Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет541/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   963
№ 3 (106) 2015

323


ишаннан  алынған  мәлімет  бойынша  жариялаған  [11,280-281].  Бұл  «Насаб-намалар»  бойынша 

дін таратушы бабтар; Ысқақ баб (лақаб аты Баба Ата), Әбдіжалил (Абд ал Жалил) баб (лақаб аты 

Хорасан Ата), Әбдірахим (Абд ар Рахим) бабтар (лақаб аты Әулие Ата) Орта Азия және Қазақстан 

аумақтарына келді. Шежіре бойынша айтсақ, Әли Мұртазаның ұлы Мұхаммед Ханафия. Оның 2 

ұлы болған. Бірінің аты Абд ал Маннан да, екіншісінің аты Абд ал Фаттах еді. Абд ал Маннанның 

ұлы  Баттал  ғазы.  Ол  Румде  (Константинопольде)  тарсалармен  (христиандармен)  соғысып,  осы 

соғыста  қайтыс  болады.  Абд  ал  Фаттахтың  ұлы  Абд  ал  Қаһһар,  оның  2  ұлы  бар.  Олар;  Абд  ар 

Рахман және Абд ар Рахим [10, 13]. Ал Н.Лыкошин мәліметінде, Абд ал Фаттахтың баласы Абд 

ал Жалил (әрі қарай- Әбдіжалил), оның баласы Абдул Жаппар, оның баласы Абдул Каһар, оның 

2 ұлы Абдурахман баб және Абдуррахим баб. Ал Абдрахманнан 2 ұл; Ысқақ баб және Әбдіжалил 

баб болады. Абдул Каһар Шам (Сирия) патшасы болды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның орнына 

Абдурахман баб, одан кейін Ысқақ баб патша болады [11, 264]. Ал, «Насаб-намада» Әбдіжалил 

Шам патшасы еді. Абдаррахман уақытынан соң Ысқақ баб атасының орнына патша болады да, інісі 

Әбдіжалилды Иемен патшасы етеді. Бұл шежіре былай баяндалады:

Бірде Абдурахим баб Ысқақ баб пен Әбдіжалил бабты өзіне шақырады. Олар жиналғанда Ысқақ 

баб Әбдірахим бабқа; «маған бір ой келіп тұр», - деп ислам дінін халық арасына тарату туралы ойын 

айтады. Сонда Ысқақ баб: «Әбубәкір Сыдық тұсында … Халидтің ұлы Абдурахман 12 000  әскер 

жинап Ферғанадан Өзгентке барып тарсалармен соғысты. Олардың бәрі дін үшін шейіт болды. … 

Ал, Әлі халиф тұсында Аббастың баласы Қасым және Әбдіжалилдың баласы Мұхаммедтер 30 000 

әскер жинап Ферғана, Өзгент, Джадж (Шаш) және Испиджабқа барды.  Онда олар тарсояндармен 

(тарсалармен) соғысты. Олардың барлығы да бір дін үшін соғыста қайтыс болды. Алла бізге 18 000 

ғаламды жаратты, исламды берді, патшалық қызметті берді, әскер мен қару, күш берді. Сондықтан 

біз  де  тарсояндармен  соғысуға,  яғни  исламды  таратуға  Өзгент,  Ферғана  елдеріне  жылжуымыз 

қажет», - дейді. Бұл хижра бойынша 150 ж. (яғни 767 ж.) еді.  Абдурахим баб бұл жайлармен келіседі 

де, ендігі кезекте жасақталған әскер санын сұрауға көшеді.

Ысқақ баб Әбдірахим бабтан сұрайды; « Сіздің қанша әскеріңіз бар?». Әбдірахим баб: «Менің 

жақсы жасақталған 60 мың әскерім бар», - деп жауап береді. Әбдірахим баб Ысқақ бабтан; «Сенде 

қанша әскер бар?», - деп сұрайды. Ысқақ баб: «50 мың әскер дайын» десе, … Әбдіжалил баб: «40 

мың  әскер дайын» екендігін айтады. Сөйтіп, 150 мың әскермен Әбдірахим баб, Ысқақ баб және 

Әбдіжалил баб Шамнан Тебриз арқылы Исфақанға, Мазандаранға, Серахс, Балх, Бұқара, Самарқанд, 

Өзгент және одан әрі Ферғанаға жылжиды [10, 25-26].

Осы  үш  «баб»  («баб»  –  «қақпа»,  «дін  қақпасын  ашушылар»)  дінді  насихаттауда  үлкен  күш 

жұмсаған. Уақыт өте келе, олардан тараған ұрпақтар діни дәріс беретін мешіт, медреселер ашып, 

жергілікті  халықпен  жақын  араласты.  Жергілікті  халық  оларды  дер  кезінде  ислам  дінінің  елге 

сіңірген, арабша сауат ашып, мешіт-медресе егелері болғандықтан «қожа» деп білген. «Қожа» деген 

сөз – «еге», «ие», «мұсылман дінінің егесі», яғни сол дінді уағыздаушы деген мағынаны білдірді.  

Сондай-ақ Өтеміс қажының тарихи шығармасында Қазақстан территориясында мұсылмандықтың 

таралуы  туралы  айтқанда,  Дешті  қыпшақтың  халқы  ислам  дініне  Берке  хан  билеп  тұрған  кезде 

(1255-1266) кірген. Ол, «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде, дінсіздердің көп бөлігін ислам 

дініне  кіргізді»,  -  деп  жазды.  Берке  хан  мешіттер  мен  медреселер  салуға  себепші  болды.  Ол  өз 

төңірегіне теологтарды,  діншіл ғалымдарды жинап алды [12, 100-108].

Шежірелік  деректер  негізіне  сүйене  отырып  Орта  Азия  мен  Қазақстан  территориясында 

мұсылмандықтың таралуын ҮІІІ ғ. 60 жылдарымен байланыстыруға болады, себебі Әбдірахим баб, 

Ысқақ баб және Әбдіжалил бабтардың ислам ашу туралы кеңесі 767 ж. болғанын ескерсек және 

осыдан кейінгі уақытта олардың жорыққа шығуымен түсіндіруге болады. Ал бұл туралы пікірді, 

зерттеуші  З.Жандарбек  ислам  дінінің  Түркістан  жеріне  келуін  ҮІІІ  ғасырдың  ортасы,  анығын 

айтқанда 766 ж. деп көрсетеді [13]. 

Қожалар  Мұхаммед  пайғамбардың  ең  жақын  4  серігінен  таралған  болса,  соның  ішінде 

Әбубәкір, Омар және Әзіреті Әліден тараған (Әзіреті Оспаннан тараған ұрпақтар Қазақстанда жоқ)  

ұрпақтары Қазақстан территориясында мекен етіп, қазақ руларының бірі болып өсіп-өніп келеді 

дейді жергілікті көнекөз қариялар. Сондай-ақ Орта Азия халықтарында да қожалар мен сейіттер 

субэтникалық топ ретінде орын алады. Осы орайда Орта Азия халықтарының арасында қожалардың 

этникалық құрылымы қандай болғандығына тоқталып өтейік.

 А.А.Семенов «қожаларды-араб жаулап алушыларының ұрпақтары, олар өздерінің қыздарын 

жергілікті халыққа әйелдікке бермеді, бірақ өздері барлық жергілікті мұсылмандардан қыз алуда 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет