Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет542/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   963
Байланысты:
3-106-2015-1-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

324


ерікті болды. Сондай-ақ оларға көптеген дервиштік (суфистік – И.З.) ордендер [14,14] мен олардың 

ишандары  жатқызылды»  деп  сипаттап,  Сейіттер  –  Мұхаммед    ұрпақтары,  олар  пайғамбардың 

немөрелері Хасан мен Хусейннен тарайды. Сондықтан да олар өздерінің аттарына «Хусейни» және 

«Хасани» сөздерін қосып «сиедат-панох» - сейіттік ар-намыс (абырой) баспанасы лауазымын иеленді 

десе,  ал  қожалар  алғашқы  араб  жаулап  алушыларының  ұрпақтары,  ал  мирлар  –  пайғамбардың 

сенімді үш серігі - Әбубәкір,  Омар және Оспанның ұрпақтары. Мирлар және қожалар – исолат-

панох   «мәртебелі тек баспанасы» лауазымын иеленгендігін атап көрсетеді. Мұндағы Хасанның 

ұрпақтары «шариф» – ақсүйек, зиялы деп, ал Хұсайынның (Хусейннің) ұрпақтары «саййд» – көсем, 

мырза, әкім деп аталса, «қожалар» Мұхаммед ибн ал-Ханафияның ұрпақтары саналған  [15, 36].

Өзбектердің  ауылдық  жергілікті  халықтарында  қожалар  әдетте,  әртүрлі  «қасиетті»  атаулы 

орындарға жақын қышлақтарда мекен етті [5,149]. Олар ауылдар мен қалаларда халықтың жарты 

бөлігін құраумен бірге, өз алдына бір ауыл болып қышлақтарды да иеленді. Мысалы, тәжік қожалар 

Ховалинг туманында 2880 адам (Баймун қалашығында –2445, ал Сарихасорда-435 адам), ал Яван 

өңірінде (Солтүстік бөлігінде)-1505 адам. Мұнан басқа Бельджуан туманында 475 қожа тіркелген 

[16, 311. Ал, Өзбекстан аумағы Зеравшан округіндегі жергілікті халықтың арасында қожалардың 

мынадай топтары болды:

Ақсүйек қожа (ақ сиақ қожа) – бұлар өздерін Әзіреті Әліден тараған Мұхаммед Халивиядан  

(Ханафиядан-И.З.) таратады, Ходженттен шыққандар.

Қазақ ақ сүйек қожа - Әулиеатада мазары бар «қасиетті» тұлғадан (Әбдірахим бабтан – И.З) 

тарағандар. Алайда, аталған қожалардың осы 2 тобын: ақ сиақ қожа мен қазақ ақ сүйек қожаны 

өзбектерден шыққан деп келтіреді.

Бақсайыс қожалар – өздерін Хорасан атадан тарататын ұрпақтар. Олар «шешек егушілер» деген 

атпен белгілі.

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауиден тараған қожалар.

Хайырчин бектігі, Бұқар хандығынан шыққан шейх, сұлтандар. Ал Қоқан хандығында тұратын 

қожаларды Ш.Ш.Уәлиханов сейіттер мен шейх әулеттері деп атап көрсетіп, олардың бірқатарын 

атайды. Олар: 

Мияндар. Сейіттердің ішіндегі ең беделдісі Фарухтар мен Сахып-зада деп аталған, арғы тегі 

Омар халифадан тараған мияндар әулеті. Бұларға Әзіреті деген атақ берген. Орта Азия, Ферғана 

сейіттерін мияндар деп атаған.

Қоқан мен Марғұланда тұратын Қашқар қожалары және сейіттер тұқымына жататын Түркістан 

қожалары. Сондай-ақ сан жағынан өте көп әулеттің бірі Кассан мен Наманганда тұратын Кассан 

қожалары. Ал Әндіжанда тұратын Майдан қожалары Алатау қырғыздарын аралап, шешекке қарсы 

дәрі егу ісімен шұғылданады, сондықтан олар чекме қожа (шешекке қарсы дәрі егуші қожалар) 

деген атпен белгілі [17, 505-506].

Тәжіктер мен өзбектер арасында күрделенген топты қожалар мен сейіттер құрады, бірақ барлық 

сейіттер мен қожалардың әлеуметтік жағдайлары бірдей болған жоқ, олардың ішінде бірі нақты 

жеңілдіктерге ие болмаған қарапайым еңбеккерлер, солай бола тұрса да олар өздерінің қыздарын 

тек ғана қожаларға берді, ал екінші бір тобы жоғары дін басыларына жатқызылып мұрагерлік үлкен 

вакуфтық үлкен түсімді иеленіп, ірі жер үлесін пайдаланды. 

Сондай-ақ Бұқара қышлағы  Соктареде қожалардың 4 руы тұратынын айтады. Олар миракондық, 

сейд-ато, гиждувандық және соктариндық. Мұндағы Соктариндық қожалар Соктаридың түпкілікті 

халқы  болса,  Миракондықтар  Мешхедтен,  Гиждувандықтар  –  Гиждуван  қамалынан,  Сейд  ато 

қожалары – Шафур камның Сейд ато ауылынан шыққандар. Садрриддин Айни өзінің әкесі мен 

атасының Соктариндық қожалардан шыққандығын айтқан [18, 12].

Қожалар  түрікмендер арасында да барынша сыйлы болды. Айталық, Закаспий облысындағы  

түрікмендер арасында түрікменденіп кеткен барлығы 1200 болатын «әулад» деген атпен шейх, сейіт, 

махтум, қожа, ата аталғандар өмір сүрді. Олар діни беделге ие болған Мұхаммед ұрпақтары. Солай 

бола  тұрса  да  олардың  тілі,  киімі  мен  тұрмыстық  өмірі  түрікмен  тайпаларынан  ерекшеленбеді 

[19, 384]. Мұндағы «әулад» («овляд») ұғымы қасиетті дәрежеге көтерілген алғашқы 4 халифтың; 

Әбубәкір,  Омар,  Оспан  және  Әлінің  ұрпақтары.  Овляд  топтарының  шығу  тегі;  пакыр-шихи  - 

Әбубәкірден, ата – Оспаннан, қожа, мағтым, мюджевюрлар - Әліден тарайды [20]. Аталған бұл овляд 

топтары; қожа, ших (шейх- И.З.), сейіт, ата, махтум (мағзұм – И.З.), меджеурлар – түрікмен этногра-

фиясында өте қызық мәселе болып есептелген [21]. Түрікмендердегі овлядтың пайда болуы туралы 

әр түрлі пікір қалыптасқан. Олар, аты аңызға айналған ата-бабаларының діндарлығына сенушілік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет