Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет387/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

№ 3 (106) 2015

231


кеңітеді,  табиғат  туралы,  адам  туралы,  оның  танымы  туралы  білім  қалыптастырады.  Қоршаған 

әлем  мен  адамдардың  өзара  әрекеттестігін  танудың  шарты  осы  үдерістерге  қатысушылардың 

әрқайсысының  қызметі  нәтижесінде  үздіксіз  ақпарат  алу  болып  табылады.  Басқа  қатысушылар 

туралы,  үдерістердің  өту  шарттары  және  оның  қызметінің  нәтижелері  туралы,  қоршаған  әлем 

туралы адам алатын ақпарат символдардан құралады. Бізді қоршаған әлемде алуан түрлі символдар 

кешені кездеседі. Олардың біреулері арқылы біз индивидтің нәсілі және ұлтын, екіншілері арқылы 

жынысы мен жасын, үшіншілері арқылы әлеуметтік тиістілігі мен мәдени даму деңгейін біле аламыз. 

Ең соңында, белгілі бір белгілер бойынша біз адам тұлғасының жеке қасиеттері, оның қабілеттері, 

бастан кешіп отырған жай-күйі, айналысатын ісі, кәсіби деңгейі туралы қорытынды шығарамыз.

Әлеуметтануда  мұндай  символдарға  әлеуметтік  стереотиптер  жатқызылады.  Стереотип 

ұғымын  (грек  тілінде  –  stereos  –  қатты,  typos  –  із,  таңба)  1922  жылы  америка  журналисі  У. 

Липпман  енгізді.  Ол  стереотипті  оңайлатылған,  орнықты  түрде  стандартталған  түсінік,  пікір, 

дербес тәжірибеден ғана пайда болып қоймайтын мінез-құлық эталоны ретінде түсіндіреді. Қазіргі 

заманғы психологияда әлеуметтік стереотип индивидтің жеке тәжірибесін жинақтап қорыту мен 

көбінесе  алдын  ала  ойластырылған  қарым-қатынастың  нәтижесі  ретіндегі  ақпарат  тапшылығы 

жағдайында  қалыптасатын  әлеуметтік  объектінің  (топтың,  адамның,  құбылыстың,  оқиғаның...) 

салыстырмалы  түрдегі  орнықты  әрі  оңайлатылған  бейнесі  ретінде  түсіндіріледі.  Философияда 

стереотип  ретінде  «әдетте  эмоциялы  бояуы  бар  және  тұрақтылығы  жоғары  әлеуметтік  объект 

туралы сұлбаланған, стандартталған  бейне немесе түсінік» ұғынылады. Әлеуметтік стереотипке 

берілген бұл анықтамалардың ұқсастығы олардың бір нәрсенің орнықты әрі оңайлатылған түсінігін 

білдіруі  болып  табылады.  Мұндай  түсініктер  ненің  нәтижесінде  пайда  болады  деген  мәселеде 

зерттеушілердің пікірі бір жерден шықпайды. Егер бірінші анықтамада бұл түсініктер индивидтің 

дербес тәжірибесінен пайда болмайтыны айтылса, екінші анықтамада олар жеке тәжірибенің де, 

барлық уақыт дұрыс болмаса да, қоғамда қабылданған қарым-қатынастардың да нәтижесі ретінде 

түсіндірілген.  Әлеуметтік  стереотиптерге  философияда  берілген  анықтамада  олардың  пайда 

болу  мәселесі  шешілмеген,  тек  эмоциялық  бояулылығы  ғана  көрсетіледі.  Біздің  ойымызша,  бұл 

анықтамалар толықтыруды қажет етеді. Әлеуметтік стереотипті орнықты түсінік ретінде қарастыра 

отырып,  біз  оған  әлеуметтік  стереотип  адамның  әлеуметтік  жағдайлар  мен  әлеуметтік  топтың 

алдыңғы тәжірибесінің әсерінен қалыптасқан, осы топ мүшелерінің барлығы бірдей қабылдаған, 

тұлғаның  әлеуметтенуі  барысында  меңгерілетін  қандай  да  бір  құбылысқа  дағдылы  қарым-

қатынасын білдіреді деген тұжырымды қосқымыз келеді [2, 478].

Таным үдерісінде әлеуметтік стереотиптердің рөлі – екіжақты. Олар адамның қоршаған әлемді 

тез бағалауына жәрдемдесе отырып, соның арқасында өзгермелі ақиқат шындыққа әсер ету уақытын 

қысқарта және таным үдерісін жеделдете отырып, пайдалы қызмет атқаруы мүмкін. Стереотиптерді 

қолдану бейнелеу үдерісін оңайлатады және таным тұрғысынан ойлаудың үнемделуіне жәрдемдеседі. 

Адам  жаңа  құбылыстардың  көпшілігін  дайын  стереотиптер  арқылы  қабылдайды.  Ол  ақиқат 

болмыстың  ерекше  құбылыстарын  бұрыннан  белгілі,  әдеттегі  құбылыстармен  байланыстыруға 

және осының негізінде өзіне жаңа қарым-қатынастар орнатуға, қоршаған ортада жаңа мүмкіндіктер 

ашуға ұмтылады. Басқаша айтқанда, кез келген жаңа идея бұрыннан қолданылып келе жатқан және 

белгілі бір қоғамдастық қабылдаған стереотиптік түсініктерге негізделгенде ұғынықты әрі дәлелді 

бола түседі. Ой елегінен өткізілмеген стереотиптер сана қызметінің қажетті базасы болып табылады. 

Сыртқы әлеммен өзара әрекеттестік бойынша стереотиптік дағдылар қаншалықты көп қалыптасқан 

сайын, сананың шығармашылық түрлендіруші және танымдық қызметі еркінірек болады.

Алайда  әлеуметтік  стереотиптер  таным  үдерісінде  жағымсыз  қызмет  атқаруы  да  мүмкін. 

Мұндай жағымсыз қызмет әлеуметтік стереотиптер адам санасында қоршаған әлем туралы қате 

түсінік  (білім)  қалыптасқан  жағдайда,  тіпті  олар  индивидтің  санасында  шектеулі  сұлбаланған 

бейнелер  ретінде  бастапқы,  сұлбалық,  оңай  қалыптасатын  түсініктер  енгізген  жағдайда  ақпарат 

шектеулі болғанда байқалады.

Әлеуметтік  стереотиптердің  жағымдылығы  мен  жағымсыздығы,  біздің  ойымызша,  тарихи 

оқиғаларға  да  байланысты  болады.  Олар  белгілі  бір  қоғамдастықта,  белгілі  бір  тарихи  кезеңде 

және адам эмоциясында «өмір сүріп тұрғанша» қолданыста болады. Егер әлеуметтік стереотип-

тер әртүрлі топтар өкілдерінің (әрбір топтың өзге адамдардың мінез-құлқын бағалауға арналған 

стандартты тәсілдерінің жиынтығы барынша шектеулі болады) түсінісуіне кедергі келтірсе, онда 

олар жағымсыз қарым-қатынас тудырады. Бұл адам осы қоғамдастықта қабылданған мінез-құлық 

стереотиптерін қабыл алмағанда немесе оларды өзгертуге тырысқан жағдайда да болады. Мұндай 

жағдайда  өзара  түсіністік  бұзылады,  бұл  тұлғааралық  қарым-қатынаста  тосқауылдардың  пайда 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет