Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


ҚАЗАҚ ЗАҢ ЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет391/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   963
ҚАЗАҚ ЗАҢ ЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Мақалада қазақ қоғамындағы қабылданған алғашқы заңдар жүйесі, олардың лингвистикалық сипаты, 

заң лингвистикасының қазақ тіл біліміндегі қалыптасу, даму тарихы туралы мәселелер қарастырылды.  

Түйін сөздер: заң лингвистикасы, юрислингвистика, лингвоюристика, лингвистикалық криминалистика, 

лингвистикалық сараптама, құқықтық лингвистика.

Тілдің қоғаммен байланысы оның даму үдерісінде сөз қорымыздың жаңа сөздермен толығуы 

және  тіл  ғылымының  зерттеу  аясының  кеңейіп,  жаңа  бағыттар  мен  салалардың  пайда  болуы, 

қалыптасуы арқылы айқындала түседі. Қоғамның даму үдерісіндегі өзгерістер тіл білімінің даму 

үдерісіне де белгілі бір деңгейде ықпалын тигізіп, нәтижесінде қоғамның дамуындағы өзгерістер 

тіл  ғылымының  дамуындағы  ғылыми  парадигмалардың  жаңа  парадигмалармен  алмасуына  негіз 

болады. 

Тіл  мен  қоғамның  арасындағы  байланысты  бір  жақты,  яғни  қоғамның  тілмен  байланысы 

тұрғысынан  ғана  түсіндіруге  болмайды,  сонымен  қатар  тілдік  деректердің  жинақталуына  қарай 

тілдің  қоғамның  әр  саласындағы  қолданысын,  жұмсалымын  зерттеу  қажеттілігі  де  туындайды. 

Тіл  мен  заңның  арақатынасын  зерттеуге  деген  қызығушылық  осындай  қажеттіліктен  туындап, 

нәтижесінде тіл білімінде заң лингвистикасы деп аталатын жаңа сала пайда болды.  

Ғылымның  жаңадан  пайда  болған  саласы  болғанына  қарамастан,  заң  лингвистикасы  тіл 

мен  заңның  лингвистикадағы  өзара  қарым-қатынасын  зерттейді.  Заң  мен  тілдің  арасындағы 

мұндай байланыс заң мәтіндері мен заңнамалық құжаттар, ережелер мен баптардың тілін зерттеу 

қажеттілігімен  айқындалып,  нақтыланана  түседі.  Юрислингвистика  немесе  заң  лингвистикасы 

жалпы  және  кең  ұғым  болғандықтан,  «лингвистикалық  криминалистика»,  «лингвистикалық 

сараптама»  тәріздес бірқатар ұғымдармен қатар қолданылады. 

Жалпы  заң  лингвистикасының  тарихы  антикалық  дәуірден  басталады.  Оған  шығыс 

өркениетінің  көне  ескерткіштерінде  кездесетін  сот  процесіне  қатысты  құжаттар,  оның  ішінде, 

мөрмен куәландырылған өкім, мәмілелер дәлел бола алады. 

Сөз  бен  заңның  арасындағы  байланыс  мәселесі  үнділердің  б.з.д.  2-ғасыр  мен  б.з.  2-ғасыры 

арасындағы құқық пен сот туралы көне Ману заңдарында да қарастырылады.    

Тіл білімінің дербес саласы ретінде қалыптасқан заң лингвистикасын шетел тіл білімінде 1976 

жылы неміс ғалымы А.Подлех «тіл мен құқықтық нормалардың байланысы туралы мәселелерге 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет