Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет388/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

232


болуына алып келеді. Мұндай тосқауылдарға адам баласының санасында қалыптасқан әлеуметтік 

мақсаттар, қалыптасқан пікірлер, дағдылар, соқыр сенім де жатуы мүмкін.

Қорыта келе, тілдік стереотип әлеуметтік стереотиптің вербальды көрінісі болып табылатынын 

атап  өтеміз.  Әлеуметтік  стереотип  әлеуметтік  топ  алдыңғы  ұрпақ  тәжірибесінің  негізінде 

қалыптастырған  орнықты  түсінік  болып  табылады.  Индивид  өз  мойнына  алған  «рольге»  сәйкес 

әлеуметтену  үдерісінде  әлеуметтік  стереотиптерді  ой  елегінен  өткізбей-ақ  игереді.  Бұл  «роль» 

белгілі бір әлеуметтік топтың барлық мүшелеріне бірдей түсінікті болуға тиіс, адамның әлеуметтік 

тәжірибесінде дағдылы, дүркін-дүркін қайталанатын мінез-құлық стереотиптерін игеруін көздейді. 

Таным  үдерісі  мен  адамдардың  өзара  әрекеттесуі  кезінде  көптеген  факторларға  байланысты 

әлеуметтік стереотиптер жағымды немесе жағымсыз қызмет атқаруы мүмкін. Біз үшін әлеуметтік 

стереотиптердің  адамдардың  бірлескен  қызметі  барысындағы  өзара  әрекеттесуін  реттеу  қабілеті 

және олардың адам  тұлғасының ерекшеліктерімен байланысы маңызды [3, 125].

Тілдік  стереотиптер  адамдардың  қарым-қатынас  үдерісінде  қарым-қатынас  жасаушылардың 

өзара  түсіністігін  іздеу  мақсатында  қызмет  етеді.  Өзара  түсіністік  дегеніміз  –  ойдың  адамнан 

адамға, қоғамнан тұлғаға, тұлғадан қоғамға жеткізілуі. Ойдың бұлай берілуі сөйлеу арқылы жүзеге 

асырылады.  Ой  адам  сөзінің  дыбыстары,  жазбаша  таңбалар,  сөйлеу  әрекеттері  арқылы  пайда 

болады. Осының арқасында бір адамның ойы өзге адамдардың қабылдауына қолжетімді болады. 

Тіл (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.) білетін адамдардың арасындағы ой алмасу тиімді жүреді. Ой 

алмасу бір кәсіптік ортаға жататын адамдар арасындағы қарым-қатынаста да (мысалы, менеджмент, 

маркетинг,  банк  ісі  және  т.б.  саладағы  мамандардың  әңгімелесуі  кезінде)  тиімді  болады.  Өзінің 

ойларын жеткізу және әңгімелесуші әріптестің ойларын түсіну үшін белгілі бір әлеуметтік топқа 

жататын  адам,  басқа  тілдік  құралдармен  қатар,  белгілі  бір  тілдік  стереотиптердің  жиынтығын 

меңгеруге тиіс. Тілдік стереотиптер сөйленімнің түсінілуіне, талдануына және қабылдануына негіз 

болатын қаңқа түзеді.

Өз  қоғамының  өкілі  ретінде  әрбір  тұлға  өзінің  сөйлеу  тәжірибесінде  қолданылатын  тілдік 

стереотиптерін  сөйлеу  қарым-қатынасы  жағдаятына  сәйкес  пайдаланады.  Әрбір  тұлғаның 

мұндай  тілдік  стереотиптер  жиынтығын  меңгеру  дәрежесі  оның  өмір  бойы  жинақтаған  сөйлеу 

тәжірибесіне байланысты болады. Сөйлеу тәжірибесі дегеніміз жеке адамның ой елегінен өткізбей-

ақ, лезде қолданылатын алдыңғы ұрпақтың тәжірибесінен қабылдаған дағдылы сөйлеу әрекеті мен 

өзінің тұлғалық ерекшелігін танытатын шығармашылық сөйлеу әлеуетінің белгілі бір қосындысы 

болып табылады. Стереотиптік, ой елегінен өткізілмеген және жеке, шығармашылық әрекеттердің 

үйлесімі әлеуметтік үдерістердің статикасы мен динамикасын көрсетеді. Тілдік стереотиптер жиі 

қайталанатын әлеуметтік құбылыстарды бейнелейді [4, 172].

Тілдік  стереотип  дегініміз  сөйлеуде  ақиқат  болмыс  құбылыстары  мен  типтік,  дағдылы 

жағдаяттарда адамдарды жалпылап бейнелеудің үнемді әдісі болып табылады. Тілдік стереотиптердің 

негізгі  қызметтеріне  қарым-қатынас  барысында  индивидтің  өз  пікірін  ой  елегінен  өткізбей-ақ 

жеткізуі, ақиқат болмыстың қайталанатын құбылыстарын жалпылап бейнелеуі, санамызды қорғау 

мақсатында сөйлеу бірліктерін үнемдеуі, қарым-қатынасқа қатысушылардың мінез-құлқын реттеу 

жатады. 

Сонымен,  тілдік  стереотип  семантика  тұрғысынан  типтік  жағдаяттардағы  объективті  ақиқат 

шындықты  бейнелейтін,  синтаксис  тұрғысынан  сөйленімнің  басқа  бірліктерімен  байланыстың 

дұрыстығын  қамтамасыз  ететін,  прагматика  тұрғысынан  коммуникацияның  сәтті  өтуіне  қызмет 

ететін лингвистикалық бірлік болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет