Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
294
Түрктердің дүниетанымы мен өмірлік наным-сенімдеріне зерттеу жүргізгенімізде олардың
бір ғана жаратқанға яғни, Тәңірге табынғанын көреміз. Ал айға, күнге, Жер-Суға, тотемдерге,
қала берді бүкіл табиғатқа құрмет көрсетуін, адам баласын табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі деп
танығандығымен түсіндіруіміз керек және олардың дүниетанымы өздерінің шынайы өмірі мен
тұрмысында жақсы сақталған. Мысалы ризық-несібе көктен келеді деп, сол үшін тасаттық берді,
ал егін мен жайылым шөптің мол болуы үшін Жер-Су культін құрмет тұтты, отбасы мен бала
шағаның, ұрпақтың амандығы үшін Ұмайды құрметтеді. Түрктердің дүниетанымында Тәңірден
келген молшылық пен бақытты «Құт» деп түсініп, оны жоғары маңызға ие ұғым санады.
Достарыңызбен бөлісу: |