Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет428/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   963
№ 3 (106) 2015

257


Есімшелер тек етістіктермен ғана тіркесіп қоймай, тіпті есімдермен де қабыса байланысып, сөз 

тіркестерін құрайды. Проф. М.Балақаев бұл мәселеге арнайы орын беріп, есімшенің есімдермен 

сөз тіркестерін жасауы қалыптасқанын көрсеткен [4]. Бұл мәселе кейін барлық оқулық, ғылыми 

жұмыстарда орын алды. Әрине, сөз тіркесі қалыптаспай тұрған кезде де есімшелердің есімдерге 

анықтауыш болуы тұрғысынан сөз болып келсе, енді бұл мәселе әрі сөйлем мүшесі, әрі сөз тіркесі 

тұрғысынан да арнайы сөз болғаны белгілі.

Есімше  етістікті  сөз  тіркесінде  әрі  басыңқы,  әрі  бағыныңқы  сыңарда  жұмсалса,  енді  олар 

есімді сөз тіркесінде үнемі бағыныңқы қызметте ғана жұмсалады деу орынды. Есімшелер есімді 

сөз тіркесінде

а) -ған, -ген жұрнақтары арқылы:

Жаманның берген асынан. 

Жақсының айтқан сөзі артық (мақал). 

Ауру шықпаған жаннан дәмелі. 

Жалқау бітпеген малдан дәмелі (мақал).

ә) -атын, -етін, -йтын, -итін жұрнақтары арқылы: Оның сөзіне дәл алғаш кезде жауап айтатын 

кісі болмады (М.Әуезов). Абайдың жалтақ сөзді сүймейтін мінезін Шұбар жақсы біледі (М.Әуезов). 

Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір? (С.Мұқанов).

б)  -ар,  -ер,  -р  жұрнақтары  арқылы:  Қолдан  келер  жәрдемді  көрсеттік  (Г.Мүсірепов).  Көзің 

жетер жерге дейін тігілген үйлер арасында ине шаншар жер қалмағандай (Қ.Исабаев). Әкесі айтар 

әңгіме әлі таусылмағанын сезген Жамал үлкен адамша алысқа көз тігіп, өзін байсалды ұстап отыр 

(О.Бөкеев). 

Есімшелердің  бұл  тұлғаларда  есімдермен  тіркесі  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалады. 

Есімшенің  есімдермен  бұлайша  тіркесі  үнемі  айтылып  келе  жатқанымен,  осы  есімшелердің 

есімдермен тіркесінің өзі екі түрлі жағдайда сөз тіркесін құрайтындығын көруге болады. Біріншіден, 

жоғарыда көрсетілгендей есімшелердің -ған, -ген, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -итін жұрнақты 

түрлері ғана есімдермен тіркесе алады. Екіншіден, осы тұлғалы есімшелер өзінен бұрын тұрған 

сөздерді өз жетегіне ілестіре келе, сол тобымен өзі қатысты сөздермен бір сөз тіркесін құрайды. Біз 

бұл жерде есімшелердің алғашқы сөз тіркесінен гөрі оның екінші түрдегі тіркесіне арнайы тоқталуды 

жөн  көрдік.  Өйткені,  есімшелердің  соңғы  тіркесінің  алғашқы  сөз  тіркесіне  қарағанда  өзіндік 

ерекшеліктері  бар  екені  айқын.  Бұл  сөз  тіркесінде  есімше  өзі  басыңқы  сыңарда  бағыныңқылық 

қызмет атқара отырып, әртүрлі сөз таптарын өзінің жетегіне алып, күрделі топ құрайды.

Есімшелердің  бұлайша  өзіне  қатысты  сөздермен  бір  топ  құрауы,  оның  етістіктің  басыңқы 

сыңарда жұмсалу кезіндегі қасиетімен тығыз байланысты. Жоғарыдағы сөйлемдерде есімшелердің 

тек басыңқы сыңарда жұмсалуы ғана көрсетілген болатын. Осы сөйлемдерден мына сөз тіркестерін 

алып қарастыралық:

орынсыз жыртақтаған,

ести сала мінген,

талай айтқан,

тал шыбықтай бұраңдаған,

қазір болар,

ұзағырақ айқайлаған тәрізді

сегіз жүз жылқыдан қалмаған, 

өлеңге шығар т. б.

Осы сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімшелер де бағыныңқы сыңарлары:

орынсыз, ұзағырақ - үстеу 

ести сала - көсемше

қазір, талай - үстеу, 

тал шыбықтай - үстеу,

Сегіз жүз жылқыдан - сан есім мен шығыс жалғаулы зат есім,

өлеңге - барыс жалғаулы зат есім

Сонда  есімшелерге  бағыныңқы  қызметте  осы  сөз  таптарының  үнемі  жұмсалатыны  етістікті 

сөз тіркесінен белгілі екені айқын. Бұл есімшелердің етістікті сөз тіркесіндегі негізгі қасиеті деп 

білеміз. Ал есімшелер енді есімдерге бағыныңқы қызметте алдымен таза түрінде де, екіншіден, 

сол етістікті сөз тіркесінде де өзіне бағыныңқы сөз тіркесін құрайды. Бірақ осы есімшелер арқылы 

құралған сөз тіркестерінде басы ашылмаған, әлі де ойлануды қажет ететін мәселелер баршылық. Ол 

үшін мына сөйлемдердегі есімше қатысты сөз тіркестерін талдап көрелік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет