|
ЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕМДЕ ҚОЛДАНЫЛУ АСПЕКТІЛЕРІБайланысты: 3-106-2015-1-chastЕСІМШЕ КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕМДЕ ҚОЛДАНЫЛУ АСПЕКТІЛЕРІ
Мақалада сөз тіркестерін есімді, етістікті деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз
таптарынан болуы, соның ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфологиялық, құрылымдық түрлері
рөлінің әртүрлілігі сөз болады. Етістіктердің басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның осы қызметтегі
ерекшеліктері туралы М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Ә.Әбілақов т.б. ғалымдар едәуір дәрежеде пікір
айтқаны белгілі. Етістіктің басыңқы қызметімен бірге енді басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға
ауысу процесіне тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әртүрлі категорияларының сөз тіркесінің басыңқы
сыңарында жұмсалу ерекшелігі, есімшелі оралымның синтаксистегі ең күрделі мәселенің бірі екендігі, бұл
сияқты оралымдарды әртүрлі түсіндіру түбегейлі шешім таба қоймаған мәселе екендігі сөз болады. Әрине,
есімшелі оралымдарды нақты айту ең алдымен етістіктің негізгі ерекшеліктерін жан-жақты көрсету
арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етістіктің категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын
айқындаудың да негізгі мәселені шешуге себебі мол тиетіні анық. Басқа сөз таптарына қарағанда етістікті
сөз тіркесі сөйлем мүшелері жағынан да едәуір көп айтылып келе жатқан сөз табы. Осыған байланысты
бұл жерде етістіктің сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзіндік
ерекшеліктерін айқындау ең қажет факт екендігі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|