.
Лирикалық, деректі және публицистикалық прозаның қарқынды дамуын сөз ете отырып, біз
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңес әдебиетінен осы аталған үдерісті байқадық.
Эссеистік жанрдың жүйесі осы үдерістің дамуымен тікелей байланысты. Өйткені, жеке тұлға
мен әлемнің барлық байланысын өзіндік авторлық оймен қорыту нақ осы эссе жанрында ғана
іске асады. Авторлық таным аймағында өмірмен байланыса отырып әдеби әлемде қалыптасқан
эссеистік үдеріс кейде басқа жанрлардың дамуына ықпал етеді, бірақ, кейде, тұлға ерекшелігіне
қатысты үрдістердің белсенділігі артқан жағдайларда эссенің белгілі бір жанрлық түрін туғызады.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарындағы қоғамдық жағдайлар, әдебиетке келген еркін ойлы буынның
эстетикалық танымы мен батыл көзқарастары авторлық ойдың шексіз толғамдарына жол ашатын
осы эссе жанрының дамып, қоғамдық және көркем ойлау жүйесіне өзіндік ықпал етті.
Ол кезеңдегі эсселік прозада «жылымыққа» дейінгі зобалаң ашықтан ашық болмаса да,
тұспалдап сынға алынды. Азаттық идеясы, бостандықты аңсау әрі оның адам өмірінің түрлі
кезеңдері мен қалтарыстарында, қала берді табиғатта, мәдениетте көрініс табуы, міне сол кезең
әдебиетіндегі басты идеялар мен тақырыптар осы еді.
Эссе жанрында көрініс тауып, тұлғалық сана-сезімнің белсенділігін арттырған үрдістер сонымен
бірге, басқа да жанрлық құбылыстарға, жанрлық ізденістер мен жанрлық даму үдерістеріне әсерін
тигізді.
Әдеби эссені классификациялау осы жанрға тиесілі көптеген көлемді, әр түрлі тақырыптағы
шығармаларды талдай отырып жасалды. Мысалы, американдық әдебиеттанушы Реймонд М.Олден
эссені шартты түрде былай саралайды: 1) Афористік; 2) Жекелік; 3) Формалды; 4) Сыншыл немесе
дидактикалық [2, 510].
Эссенің бірінші түрі афоризмдер мен қанатты сөздерден тұрса, екінші және үшінші түрінде жеке
авторлық ұстанымдарға басымдық беріледі. Ал, эссенің төртінші түрі зерттеушінің пікірінше әдеби
сынға жуық, онымен туыстас. Көріп отырғанымыздай, эссені жанр ретінде бұлайша саралау шартты,
керек десеңіз қарабайырлау сияқты. Онымен қоса автор «осы классификация қатарына қосуға
болатын эссе түрлері» бар болуы мүмкін екендігін де айтады. Бұл тұста, афористік, реминисценттік
мағына тек қана афористік эссеге ғана емес, жалпы эссеистикаға, сондай-ақ дидактикалық,
философиялық реңктер афористік те, жекелік те эссеге тән екендігін автор ескермеген.
Эссе жанрын классификациялауда тағы бір американдық зерттеуші Маркус Клэйннің
тұжырымы нақты әрі шынайы. Ол эссенің негізгі екі түрі бар деп есептейді: жеке және формалды
[3, 369]. Оның пікірінше, жекелік эссе қарапайым, ауызекі тіл түрінде жазылады. Ал, формалды
эссе терең ойға құрылып, жинақы, маңызды және қисынды болып келеді. Аталған зерттеушінің
пікірін дамытар болсақ, онда «жекелік эссені» - субъективті эссе, «формалды эссені» - объективті
эссе деуімізге болады.
Зерттеушілердің назарынан эссенің тілі де тыс қалмаған. Эссе тілі - танымдық терминдерге толы
ғылым тілі емес. Эссе тілі – әсем, ажарлы. Оның бұл қасиеті «Мейерс нойес лексикон» сөздігінде
нақ көрсетілген [4, 215-216]. Эссе қарапайым қалың оқырманға түсінікті тілге ие.
Эссе тілінің ерекшелігін сөз еткенде, оның лексикалық шектеулерге түскен қатаң емес, керісінше
жартылай көркем тіл екендігі байқалады. Ол - метафора, символдармен қаныққан, керек десеңіз
белгілі бір метафоралық және образдылық деңгейде ауырлау келетін тіл. Ол – түрлі стилистикалық
және лексикалық қатарлар қарама-қайшылықсыз қатар қолданылатын тіл.
Дегенмен, көзіқарақты оқырман бір бірімен байланысы жоқ шашыраңқы ой, әсерлер мен
талдаулардың тасасынан бірізділік пен қалыпты жүйені жазбай тануы да мүмкін. Әдебиеттанушы
ғалым С.Негимов «Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар,
пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін
кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән» [5, 234]
деген құнды пкір айтады. Зерттеуші,
эсседегі
қалыптасқан әдепкі ойларға қарама-қарсы, таным-түсінікке, кейде қисынға сыймайтын
|