Ж.Т. МАМЫРХАНОВА
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты, Астана қ., Қазақстан
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ЖАЗУЫ
Қазақ тілі – әлемдегі барша қазақтардың ана тілі. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі.Қазақ тілі мәселесі бүгінгі күнде өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл мақалада Қытай
қазақтарының тілі қалай бағыт алып дамығаны қарастырылған. Тарихи деректерге негізделіп, Қытай
қазақтары көптеген жазу формаларын қолданғаны туралы көрсетілген. Сонымен қатар мақалада түрлі
тарихи жағдайларға байланысты олардың тіл-жазу қолданысы Қазақстанмен бір қалыпта емес екендігі
айтылған. Қазірдің өзінде Қазақстанда кирилл жазуы негізінде жасалған жазу қолданылса, Қытайдағы
қазақтар араб жазуы негізінде жасалған А.Байтұрсынұлының әліпбиін қолданып отырғаны туралы
жазылған.
Түйін сөздер: тіл, тарих, мәдениет, лингвистика, жазу, әдебиет, кириллица, араб жазуы, шағатай
жазуы, оқу, халық.
Қазақ тілі – әлемдегі барша қазақтардың ана тілі. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі.
Бүгінде әлемдегі қазақ халқының жалпы саны 13 миллионнан астам болғанымен, оның сегіз
миллионы Қазақстанда, өзге 5 миллионнан астамы шетелдерде тұрады. Олар Қытай, Ресей,
Өзбекстан, Монғолия, Түрікменстан, Түркия, Иран т.б. елдерде шоғырланып қоныстанған. Алайда,
түрлі тарихи жағдайларға байланысты олардың тіл-жазу қолданысы Қазақстанмен бір қалыпта
емес. Қазірдің өзінде Қазақстанда кирилл жазуы негізінде жасалған жазу қолданылса, Қытайдағы
қазақтар араб жазуы негізінде жасалған А.Байтұрсынұлының әліпбиін, ал Түркия мен Еуропада
тұратын қазақтар латын жазуына негізделген әліпбиді қолданып отыр. Жазу (графика) мен әліпбидің
ұқсамауы салдарынан емле ержелері (орфография) әр түрлі.
Қазақ тілі Алтай тілі жүйесініңтіл семьясы, қыпшақ тіл тобына жатады. Көптеген ғалымдар
қазақ тілінде ескі түрік тіл ең көп, ең таза сақталған деп қарайды, мұның негізін «Түркі тілдер
сөздігінен» көруге болады.
|